Құрастырушы: аға оқытушы Таженова Г. Б



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі409,66 Kb.
#24415
  1   2

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Әлеуметтік кәсіби әкімшілік жұмысының негіздері» пәнінен
5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар





Мамандықтың элективті пәндер каталог негізінде жасалған жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Н.Э. Пфейфер

20 __ ж. «_____» _________

.
Құрастырушы: аға оқытушы Таженова Г.Б.
Психология және педагогика кафедрасы
«Әлеуметтік кәсіби әкімшілік жұмысының негіздері» пәні бойынша

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс оқу бағдарламасы 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының жұмыс оқу жоспары және элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кеңес отырысында бекітілген 20 ж. «____» ______, № хаттама
«_____»__________________20__ж. кафедра отырысында ұсынылды №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Бурдина Е.И.


«___» _______________20___ ж гуманитарлы-педагогикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған. №___ хаттама

ОӘК төрайымы____________________________Жуманкулова Е.Н.



КЕЛІСІЛДІ

ГП Факультет деканы_____________Сарбалаев Ж.Т. «_____»__________20___ж.


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _______________Варакута А.А. «_____»__________20___ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталды

«_____»______________20___ж. №____ хаттама



1 Пәннің мақсаты – әлеуметік жұмысындағы әкімшіліктің теориялық мәселелері және тәжірибелік басқару негіздерін зерттеу.

Пәннің міндеттері

  • студенттерге басқару және әкімшілік жұмысы туралы теориялық білімді меңгеру ушін көмек көрсету;

  • студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде басқару және әкімшілік технологогияларды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

  • болашақ басқару мамандарда этикалық, адамгершілік, азаматтылық қасиеттерді қалыптастыру.

Бағдарлама әртүрлі басқару-әкімшілік әдістер мен технологияларды қолдану білетін болашақ мамандар дайындау үшін жасалған.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:



  • басқарудың теориялық негіздері туралы,

  • әлеуметтік жұмысында әкімшілік үдерісін жүргізу туралы,

  • әлеуметтік жұмысына әкімшілік және басқару технологияларды еңгізу және оларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы біліктері қалыптасуы қажет.

Студенттерде:

  • басқару технологиялар негізінде халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету,

  • халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмысына басқару технологияларды еңгізу мәселелрін талдау және зерттеу практикалық машықтары қалыптасуы қажет.

Студенттерде:

  • басқару технологияларды құрастыру,

  • басқару технологияларды практикалық іс-әрекетіне еңгізу практикалық дағдылары және құзыреттілігі қалыптасуы қажет.

2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы және әлеуметтік психология», «Мамандыққа кіріспе», «Халық денсаулығын корғаудың медициналық-әлеуметтік негіздері», «Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы», «Әлеуметтік жұмыстың қәсіби-этикалық негіздері», «Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері», «Әлеуметтік маркетинг пен менеджмент негіздері».



3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг», «Әлеуметтік жұмыстағы болжау мен жобалау», өндірістік тәжірибе.


4 Пәннің мазмұны

«Әлеуметтік кәсіби әкімшілік жұмысының негіздері» пәнінін негізгі мақсаты менеджменттің әлеуметтік жұмыс негіздерін түсіндіру және қазіргі әлеуметтік жұмыс басқарудың тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау. Болашақ мамандарға басқару жайлы білім, білік, дағдылармен қаруландырудың қазіргі нарықтық жағдайда маңызы өте зор.

Пәннің мазмұны 5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартындағы білім берудің ең аз мөлшеріне сәйкес қурастырылды. Онда болашақ маманға қажетті менеджмент ауқымындағы білім, білік, дағдылардың ең аз мөлшері қамтылды. Бұл курстың алдында «Жалпы және әлеуметтік психология», «Мамандыққа кіріспе», «Халық денсаулығын корғаудың медициналық-әлеуметтік негіздері», «Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы», «Әлеуметтік жұмыстың қәсіби-этикалық негіздері», «Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері», «Әлеуметтік маркетинг пен менеджмент негіздері» сияқты пәндер оқытылады.

Курста көтеріліп отырған теориялық мәселе менеджмент және қазіргі әлеуметтік аумағын басқару мәселелерімен студенттің алған білімдерін мамандық талаптарына сай толықтыра түседі.



Пәні маман дайындаудың психологиялық, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтың кәсіби пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

(сырттай нысаны)



Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы

2




11

2

Басқаруға негізгі көзқарастары

2




11

3

Әлеуметтік жұмыс менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері.

2




11

4

Әлеуметтік жұмысында басқару принциптері.

2




12

5

Ұйым әлеуметтік жүйе ретінде




1

12

6

Әлеуметтік жұмысында ұйымдастыру қызметі.




1

12

7

Басқарудың негізгі функциялары (қызметтері)

2

1

12

8

Әкімшілік жұмыс барысында қарым-қатынас үдерісі




2

12

9

Басқару шешімін қабылдау технологиясы




1

12

10

Басқару әдістері

2




12

Барлығы 135

12

6

117


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1-тақырып. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы.

Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы. Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу. Менеджмент ұғымы. Әлеуметтік жұмысында менеджмент жайлы түсінік. Менеджерлік қызметтің мәні мен мазмұны.



2-тақырып. Басқаруға негізгі көзқарастары

Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстамдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы. Басқару тұрғылары: функционалдық, жүйелік, жағдаяттылық, оңтайландыру және зерттеушілік. Білім беру процесіне бағдарлана отырып мектеп басқаруға қараудың түрғылары: адамиорталықтандырылған тұрғыдан қарау (Р.Х.Шакуров, Т.И.Шамова, Н.В.Немова), мотивациялық тұрғыдан қарау (В.С.Лазарев, Л.М.Перминова, И.К.Шалаев). Олардың негізгі ережелері.



3-тақырып. Әлеуметтік жұмыс менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері.

Әлеуметтік жұмыс менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық моделі. Құзырлылық түрлері: ықпалдастық, эмоционалдық, перцептивтік, тұжырымдамалық, жүріс-тұрыстық. Әлеуметтік жұмыс менеджерінің тәжірибелік іс-әрекетіндегі құзырлылық түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісі. Н.В.Кузьмина (гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік), Ю.А.Конаржевский (талдау, жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, реттеу), В.А.Якунин (идеяларды құрау, болжау хабарламасын жинау, шешім қабылдау, орындалуын тексеру, коммуникация, нәтижені бақылау және бағалау, түзету) бойынша әлеуметтік жұмыс менеджерінің атқаратын қызметтері. Менеджерліктің тиімділігін анықтауды әр тұрғыдан қарау.



4-тақырып. Әлеуметтік жұмысында басқару принциптері.

Менеджмент адамдардың ынтымақтастығы ретінде. Менеджмент ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттау. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілі. Менеджменттегі адамдар арасындағы қарым-қатынасы. Менеджменттегі ақпараттың берілуі. Менеджменттегі әлеуметтік әділеттілік. Адамға жеке тұрғыдан қарау принципі. Түлғалық ынталандыру принципі. Кәсіптік деңгейді дамыту принципі. Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципі. Әлеуметтік жұмыскердің басқаруға қатынасу принципі және мақсатты үйлесімділік принципі.



5-тақырып. Басқарудың негізгі функциялары (қызметтері)

Басқару іс-әрекет ретінде. Басқару - бір жүйенің екінші жүйеге әсері. Басқару - субъекттердің өзара әсері. Білім беру мекемелерін басқарудың мәні.

Білім беруді басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Басқару деңгейлері. Басқару жұмысы (жоспарлау, ұйымдастыру, себеп-түрткі жүйесі, бақылау, стратегия, стратегиялық басқару, шешім қабылдау, басқару) әдістері. Басқару субъектінің басқару іс-әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға даярлығы - талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б.

6-тақырып. Басқару әдістері

Қазіргі әлеуметтік жүйесін басқару үдерісі. Әлеуметтік жұмысында менеджмент қызметтерінің мәні мен мазмұны. Қазіргі басқару әдістері. Басқарудың әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтанушылық әдістері.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет