ҚҰрастырушыдан адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан



бет5/5
Дата31.12.2019
өлшемі465 Kb.
#54366
1   2   3   4   5

Бөбек бөлеу


(Ана жыры)

Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,

Бөлейін бері кел, бөбек.

Бедерлі бесік, төрт есік,

Төгілте салдым төр төсек.

Бөпешім-бесік отауың,

Отауыңа кір бөбек.
Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,

Бүлдіршін шүмек бәйтерек.

Балалы үйрек, бас бармақ,

Кішкене бөбек – бес бөлек.

Саусақайы салбырып,

Бөлене қойсын қос білек.


Бөл-бөл бөпем, бөл, бөпем,

Бөлесем жөнге көн көкем.

Көк ала жылқы көлде екен,

Көк ала тайың сонда екен.

Торсығыңды тосайын,

Тұмсық төсей сор, көкем.

Бөл-бөл бөпем, бөл бөпем,

Бөлейін бері кел, бөпем.


Жұлдызыңды жұм, көкем,

Жуынып ерте тұр, бөпем.

Алшая атқа мін, бөпем,

Ақтан қара біл, көкем.

І. Жансүгіров

Тәй-тәй


Өлеңін жазған – Е.Елубаев

Әнін жазған – Ш.Жағыпаров


Сені қашан көрем деп,

Үйге асығып жетем.

Үлбір беттен өбем деп,

Ұшып-ұшып кетем.

Қайырмасы

Тәй-тәй,


Тәй-тәй,

Күле қойшы, бөпешім.

Тәй-тәй,

Тәй-тәй,


Жүре қойшы, бөпешім.
Қатарыңнан кем болма,

Ер жеткенде, бөпем.

Қанаттасым, сен барда,

Жетер көкке төбем.



Атаның әлдиі


Ал, Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш.

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағаш.


Ермек болып отырсаң,

Мен бір әнге салайын.

«Ата, ата» деп келген,

Айналайын, алайын.

Ақ бетіңнен өпкен соң,

Жүрегімді жамайын.


Көңілімді шат қылсаң,

Көтеріліп қалайын!

Ж. Жабаев
Әже

І

Тоқыпты әжем алаша,



Бояуы қынық тамаша.

Көктемгі кемпірқосақты

Әжеміз жерге жасапты.

ІІ

Әже, әже, жатпашы,



Ауыр ойға батпашы.

Болайын мен дәрігер,

Десең; «Шипа дәрі бер!» -

Дәрі жасап берейін,

Бәрін жасап берейін.

Ауыртпаймын әжемді,

Ауырмайсың, әже, енді.

ІІІ


Ауылға шақырған кім?

Біздің Бәпи әже.

Сусынға ішкізгені не?

Қымыз, тары көже.

Не жегізді сыйлап?

Балқаймақ пенқұймақ...


М.Әлімбаев



Әжесінің сабағы

Ойыншықтың жиып ап жана түрін,

Түсіндірді ұлына ол ақырын:

Болса егер де қоянда қанша құлақ,

Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,

Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:

Болса егер де сиырда қанша мүйіз,

Құлағы сонша екен есектің де.


Тағы айтады ұлына ойланып ап,

Болса егер де қанша доп қолда мына:

«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-

Тек онымен болмайды ойнауыңа!»

Ж.Нәжімеденев

Аналардың анасы


Әпкем - әже баласы,

Әкем - Әже баласы.

Апамыздың ағасы –

Ол да әжемнің баласы.

Анам дейді мамашым:

Әже деген шамасы –

Аналардың анасы.

Ә.Табылдиев


Әжем туралы әңгіме

Саусағы сары ала жүзікті,

Әрдайым жайдары,

Жаз өнді,

Көп ертек білетін қызықты

Көрсеңдер аяулы әжемді!


Әлдекім әжемнің шашына

Әдейі бор жағып қойғандай.

Кимешек тартқандай басына

Болады ақша бұлт қонғандай.


Куәгер кешегі заманға,

Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.

Ал жасын анықтап санауға

Қолынан түспейді жүргенде

Бұрышқа апарып қояды

Даладан бөлмеге кіргенде.

Қ.Баянбаев
Ана туралы жыр

(Әні бар)

Мереке күніңмен

Қарсы алдым өзіңді.

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді.


Көргенше алаңмын,

Аңсаймын, толғанам;

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған.


Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың.

Гүліңмен балауса

Көктемдей құлпырдың.


Аялап алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген.


Сырымды ұғатын,

Өзіңсің қуатым.

Күнімсің шығатын,

Айымсың туатын.

О.Иманалиев

Абзал ана


Өлеңнін жазған – Ж.Молдағалиев

Әнін жазған – Б. Дәлденбаев


Солғанша гүлім күнде тоңып,

«Ана!», «Ана!» деп ән салам.

Кетейін мейлі жүзге толып,

Бөбекпін мен маған.


Қайырмасы:

Ана, ана, ана

Мәңгі дос сен ғана.

Абзал ана, ана,

Көңілің кең дала.

Данасың сен,

Дарасың сен.

Анажан аңсаған,

Арналды ән саған.
Қарызбын әжім, ақ шашыңа,

Көзіңнің жасына.

Өзіңсің бақыт бақшасы да,

Өмірдің басы да.

Қайырмасы.
Әкелер туралы ой

Өлеңін жазған – Н.Шәкенов

Әнін жазған – Ж.Сейілов

Өмірдің көрген талай жол торабын,

Әкеден кіс аяйды қолда барын.

Әкенің ақ тілегін өтеу парыз,

Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын.
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.


Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына.

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз,

Біз бүгін әкелердің арқасында.



Менің әпкем


Сағынғанда көтеріп,

Құшарлана сүйеді.

Шапалағы шарт етіп,

Жағыма да тиеді.


Үндемеймін оған мен,

Үндемеуге бекінем.

Қанша қатал болғанмен,

Сүйеді кеп бетімнен.


Киімімді жуады,

Барлық ынта, зейінмен.

Үйдегі бір мұғалім

Өзі шығар деймін мен.


Кейде бәйек бола ғап,

Асымды да қойды алға.

Сағатына қарап ап,

Жібереді ойнауға.


Жүрем оның бейнесін

Жүрегіме орап мен.

Сағынамын көрмесем,

Алтын әпкем, жан әпкем.

Т.Молдағалиев
Ақ мамам

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім!» -

дейтін.
Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ мамамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып.



Ф. Оңғарсынова

Аға, іні – туысқан


Аға деген,

Іні деген –

Бір-біріне туысқан.

Аға деген,

Іні деген

Жаралғандай құрыштан.


Бірлік болса,

Ерлік болса,

Алынбайтын қамал жоқ.

Қорқақ болса,

Шорқақ болса

Одан өткен жаман жоқ.


От болса да,

Өрт болса да,

Қиналмайды мықты адам.

Атамыз да,

Бабамыз да,

Қиындықтан ықпаған.



О.Әубәкіров
Ана тілегі

Балапандай сәбидің,

Қанаты әсте талмасын.

Арманы ол әр үйдің,

Биіктерге самғасын!


Жол ашыңдар сәбиге,

Болашағын қорғаңдар.

Өсе берсін әр үйде

Бүлдіршіндер – армандар!



С. Оспанов

Қызым менің

Үйлендім. Балалықтан із қалмады,

Жаңа өмір қол бұлғады бізге алдағы.

Өмірге сен келдің де гүлін жарды

Менің жас семьямның қызғалдағы.


Көңілге сырын құйып дала, көлдің,

Сен маған әкелік ат ала келдің.

Жатқандай жақсы арманым тербетіліп,

Айналып бесігіңе бара бердім.


Көп шеккен азабымды байғұс анам,

Құшағын менен де кең жайды саған.

Кім білсін,

Жылдар бойы аңсап күткен,

Шығарсың аяулысы айға ұқсаған.
Әйтеуір сен туғанда ол күле берді.

Бойынан бір тың қуат түрегелді.

Ән бастап таңертеңнен домбырасыз,

Кеудесі күйге толып жүре берді...



Т. Айбергенов
Перзент жыры

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,

Атымды ап алыс жылға жалғасатын.

Әкеде өсиет бар өмір жайлы,

Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,

Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.

Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,

Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?

Сен мені өскен сайын ойландырып,

Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.

Бір қадам басқан сайын өзің мені

Барасың шежіреге айналдырып...



Т. Айбергенов

Апаларым

Мен ұл ем. Сендер ең үш тамаша елік,

Төртеуіміз бір әкенің баласы едік.

Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын

Өстік біз бір омыраудан таласа еміп.


Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,

Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып.

Таралып шартарапқа жолдар шықты

Сендердің бұрымдарың сияқтанып.


Кеттіңдер біздің үйден ұзатылып,

Қатыгез қимастықты қыз аты қып.

Сан түндер сағынышым көз ілдірмей

Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып.


Деді әкем: қиын болды-ау, қарағым-ай,

Жан көкем, жадыратшы қабағыңды-ай.

Мен үйде жалғыз қалдым, мергендердің

Қосына тастап кеткен қарауылдай.



Т. Айбергенов

Балалар – біздің болашақ
Балалар – біздің болашақ!

Сүйсінеміз, сүйеміз,

Бұл болашақ тамаша –ақ!

Болашаққа иеміз.

Көтеріп жас сәбиді,

Күлші, бөпе, күл, - дейміз;

Көңіл дария шалқиды

Балалармен гүлдейміз.

Қ. Аманжолов

Атам менің

Атам менің төрт-ақ класс бітірген,

Айыра алмайды бөлшекті де бүтіннен.

Білмейді ол ендікті де бойлықты,

Сонда да атам ой керемет, ой мықты!

Қиқаң-қиқаң қозғап қойып арқасын,

Жатқа айтады Европаның картасын.

Жатқа айтады Европаның картасын,

Өзен-көлін, орман-нуын, тау-тасын...

- Бәрін, ата, қайдан білдің оқымай,

Жаным атам, қайдан білдің оқымай?!

- Жауынгерлік жас шағымда ер күнде,

Жаяу жеттім Москвадан Берлинге.

Жорықтарда ой мен қырын сүйгенбіз

Европаның азаткері, біздерміз!



М. Әлімбаев
Ата-ананың арманы

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

- Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойын емес,оллаһи, біздікінің

Енжарлығы – елде жоқ – ала бөтен...
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып, қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!


Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,

Болмаса да топ жарған дана бөтен,

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап, мен сорлы, қалар ма екем?..

...Үміт пенен күдіктің ортасында,

Ата-ананың жүрегі талады екен!



М. Әлімбаев

Апа
Апа, биыл ауылда қар қалың ба,

Тазарып бір қайтатын барғанымда.

Жалғанын да ұғындым бұл тірліктің,

Бұл тірліктің ұғындым арманын да.


Сырдария, ен тоғай, қырқалар да,

Алған шығар оранып ұлпа қарға.

Сыр соларға ашайын ақтарылып,

Жатқан шығар елеңдеп бір хабарға.


Апа, әлі-ақ барамын уайымдама,

Жатсын күтіп алаңсыз сайын дала.

Бойым бала баяғы бетегендей,

Салмақ тартқан сынаптай ойым ғана.

Апа, әлі-ақ барамын уайымдама!

А. Әлімұлы
Анаңды құрметтемесең

Анаңды құрметтемесең

Анадан несін туасың?

Адамды құрметтемесең

Адамнан несін туасың?
Далаңды құрметтемесең,

Далада несін тұрасың?

Қалаңды құрметтемесең,

Қалада несін тұрасың?


Теңізді құрметтемесең,

Теңізде несін туасың?

Егізіңді құрметтемесең,

Егіз боп несін туасың?


Адам!

Атың қандай зор!

Адамсыз әлем әлем бе?

Адамды сыйлап адал боп,

Адам боп өт әлемде!!

Д. Әбілев

Анам маған:-Үлкенді сыйла,-деген

Анам маған: -Үлкенді сыйла, - деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра – ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

М.Мақатаев

Әже
Сығырайған көзі көрінбей

Томар-томар былшықтан,

Отырса, бойы аспайды

Қолындағы ұршықтан.

Алдындағы көженің

Көрінбес беті қылшықтан.

Көжесін татпай әженің,

Жан болмайды құр шыққан?!

Сендер де тыңда, тентектер,

Тыйылып біраз шолжақтан.



М. Жұмабаев
Анама
Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,

Еш не білмес түсім бе я өңім бе

Оң менен сол, от пенен су айырмас,

Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -


Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,

Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»

Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,

Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.



М. Жұмабаев

Аяулы жар

Сүйем! – деп айтпай, сүйеді

Күйем! – деп айтпай, күйеді.

Іренжіп тұрып аяйды ол,

Кештетіп келсе күйеуі.

Көрмесең сағындырады,

Үндемей бағындырады.

Ап-ашық күнді кей-кейде,

Толассыз жауын қылады.
Бір жылы сөзге тояды,

Алдыңа барын қояды.

Көрінбес көзге арқанмен,

Өзіңді байлап қояды.


Т. Молдағалиев



Ұлыма

Ұйқыңды аш, ұлым, тысқа шық,

Көшеде халық түп-түгел.

Шаттыққа шаттық ұштасып,

Шадыман жүрген жұртты көр.


Сәулесін шашты арай таң,

Саялы, салқын бақтарың.

Алады еске кәрі атаң,

Сонау бір ауыр шақтарын.


Ә. Дүйсенбиев


ӘДЕБИЕТТЕР:
Абай. Қара сөздер. Поэмалар.- Алматы: Ел, 1992. – 272б.

Адалдық /Құраст. Н. Төреқұлов, Ө.Есназаров.- Алматы: Жазушы, 1964. – 68б.

Бұл жинаққа адалдық туралы шығармалар енгізіліп отыр. Олардың ішінде атақты жазушыларымыз М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің шығармалары да бар.

Балаларды туған жерді, туған елді, Отанды сүюге баулу, адалдыққа үйрету – міне, кітаптың негізгі мақсаты осы.

Аймауытов Ж. Ақбілек: Роман. - Алматы: «Раритет», 2003.

240б.


Айтматов Ш. Боранды бекет: Роман.- Алматы: Жалын, 1986.- 304 б.

Ақыш Н. Алтынбек Қоразбаев: Деректі повесть. – Алматы: Балауса, 2003. – 140б.

Бұл деректі повесте қазақ халқының талантты ұлы, белгілі әнші-сазгер Алтынбек Қоразбаевтың балалық шағы мен шығармашылық өмірінің кейбір кезеңдері баяндалады. Кейіпкер өмірінің жалпы жұртшылық біле бермейтін қызықты да құпия қалтарыстарын қамтыған Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. – Алматы: Рауан, 1998. – 31б.

Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1966. – 18б.

Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987. – 264б.

Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өміріне арналған. Ақылы мен адамгершілігі мол, халықтың ер жүрек асыл перзентінің бейнесі келіні жазған бұл шығармада жан-жақты ашылды. Семьялық архивтен алынған суреттер де кітаптың мазмұнын толықтыра түседі.

Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-

1 кітап.- 320б.

2- кітап. - 352б.

3 –кітап.- 320б.

4- кітап.- 336б.
Әшімұлы А. ... Жан бөлек.- Алматы: Санат, 2001.- 208 б.

Бегалин С. Бала Шоқан. – Алматы: ҚМКӘБ., 1964.- 116 б.

Берік болсын босаға: Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар / Құраст. Ж.Солтиева. – Алматы: Жалын, 1988. – 246 б.
Қабанбаев М. Арыстан, мен, виоланчель және қасапхана: Повесть, әңгімелер. – Алматы: «Жалын», 1977. – 200б.

Жазушы жинағындағы «Арыстан, мен, виоланчель және қасапхана» атты повесі өз уақытында жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалардың республикалық конкурсында үшінші бәйге алған туынды.

Повесть кейіпкері сезімтал да ұшқыр қиялды бала. Негізгі сюжет осы Асан мен көрші үйдегі баланың арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Сонымен қоса шығармада ата-аналардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаупкершілігі жайлы да сөз қозғалады. Повесть тілі жеңіл, юморға бай.

Қазақ ертегілері (Қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері).- Алматы: «Балауса», 2001.- 262 б.

Құлжанов Б.Ж. Семьялық қарым-қатынастардың мәдениеті.- Алматы: Білім, 1986. – 38б.

Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 1997. – 44б.

Момышұлы Б. Ұшқан ұя: Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1975. – 384б.

Жинақтың жас буын мен жалпы қауымға берер өнегесі мол.

Момышұлы Б. Ұяда не көрсең..: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1988. – 44б.

Мұқанов С. Сұлушаш: Роман мен повесть.- Алматы: Атамұра, 2002.- 288б

Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть.- Алматы: Атамұра, 2002.- 400б.

Қазақ прозасы хас шеберлерінің бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» атты шығармасы – кезінде қолдан-қолға тимей оқылатын дүние еді… Міне, араға жылдар салып сол шығармасы бүгінгі жас буын және баяғы сақа буын оқырмандарымен қайта жүздесіп отыр. Сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі балалар мен үлкендердің тұрмыс-тіршілігіндегі ұқсас жайттарды көзі қарақты, зерделі оқырман тап басып тани қояры ақиқат. Бұл шығарма бүгінгі кезең шындығымен астарласып жатқанымен де құнды.

Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Роман және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.- 416б.

Әйел–ана тағдыры академик–жазушы Ғабит Мүсіреповтің сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана – тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһармандықтың да үлгісі. Қазақ халқының тарихын терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел–ананың әлеуметтік рөлін, қоғамдық мәнін, патриоттық биік қасиеттерін зор шабытпен бейнелеген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ақлима» және басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр.



Мүсірепов Ғ. Өмір жорығы: Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1964.- 100б.

Қазақ совет әдебиетінің көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов қысқа әңгіме жазуда да шебер жазушы. Бұл жинағына Ана туралы әңгімелер циклы енді. Ананың мейірімділігі, тапқырлығы, ақпейілділігі суреттеледі.



Назарбаев Н. Туған елім – тірегім /Құраст. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов.- Алматы: Рауан, 2001.- 128б.

Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, алқалы жиындар мен кездесулерде, ел аумағының әр жерлерінде сөйлеген сөздеріндегі өмірдің сан саласын қамтитын қанатты сөздері топтастырылған.



Нұржекеев Б. Күтумен кешкен ғұмыр: Роман және повестер.- Алматы: Жазушы, 1982.- 408б.

Адамгершілік қасиет, туған жерге деген сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қатынас –жинақтағы шығармаларға ортақ өзек болып тартылған негізгі желілер.



Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем. - Алматы: Білім, 1997.- 168б.

Өтеуова Ж. Семьяда оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің кейбір мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1966. – 32б.

Сейдімбек А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Атамұра, 2002.- 288б.

Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз»сияқты повестері мен әңгімелері енді.

Бұл шығармаларда халқымыздың рухани биік парасаты, төлтума қасиеттері, мәдени бітімі шыншылдықпен көрініс тауып, ата – бабаның арман–аңсары, адам өмірінің мәні мен сәні сөз болады. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.

Соқпақбаев Б. Менің атым – Қожа: Повесть.- Астана: Елорда, 1999. – 468б.

Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат: Повесть, роман (Жоғарғы сынып оқушылары үшін). – Алматы: Балауса, 1992. – 528б.

Көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың бұл жинағына «Балалық шаққа саяхат» повесі мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы енді. Қалың оқырман қауымға белгілі шығармаларында қаламгер жас кейіпкерлерінің жан сезімін, бастан кешкен қиыншылықтарын шынайылықпен баяндап береді.

Тал бесіктен жер бесікке дейін: Қазақтың отбасылық ғұрып-жырлары / Құраст. К.Ісләмжанұлы. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272б.

Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер /Құраст. М.Жармұхамедов; С.Дәуітов.- Алматы: Жазушы, 1988.- 560б.

Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі тұлғалардың бірі – Шәкәрім. Ол ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосқан ірі ақын және ойшыл болды.

Шәкәрім шығармашылығы өзінің диапазоны кеңдігімен ерекшеленеді. Аталмыш жинаққа ақынның нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен, сондай – ақ ақылгөйлік, ағартушылық, әлеуметтік-әшкерелеушілік сипаттағы өлеңдерімен қоса «Ләйлі – Мәжнүн», «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» сияқты ауқымды эпикалық поэма, дастандары мен прозалық шығармалары, қара сөздері іріктеліп, топтастырылып беріліп отыр.


* * *
Акбарова Ж. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері //Бастауыш мектеп. – 2005. - №4. – Б.44-46

Атайбекова Ғ. Иманды жан - әдепті //Отбасы және балабақша. – 2005. - №5. – Б.14-16

Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді //Тәрбие құралы. – 2005. -№3. – Б.76-77

Әділбекова Ш. Қоғам – отбасы берекесі //Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту. – 2005. - №1. – Б. 22 -23

Әубакірова А. Отбасындағы сыйластық //Бастауыш мектеп. – 2005. -№4. – Б.22-23

Бейсенбиева К. Бала – көңіл қуанышы // Отбасы және балабақша.-2000.- №3-4.- Б.3-4

Бейсенбіқызы К. Ұрпақ қамы – ел қамы //Отбасы және балабақша. – 1998. - №1-2. – Б.3-4

Бердібайқызы Қ. Өнеге әуелі - отбасынан //Қазақ батырлары. – 2005. - №4. – Б.22

Ермұханова З. Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2005. - №3. – Б.107-109

Жәнібекова С. Абай отбасылық өмірі туралы //Қазақстан мектебі. – 2000. - №7. – Б.60-62

Қабылова Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі //Бала тәрбиесі. – 2005. - №4. – Б.33-34

Қожахметова К. Этнос субъектісін қалыптастыруда отбасының рөлі //Бастауыш мектеп. – 2005. - №2. – Б.24-26

Қосақова Г. Баланың бас ұстазы – ата-анасы //Бала тәрбиесі. – 2005. - №5. – Б.21-23

Миркенова Г. Отбасы тәрбиесінің маңызы //Бастауыш мектеп. – 2005. - №7. – Б.56-57

Мұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы - отбасынан //Бала тәрбиесі. – 2005. - №2. – Б.9-11

Неке және отбасы туралы: Қазақстан Республикасының Заңы //Заң газеті. – 1999. – 13 қаңт.

Нұғыспанова Ш. Отбасындаға бала тәрбиесі //Бастауыш мектеп. – 2005. - №1. –57б.

Оразбекұлы Қ. Отбасы тәрбиесі қанша кезеңге бөлінеді: (Этнопедагогика) //Бастауыш мектеп. – 2005. - №3. – Б.16-17

Отбасы және неке //Ақиқат. – 2001. - №12 – Б.91-96

Сәденов Ж. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу отбасынан

басталады // Бала тәрбиесі.- 2004.- №5.- Б.18-19

Тастанова Р. Ата- аналардың әдептілігі // Тәрбие құралы.- 2005.- №4.- Б.75-76

Түйетаев Б. Бұл - ұлттық проблема: ( Бүгінгі қазақ отбасындағы бала тәрбиесі) // Түркістан.- 2005.- 1 қырқ.( №35).- Б.6

МАЗМҰНЫ





  1. Құрастырушыдан ................................................................

  2. Отбасы – Отанымыздың ошағы .........................................

  3. Отбасы берекесі – имандылықтан басталад ....................

  4. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы ..........................................

  5. Ата-ананың парызын, өтеу сенің - қарызың .....................

  6. Бала, бала, болашақ... ..........................................................

  7. Мен және менің отбасым ( әдеби – музыкалық кеш)

  8. Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар (сайыс байқауы)

  9. Алтын сақа (ойын)..................................................................

  10. Ұлағат сөздер.........

  11. Мақал – мәтелдер..........................................................................

  12. Отбасы – көркем әдебиетте

  13. Отбасы – ақындар өлеңінде..................................................

  14. Әдебиеттер..............................................................................


Жақсы бала – көп нәрсені естіп білуге, үйренуге және көкейге түюге талпынады.

Дәуренбеков Сырым


Жақсы балаға тән қасиет – ата-ананы сыйлау, сәлемдесу, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық жасау, әділеттілік, дәстүрді құрметтеу - деп білемін.

Камалбаева Аяулым


Жақсы бала – бүгінгі ісін ертеңге қалдырмайды. Сабырлы болады. «Ұят» - өлімнен күшті екенін есінен шығармайды.

Шакиртова Айгүл


Жақсы баланың жан дүниесі, рухани әлемі таза, адал болады. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның достығы – мәңгілік. Көп оқуы керек.

Нұрлан қызы Инкар


Жақсы бала – ол үлкенді сыйлайтын, кішіге ілтипатты, тәртіпті, ұқыпты адал бала болу керек.

Сұранчиева Жазира


Жақсы ата-ана – балаларға өздерінің ісімен үлгі болуға тиіс. Бос уақыттарын қалай пайдаланатынын қадағалайды. Кітап оқуға, серуендеуге Бегалинкаға әкеліп тұрады.

Ахметжанова Жанна


Жақсы ата-анақарапайым болуды, табиғатты сүюді балаларына үйретеді. Арақ пен темекенің зияндылығын айтып, жақсы оқуға, көп білуге, кітапханада (Бегалинкада) болуға жағдай жасайды.

Пиралиев Жеңіс, екі ұлдың әкесі


Жақсы ата-ана – балаларын жақсы көреді, оларды соқпайды. Балаларының жақсы тұрмыс жасауларына көшбасшы болады. Еңбек етуге үйретеді.

Қабди қызы Сайран, ата- ана


Жақсы ата-ана – балаларына үлгі, мейірімді, қайырымды адамдар. Қатты дауыс көтеріп сөйлемейді. Балаларына ақылдарын айтып, оларды дұрыс жолға салады.

Иргебаева Күмісай, алты баланың анасы

жеті немеренің әжесі
Жақсы ата-ана – балалар ойымен санасатын, оларды тыңдауға уақыт табатын адамдар. Кішіпейіл, қамқоршы, балаларының келешегін ойлайды. Білім алуларына көп көңіл бөледі.

Балтин Серік, екі баланың әкесі


Ата-аналар арасында бала тәрбиесі мәселесінде толық келісім болуды қалаймын. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды, сабырлы болып, өзін-өзі билей білу керек.

Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін - оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отырамын.

Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың морльдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.

Сағатова Әйгерім


Жақсы бала – менің ойымша, мәдениетті болу керек. Ол музейге, кітапханаға, театрға бару керек. Және де жақсы жүрсең сен басқа адамдардың көзіне жақсы болып көрінесің. Жақсы адамның түрі көзінен білінеді.

Сейтхалық Гүлдана


Қ±растырѓан: Саѓатова А.А.
Редакторы: Кенесары Т.
Техникалыќ редактор: Гольбрайхт М.А.
Шыѓаруѓа жауапкер: Кенесары Т.


Ќазаќстанныњ С. Бегалин атындаѓы мемлекеттік


республикалыќ балалар кітапханасыныњ ротапринтінде

басылѓан.


Алматы ќ., Тµле би кµшесі, 27 ‰й.

Тапсырыс: Кµлемі: Таралымы:





Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет