Растрлық графика



Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72195
түріПрограмма
Байланысты:
10.2. Графика редактор мүмкіндігі


Растрлық графика.
Растрлық графиканы мультимедиялы проекттерді жасағанда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен жасалған иллюстрациялар компьютерге, көбінесе сканер арқылы енгізіледі. Содан кейін арнайы программалармен графикалық редактормен өңделеді. Векторлы графика үшін программалық құралдар, керісінше қарапайым геометриялық элементтер негізінде құрылған иллюстрацияларды құруға арналған. Негізінде векторлы графиканы қолдану жұмысты безендіру (оформлять) болып табылады. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салудан емес, программалаудан тұрады. Фрактальды графикамен жұмысқа арналған программалық құралдар математикалық есептеу жолымен жасалатын бейнелер инерациясы үшін қолданылады. Мысалы: оның көмегімен теледидарда заставкаларды жасауға болады. Мысалы: Растрлық графиканың пикселі аз болғандықтан, суреттің көрінуі нашар

1 сурет

2 сурет

AdodePhotoShop мүмкіндіктері. Растрлық графиканы өңдеу үшін Adode компониясының PhotoShop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі таңда бұл программа компьютерлік графикада стандартты болып есептеледі. PhotoShop – бұл Windows 95, VT т.б. операциондық жүйе басқармасымен Macintosh және PC компьютеріне арналған профессионалды деңгейде бейне және сурет редакторы болып табылады.

Бейнелер мен суреттермен жұмыс істеу үшін PhotoShop – тың негізгі мүмкіндіктері.

  • Бейнелердің режимін ауыстыру

  • Түстерді коррекциялау (өңдеу)

  • Бейненің деформациясы, қозғалысы

  • Қабаттармен (слоя) жұмыс, қабаттарды жеке – жеке редактрлеу, олардың аралығында эффекттер құру

  • Фрагменттермен жұмыс істеудің және бөлудің аса үлкен мүмкіндігі

  • Фильтрдің өте көп мөлшері

  • Сурет салуға арналған көптеген аспаптардың болуы

  • Мәтін енгізу

Әдетте, PhotoShop редакторы сурет салу, стильдеу, фотомонтаж жасау, сапасыз фотосуреттерді өңдеу және өзінің бейнелерін құру болып табылады. PhotoShop жаңадан бейнелерді құру мүмкіндігі болғанмен, негізгі тағайындалуы – дайын суреттерді редактрлеу болып табылады.

Растрлі графика файлдарының форматтары. Файл форматы дегеніміз компьютер жадында бейнені сақтау әдісі. Форматтар түрлері:

  • .psdAdobe PhotoShop программасының ішкі форматы. Ол бейнелердің барлық типтерін: ақ-қара дан түрлі-түстіге дейін қолдайды. Негізі формат шексіз қабаттардан тұруы мүмкін, ал әр қабат 24 каналдан тұрады.

  • .tiff — түстік каналдармен жұмыс істеу үшін арналған әмбебап формат. Бұл форматпен нүктелік графиканың кез-келген программасында жұмыс жасауға болады.

  • .pcx — .tiff форматының оңтайланған түрі, Paintbrush программасы үшін жасалған.

  • .bmp — Windows та жұмыс істеуге арналған формат.

  • .jpeg — нүктелік бейнелерді 5-15 есе сығып сақтауға арналған.

  • .gif — индекстелген түстен тұратын бейнелерді сипаттауға арналаған.

Түстерді қадағалау құралдары сапасыз боялған бейнелерді ашық түске ауыстыруға мүмкіндік береді. Бейне реңі пиксельдің жарығымен сипатталады. Олар 0 – ден 255 ке дейінгі диапозонда жатыр. Ең қараңғы реңдер 0 – ге, ал ең ашық жарық рең 255 сәйкес келеді. Бейнелер пикселінің диапозоны бейненің реңдік диапозоны деп аталады. Photoshop – тың әрбір бейнесі үшін изображение / гистограмма командасын орындау қажет.

Көлденең осьте жарықтың мәні орналасқан: о- ден 255- ке дейін, ал тік ось бойынша әрбір жарық деңгей пикселінің мөлшері көрсетіледі.

Көлеңке – жарығы төмен бейненің ең қараңғы бөлігі.

Ашық реңдер – жарығы жоғары бейненің ең ашық бөлігі. Көлеңке мен ашық рең арасында орташа рең орналасқан.

Әр түрлі бейнелердің жарығының мәні:

  • қараңғы бейнелі гистограмма (пиксельдің көбі жарықтың төмен мәніне ие)

  • ашық бейнелі гистограмма (пиксельдің көбі жарықтың жоғарғы мәніне ие)

  • күңгірт бейненің гистограммасы (орташа реңге ие)

Рең коррекциясының негізгі міндеті – бейнеде пиксельді дұрыс жарықпен қамтамасыз ету. Сканер арқылы енгізілген суреттің рең диапозоны кішірейтілетіндіктен оны міндетті түрде коррекциялау қажет. Сондықтан сканер арқылы өткен фотосуреттер оригиналға қарағанда күңгірт болып келеді. Photoshop рең коррекциясы үшін мына команданы орындайды. Изображение / настройки. Яркость / конраст командасы экранға 2 шкала шақыртады. Яркость шкаласын өзгерту бейнені қараңғы немесе жарықтандыруға мүмкінідік береді. Ал, регулятор бейненің нақтылығын өзгертуге арналған. Уровни командасы экранға белсенді бейненің гистограммасын және реңдік диапозонын өзгерту құралдарын шығарады. Төменгі оң жақ бұрыштағы үшбұрыштың көмегімен қараңғы не жарық реңнің параметрлерін өзгертуге болады. Бұл батырма гистограмманың астында орналасқан. Регуляция үшін керекті пипетканы таңдап, сәйкес келетін бейненің учаскесіне курсорды апару керек. Сонымен қатар, Авто немесе Автоуровни командасын орындауға болады. Кривые командасы экранға бейненің коррекциясы үшін диалогтық терезе ашылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет