Реферат Орындаған: Базарбайқызы Аяна Тобы: гк-21 Тексерген: Сариева А. С жоспары: Теориялық геодезия



Дата11.05.2022
өлшемі266,22 Kb.
#142513
түріРеферат
Байланысты:
выс.гео
Снимок экрана 2022—09—19 в 10.33.35, Силлабус ОЗ каз 21-22 курс (1), Презентация

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Реферат


Орындаған: Базарбайқызы Аяна
Тобы: ГК-21
Тексерген: Сариева А.С

Жоспары:

  1. Теориялық геодезия

  2. Сфероидтық геодезия

  3. Қорытынды


Теориялық геодезия пәні жоғарғы геодезия есептерді шешудегі әдістерді теориялық негіздеу болып келеді, олардың ішінде ең маңыздысы болып Жер бетінің және гравитациялық өрісін жер бетінде және сыртқы кеңісткте анықтау есебі болып табылады.
Теориялық геодезияның соңғы мақсаты болып оптималды өңдеу және кейбір мағынада оның негізгі есептерін стратегиялық шешу болып табылады. Теориялық геодезия аралас ғылымдар арасында кең тараған, ал қорытынды теориялық шешімі әртүрлі өлшеу құрамдарында болуы мүмкін, олар: дәстүрлі, классикалық ( геодезиялық, астрономиялық, гравиметриялық өлшеулер) жасанды Жер серіктерін бақылау, ғарыштық аппараттар, лазерлік, доплерлі арақашықтықты бұрыш кескінімен өлшеу, ұзын базисті радиоинтерферометрия.
Теориялық геодезия жоғарғы геодезияның негізгі есептерін зерттеумен айналысады:
- Жер пішінін анықтау;
- Жердің сыртқы гравитациялық алаңының параметрлерін анықтау;
- параметрлерді анықтау, Жердің және референц жазықтығының физикалық бетіндегі өзара мінездеме орындалуы;
- жер бетінің өзгеруін және Жердің гравитациялық алқабының уақыттаөзгеруін үйрену;
- Жер бетінің қатыстылығын және координат жүйесінің тапсырмасынанықтау;
- астрономо-геодезиялық торлардың үлкен өңдеуді дамыту әдістері;
- геодинамикалық көріністер;
- фундаменталды геодезиялық тұрақтылықты нақтылау және анықтау. Көрсетілген есептер келесі әдістерді қоса қолданғанда орындалады:
- астрономо-геодезиялық әдіс;
- гравиметриялық әдіс;
- жасанды Жер серіктерінде және ғарыштық аппараттарда, Айдың лазерлі локациясында, ұзын базисті радиоинтерферометрияда қолданылатын негізгі әдістер:
Жердің сыртқы гравитациялық алқабы деп Жердің айналасындағы кеңістікте және оның бетіндегі ауырлық күшін айтады.
Жердің сыртқы түрін құрастыру, яғни оның пішінін құрастыру гравитациялық күштердің әсерінен туындайды. Сондықтан Жердің гравитациялық алқабын және оның құрамын үйрену өте маңызды ғылыми және практикалық мәнде болады. Геодезияда Жердің шын гравитациялық алқабын жер беті геодезиясында және гравиметриялық өлшеулер негізінде нәтижелер шығару, сондай-ақ ғарыштық геодезия әдісімен үйрену геодезияның негізгі есебін шешуге, яғни Жердің піщінін анықтауға мүмкіндік береді.
Сфероидтік геодезияда жер эллипсоидының бетінде орналасқан нүктелердің өзара қатынасын анықтау әдістері оқытылады, осы жазықтықтағы геодезиялық есептердің шығару әдістері қарастырылады.
Сфероидтік геодезияға жер эллипcоиды жер бетінен жоғарғы немесе жер шарының бетіндегі кеңістікте орналасқан нүктелердің өзара орналасуын анықтайды. Бұл жағдайда X,Y,Z кеңістік координаталарын қолданады немесе кеңістіктік геодезиялық координаттарды B, L, H қолданады.
Сфероидтік геодезияда геодезиялық координаттар жүйесімен қатар жазықтық координат жүйелері оқытылады, оны білу үшін жазықтықтағы эллипсоид бетінің картографиялық кӛрінісін қолданады. Жазықтық координат жүйесіне кӛшу - топографиялық карталарды жасауда геодезиялық пункттерді қолдануды жеңілдетеді және жер бетінің кіші аймақтарында тәжірибелік есептердің шешуіне әсерін тигізеді. Осыған байланысты сфероидтік геодезияда жер эллипсоидының геометриясы оқытылады және оның сферадағы және жазықтықтағы элементтері мен беттерінің кӛріну әдісі қарастырылады. Сфероидтік геодезияда жер бетіндегі нүктелердің ӛзара орналасуын және жер бетіндегі кеңістікті анықтауының геометриялық әдісін оқытады.
Жер эллипсоидының негізгі параметрлері.
Сфероидтік геодезия есептерін шығарғанда бет қатынасы болып айналу эллиспоидын қолданады, ол эллипстің кіші осін айналдыру арқылы пайда болады. Эллипс екі параметрмен беріледі – әр түрлі екі жартылай осьтермен а, в немесе үлкен жартылай осінің ұзындығы а және қысылу коэффициентімен  .




«Сфероидтық геодезия» тарауында Жер эллипсоидының геометриясы, Жер жазықтығы бетінде және үшөлшемді кеңістіктегі геодезиялық есептерді шешу әдістері, сонымен қатар эллипсоид бетінің шар бетінде және жазықтықта бейнелену теориясы зерттеледі.


Ал, «Теоретикалық геодезия» жоғары геодезияның есептері мен негізгі ғылыми мәселелерін шешу әдістері мен теориясын құрастырумен айналысады, бұл мақсаттарда тірек геодезиялық торларында орындалып, қажет жағдайда белгілі бір уақыт аралығында геодинамикалық және басқа да есептерді шешуде қолданылатын заманауи астрономиялық-геодезиялық, гравиметриялық, жерсеріктік және басқа да жоғары дәлдікті ӛлшеу түрлерінің толық кешенін қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет