Реферат Репродуктивті денсаулықты сақтауда медбикенің рөлі Орындаған: Калиева Г. М. Топ: мс-21 Тексерген: Есбосынова Г. Ж



бет1/2
Дата11.02.2022
өлшемі28,46 Kb.
#131542
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат Репродуктивті денсаулы?ты са?тауда медбикені? р?лі Орынд
доклад объединение италии, Шипилина2, 3. Внебольничные роды, Nv 2018 05 120 2

Орал «Мақсат» медициналық колледжі
Реферат

Репродуктивті денсаулықты сақтауда медбикенің рөлі

Орындаған: Калиева Г.М.
Топ: МС-21
Тексерген: Есбосынова Г.Ж.

Орал 2021



Репродуктивті денсаулық

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы туралы айтқанда, тек ауруының және репродуктивті жүйедегі физикалық ақаулардың, оның қызметі немесе үдерісіндегі бұзылулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық жағдайы, рухани және әлеуметтік саулығы қарастырылады. Әйелдердің репродуктивті қызметіне әсер ететін аурулар қатарына экстрагенитальді аурулар (тыныс ағзаларының аурулары, жүрек-қан тамыры жүйесі, онкологиялық аурулар, асқазан-ішек жолдары және зәр шығару жүйесі аурулары), сонымен қатар ЖЖАБИ, АИТВ/ЖҚТБ, туберкулез және басқа да патологиялық жағдайлар қатары жатады.
Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл репродуктивті денсаулықпен байланысты мәселелердің алдын алу және оны шешу жолдары арқылы репродуктивті денсаулыққа қолдау көрсететін және отбасы немесе жеке адамның саулығына ықпал ететін факторлардың, әдістердің, процедуралар мен қызметтердің жиынтығы. Халықтың денсаулық жағдайына 4 факторлар тобының әсер ететіні белгілі, солардың ішінде негізгі топты қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторы(55-60%), немесе әйелдер мен ерлердің өмір салты, қоршаған орта факторы (20% - экологиялық факторлар), генетикалық (15-18%) және медициналық(10%) факторлар құрайды. Осы әдістемелік ұсынымдарында ДББА мамандарының күнделікті жұмысында МСАК деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс аурулардың бастапқы және екінші реттік профилактикасы бойынша қарапайым, қолжетімді, мақұлданған және дәлелді профилактикалық іс-шаралар берілген.
Нәзік жандылар үшін, денсаулық пен ұзақ ғұмырды сақтау үшін пайдалы кеңестер:
1) үнемі дәрігерге көріну (жылына 2 рет);
2) үйлестірілген тамақ (ДСМ сақтау);
3) толыққанды ұйқы (тәулігіне 8 сағаттан кем емес);
4) зиянды әрекеттерден аулақ болу;
5) жеке гигиена ережелерін сақтау;
6) жан тыныштығын сақтау;
7) кездейсоқ байланыстардан бас тарту.
Репродуктивті денсаулық – ұрпақты дүниеге әкелудегі және отбасындағы психосексуалдық қатынастағы толық физикалық, саналық және әлеуметтік табысты жағдай.
Репродуктивті денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1) жыныстық қатынасты ерте жастан бастау;
2) жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың көп пайызы;
3) ерте жүктілік;
4) ішімдік ішетін пен шылым шегетін көп көлемдегі жас жігіттер;
5) түсік тастау;
6) жеке жыныс гигиенасын сақтамау.
Репродуктивті денсаулықты сақтау шарттары: 1) жоспарланбаған жүктіліктен сақтану;
2) ЖЖЖИ алдын алу;
3) барлық ЖЖЖИ дұрыс емдеу;
4) СӨС сақтау;
5) жүктілікті жоспарлау;
6) иммунитетті нығайту;
7) жеке жыныс гигиенасын сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет