Реферат тақырыбы: «Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер»



бет1/3
Дата18.05.2020
өлшемі33,91 Kb.
#69398
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Еңлік физика
Еңлік физика

22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Атом ядросының құрамы.Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер»

Орындаған: Рахметоллаева Еңлік

Тексерген: А. Сенбаевна

Жоспар

  1. Атом ядросының құрамы……………….………3-4

  2. Ядролық өзара әрекеттесу………………………5-6

  3. Ядролық күштер…………………………………...7

  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………8


Атом ядросының құрамы



Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.

1911 жылы ағылшын физигі  Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын  электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады.  Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

     Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған  байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Д. И. Менделеев атомдық массаларының осу ретімен орналасқан химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруінің себептерін айқындап бере алмады. Элементтердің қасиеттері не себепті олардың салыстырмалы атомдық массаларына периодты түрде тәуелді болатыны белгісіз еді. Бірақ Д. И. Менделеев элементтердің атом құрылысы айқындалған сайын бұл сұраққа жауап беруге болатынын алдын ала болжады.


ХХ ғасырда атом құрылысы айқындалып, оның құрылыс теориясы ұсынылды. Ғалымдар атомның ядродан және оның айналасында қозғалып жүретін электрондардан тұратынын анықтады.

1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек, оның заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған.

Жалпы алғанда, атом электрбейтарап, яғни зарядсыз бөлшек болып саналады, себебі ядроның (оның) оң заряды электрондардың теріс зарядына тең. Мысалы, егер атом ядросының заряды +4 болса, оның айналасында әрқайсысы - 1 теріс зарядталған 4 электрон қозғалып жүреді.


Кейіннен химиялық элемент атомдарының ядро зарядтарының сандық мөлшері сол элементтердің периодтық кестедегі реттік нөмірлеріне тең болатындығы анықталған. Мысалы, сутек элементінің реттік нөмірі 1, оның атомының заряды +1, ядросын сыртынан заряды - 1 болатын бір электрон айналып жүреді.


Теллур атомы ядросының оң заряды +52, ал иодтікі +53, сондықтан олар периодтық жүйеде 52 және 53 нөмірде орналасқан. (Әрине, бұларды атомдық массаларының осу реті басқаша: ). Аргонның оң заряды +18, ал калийдікі +19, сондықтан калий аргоннан кейін тұр.


Қазіргі кезде периодтық заңның тұжырымдамасы былайша оқылады: Химиялық элементтер, олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атом ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.


Атомның ядро заряды химиялық элементтің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысы одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.
Әр түрлі атомндардың құрамындағы протондар мен нейтрондардың сандары да әр түрлі, бірақ атомдағы протондар мен нейтрондардың массаларының қосындысы сол элементтердің атомдық массасына тең:

Ar – элементтің салыстырмалы атомдық массасы.


Z – оның реттік саны.
N – нейтрондар саны.
Салыстырмалы атомдық массасы және реттік нөмірі бойынша нейтрондар санын есептеуге болады:

мысалы, хлордың ядросындағы нейтрондар саны.

Ядродағы протондар саны элементтің реттік (атомдық) нөміріне Z тең. Мысалы оттек элементінің реттік нөмірін Z =8, протон саны 8 ядро заряды 8.
Протон зарядының абсолютті шамасы электрон зарядының мәніне тең.
Хлор мен оттек атомдарының құрылысы қысқа түрде былай жазылады:

Сендер белгілі бір элемент атомы ядросының протондар саны бірдей, соған орай олардың заряды да бірдей болатынын білесіңдер. Мысалы, магний атомына 12 протон бар, заряды +12. Бірақ осы элемент атомдарының ядроларында нейтрондар саны әр түрлі болуы мүмкін.


Тәжірибе арқылы табиғи магнийде массасы 24 тең, атомдардан басқа массалары 25 және 26 болатын атомдар бар екені анықталған. Массасы 25 тең магний атомының ядросында 12 протон, 25 - 12=13 нейтрон, ал массасы 26 тең атом ядросында 12 протон 26 - 12= 14 нейтрон бар.
Ядроларында протон саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп атайды. (Изотоп грекше «Бір орынға орналасушы» деген мағнаны білдіреді). Жоғарыда келтірілген массалары 24, 25 және 26 болатын бірақ ядро зарядтары бірдей магний атомдарының түрлері магнийдің изотоптары делінеді.
Берілген элемент изотопының ядро зарядтары бірдей болғандықтан оның электрондар саны да өзгермейді, сондықтан химиялық қасиеттері де бірдей. Осыған орай химиялық элементке мынадай анықтама беруге болады:
Химиялық элемент дегеніміз – ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір түрі.
Мысалы табиғатта кездесетін хлордың 75, 53% - і изотопта және 24, 47% - і изотоптан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет