Реферат Тақырыбы: Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар Орындаған: Ералы Әсем



бет1/3
Дата14.01.2022
өлшемі75,5 Kb.
#129335
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

«Мирас Университеті»



Реферат

Тақырыбы: Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

 

Орындаған: Ералы Әсем

Тобы:ПМ-811К-2

Қабылдаған: Жанболатов С. Е.

Шымкент 2021ж

Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.

Мəдениетті қоғамның қазіргі кезеңі ақпараттандыру үрдісімен сипатталады. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз — глобалды əлеуметтік процесс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру — бұл білім беру ортасын оқытудың, тəрбиенің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына бағытталған ақпараттық технологияларды қолайлы пайдалану мен өңдеу тəжірибесімен жəне əдістемесімен қамтамасыз ету процесі.

Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.

Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.

Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.

Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету əдістері. В.А.Извозчиков ақпараттық технологияны мəліметтерді жіберу, тарату, машиналық (ЭЕМ-ның көмегімен) өңдеу, информатиканың есептеуіш жəне программалық құралдарын құрудың технологиясы деп анықтайды. В.Ф.Шолоховичтің айтуынша, бұл терминнің кең мағынасы: «Ақпараттық технология деп ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу, сақтау, жіберу, жинау жəне ұсыну əдістері мен техникалық құралдардың жиынтығы түсіндіріледі».

«Ақпараттық технологиялар» ұғымына ақпаратты өңдеу əдістері, ұйымдастыру-басқару тұжырымдары жəне оқу-тəрбие процесін жүргізу тəсілдері, əр түрлі ақпараттық техниканың жиынтығы кіреді. Ақпараттық технологиялардың құралдары (АТҚ) деп И.В.Роберт микропроцессорлық, есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар ақпараттық алмастырудың қазіргі заманғы жүйелері мен құралдары деп айтады.

Білім беру мекемесінде ақпараттық технологияларды қолдану оқушы мен оқытушы рөлдерін жəне олардың өзара қарым-қатынастарын өзгертеді. Мұғалім енді оқушыларының алдында ақпараттың қайнар көзі ретінде шығып тұрмайды. «Ақпаратты қайдан алу керек?» деген сұрақ «Оқушы қанша мəлімет жəне оны қандай түрде қабылдай алады?» деген сұрақпен тұлғалардың дамуын бағыттау, шығармашылық ізденістерін қолдау жəне олардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.

Компьютерлер мұғалімге барлық əлемге ақпаратты ашылған оқу сыныбында жұмыстың жаңа шарттарын құруға жəне сонымен қатар бүгінгі күнгі оқушылардың ойлау тəсілін, ол ертеңгі күннің мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп өзгертуге көмектеседі.

Əлемдегі қазіргі қоғамда əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты өзгеріп тұратын еңбек жағдайларына тез бейімделе алатын, жұмысты қолайлы, ең аз шығындармен жасай алатын адамдар тапшылығы пайда болды.

Білім беру сапасын көтерудің тиімді əдістерінің бірі ретінде білім беру процесіне жоба əдісін ендіруді қарастыруға болады. Жоба əдісі дегеніміз — оқушылар біртіндеп қиындайтын практикалық тапсырмалар — жобаларды орындау жəне жоспарлау процесінде білім алатын оқыту жүйесі. Жоба (латын тілінен projectug – алға жылжыған) — алдағы ойлаған заттың реалистік дамуы. Оқушылар жобаларының тақырыптары сол сыныпта оқытылатын оқу материалының мазмұнымен анықталады. Жоба бірнеше сабақ барысында жасалады (ұзақтығы оқушылардың жасымен жəне жобалық кестенің қиындығымен анықталады) жəне өздік шығармашылық жұмыстың орындалуын ұйғарады.

Жоба əдісін жеткілікті меңгеру үшін, алдымен «Жобалар қандай болу мүмкін?» деген сұрақ төңірегінде əңгіме қозғау қажет. Жоба əдісін жасаушылардың бірі болып табылатын американдық профессор Коллинс оқу жобаларының əлемдегі ең бірінші классификациясын ұсынды.

Ойындар жобалары — əр түрлі ойындар, халық билері, драмалық қойылымдар. Мақсаты —балалардың топтық жұмысқа қатысулары.

 Экскурсиондық жобалар — қоршаған ортамен жəне жəне қоғамдық өмірмен байланысты мəселелерді мақсатты түрде зерттеу.



Мазмұндық жобалар. Мақсаты — əр түрлі формадағы — ауызша, жазбаша, музыкалық (пианинода ойын), вокалды (əн) формалардағы əңгімеден лəззат алу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет