Реферат Тақырыбы: Дәстүрлі емес ұйымдар Орындаған:Құдайберген Ақбота Топ:ҚБ 19-10 Тексерген: Аскарова. К. И



Дата09.06.2020
өлшемі28,68 Kb.
#72756
түріРеферат
Байланысты:
Ақбота діни ұйымдар
Құдайберген Ақбота, Ақбота діни ұйымдар

ШЖҚ КМК «ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ»


Реферат

Тақырыбы:Дәстүрлі емес ұйымдар

Орындаған:Құдайберген Ақбота

Топ:ҚБ 19-10

Тексерген:Аскарова.К.И

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР


Соңғы онжылдықта елімізде дінге қарқынды бетбұрыс үрдісі байқалуда. Бүгінде ортақ Отанымызда діни конфессиялар арасында келісім мен бейбітшілік орнығып, азаматтарымыз тату-тәтті өмір кешуде. Бұл азаматтардың Конституциямен қорғалған наным-сенім бостандығы мен дін саласында атқарылып жатқан жемісті еңбектің нәтижесі.

Кешегі Кеңестер одағындағы ортақ тарихымызға үңілер болсақ азаматтардың сенім бостандығына жасалған қиянаттарының куәгері боламыз. Кеңестер билігі еліміздің, оның ішінде қазақ қоғамының дәстүрлі сеніміне, ата дәстүрмен жалғасып келе жатқан ханафит мазхабындағы Ислам дінін қыспаққа алды, мешіттерді жаппай жапты. Бұл үрдіс тек қазақ топырағындағы Ислам дінінде емес, кеңес халықтарының төл тарихымен біте қайнасып жатқан дәстүрлі діндердің қызметінде де байқалды. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы дін мәселесі сол Кеңестер Одағындағы руханият саласындағы қыспақтың әсерінен діни институттардың әлсіреуінің көрінісі болып отыр.

Атеистік қоғам құрамыз деген желеумен адамзаттың тереңде жатқан тарих қатпарларына үңілмеген кеңес билігі ел болам деген, болашаққа қадам басам деген қоғамда адамның діни сеніміне маңызды орын берілуі қажеттігін ескермеген. Діни сенім тек руханилықты сақтаудың құралы емес, ол әлеуметті бір идеяның ауқымында біріктірудің құралы іспеттес. Дін азаматтарды әлеуметтік институттар төңірегінде біріктіріп, таным мен санаға әсер етіп, діндар тұлға өмірін мағыналы етеді. Дін төңірегінде біріккен азаматтар ішкі жан дүниесінен рухани ізденісте туындайтын шығармашылық пен іздемпаздық бастауын ашып, оны әлеуметтік өмірдің барлық саласында қолдана бастайды. Осының арқасында әлеуметтік өмір азаматқа бағытталған сипатқа енеді.

Кеңес Одағы құрамынан егемендік алуымен Қазақстан Республикасында экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер пайда болды. Егемендік алғаннан кейін ұлттар мен ұлыстар құрамы бейнелі жас мемлекет үшін рухани негізде келіспеушіліктердің туындап, бұл келіспеушіліктердің ары қарай күрделеніп кетпеуі үшін дін саласындағы мәселелерді тез арада шешу қажеттігі туындады. Мәселе адамдардың құқықтарын қорғауда сенім бастандығын ұсыну, осы арқылы көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамның ауызбіршілігін сақтау арқылы шешілді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары сенім бостандығы қоғам ішінде азаматтардың діни бірлестіктерге деген көзқарастарын өзгертіп, рухани ізденістерін арттырды. Рухани ізденістердің артқандығын Қазақстан Республикасында 90-шы жылдардың соңында діни бірлестіктердің саны 700 шамасында болғаны, ал 2012 жылғы қайта тіркеуден кейін бұл көрсеткіштің 3 мыңнан асып отырғандығынан байқауымызға болады.

Елімізде діни бірлестіктердің саны тек дәстүрлі бағыттағы діни бірлестіктермен емес, сонымен қатар дәстүрлі емес діни бірлестіктер санымен де толығып отыр. Елімізде тіркелген 3 мыңнан аса діни бірлестіктердің 700-ден астамы дәстүрлі емес діни бірлестіктерге тиесілі. Еліміздегі қызмет атқарып жатқан негізгі дәстүрлі емес діни бірлестіктерді ғалым Е. Балагушкиннің жіктеуіне сәйкес3төмендегідей көрсетуге болады:

-  христиандық (Иисус Хрситос соңғы күн қаситеттілерінің шіркеуі, Жаңаапостол шіркеуі, Евангельді христиан баптистер шіркеуі, Елуіншілер шіркеуі, т.б.);

- шығыстық (Кришна санасы халықаралық қауымы, т.б.);

- синтетикалық (Әлемдік Бахай сенімі, т.б.).

Азаматтарымыздың дәстүрлі емес діни бірлестіктер сенушілерінің қатарынан көптеп табылуының себебі ретінде төмендегідей мәселелерді келтіруге болады:

- тәуелсіздікті алғаннан кейінгі туындаған қоғам ішіндегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық;

- дүниетаным жүйесіндегі түсініктердің өзгерісінен туындаған күйзеліс пен қоғамның өтпелі құндылықтарға назар аударуы;

- тоталитарлы жүйе мен оның идеологиясының құлдарыуынан туындаған рухани бос кеңістік әсері;

- құдайсыздандырудан туындаған дәстүрлі діни институттардың күйзелісі және ғылымның дамуы;

- заманауи адамның рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмаған дәстүрлі діни сенімдердің құрылымдық күйзелісі;

- жаһандану және көші-қон үдерістерімен байланысқан әлемде әртүрлі мәдениеттердің бір-бірімен қатынас құруы;

-  жаңа ілімнің, ғибадаттың негізін қалаған азаматтардың діни белсенділігі, жаңа діни ілім орталықтардың діни сенімді таратуға деген қызығушылықтары және дін тарату топтарының әрекеттері;

- жаңа дәуірде, жаңа мыңжылдыққа өтуден туындаған эсхатологиялық көңіл-күйлердің таралуы;

- жаңа технологиялардың арқасында әрбір адамның рухани ізденіске ашылған жолы.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы аумағында көрсетілген дәстүрлі емес діни бірлестіктердің көбі таралу үшін тиімді тәсілдерге ие. Бұл тәсілдерді төмендегідей көрсетуге болады:

- азаматтар санасына тиімді әсер ету тетіктерін меңгергендігі;

- бүгінгі күнде батыста дамыған қолданбалы психология әдістерін тиімді қолдану;

- олардың заманауи үрдістерге бейімделгіштігі;

- қызмет барысында жаңа технологияларды, баспа құрылғыларын, интернет желілерін тиімді қолдану;

- жергілікті халықтың тілінде басылған баспа әдебиеттері мен баспа материалдарының болуы, осы арқылы жергілікті халықтың барлық әлеуметтік топтырын қамту мүмкіндігі;

- халықтың барлық әлеуметтік топтарымен тиімді жұмыс істеу әдістері;

- діни менеджмент әдістерімен тиімді жұмыс істеу;

- адамның қарым-қатынас қіжеттіліктерін қамтамасыз ету;

- қатынас құралдарының әмбебаптылығы;

- ілімдердің синкреттілікке қабілеттілігі.

Жаңа заман талаптарына тез бейімделгіштік дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметінің қарқын алуына себепші болып отыр. Олардың қызметінде жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерден өзге сан-салалы әлеуметтік мәселелерді шешу тетіктері де бар. Мысал ретінде олардың қызметіндегі маңызды салаларды төмендегі үлгіде көрсетуге болады:

- барынша айқындалған тылсым тәжірбие;

- ізбасарлардың бірлестік ішіндегі қарым-қатынаста барынша ашықтығы, осы арқылы әлеуметтік тиімді қарым-қатынас құру;

- қозғалыс жетекшісінің авторитарлылығы арқылы топтық бірізділікті қалыптастыру;

- бірлестік ішіндегі ішкі құрылымның барынша қатаңдығы;

- ішімдік, темекі шегу секілді құмарлықтардан тиімді арылу жолдарын ұсыну;

Жалпы алғанда дәстүрлі емес діни бірлестіктердің еліміздегі қызметі барысында олардың заманауи ізденістерге ашықтығын атап өттік. Дәстүрлі емес діни бірлестіктер әлеуметпен, дәстүрлі ағым өкілдерімен тығыз қарым-қатынас құру барысында да ізденістерге бейімшілдіктерін аңғартады.

Бүгінгі таңда дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметі сан түрлі. Олар діни сенімді тарату немесе медитациялық практика секілді сан қырлы қызметті қамтиды. Дін және теология саласында арнайы маманданған азаматтарды есептемегенді, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметіне қатысты пайымдау жасайтын азаматтар азшылық. Бұндай азаматтар дәстүрлі емес діни бірлестіктер жүргізген насихат барысында өзіне қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы біліктілігі төмен. Осы себепті өзінің психикалық болмысына сай емес ортаның құрбанына айналып, рухани қуаты мен шығармашылық ізденістерін өзінің саналы келісімінсіз діни бірлестік қызметіне арнауы мүмкін.

Бүгінгі дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенді қызметі барысында қоғамның бірегей ділі бұзылып, адамдардың күнделікті қарым-қатынасында жаңа мінез-құлық қалыптасуда. Дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметінде діндарлықтың сырт бейнесі көрініп, адамның діни ізденістеріне мән берілмей, оның мәтінді меңгеруі немесе бірлестік көшбасшыларының, қауымдастықтың пікірі негізінде ой түзуіне жетелейді.



Соңғы кездері еліміздегі дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің қатары жастар қауымымен де толығып отыр. Бұл дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметіндегі адамдарды баурау жолдарына деген іздемпаздықтарынан, олардың адам ізденістерінен деп білсек болады. Ал кейбір жағдайда дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарын рухы және жаны күйзеліске түскен азаматтар белсенді түрде толықтырып жатады. Бірлестік сеніміне келу мұндай азаматтарда шұғыл жүріп, дүниетанымдық көзқарастардың тез арада өзгеруі байқалады. Мұнымен қатар өмір салтындағы, отбасына және қоғамға деген қатынасында да өзгерістер болады. Осы жерден жабық күйде өтетін белсенді дін тарату үрдісі пайда болады.

Жалпы алғанда бүгінгі еліміздегі дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қызметі заманның жаңа талаптарына талпынған азаматтардың рухани ізденістерін қамтамасыз етіп отыр. Дін істері агентігі мен облыстық және жергілікті Дін істері басқармаларының тиімді жұмысының арқасында дәстүрлі емес діни бірлстіктердің қызметі тиімді жолмен жүйеленіп отыр. Бұл үрдіс жылдан жылға өз жалғасын тауып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет