Реферат тақырыбы: «Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының маңызы»



Дата11.05.2022
өлшемі30,29 Kb.
#141951
түріРеферат
Байланысты:
ФИЗРА


Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының маңызы»
Орындаған: Оспан А.Б

2021-2022
Кіріспе:Қолданбалы дене мәдениеті.
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл — әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің әскери, спорт, өнеркәсіп талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.
Негізгі бөлім:Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері.Студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
Дене тәрбиесінің әдістемесі — әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
Спорт теориясы мен әдістемесі — жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді
Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері.
Дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары.Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз — әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік–экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама–нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама – нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.
Дене мәдениеті жүйесі. Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде үйымдастырылады. Дене мәдениеті жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дайындық, спорттық дайындық.
Тәңертеңгі жаттығу.
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика ТГГ дене шынықтырудың ең бір кең қолданылатын түрі. ТГГ – жалпы адамның дене мүшелерін түгел қамтитын, ағзаға күнді түсірмейтін жаттығулар жиынтығы.
Таңертең ұйқыдан кейін жасалатын ТГГ – ағзаны сергітеді, негізгі өмірлік іс әрекет үрдісінін жетілдіреді (қан айналым, тыныс алу, заттек айналымы және т.б.). Таңертеңгілік жаттығу адамның қырағылығын дамытады, тәртіпті арттырады (гигиеналық дағдыны қалыптастырады). Гигиеналық жаттығудың мақсаты – денсаулықты нығайту, сергектікті сақтау және жұмысқа қабілеттілікті арттыру. Гимнастика адамның ағзасынның ұйқы кезіндегі тыныштық қалыппынан күнделікті жұмыс жағдайына бірқалыпты ауысуын қамтамасыз етеді.
Таңертеңгі жаттығулармен күнделікті шұғылданатындардың ұйықысы жақсарады, тамаққа тәбеті артады, жалпы хал-жағдай жақсарады, жұмыс істеу қабілеті артады. Гигиеналық гимнастика жүйелі түрде орындау денсаулықты нығайтудың жақсы амалы болып табылады. Жаттығу барлық адамдарға, жас баладан үлкен кісілерге дейін пайдалы. Жаттығу ТГГ – денсаулығы нашар адамдарға және отырып жұмыс істейтін адамдарға өте пайдалы.
Гигиеналық гимнастика жаттығулары қарапайым және әр түрлі ден дайындықтағы адамдарға және денсаулықтары әр түрлі адамдарға да арналады – жасына, жынысына, денсаулығына, жұмыс жағдайына байланысты құрылады.

Түйін:Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының студент өміріндегі маңызы.


Қазақстан Республикасының кеңесі 2013 жылы дене шынықтыру мен спорттың қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік топтары, оның ішінде студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлін арттыру қажеттілігіне назар аударды.Менің ойымша, Қазақстан Республикасынның университеттерінде бұл мәселені шешу келесі үш бағытта жүргізілуі керек:1) студенттер арасында дене шынықтыру сабағында бүкіл оқу процесін неғұрлым негізделген, нақтырақ, мақсатты түрде жүргізу. Біз студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене шынықтыру мен спорттың рөлін арттыру қажеттілігі туралы мәлімдемесімен толықтай келісеміз. Демек, дене шынықтыру мен спорттағы әрбір жаттығу сабағы сайып келгенде студенттің салауатты өмір салтының нормалары мен ережелерін қалыптастыруға және бекітуге бағытталуы керек;2)студенттердің жаппай әуесқой дене шынықтыру-спорттық қозғалысын кеңінен тарату бағыты бойынша;3)Cтуденттердің Универсиадаға, Спартакиадаға, Олимпиадаға және т.б қатысу қажет. Біз элиталық спорт пен салауатты өмір салты тек үйлесімді ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен ажырамайтынына сенімді болуымыз керек;Студенттердің оқу іс-әрекеті аптасына 36 сағат академиялық сабақ болатыны белгілі. Олар дене шынықтыру сабағын қоспағанда, гигиеналық стандарттарға сәйкес келе бермейтін кабинеттер мен зертханаларда өтеді.
Дене тәрбиесі пән ретінде әңгімелесуден басталады, ол курстың бағдарламасын, әр оқу бөлімі үшін проблеманың мақсатын ашады. Тәжірибелік сабақтар басталар алдында студенттер медициналық тексеруден өтеді, оның нәтижелері олардың денсаулығы мен физикалық дамуын сипаттайды.
Қорытынды.
Дене шынықтыру және спорт біздің қоғамда әрқашан жоғары деңгейде қарастырылған және жоғары бағаланған. Неліктен қазіргі кезде бұқаралық дене шынықтыру мәселесі өткір және принципиалды? Адамдардың денсаулығы туралы қамқорлық біздің қоғамның басты әлеуметтік мәселесі болғандықтан ғана емес. Бүгінгі таңда дене шынықтыру мен денсаулық, еңбек қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс ерекше айқын сезіледі. Халықтың денсаулығын нығайтуда, жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда, жастарды еңбекке дайындауда және Отанды қорғауда дене шынықтыру мен спорттың, оларды күнделікті өмірге енгізудің маңызы артып келеді. Әр адам жас кезінен бастап өзінің физикалық жетілуіне қамқорлық жасайтын, гигиена мен медициналық көмек саласындағы білімдері бар, салауатты өмір салтын ұстанатындай етіп ұйымдастыру керек. Біз дене шынықтыру мен спорттың барлық әлеуетті мүмкіндіктерін Қазақстанның өркендеуі үшін толығымен пайдалануымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет