Реферат Тақырыбы: Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығы, олардың формалары мен түрлері және зерттеу әдістері



Дата20.11.2019
өлшемі163,34 Kb.
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





реферат

Тақырыбы: Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығы, олардың формалары мен түрлері және зерттеу әдістері

Қабылдаған: Шегір Ғазиза

Орындаған: Тұрсын Ажар

Тобы: ПВ-308

Алматы 2019

Жоспары


I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Қоғамдағы құбылыс және оның байланыстылығы

2.2. Қоғамдағы формалары мен қоғам түрлері

2.3. Зерттеу әдістері

III.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе

Статистика латын тілінен аударғанда “status”– жай-күй) – білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;

қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик. қызмет саласы;

жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.

қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.

әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы т.б.).



Статистика сөзі ғылыми әдебиетте 18 ғасырда қолданысқа енді және алғашқыда “мемлекеттану” деген мағынада ұғынылды. Бірақ статистика ғылымы 17 ғасырдың ортасында “саяси арифметика” нысанында дами бастады. Ғылымдағы бұл бағыттың бастауында ағылшын ғалымы – Уильям Петти (1623 – 1687) тұрды. Статистика терминін ғылымға 1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін Германия университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына “Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайдахалық санағы, Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін бағалау. Статистика 19 ғасырдың басында А.Кетленің және оның мектебі өкілдерінің еңбектерінде қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын зерделейтін ғылым мен құралға айналды. Статистика қоғамдық ғылым ретінде қоғамдық құбылыстарды олардың сапалық мазмұнымен тығыз байланыста қарастырылатын сандық қатынастарының қалыптасу және өзгеру заңдылықтарын зерделейді. Қоғамдық құбылыстарды белгілі бір уақытпен және орынмен байланысқан нақты тарихи жағдайларда сандық тұрғыда зерделеу статистика ғылымының айрықша белгісі болып табылады. Заңдылықтарды тану және құбылыстардың дамуын айқындайтын факторларды анықтау үшін пайдаланылатын статистик. сипаттамалардың өзіндік ерекшелігі олардың сандық және сапалық қасиеттерінің ажырағысыз бірлігінде. Сондықтан статистика ғылымы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдауды өзіндік (ерекше) әдістер, тәсілдер, ережелер жиынтығы, яғни статистик. әдіснама арқылы жасайды. Оны басқа да ғылымдар өз зерттеулерінде, тәжірибесінде қолданады. Статистик. әдіснаманың негізгі бөліктеріне статистик. байқау, топтастыру, орта шамалар, индекстер, корреляц. талдау, т.б. әдістер жатады. Мемлекеттік статистика – статистик. ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесі. Статистиканың негізгі салалары: статистиканың жалпы теориясы – статистик. ғылымның неғұрлым жалпы категорияларын, қағидаларын және әдіснамасын зерделейтін саласы; әлеуметтік статистика – бұқаралық әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен олардың сандық жағын сапалық жағымен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; экономикалық статистика – экономиканың даму үйлесімділіктерін, үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен материалдық өндіріс саласындағы қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді сандық тұрғыдан зерделейді; демографиялық статистика – халықтың саны, құрамы, орналасуы, қозғалысы туралы деректерді талдауда статистик. әдістерді қолданумен айналысады; халық тұрмысы деңгейінің статистика сы – халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы мәселелерін зерттейді; қаржы статистика сы – қаржы-ақша қатынастарының сандық жағын қаржы ресурстарының ұдайы көбейтілуі және ауыспалы айналымы үдерісінің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; салалық статистика – халық шаруашының жекелеген салаларын немесе қоғамдық өмір саласын зерделейді (өнеркәсіп статистикасы, банк статистикасы, құрылыс статистикасы, а. ш. статистикасы, сауда статистикасы, кеден статистикасы, байланыс статистикасы, т.б.); халықаралық статистика – түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, құрылымын, үдерісін зерделейді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық даму стратегиясын белгілеуде статистиканың рөлі зор. Бұл, әсіресе, мемл. басқару органдарының, халықар. ұйымдардың, қоғамдық және ғыл. ұйымдардың, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, кедейшілік туралы, баға, халықтың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экон. қызмет, т.б. жөнінде сапалы және жедел статистик. ақпараттарға жоғары дәрежедегі сұранысынан, халықаралық стандарттарға, ұлттық есеп жүйесіне көшуден туындайды. Қазақстанның қазіргі статистика жүйесінде осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асырушы өкілетті орган болып табылатын және елдегі бүкіл статистикалық қызметті ұйымдастырып, үйлестіріп, бағыттап отыратын орталықтандырылған бірыңғай статистик. орган – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жетекші рөл атқарады.[1]Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамaстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.


Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет