«Рәміздерім мақтанышым» Тәрбие іс-шараның мақсаты



Дата18.02.2018
өлшемі77,39 Kb.
#38059
«Рәміздерім - мақтанышым»

Тәрбие іс-шараның мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап

Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті, шарлар

Іс-шараның барысы:

Муз трек

Слайд




Фанфар




Заставка

Жүргізуші 1

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты Қазақстан Республикамыздың мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған шағын концертімізге қош келдіңіздер!







Жүргізуші 2

Батырлыққа ауызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.










Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.

001

Заставка




Рәміздердің тарихы қысқаша бейне ролик




Видео

Жүргізуші 1

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.







Жүргізуші 2

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры жиенбаев Ыспан Жүнісұлына беріледі. 










Муз. номер: Ассаламағалейкум әні

002

Заставка

Жүргізуші 1

Батырлықтың уызына жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар болмаған деп Әнұран.







Жүргізуші 2

Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.







Жүргізуші 2

Құрметті оқушылар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер ?







Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

Жүргізуші 1

ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.



















Жүргізуші 2

Бәрі болған қараң сынды көне Ел белгі де, ерлік өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?







Жүргізуші 1

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.










Отан туралы тақпақтар




Заставка




Муз. номер: «Туған жер» квартет

004

Видео

Жүргізуші 1

1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.







Жүргізуші 2

Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.







Жүргізуші 1

Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға, Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен - таңба.







Жүргізуші 2

Енді бүгін өлген Туым тірілді, Әнұраным жалғап алды ғұмырды. Босағада қалып кеткен Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді.






















Муз. номер: «Тойла» Каиркеш Ділназ

006

Видео

Жүргізуші 1

Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Ал, айтыныздаршы, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?







Жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Жүргізуші 2

Олар қандай мағынаны білдіреді?







Жүргізуші 1

Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.







Жүргізуші 2

Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.










Муз. номер. «Қазағымау» әні Жанабай Архат

007

Видео

Жүргізуші 1

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.







Жүргізуші 2

Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.










Муз. номер: «Земля моя» хор әні

тулармен

008

Видео

Жүргізуші 1

Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!







Жүргізуші 2

Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық!







Жүргізуші 1

Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.










Муз. номер: «Тәуелсіз Қазақстан» Хамидулла Ш.

009

Видео




Финал тулармен







Жүргізуші 1

Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл толды және 4 маусым күні мемлекеттік рәміздерімізге де 25 жыл толмақ. Ол мерей тойды біз бүкіл елімізбен атап өтеміз!







Жүргізуші 2

Құрметті қауым, сіздер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты жандарсыздар. Өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп шағын концертімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет