Республикалық «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби байқауының ережесі



Дата12.11.2016
өлшемі72,84 Kb.
#1557
Республикалық  «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының

әдеби байқауының 

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың мақсатты топ үшін тәжірибелік кажеттілігі және әлеуметтік тиімділігі:

Жастар үшін бұл жобаның тәжірибелік қажеттілігі олардың байқауға қатысуы, салтанатты рәсімдеуде көңіл көтеріп, басқа байқау қатысушыларымен және олардың шығармашылығымен танысып, өз шығармаларын шыңдауға әрекет жасауымен байланыстырылады. Сонымен қатар Қазақстанда жас дарынды ақын-жазушылардың пайда болуына ынталандырады. Ол өз кезегінде әлеуметтік нәтиже беріп, елімізде шығармашылықпен айналысатын жастардың санын арттыруға, ынтасыз жастар санын азайтуға, кейінгі буын өкілдерінің арасына кемшін жәйттерді қысқартуға, жас қаламгерлердің беделін көтеріп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Байқаудың мақсаты:

Байқау қазіргі қазақ және қазақстандық әдебиетті, журналистиканы насихаттау, жас қаламгерлер, ақындар мен журналистерді қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.



Байқаудың міндеттері:

1) ҚР жастарының шығармашылық әлеуетін дамыту;

2) Жас журналистер, жазушылар мен ақындардың кәсіби өсуі;

3) Жаңа толқын журналистер, жазушылар мен ақындардың еңбектерімен халықты таныстыру;



Байқауды өткізудің негізгі принциптері:

1)    Еріктілік;

2)    Ашықтық;

3)    Әділдік;

4)    Барлық қатысушылар мүмкіндігінің теңдігі.

Байқау шеңберінде өткізілетін іс-шаралар:

1) 3 номинация бойынша үздік 50 жұмысты таңдау;

2) Байқау жеңімпаздарын бағалы жүлделермен, қатысушыларды естелік кәдесыйлармен марапаттау салтанаты өткізіледі;

3) Әр номинация бойынша жеңімпаздарды жалпы 2 050 000 теңгеден кем емес сомадағы бағалы сыйлықтармен марапаттау (І орын үшін сомасы 300 мың теңгеден кем емес, ІІ орын үшін 200 мың теңгеден кем емес, ІІІ орынға 100 мың теңгеден кем емес, 5-тен кем емес ынталантыру жүлдесі ретінде 50 мың теңгеден кем емес бағалы сыйлық);

4) Байқаудың қорытындысы бойынша баспасөз бен электрондық БАҚ-та 8-ден кем емес үздік жұмыстарды жариялау;

5) Байқау аяқталғаннан кейін 100 данадан кем емес көлемде конкурс еңбектерінің жинағын басып шығару.



Байқауға қатысу тәртібі:

– Байқауға қатысу үшін жасы 14-29 жас аралығындағы журналистика, поэзиямен шұғылданатын және прозалық шығармалар жазатын жастар шақырылады;

– Байқауға қатысу үшін шығармашылық жұмыстар 2014 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекен-жайға: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 44 үй, 6 кеңсе немесе kazfond@bk.ru электрондық поштасына тапсыруы қажет.

Байқау материалдарын тапсыру тәртібі мен талаптары:

– Байқауға ұсынылған шығармалар «Әдебиет порталы» Интернет-жобасында онлайн түрінде жарияланып отырады;

– Байқауға қатысуға Конкурс талаптары мен аталымдарына жауап беретін    материалдарын жолдаған авторлар шақырылады;

– Автордың (егер шығарма қосарланып жазылған болса барлық серіктес авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, бүркеншік есімі (егер бар болса) көрсетілген қысқа шығармашылық өмірбаяны;

– А4 форматындағы машинамен (компьютерде) басылған қағаз бетінде және электрондық түрде ұсынылған материалдар;

– БАҚ баспа бетінде жарияланған, нөмірі мен шығарылған күні көрсетілген баспа материалдары (сканерленген түрде газет қиындыларын да ұсынуға болады);

– Еркін қол жеткізуге болатын және Интернет-баспалардағы материалдар (материал орналастырылған WEB-сайт мекенжайы көрсетілген басып шығарылған мәтін түрінде ұсынылады).

– Үміткердің 10х15 см көлеміндегі 1 дана көрнекі түрдегі фотосуреті (JPEG фортматында);

– Үміткердің (Times New Roman -14, аралығы 1,5, А4 форматындағы қағазда, компьютерде терілген, көлемі 1 беттен аспайтын) өз өмірбаяны;

– Қатысушының шығармашылық қызметі туралы ерікті формада жазылған (Times New Roman - 14, аралығы 1,5, А4 форматындағы қағазда, компьютерде терілген, көлемі 2 беттен аспайтын) ақпараттық хабарлама;

– Аса маңызды жарияланымдар тізбесі (егер бар болса);

– Көтермелеу ниетінде шығарма мен оның шығармашылық ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтер;

–  Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– Қатысушы Конкурсқа ұсынған әр жұмыстың авторы болып табылатындығына және сол еңбектерінің Конкурсқа қатыстырылуы ешкімнің мүліктік авторлық құқығын бұзбайтынына кепілдік береді.



Байқауға қатысуға келесі жұмыстар қабылданбайды:   

–  Конкурс талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар;

–  Факспен жіберілген жұмыстар;

–   Қолмен жазылған жұмыстар;

–   Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп жіберілген жұмыстар.

Ескерту: Өтінім берілмеген конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитеті қарастырмайды және конкурс бағдарламасына енгізбейді.

Байқау материалдарын жинаққа енгізу талаптары:

– Жинаққа материалдарды енгізу үшін шығарманы Microsoft Word форматында (қарпі Times New Roman, қаріп көлемі - 12, жолдар аралығы 1,5) электрондық түрде kazfond@bk.ru электрондық поштасына жіберу керек және файлда фотосуреттер, суреттер және т.б. иллюстрациялық материалдар болмауы тиіс.

– Басып шығарылмаған материалдарды Microsoft Word форматында (қарпі Times New Roman, қаріп көлемі - 12, жолдар аралығы 1,5kazfond@bk.ru электрондық поштасына жіберу керек және файлда фотосуреттер, суреттер және т.б. иллюстрациялық материалдар болмауы тиіс.

Байқауға қатысушыларды бағалау қағидалары:

–   Басылымдардың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығы; 

–   Автордың тілдік мәдениеті, материалды мазмұндау түсініктілігі;

–   Ақпаратты кәсіби тұрғыда бере білу;

–   Фактографиялық дәлдік пен нақтылық;

–   Ұсынылған ақпараттың толықтығы.



Байқау номинациялары:

–    «2014 жылғы ең үздік жас қаламгер»

–    «2014 жылғы ең үздік ақын»

–     «2014 жылғы ең үздік журналист»



Ескерту: Марапаттау номинациялары қатысушыларды бағалау қағидалары негізінде бекітіледі. 

Комиссия құрамы:

– Комиссия құрамы 4 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие, комиссия хатшысы - 1 адам (дауыс беру құқығынсыз).

– Байқау өтінімдерін іріктеу жөніндегі комиссия құрамы ҚР БҒМ Жастар ісі комитетімен келісілген «KazFond» ҚЖҚ Атқарушы директорының бұйрығы бойынша бекітіледі.

Байқау бойынша жұмыс:

Өтінімдерді қабылдау 2014 жылғы 15 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін жүзеге асады.

– Байқаудың комиссия хатшысы комиссияға арналған құжаттарды жинап дайындайды.

– Байқау қатысушыларын бағалау конкурстық комиссия мүшелерімен жеке-жеке жүргізіледі.

– Байқау комиссиясының жұмысы 2014 жылғы 17 қыркүйекте өтетін қарау тәртібінде жүзеге асады.

– Байқауға ұсынылған шығармалар рецензияланбайды, ұсынылған шығармалар мен басқа да материалдар қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған авторларға қатысты пікірталасқа қатыспайды.



Байқау қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау.

Байқау қорытындысы 2014 жылғы 25 қыркүйекте шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2014 жылғы 13 қарашадаөткізіледі. Іс-шараның өтетін орны қосымша хабарланады. Номинациялар бойынша жеңіп шыққан қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау ұйымдастырушыларының шешімімен қосымша номинациялары мен марапаттары тағайындалуы мүмкін. Барлық қатысушыларға отандық әдебиет пен Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталады.  



Байқау бағдарламасы мен шарттарын беру, құжаттарды қабылдау, сондай-ақ, конкурс өткізуге байланысты басқа да ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар келесі мекенжайда жүзеге асырылады:

«KazFond» ҚЖҚ

Мекен-жайы:

ҚР010000 Астана қаласы,

Кенесары  көшесі 44 үй, 6 кеңсе.

Байланыс телефондары:  +7 701 705 888 3, +7 701 705 33 31.

Электрондық пошта: kazfond@bk.ru
Каталог: downloads -> nauka
nauka -> Как оформить отчет о нир
nauka -> Как оформить отчет по нир
nauka -> Семинарларды ұсынады: «Үздік шығарма»
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> Конкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет