Республикалық олимпиаданың І кезеңі 018/2019 оқу жылы Биология сынып i-ші тур- 60 минут



бет1/10
Дата29.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#160392
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Республикалы олимпиаданы І кезе і 2018 2019 о у жылы Биология
ap 202p, «Физика» п нінен 2-то санды жиынты ба алауды спецификациясы 7, «Алгебра» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы 7-, «Алгебра» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы 7-, «Геометрия» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы , «Алгебра» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы 7-, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы, «Алгебра» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы 7-, дербес оқыту технологиясы, дербес оқыту технологиясы, 100 дата

Республикалық олимпиаданың І кезеңі
2018/2019 оқу жылы
Биология
8 сынып
I-ші тур- 60 минут


1. Өсімдіктердің негізгі қор көмірсуы бұл:
A. глюкоза B. сахароза C. крахмал D. ақуыз


2 . Папоротниктердің аналық жыныс мүшелері келесідей аталады:
A. гаметофиттар B. архегониялар C. зооспоралар D. антеридиялар


3. Саңырауқұлақ жіпшесі жасушалары қына ағзасын келесімен қамтамасыз етеді:
A. сумен және минералды заттармен C. тек органикалық затпен
B. сумен және органикалық заттармен D. тек оттегімен


4. Оттегінің бөлінуі өтетін фотосинтез фазасы іске асатын кез:
A. қараңғыда B. жарықта C. тек көктемде D. қараңғыда да, жарықта да


5. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюіне қатысады:
A. зооспоралар B. экзоспоралар C. өркен бөлімдері D. гаметалар


6. Қос ұрықтану келесілерге тән:
A. папоротниктер B. қыналар C. гүлділер D. ашық тұқымдылар


7. Эукариоттардағы хромосомалар орналасатын орны:
A. цитоплазмада B. ядрода C. митохондрияда D. Гольджи аппаратында


8. Саңырауқұлақтар көбейеді:
A. дәндермен B. споралармен C. тек вегетативты жолмен D. желмен


9. Инфузорияның жыныстық процесінде негізгі рөлді атқаратыны:
A. микронуклеус C. қадағыш (стрекательная) вакуоль
B. макронуклеус D. цитоплазма


10. Көрсетілген жануарлардың қайсысы будандастырғанда өсімтал тұқым бермейді:
A. 2 сұр егеуқұйрық
B. болонка мен қанден
C. саңырау құр және бұлдырық құр
D. орлов желісті жылқысы (еркек) және владимир ауыр жүк тасығышы (ұрғашы)


11. Мағынасы бойынша бірдей болатыны «атлант» ұғымы және:
A. мойын бөлімі C. екінші мойын омыртқасы
B. бірінші мойын омыртқасы D. бас сүйегі


12. Көп жасушалы жануарлардың шығу тегінің дұрысы:
A. жалғыз қыл аяқтылардан C. инфузориядан
B. колониальды қыл аяқтылардан D. амебадан


13. Біртекті ұрық жасушаларынан түрлі ұлпалардың түзілу процессі - бұл:
A. дифференциация B пролиферация C.өсу D. көбею


14. Бас ми бағанасы түзілген:
A. сопақша, мишық, алдыңғы ми
B. жұлын, сопақша, ортаңғы ми
C. сопақша, ортаңғы, үлкен ми жартышарының қыртысы
D. сопақша, ортаңғы, аралық


15. Қандай гормонның жетіспеушілігі кретинизмге алып келеді?
A. норадреналин B. тироксин C. адреналин D. тестостерон


16. A(II) қан тобындағы адамдар қандай қан тобындағы адамдарға донор бола алады?
A. A(II) және B(III) C. B(III) және AB(IV)
B. A(II) және AB(IV) D. 0(I) және A(II)


17. Аортаға қан жүректің келесі бөлігінен түседі:
A. оң жақ қарынша C. сол жақ қарынша
B. сол жақ жүрекше D. оң жақ жүрекше


18. Тыныс алу жолдарының қаттылығын қандай ұлпа қамтамасыз етеді?
A. сүйекті C. безді эпителий
В. шеміршекті және талшықты D. жыбырлағыш эпителий


19. Балықтың жүрегінен қандай қан өтеді?
A. аралас C. артериалды
B. венозды D. венозды және артериалды


20. Қандай химиялық элементтің ионысыз бұлшықеттер жиырылмайды?
A. Mg B.Ca C. K D. Fe


21. Овуляция – бұл:
A. аналық жасушаның жетілуі C. аналық жасушаның аналық безден
жатырға тасымалдануы
B. фолликулдан аналық D. ұрықтандыру
жасушаның шығуы


22. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын зерттейтін ғылым-бұл:
A. аутэкология B. фитоценология C. синэкология D. биогеография


23. Атавизмдер – бұл:
A. мүшелер, құрылысымен ұқсас, бірақ түрлі қызмет атқарады
B. мүшелер, құрылысы түрлі, бірақ бірдей қызмет атқарады
C. жетілмеген мүшелер, эволюция барысында өзінің мағынасын жоғалтқан
D. ата-баба түріне қайту


24. Тірі ағзалардың систематикасына бинарлы номенклатураны енгізген:
A. К.Линней B.Ж.Б.Ламарк C.Ч.Дарвин D. И.И.Шмальгаузен


25. Эндемиктер – бұл тірі ағзалар:
A. шектелген территорияға тән
B. жаппай таралған
C. эволюцияның ерте кезеңдерінен сақталған
D. құрып кеткен


26. Ара жанұясындағы гаплоидты хромосома жиынтығы:
A. аналық арада B. жұмыскер арада C. еркек арада D. ұрғашы арада


27. Жұмыртқатірі туу – бұл эмбрионның дамуына бейімделу:
A. құрғақ жерде B. суық климатта C.суда D. құрғақшыл климатта


28. Пойкилотермия келесі үшін сипатты:
A. шөпті бақа C. африка піліне
B үлкен сары шымшыққа D. касатка - дельфинына


29. Иммунитет қамтамасыз етіледі:
A. гемоглобиннің оттегіні қосу және беру қабілетімен
B. антибиотиктерді енгізумен
C. қан пластинкалары санының көбеюімен (тромбоциттердің)
D. ағзаның вакцинациядын кейін антиденелерді өндіру қабілеті


30. Ұрықтың даму деңгейлерін дұрыс тізбекте орналастырыңыз:
A. нейрула, гаструла, бластула, зигота C. зигота, гаструла, бластула,
нейрула
B. бластула, зигота, нейрула, гаструла D. зигота, бластула, гаструла,
нейрула


31. Алыстан көрмеушілік кезінде жарық сәулелері фокустеледі:
A. тор қабыры (сетчаткой) артында C. тор қабыры астында
B. тор қабыры алдында D. тор қабыры үстінде


32. Адам ағзасындағы витамин жетіспеушілігі – бұл:
A. авитаминоз B. гипервитаминоз C. гиповитаминоз D. микровитаминоз


33. Жалпақ құрттардың келесідей жүйке жүйесі бар:
A. жүйке торлары ұқсас ұйымдастырылған
B. жүйке бағаналары маңдайшалармен (перемычка) байланысқан, бас ганглиі бар
C. бір жүйке бағанасы
D. жұтқыншақ айналасы жүйке сақинасы және одан таралатын жүйке


34. Төменде келтірілген насекомдардың қайсысы имаго деңгейінде қоректенбейді:
A. соналар B. бөгелектер C. бәкене шыбындар D. дұрыс жауап жоқ


35. Насекомдардың тыныс алу жүйесі келесімен ұсынылмайды:
A. кеңірдекпен C. желбезектермен
B. тыныс алу түтіктерімен D. дұрыс жауап жоқ


36. Омыртқалылардың терісі келесі қызметті атқармайды:
1) Механикалық зақымдардан қорғау
2) Тыныс алу – газ алмасу
3) Су балансын реттеу
4) Термореттеу
5) Ультрафиолетті сәулелерден қорғау
6) Бөлуші
Дұрыс жауабын таңдаңыз:
А. Дұрыс жауап жоқ C. 2) және 5) E. 3) және 5)
B. 5) D. 6) F. 3)


37. Балдырлардың құрылысы, дамуы, көбеюі, экологиясы және систематикасын зерттейтін биологияның бөлімі:
А. Альгология C. Микология
B. Протистология D. Лихенология


38. Белгілі қызметтерді атқаруға арналған және даму, құрылыс жалпылығына ие жасушалардың жүйесі мен жасушааралық заттардың тарихи қалыптасуы.
A. Мүше C. Ұрық жапырақ
B. Жасушалар колониясы D. Ұлпа


39. Формула Са4 Со4 А4+2 G1 гүлдерді суреттейді:
А. Раушангүлділер C. Айқышгүлділер
B. Құлқайырлылар D. Күрделігүлділер


40. Көздің фоторецепторлары жарықтық энергияны электрлік энергияға ненің көмегімен айналдырады?
А. Көз жанары B. Гормондар C. Пигменттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет