Құрманалина Ш. Х



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.05.2020
өлшемі375,73 Kb.
#69932
1   2   3   4
Байланысты:
-Курманалина Ш.Х
-Курманалина Ш.Х, -Курманалина Ш.Х, -Курманалина Ш.Х
Құзырет  –  алдына  қойған  мақсатқа  жету  жолында  субъектінің  ішкі  және  сыртқы  қорларды 

тиімді пайдалануға дайындығы. 



Құзыреттілік  –  білім  алушылардың  айқын,  әлеуметтік  талап  етілген  қызмет  тәсілдерінің 

жиынтығын меңгерудегі білім берудің нәтижесі. 



Құзыреттілік  –  хабардарлық,  беделділік;  құзырет  –  адамның  беделділігі,  танымдылығы, 

тәжірибесі арқылы бейнеленген сұрақтар, құбылыстардың тобы. 



Құзыреттілік – тұлғалық мінездеме, құзырет – нақты кәсіби немесе қызметтік сипаттамалардың 

жиынтығы. 

Білім  беру  талаптарына  «Құзыреттілік»  ұғымы  енгізілгеннен  бері,  оның  мазмұны  психологиялық 

ғылымда  бірнеше  нұсқада  қарастырылады.  Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  ғалымдардың 

зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және 

құзырет  ұғымдары  пайдаланылып  келеді.  Біріншісі,  С.  Ожегов  сөздігіндегі  белгілі  бір  кәсіби  қызметке 

байланысты,  «қандай  да  болсын  мәселеден  хабардарлық,  беделділік»,  екіншісі,  «қандай  да  бір  істі 

жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық 

шеңбері». 

«Құзыреттілік»  термині  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік  –  кәсіби  статус  иесіне  байланысты 

қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты 

өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. 

«Методикалық  терминдер  сөздігінде»  «Құзыреттілік  (латынның  competentis  -  бейім  сөзінен)  – 

қандай  да  бір  оқу  пәнін  оқыту  үдерісінде  қалыптасатын  білім,  білік,  дағдылар  жиынтығы,  сонымен 

қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. 

Орыс  тілінің  сөздігінде  «құзыреттілік»  термині  «әлдекімнің  жақсы  хабардар  болуы  мәселесі 

төңірегінде» берілген. 



Латынның  «compete»  деген  термині  «білу»,  «жасай  алу»,  «дегеніне  жету»  деген  мағыналарды 

береді.  Бұл  жалпы  алғанда  құзыреттіліктің  мәнін  анықтайды.  Кәсіби  құзыреттілік  категориясын 

айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге 

асыру керек [1]. 

«Құзыреттілік»  терминіне  алғаш  анықтама  берген  американдық  ғалым  Н.  Хомский.  Оның 

пайымдауынша,  құзыреттілік  термині  грамматика  білімдеріне  негізделеді.  Жалпы  алғанда, 

құзыреттілік  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  мәселені  шешудегі  өзара  байланысты  білім,  білік 

дағдыларының  жиынтығы  және  адамның  жеке  өзінің  іс  -  әрекет,  қызмет  саласына  сай  құзыреттерді 

меңгеруі [2, 65 б.]. 

«Құзырлылық»,  «құзыр»  ұғымдарының  қолданыстағы  білім,  білік,  дағдыдан  айырмасы 

төмендегідей ажыратылады: 

1.  білімнен  айырмасы  –  қызмет  жөніндегі  ақпараттық  сипатта  емес,  өнімді  қызмет  формасы 

түрінде байқалады. 

2.  дағдыдан  айырмасы  –  оқыған  материалды  топтастыра,  құбылыстарды,  заңдылықтарды 

шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет. 

3.  біліктіліктен  айырмасы  –  дағдыға  автоматты  түрде  жету  немесе  алмастыру  емес,  керісінше 

бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну [3, 6 б.]. 

Құзыреттілік теориясы Г.В. Вайлер, Ю.В. Койнов, Я.И. Лефстед, Н.В. Матяш, В.В. Сериков, Дж. 

Равен,  Р.  Уайт,  В.  Чинапах  және  т.б.  еңбектерінде  негізделген.  Білім  беруді  ұйымдастыруға 

құзыреттілік  тұрғыдан  келуді  жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  туралы  мәселелер  М.Н. 

Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 

Құзыреттілік –  адамның  әрекетке,  оның  пәніне  деген  жеке  қатынасын  қамтитын  сәйкес 

құрауыштарды меңгеруі. 

90 – жылдардың ортасында Европа Кеңесімен барлық білім беру ұйымдары түлектері игеруі тиіс 

кілттік құзыреттіліктер тізімі анықталды:  

 



Өзіне  жауапкершілік  алуға  қабілетті,  бірігіп  шешім  шығаруда,  дау-жанжалдарды  шешуге 

қабілеттілікпен байланысты саяси және әлеуметтік құзыреттіліктер

 

Көпмәдени  қоғамда  өмір  сүруге  қатысты  құзыреттіліктер  (өзгені  құрметтеу,  өзге  ұлт 



өкілдерімен, діні, тілі басқа адамдармен бірге өмір сүруге қабілеттілігі); 

 



Бірнеше  тілді  білу  мен  сөйлей  алуға  байланысты  ауызша  және  жазбаша  қарым-қатынас  құру 

құзыреттіліктері;  

  Ақпараттық қоғам пайда болуына байланысты құзыреттіліктер. Ақпараттық технологияларды 



меңгеру, қолдану мәнін, ақпараттық технологияларды қолданудағы әлсіз және күшті жақтарды түсінуі; 

 



Өмір бойы оқуға қабілеттілікті іске асырушы құзыреттіліктер. 

Ал, Ұлыбритания парламенті кілттік құзыреттіліктің басқа құрамын ұсынды:  

   «Санмен  жұмыс  жасау»  (британдық  жұмыс  берушілер  мектеп  түлектерінің  кестені  және 



калькуляторды  пайдалана  алмайтындығын  назарға  ала  отырып,  ұлттық  білім  беру  миниистрлігінің 

алдына мұны үлкен міндет етіп қойды); 

 

«Коммуникация»  (өз  тілінде  жазбаша,  ауызша  қатынас  құру,  қарым  –  қатынасқа  қажетті 



барабар  әдістер  мен  құралдарды  іріктеу,  сұхбаттасушының  не  түсінгендігін  анықтауға  қабілеттілік, 

кері байланысқа шығу); 

 

Ақпараттық технологияларды меңгеруі



  «Өзін  -  өзі  жарнамалау»  және  «өзін-өзі  ілгері  бастыру»  (британдық  ғалымдардың 

пайымдауынша тұлға мектеп кезінде ақ өз мамандығын таңдауы қажет);  

  Ең негізгі құзыреттілік – «Мәселелерді өз бетімен шешуге қабілеттілігі».  



И.А. Зимняя кілттік құзыреттіліктің 3 негізгі тобын айқындап көрсетеді: 

1.  Тіршілік  субъектісі  ретіндегі  жеке  тұлғаға  қатысты  құзыреттіліктер.  Оған  келесі 

құзыреттіліктер  тобы кіреді:  денсаулық  сақтау,  өмірде  құндылық  – мағыналық  бағдарлау,  азаматтық, 

өздігінен даму және өздігінен жетілу, білімдердің бірігуі

2.  Адамның  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына  байланысты  құзыреттіліктер:  әлеуметтік 

әрекеттесу, қарым-қатынасқа түсу; 

3.  Адамның  қызметіне  байланысты  құзыреттіліктер:  танымдық  міндеттерді  шешу,  пәндік-

қызметтік, ақпараттық-технологиялық. 

А.В.  Хуторской  7  кілттік  білім  беру  құзыреттіліктерін  ұсынады:  құндылықты  –  мағыналы, 

жалпымәдени, оқу – танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік – еңбек, тұлғалық өздігінен 

жетілу. 

Елімізде  әлемдік  тәжірибе  мен  ұлттық  практикаға  сүйеніп  жасалған  12  жылдық  мерзіммен 

оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру 

нәтижелері  түріндегі  құзыреттіліктер  жиынтығын  игеруіне  бағдарланған, олар:  өзіндік менеджментке 




жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді 

игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. 

Болашақ  педагогтың  құзыреттілігін  дамытуды  қарастыратын  болсақ,  оның  білімі,  білігі, 

дағдылары, қабілеттіктері туралы, яғни, мұғалімдік қызметке әзірлігі туралы айтуға болады. 

Ақпараттар ағымы өте көп заманда мұғалім өзінің кәсіби қызметінде заман талабына сай барлық 

техника құрылғыларын қолдана отырып, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.  Оның кәсібилігі 

пән бойынша білігі мен құзыреттілік деңгейі арқылы бағаланады. Ақпараттық технологияның дамыған 

заманында  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен 

шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты, ақпараттық құзыреттілікті талап етеді. 

Ж.  Досмұхамедов  атындағы  педагогикалық  колледжінде  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті, 

құзыретті, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, болып жатқан өзгерістерге тез 

бейімделуге  қабілетті  құзыретті    маман  дайындау  үшін  барлық  жағдайлар  жасалған.  Құзыреттілік  – 

білім алушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Педагог өзінің кәсіби 

қызметінде  заман  талабына  сай  барлық  техника  құрылғыларын  қолдана  отырып,  шеберлігін  үнемі 

жетілдіріп  отыруы  қажет.    Оның  кәсібилігі  пән  бойынша  білігі  мен  құзыреттілік  деңгейі  арқылы 

бағаланады. 

Ақпараттық  технологияның  дамыған  заманында    болашақ  маманға  заман  талабына  сай  білім 

беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  педагогтен  шығармашылық  ізденісті,  үлкен  сұранысты, 

ақпараттық құзыреттілікті талап етеді. 

Ақпараттық  құзыреттілік  кәсіби  құзыреттіліктің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылып, 

педагогтың  білім  беру  қызметінің  қажетті  бөлігі,  ғылыми  қызметінің  ақпараттық  аспектісінің  сапалы 

көрсеткіші болып табылады. 

Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі  ақпаратты  қабылдау,  табу,  сақтау,  оны 

жүзеге  асыру  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану 

қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – білім алушылардың ақпаратты 

беру,  түрлендіру  және  оны қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны 

өз  қызметтеріне   еркін,  тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру.  Мұғалімнің  ақпараттық 

құзыреттілігі  ақпараттық оқыту  ортасында жұмыс жасай  алу  қабілетінен,   білім, білік, дағдыларынан 

көрінеді. 

О.Б.  Зайцева  ақпараттық  құзыреттілікке  мынадай  анықтама  берген:  «айқындалған  тұлғалық 

сапалар  жиынтығы  және  инновациялық  технологиялар  аумағындағы  теориялық  білім  мен  практикалық 

біліктерінің  бірлігі  негізіндегі  күрделі  тұлғалық-психологиялық  білім».  А.Л.  Семенов  ақпараттық 

құзыреттілікті «жаңаша сауаттылық» деп анықтай отырып, оның құрамына адамның ақпаратты өзбетімен 

белсенді  түрде  өңдей  алу,  техникалық  құралдар  көмегімен  қорытындылар  шығару  білігін  жатқызады. 

Математиканы оқыту әдістемесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектерде қарастырылғандай ақпараттық 

құзыреттілік  бұл  болашақ  мамандарға  математиканы  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды кеңінен қолдануға қабілеттілік болып табылады. 

Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі  ақпаратты  қабылдау,  табу,  сақтау,  оны 

жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану 

қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті  құзіреттіліктері  –  білім  берудің  жаңа   нәтижелер.  Құзіреттілікті 

оқушының  пән  бойынша  игерген  білім,  білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу 

нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда  меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу  қабілеті 

болып табылатын жаңа сапа. 

Ақпараттық құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсаты  – болашақ мұғалімдерді  ақпаратты 

беру,  түрлендіру  және  оны қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны 

өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 

Американдық  педагог  Ф.С.  Шлехтидің  айтауы  бойынша  білім  беру  бағдарламасын  табысты 

игерген,  таныс  жағдаяттарда  өз  білімдерін  қолдана  алатын  білім  алушылар  өзбетімен  ақпаратпен 

жұмыс  жасай  алмаса,  білімдерін  толықтырмаса,  ақпараттық  қоғамда  жетістікке  жете  алмайды. 

Сондықтан заманауи білім берудегі негізгі басымдылық ақпараттық құзыреттілік болып табылады. 

С.А.  Зайцева  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық  –  коммуникациялық  – 

технологиялық  құзыреттіліктерінің  қалыптасуын  бағалаудың  бес  көрсеткішін  ұсынады:  өзіндік  оқу  – 

білім  беру  міндеттерін  тиімді  шешу;  болашақ  білім  алушылардың  бойында  компьютерлік 

сауаттылықты  қалыптастыруға  студенттің  әзір  болуы;  болашақтағы  кәсіби  қызметінде  АКТ 

құралдарын қолдану білігі; АКТ негізінде оқу процесін ұйымдастыруға қабілеттілігі; студенттің жаңа 

бағдарламалық  құралдарды  меңгеруге  дайын  болуы.    Ақпараттық  құзыреттілік  құрылымына  сәйкес 

төрт құрамдас бөлік айқындалады: мотивациялық, когнитивтік, қызметтік, бағалаушы. Біз ақпараттық 

құзыреттілікті  дамытудың  көрсеткіштерін  екі  топқа  бөліп  қарастырамыз:  жалпы  және  арнайы. 

Төмендегі  кестеде  1-де  көрсетілгендей  жалпы  көрсеткіштер  ақпараттық  технологиялар  аумағындағы 

білім мен біліктің даму деңгейін анықтауға арналған. Ал, арнайы көрсеткіштер кәсіби, білім берушілік 




қызметтегі  ақпараттық  технологияларды  қолдану  аумағындағы  таным,  дағдылардың  даму  деңгейін 

айқындайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет