Құрметті студент! 2016 жылы



Дата25.08.2017
өлшемі453,17 Kb.
#26911

Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 2» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5В010500

«Дефектология»

1. Педагогика

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі

3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Арнайы педагогика


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Педагогика

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі

3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Арнайы педагогика




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға



қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Педагогика




1. Білім мазмұнының формальды теориясын ұстанушылар:

A) Ж.Ж.Руссо

B) Демокрит

C) Гераклит

D) А.Я.Коменский

E) Аристотель

F) Платон

G) Цицерон




2. Тұлға дамуының негізгі бағыттары:

A) тәрбиелік

B) білімдік

C) әлеуметтік

D) танымдық

E) қызығушылық




3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:

A) Коменский Х.А., Джон Локк

B) Толстой Л.Н., Хмель Н.Д

C) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н

D) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д

E) Толстой Л.Н., Сластенин В.А

F) Ж.Ж.Руссо, Дистервег А


4. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер:

A) эмпирикалық

B) технологиялық

C) практикалық

D) психологиялық

E) техникалық

F) әдістемелік


5. Тұтас педагогикалық процесті зерттеген ғалымдар:

A) Р.Мертон

B) Ю.К. Бабанский

C) В.В. Краевский

D) Н.Д. Хмель

E) К.Ж. Кожахметова

F) А.Ф. Каптерев

G) С.Қалиев

H) Т.Парсонс


6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:

A) еңбек қабілеттілігін арттыру

B) ой қабілеттерін дамыту

C) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту

D) эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу

E) мемлекетке деген құрмет сезімін қалыптастыру

F) ғылыми дүниетаным қалыптастыру

G) эстетикалық білімдер беру




7. Тәрбиенің мақсаты:

A) ата-ана міндеттері

B) жоғары мәдениетке ұмтылыс нәтижесі

C) ізгі қасиеттерге баулу

D) тәрбие сипаттамасы

E) амалдар жүйесі

F) тәрбиеленушілерді жағымды іс-әрекетке өзгертуге бағыттылық


8. Дүниетаным - бұл:

A) Мемлекеттің дамуына деген көзқарастар жүйесі

B) Мектептің жағдайына деген көзқарастар жүйесі

C) Мектеп ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

D) Адамның өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі

E) Қоғамның жағдайына деген көзқарастар жүйесі

F) Адамның алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

G) Сынып ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі




9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:

A) Іс-әрекеттің соңғы нәтижелі моделін құру

B) Нәтижені болжай білу

C) Қарым-қатынасты басқара білу

D) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды

E) Дұрыс сөйлей білу

F) Оқу жоспарын

G) Бағыттауды




10. Ғылыми дүниетанымды іске асыру жолдары:

A) пәнаралық байланыстарды іске асыру

B) арнайы пәндер енгізу

C) мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясын көрсетуі

D) дін мен ғылымның байланысын ашу

E) ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыру




11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:

A) Перспективті бірізділік

B) Тәртіпті қатаң сақтау, кез келген қателікті қатаң жазалау

C) Жариялылық, жауапты бағынушылық

D) Басқалардың пікірін құрметтеу

E) Жұптық іс-әрекет




12. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің міндеттері:

A) Дамытушылық

B) Әлеуметтік

C) Болжамдық

D) Тәрбиелік

E) Психологиялық

F) Педагогикалық


13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:

A) Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы

B) Тәжірибесіздік

C) Педагогикалық сауатсыздық

D) Жұмыс бастылық

E) Насихат, жазғыру, ұрсу




14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:

A) Оқытудың өтілетін материалдары күрделеніп оқытылады

B) Өтілетін материалдар ашылып көрсетіледі және түсіндіріліп, талданады

C) Оқыту материалының мазмұны қайталанып отырады

D) Бұрынғы материалдардың логикалық жалғасы болып табылады

E) Оқыту материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне сай болады

F) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады

G) Мазмұны қиындық дәрежесі жағынан алдыңғыдан жеңіл болады




15. Білім беру стандарты:

A) Міндетті білім берудің негізгі құжаты

B) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат

C) Білім беру сапасын анықтайды

D) Білім беру саласын қамтиды

E) Оқуыту деңгейін айқындайды

F) Оқу жоспарларын қолданады

G) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды

H) Білім беру нормаларын анықтайды


16. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ түрі:

A) Факультатив

B) Жаңа білімді меңгеру

C) Диктант сабағы

D) Оқу саяхаттары

E) Аралас сабақ

F) Өткен материалды қайталау, пысықтау


17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:

A) Тәжірибе меңгерудің ғылыми мінездемесі

B) Білім сапасын арттыру үшін

C) Жаңалықтар енгізу үшін

D) Мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі үшін

E) Философиялық негізін қалыптастыру үшін

F) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін


18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:

A) Жалпы мақсаттарды жүзеге асыру

B) Іс-әрекет барысында анықталған материалдар бойынша тұжырым жасау

C) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқушы өзіндік білімін көрсете алуы

D) Жалпы нәтижелердің болуы

E) Іс-әрекеттер барысында оқушыға жағдай жасау және оларды басқару

F) Жалпы іс-әрекеттің жоспары болуы


19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:

A) Жүйелеуді

B) Диагностикалауды

C) Тұлға болмысын

D) Басқаруды

E) Бақылауды

F) Оқу жоспарын


20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:

A) Үлгі көрсету

B) Жаттығу

C) Бағалау

D) Түсіндіру

E) Білімді бекіту

F) Мақсаттылық

G) Есте сақтау




21. Ақпараттық технология:

A) Нақты құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану

B) Белгілі құралдар мен әдістер жиынтығы

C) Адам іс-әрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тәсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы

D) Нақты мағлұматтар жиынтығы

E) Ақпаратты өңдеумен байланысты процестер

F) Адам іс-әрекетінің қажетті салаларының бірі


22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:

A) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді

B) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді

C) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады

D) азаматтардың толыққанды, сапалы білім алуын қамтамасыз етеді

E) ұйымдастыру формаларын іріктеуге қатысады

F) білім беруді реттеуді қамтиды

G) білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз етеді




23. Мектеп жетекшілері білуге міндетті:

A) Оқу жүйесінің құрылымы мен мазмұнын

B) Мектептің материалдық жағдайын

C) Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібін

D) Мектепте оқушылардың білімін бағалау формаларын

E) Оқу жоспарының құрылымын




24. Г.И. Щукина бойынша мектепшілік басқару бағыттары:

A) дидактикалық

B) зерттеушілік

C) жобалаушылық

D) психологиялық

E) әдістемелік




25. Мұғалімдерді аттестациялаудың принциптері:

A) Сауаттылық

B) Жүйелілік, тұтастық

C) Жүйелілік, бірізділік

D) Жариялылық

E) Бірізділік


Педагогика

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі




1. Н.Ф. Кузьмина-Сыромятникованың еңбектері:

A) «Көмекші мектепте көрнекі геометрияға оқыту»

B) «Көмекші мектепте арифметикалық амалдарды орындау»

C) «VIII түрдегі түзете оқыту мектепте (көмекші мектепте) математиканы оқыту әдістемесі»

D) «Көмекші мектептің I сыныбында арифметикаға оқыту»

E) «Арифметиканы оқыту пропедевтикасы»




2. Көмекші мектептің математика сабағында оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес оқытудың келесі әдістері айқындалады:

A) Мәселелік әдіс

B) Көрнекілік әдістер

C) Ғылыми-зерттеу әдістері

D) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс

E) Репродуктивті әдіс

F) Жартылай зерттеу әдістері


3. Берілген тапсырманың мақсаты – заттың ауырлығы жайында түсініктерді қалыптастыру:

A) «Алманы тең екі бөлікке бөл»

B) «Мына ойыншықтың қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл?»

C) «Түзу жолақ бойымен нүктелер қой»

D) «Допты үстелдің астына, үстіне және үстел арасына қой»

E) «Берілген екі ойыншықтың жеңілірегін маған бер»

F) «Берілген заттардың ішінен салмақтары бірдейін тап»


4. Кері санауды бекітуде берілетін тапсырма:

A) Жиырмадан онға дейін сана

B) Онға дейін сана

C) Екі-екілеп онға дейін сана

D) Оннан кері сана

E) Жетіден кері сана




5. Берілген тапсырмалардың мақсаты – сандар қатарында санның алатын орнын анықтауға үйрету:

A) «Алдында тұрған санды табу үшін, берілген санды қалай өзгертеміз»

B) «Сөреден 2 кітап ал. Неше кітап алғаныңды дәптерге жаз»

C) «15 санының көршілерін ата»

D) «Суреттегі 7 қуыршақтың жанына тиісті санды жаз»

E) «Айгүл 4 қалам сатып алды. Қалам санын цифрмен көрсет»




6. Берілген тапсырмалардың мақсаты – санның құрамын анықтауға үйрету:

A) «6 кімпитті екі балаға нешеден бөліп беруге болады?»

B) «16 санында неше ондық, неше бірлік бар?»

C) «Суреттегі 7 қуыршақтың жанына тиісті санды жаз»

D) «Қайсысы артық: 1 ондық па әлде 1 пе?»

E) «Берілген санды және одан кейінгі санды салыстыр»

F) «Әр есепте азайғыш пен айырманы салыстыр»

G) «Айгүл 4 қалам сатып алды. Қалам санын цифрмен көрсет»




7. Берілген тапсырмалардың мақсаты – сандар қатарында санның алатын орнын анықтауға үйрету:

A) «80-нен бастап 18-ге дейін сана»

B) «Айгүл 4 қалам сатып алды. Қалам санын цифрмен көрсет»

C) «Суреттегі алмалардың жанына тиісті санды жаз»

D) «Санның алдында тұрған санды табу үшін не істейміз?»

E) «45 санының көршілерін ата»




8. Тәулік мезгілдері туралы түсінікті қалыптастыруға берілген тапсырмалар:

A) «Бір аптада 7 күн болады»

B) «Ертең аптаның қай күні?»

C) «Күндіз дала жарық болады»

D) «Қыркүйек айында неше күн бар?»

E) «Сенбіден келесі сенбіге дейін неше күн өтеді?»

F) «Сенің туған күнің қай айда?»


9. Берілген тапсырманың мақсаты – 100 саны көлемінде разрядтан аттамай толық ондықтармен екітаңбалы сандарды қосу:

A) Берілген сандарды 7-ге азайт: 13, 11, 25

B) Апайда 28 кітап бар еді. Ол тағы 30 кітап сатып алды. Қанша кітап болды

C) Анарда 70 тг бар еді. Оған Арай 15 тг берді. Анарда неше тг болды

D) Таяқшалар арқылы 45 санын құрастыр. Оған 3 ондық қос

E) Бір орам матада 50м., ал екіншісінде 30 м-ге кем. Екінші орамда қанша метр




10. Массаны өлшеу үшін арнайы мектепте келесі көрнекіліктер қолданылады:

A) Гиря


B) Кастрюлдер

C) Литрлік шыны құты

D) Амперметр

E) Бөтелке

F) Сызғыш


11. Салмақ түсініктерін қалыптастыруға берілетін тапсырмалар:

A) «Сенің ойыңша, мына заттың салмағы қандай?»

B) «1 дециметрде неше сантиметр бар?»

C) «Дорбадағы қанттың салмағын анықта»

D) «1 метрде неше сантиметр бар?»

E) «Дәптердің құны 10 тг. Дәптерді сатып алу үшін сатушыға қай ақшаны бересің?»

F) «5 тг-ні көрсет»


12. 100 шамасында сандарды бөлу кестесіне үйрету үшін келесі тапсырмалар қолданады:

A) Көбейту кестесін құру

B) Мың шамасындағы сандар меңгеріледі

C) Екіге көбейтуден кейін екіге бөлу оқытылады

D) Санның құрамы оқытылады

E) Теңдеулер меңгеріледі




13. Мың шамасындағы сандарды меңгеруге берілген тапсырмалар:

A) «Суреттегі 7 қуыршақтың жанына тиісті санды жаз»

B) «30 бен 90-ның аралығындағы толық ондықтарды ата»

C) «20-дан бастап 90-ға дейін толық ондықтармен сана»

D) «Қызыл жолақ – 70 см, ал көк жолақ – 80 см. Қайсысы ұзынырақ?»

E) «Есептегішке мына сандарды сал: 600, 1000»

F) «Дәптерге жаз: 5 жүздік – 500 – бес жүз»

G) «Айгүл 4 қалам сатып алды. Қалам санын цифрмен көрсет»




14. 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту кезеңдері:

A) Разрядтан өту арқылы қосу және азайту

B) Санау таяқшалары арқылы санау

C) Бірге көбейту

D) Шот арқылы санау

E) Разрядтан өтпей қосу және азайту

F) Нөлге көбейту


15. Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер:

A) «Әсетте 2 кәмпит бар. Ал Арайда одан 2 есе көп. Арайда неше кәмпит бар»

B) «Себетте бірнеше алмұрт бар. Мен 1 алмұртты алдым. Себетте алмұрт азайды ма, көбейді ме»

C) «Сыныпта көп бала бар. Сырттан бірнеше бала кірді. Бала саны көбейді ме, азайды ма»

D) «9 алманы 3 балаға тең бөліп бер. Әрқайсысына неше алмадан бердің»

E) «Себетте 5 алма бар. Оған тағы 6 алма салса, себетте неше алма болады»

F) «Дүкенде 70 газет бар еді. Оның 30-ы сатылды. Дүкенде неше газет қалды»

G) «Мұғалім үш оқушыға 2 дәптерден берді. Ол барлығы неше дәптер берді»




16. Жылдамдық, уақыт және қашықтықтың тәуелділігіне байланысты есептер:

A) «Үсен велосипедке мініп 30 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат серуендеді. Ол қанша км жол жүрді?»

B) «Асанда 20 ойыншық бар. Оның 7-еуі – машина, қалғаны – сарбаздар. Асанда неше сарбаз бар?»

C) «7 кәмпитке 49 теңге төленсе, осындай 10 кәмпитке неше теңге төлеу керек?»

D) «7 кәмпит 49 теңге тұрады. 1 кәмпиттің құнын тап»

E) «Асанда 20 ойыншық бар. Оның 5-еуі – машина, 7-еуі – тапанша, қалғаны сарбаздар. Асанда неше сарбаз бар?»




17. Берілген есептердің мақсаты – геометриялық пішіндерді есептеу және геометриялық ұғымдарын бекіту:

A) «Суреттен тек үшбұрыштарды көрсет»

B) «Мына пішіндердің ішінен шаршыларды теріп ал»

C) «Периметрі 24 см шаршының қабырғасының ұзындығын тап»

D) «Сыныптың ұзындығы 8 м, ал ені одан екі есе кем. Сыныптың ауданын тап»

E) «Үшбұрыштың бір қабырғасын алып тастасаң, не пайда болады?»

F) «Тікбұрышты үшбұрыштың жай үшбұрыштан айырмашылығы неде?»

G) «АВС бұрышын сыз да, А және С нүктелерін түзу сызықпен қос»




18. Берілген есептердің мақсаты – геометриялық пішіндерді жіктеу:

A) «ABC және DEF үшбұрыштарының қайсысы теңбүйірлі?»

B) «Мына пішіндердің ішінен шаршыларды теріп ал»

C) «АВС бұрышын сыз да, А және С нүктелерін түзу сызықпен қос»

D) «Тікбұрышты үшбұрыштың жай үшбұрыштан айырмашылығы неде?»

E) «Мына төртбұрыштардың қайсысы тіктөртбұрыш?»

F) «Суреттен тек үшбұрыштарды көрсет»


19. Ұзындық өлшемдерін түрлендіруге берілетін тапсырмалар:

A) «1 кг қапты өлше, өлшемді центнермен айт»

B) «Жазылмай қалған сандарды жаз: 785 ц = …ц ... кг»

C) «Қарындаштың ұзындығын сантиметрде, сосын дециметрде көрсет»

D) «10 см жолақты өлше. Осы жолақтың ұзындығын дециметрмен айт»

E) «Берілген жәшіктің салмағын өлше де, екі өлшемде жаз (кг, г)»

F) «Мына жіптің ұзындығын өлше, екі түрлі өлшемде айт (см, м)»


20. Пропедевтикалық кезеңнен кейінгі математикалық бөлімдердің мазмұны:

A) Бүтін сандармен арифметикалық амалдарды орындау

B) Функция бойынша графиктер салу

C) Көрнекі геомерияның элементтері

D) Логикалық есептердің жиыны

E) Ауызша сөз есептер

F) Бөлшектерді қысқарту

G) Екі айнымалы бар теңдеулер жүйесі




21. Көбейту амалын саналы меңгеру үшін дайындық жұмыстың тиімді түрлері:

A) Жиырма саны шамасында 2 мен санау

B) Заттарды бірдей топтармен бөлу

C) Жүз шамасында санау

D) Заттарды бірдей топтармен санау

E) Мыңдықтармен санау




22. Уақыт өлшемдерімен қосу және азайту амалдары дұрыс орындалған нұсқалар:

A) «3 сағ 40 мин – 1 сағ 50 мин =1 сағ 90 мин»

B) «3 сағ + 1 сағ 10 мин = 4 сағ 10 мин»

C) «3 сағ 17 мин – 17 мин = 2 сағ»

D) «23 сағ – 11 сағ = 12 сағ»

E) «35 мин + 65 мин = 1 сағ»

F) «28 мин + 49 мин = 1 сағ 17 мин»


23. Берілген тапсырмалардың мақсаты – бөлімі бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту:

A) 30 км жолдың 1/6 бөлігі асфальтталған. Неше км жол асфальтталған?

B) 3/10 м матаның 1/10 метрі кесілді. Қанша метр мата қалды?

C) Егістіктің 1/9-не бидай, 3/9-не арпа егілген. Егістіктің қанша бөлігі егілген?

D) 12 метрлік жіптің ә бөлігі кесілді. Қанша метр жіп кесілді?

E) 30 км жолдың 2/5 бөлігі асфальтталған. Жолдың неше км асфальтталған?

F) 10 см-дің 1/5 бөлігін тап

G) Тақтайшаның ұзындығы 7/10 м, оның 5/10 метрі кесілді. Қалған бөлігін тап




24. Берілген тапсырмалардың мақсаты – заттың белгіленген бөлігінің сандық мағынасын табу:

A) 140 ағаш бар. Оның 4/7 бөлігін алма ағашы құрайды. Алма ағашы қанша?

B) 12 метрлік жіптің 3/12 бөлігі кесілді. Қанша метр жіп кесілді?

C) 30 км жолдың 1/6 бөлігі асфальтталған. Неше км асфальтталмаған жол қалды?

D) 3/10 м матаның 1/10 метрі кесілді. Қанша метр мата қалды?

E) 30 км жолдың 2/5 бөлігі асфальтталған . Жолдың неше км асфальтталған?

F) Тақтайшаның ұзындығы 7/10 м, оның 5/10 метрі кесілді. Қалған бөлігін тап

G) 10 см-дің 1/5 бөлігін тап




25. Берілген тапсырманың мақсаты – ондық бөлшектерді разрядтан аттамай қосу және азайту:

A) 7,85 – 3,5 =?

B) 7,4 – 1,3 =?

C) 15,9 + 1,075 =?

D) 4,9 + 0,13 =?

E) 7,5 – 4,6 =?

F) 0,3 + 0,4 =?

G) 0,14 + 1,25 =?


Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі




1. Арнайы педагогикадағы тәрбие принциптері

A) тәрбиедегі жеке және дифференциалды ықпал жасау

B) ұлттық тағылымды дамыту

C) тәрбиенің түсінікті болуы

D) саналы білімді жетілдіру

E) толеранттық білімді дамыту

F) саяси білімді қалыптастыру

G) жақсы жетістіктерге ұмтылу




2. Оқушының қоғам талаптарына сай дәрежесі

A) оқушының ізеттілігі

B) белгілі бір пәндерді білуі

C) белгілі бір тапсырмаларды орындау

D) белгілі бір жағдайлардың шешімін табу

E) қоғамда өзін-өзі ұстау қабілеттілігі

F) оқушының тәртіпті болуы

G) қойылған талаптарды бағыттай білуі




3. Оқушының тәртіп деңгейі анықталады:

A) Сыртқы факторлар бойынша

B) Сыртқы белгілері бойынша

C) Нақты әрекеттер бойынша

D) Өзін-өзі бағалауы бойынша

E) Жанама белгілері бойынша

F) Ішкі факторлар бойынша

G) Теориялық білім деңгейі бойынша




4. Тәрбие түрлері:

A) құқық және саяси тәрбие

B) білім беру тәрбиесі

C) ақсақалдар тәрбиесі

D) дене тәрбиесі

E) ата-аналар тәрбиесі




5. Тәрбиелеу және білім беру мақсатын жетілдіру үшін құрылған білім алушылар ұжымы:

A) балабақша ұжымы

B) кәсіпорын жетекшілері ұжымы

C) лицей оқушылары

D) уақытша балалар ұжымы

E) жұмысшылар ұжымы




6. Социумдағы тәрбиелік жүйе:

A) факультативтер

B) тәрбие беру орталықтары

C) спорт алаңдары

D) ауылдық мекеме

E) театр


F) балалар мен жасөспірімдер ұйымдары


7. «Жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін үзік-үзік, бөлек-бөлек ... болмайды» (А.С. Макаренко):

A) дамытуға

B) тәрбиесін дамытуға

C) еңбекке баулуға

D) тәрбие беруге

E) білім беруге

F) педагогті

G) оқытуға




8. Баланың бағасын көтермелеу арқылы тұлғаны жағымды әрекетке ынталандыру:

A) Жазалау

B) Айтып салу

C) Мадақтау

D) Өлең айту

E) Іс әрекетке араластыру




9. Жеке тұлға дамуындағы позитивті сананы қалыптастыруға немесе теріс әсерлерді жеңе білу қажеттіліктерін дамытуға әсер ететін педагогикалық әдіс:

A) Дамытуды диагностикалау

B) Оқыту

C) Өзін-өзі тәрбиелеу

D) Қайта тәрбиелеу

E) Тәрбиені өзгертіп, жақсарту

F) Тәрбиені түзету


10. Тәрбие әдістері:

A) Оқушылардың өзара пікір алмастырулары

B) Арнайы қойылым бойынша өңделген шаралар жиынтығы

C) Педагогикалық ықпал әдістерінің жиынтығы

D) Тәрбие мәселелерін шешуші әдістер жиынтығы

E) Сұрақ пен жауаптан тұратын таным ойындары

F) Оқытушының оқушымен жеке сұхбаттасуы


11. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің әдістеріне жатпайтындар:

A) Оқушылармен әңгімелесу

B) Караокемен ән айту

C) Адамгершілік тақырыбына шағын шығарма жазу

D) Сыныптан тыс тәрбие шарасы

E) Кинотеатрға бару

F) Сабақ барысында мұғалімнің оқушыларды бақылауы

G) Асханаға бару




12. Адамгершілік тәрбиесі негізделмейді:

A) Этикаға

B) Дінге

C) Демографияға

D) Эстетикаға

E) Мәдениетке

F) Экономикаға


13. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстың түрлері:

A) Музыкалық студия, өнер қайраткерлерімен кездесу, өнер лицейіне экскурсия

B) Сыныптан тыс оқу

C) Сынып сағаттары

D) Сабақ

E) Өлкетану музейлеріне экскурсия, пікірталас

F) Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары


14. «Қоғамдық іс-әрекет» тарауын жоспарлауға қатысты іс-шаралар:

A) басшы көмегі

B) көңілді әндер конкурсы

C) қайырымды істер аптасы

D) ғылыми жұмыстар кеші

E) патриоттық әндер конкурсы

F) отансүйгіштік сезімге арналған әндер конкурсы

G) саяси әндер конкурсы




15. Аталмыш көрсеткіштер қоғамдық іс-әрекетті сипаттайды

A) оқушылардың іс-әрекетінде шығармашылық үдерістерді дамыту

B) саяси көзқарстарды тежеу

C) оқушылардың нақты мүмкіндігін жүзеге асыру және дамыту

D) кез келген іс-әрекетте қоғамдық қатынастарды қалыптастыру

E) кез келген іс-әрекетте әлеуметтік бағытты қалыптастыру

F) кез келген іс-әрекетте қоғамдық-әлеуметтік бағыттарды қалыптастыру


16. Эстетикалық талғамның негізгі аспектілері:

A) Әлеуметтік

B) Гносеологиялық

C) Танымдық

D) Ажыратылған

E) Адамгершілік




17. Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы болатын форма:

A) Туристік саяхат

B) Спорттық жиналыстар

C) Кәсіби бағдар беру

D) Ата-аналар жиналысы

E) Сыныптан тыс тәрбие шаралары




18. Зиятында жеңіл ауытқуы бар балаларды еңбекке үйрету мен тәрбиелеу жүйесінің құрылымы:

A) 5-9 сыныптардағы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтары

B) Еңбек практикасы

C) Жапсырма сабағы

D) Төменгі сыныптардағы қол еңбек сабағы

E) 4 сынып оқушыларын мектеп шеберханасында еңбекке баулу




19. Тәрбие әдісіне жататындар:

A) Принцип, концультация

B) Көңілін көтеру

C) Сендіру,жаттығу

D) Әңгімелесу, тәжірибелік жұмыс

E) Көндіру, үйрету

F) Семинар, зачет


20. Тәрбиенің субъективті факторлары:

A) Достары

B) Бүкіл ақпараттық құралдардың әсері

C) Отбасындағы қарым-қатынастың әсері

D) Макроорталар

E) Табиғат және қоршаған орта факторлардың әсері

F) Ғылым және техниканың даму деңгейі

G) Тұқымқуалаушылықтың ерекшеліктері




21. Жоспарды құрастырудағы сынып жетекшіге қажетті негізгі ықпал:

A) шығармашылық

B) гуманистік емес

C) бірбеткейлік

D) авторитарлық

E) консервативті

F) тоталдық


22. Арнайы білім беретін мектептердегі балалардың жас денгейі мен бұзылыс дәрежесіне карай сабақтардың топтастырылуы:

A) Жарыс сабақтар

B) Аралас сабақтар

C) Топтық сабақтар

D) Ашық сабақтар

E) Бақылау сабақтары

F) Тәрбие сабақтары


23. Олигофренопедагогика – аталмыш жандарды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми білімдер жүйесін ұсынатын ғылым:

A) Олигофрен

B) Мүмкіндігі шектеулі

C) Кем ақылды

D) Балалар церебралды сал ауруы бар

E) Ерте балалар аутизмы

F) Зияты зақымдалған

G) Танымдық іс-әрекет бұзылысы бар




24. 70 жылдардағы мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелердің кеңейген жүйесі:

A) арнайы (түзету) мекемесі

B) бөбекжай

C) мектепке дейінгі балалар үйлері

D) балабақша

E) колледж




25. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты:

A) Қарапайым шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

B) Тірі және өлі табиғат туралы білімді қалыптастыру

C) Сенсорлы мәдениетті қалыптастыру

D) Танымдық қызығушылықты қалыптастыру

E) Әсемділікті дұрыс түсіну біліктілігін қалыптастыру


Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Арнайы педагогика




1. XVIII ғасырдың екінші жартысында кереңдерге арналған алғашқы мектептер пайда болған елдер:

A) Австрия

B) Римде

C) Венгрия

D) Германия

E) Ресей


F) Англия

G) Франция




2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекет пен қоғам қатынасының эволюциялық дамуының бесінші кезеңі:

A) Ресейде арнайы білім жүйесінің дайындығы арнайы білім беру туралы заңның жоқтығымен ұштасты

B) Мүгедек жандарға арналған антикалық дәуірдің заңдылықтары талқандалды

C) ХХ ғ. басталып 70 жылдарға дейінгі аралық

D) Мәскеу, Киевте тәртібі бұзылған кеміс балаларға, күн тәртібі ерекше, арнайы мектептер ашылды

E) Психологиялық-педагогикалық көмектің жас шегі кеңейіп, мектепке дейінгі және кейінгі мекемелер ашыла бастады

F) Институциялизациядан интеграцияға дейін


3. Қазақстандағы арнайы білім берудің 1919 жылдағы сипаттамасы:

A) 60 астам оқу шеберханаларының жұмысы ұйымдастырылды

B) Жүйке және психикалық ауруы бар балалар денсаулық сақтау мекемелерінде тәрбиеленді

C) Оқушыларды идеялық-саяси, адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізілді

D) Дамуында ақаулары бар балалардың білім алуы туралы қаулы қабылданды

E) Тіл мүкістігі бар балаларға арналған логопедтік кабинеттер ашылды

F) Ақыл-ойы кем балалар көмекші мектепте оқытылды


4. Арнайы білім беру шарттары:

A) Тәртібі қиын, тұйық балаларға арналған тапсырмалар

B) Тәрбие мекемелері, түзету мекемелері және бала – бақшалар

C) Кәсіби оқыту, дамыту және түзете тәрбиелеу

D) Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы бағдарламалар

мен әдістер

E) Арнайы мекемеде білім алатын кемтар балаларға арналған білім беру бағдарламалары және әдістері

F) Соқыр, керең, мылқау, ақыл – есі кем тұлғаларға арналған ерекше бағдарламалар




5. Арнайы білім беру:

A) Қалыпты балаларды оқыту және өмірге бейімдеу

B) Психологиялық көмек көрсету қызметі

C) Жоғарғы білім беру және дамыту

D) Кәсіптік білім беру және дағдылау

E) Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайы




6. Күрделі кемістікке жатады:

A) Нашар көретіндер

B) Соқыр, кереңдер

C) Ақыл-есі кем және нашар еститін

D) ПДТ балалар

E) БЦС және көзі көрмейтін




7. XX ғасырда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен дамыту мәселелеріне енген Батыс философиясының заманауи бағыты:

A) Психотерапия

B) Постмодернизм

C) Психоанализ

D) Гуманизм

E) Адаптация

F) Реабилитация


8. Арнайы педагогиканың өзіндік принциптері:

A) Басқару принципі

B) Көмек көрсету принципі

C) Дифференциалды және жеке ықпал ету принципі

D) Педагогикалық оптимизм принциптері

E) Ерте педагогикалық көмек беру принциптері




9. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеудегі кешенді медициналық-педагогикалық тексерудің мақсаты:

A) Түзетушілік қолдауды тағайындау

B) Медициналық түзету мен реабилитация

C) Білім беру формасы мен түрін анықтау

D) Әлеуметтік бейімделу

E) Реабилитацияның дербес бағдарламасын құрастыру




10. Медициналық -әлеуметтік-педагогикалық патронажда ұсынылады:

A) Білім алу жолын таңдаудағы көмек

B) Тек дәрігермен жұмыс жасау

C) Ата-анасының ғана қамқорлығында болу

D) Тек педагогпен жұмыс жасау

E) Қоғамдық бейімделуден шектеу




11. Интелектісінде бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзете тәрбиелеудің мақсаты:

A) Балаларды бір бірімен дос болуға үйрету

B) Балалардың әлеуметтік және интелектуалдық потенциалдарының дамуына жағдай жасау

C) Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын көтеру

D) Балаларға әр түрлі ойын түрлерін үйрету

E) Балаларды әр түрлі өнер түрлеріне баулу

F) Балалардың би билеу қабілеттерін арттыру


12. Тәрбие процесіне әсер ету құралдары:

A) Көркем әдебиетті оқу

B) Музыкалық әуендерді тыңдау

C) Тәрбиеленушіге көмектесу

D) Бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру

E) Көрнекілік

F) Арттерапия


13. Арнайы педагогикамен арнайы білім берудің дамуына зор үлес қосқан ғалымдар:

A) С.Я Рубинштейн

B) Л.С Выготский

C) И.И Кант

D) А.Адлер

E) Р.С Немов

F) Ф.Энгельс

G) М.Монтессори




14. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мемлекеттік стандартында ескерілді:

A) Ағзалық ерекшелігі

B) Сауықтыру жұмысы

C) Психикалық ерекшеліктері

D) Жас ерекшелігі

E) Сөйлеу мүмкіндіктері

F) Профилактиканы


15. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог бойында болу керек:

A) Педагогикалық қараусыздық

B) Педагогикалық санасыздық пен өзімшілдік

C) Педагогикалық тұрақсыздық пен немқұрайлылық

D) Педагогикалық жеке ойдың болуы

E) Педагогикалық оптимизм, педагогикалық рефлексия

F) Педагогикалық такт, педагогикалық жоғары байқағыштық, бақылаушылық

G) Педагогикалық дұрыс талаптың болмауы




16. Арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясына тән ерекшеліктер:

A) Өмірге деген қызығушылығы жеткілікті

B) Ата-ана қамқорлығының жетіспеуі

C) Жеке-дара дамуындағы жетіспеушілік

D) Өз іс-әрекетін басқара алатын

E) Ойлау әрекеті дамуының жетіспеуі

F) Білім алуға қызығушылығы жоғары

G) Өз -өзіне деген сенімділігі жоғары




17. Орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігінің сипаттамасы:

A) Заттарды, әрекеттерді зерттейді

B) Психикалық дамудың тежелуі

C) Әлеуметтік тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы

D) Мүгедектер деп танылған

E) Тіл дамуының аса қарапайымдылығы

F) Сөздік қоры қалыпты

G) Танымдық саласының тым төмендігі




18. Сөйлеу кемістіктерінің себептері:

A) Анатомиялық-физиологиялық құрылысының бұзылуынан

B) Танымдық әрекеттердің жетіспеушілігінен

C) Сөйлеу белсенділігінің жетіспеушілігінен

D) Тұқым қуалаушы фактор

E) Босану кезіндегі жарақаттар және босану кезеңіндегі асфиксия




19. Есту қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай балаларды категорияға бөлуге болады:

A) Ерте керең болғандар

B) Нашар еститін және кереңдер

C) Сөйлей алмайтын кереңдер

D) Кереңдер

E) Кейіннен керең болғандар




20. Сурдопедагогика мен сурдопсихологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар:

A) С.Я. Рубинштейн

B) Г.М. Дульнев

C) Л.С. Выготский

D) В.А. Синяк

E) Л.Брайль

F) А.К. Ерсарина


21. Аутизм белгілері (Л.Каннер бойынша):

A) Кем ақылдылық

B) Стереотиптілік

C) Деменция

D) Сөйлеу дамуының ерекшеліктері

E) Аутистикалық толғанулар, уайымдаушылық

F) Сенсорлы афазия

G) Оптикалық дисграфия




22. Ресейлік тифлопедагогика мен тифлопсихология саласының ғалымдары:

A) И.С. Моргулис

B) Л.Волкова

C) Л.С. Выготский

D) Р.М. Боскис

E) Э.М. Стернина




23. Тифлопедагогиканың негізін қалаушылар:

A) В.Гаюи

B) Р.М. Боскис

C) В.П. Калценко

D) А.С. Грибаедов

E) Л.Брайль

F) Д.Дидро


24. Гиперкинез кезінде байқалады:

A) Қатып қалу

B) Ойлау бұзылысы

C) Көру бұзылысы

D) Есту бұзылысы

E) Бұлшықет тонусының өзгермелі болуы

F) Аяқталмаған қозғалыс

G) Дірілдеу




25. Күрделі кемістігі бар балалардың ортақ кедергілері:

A) Аутизм

B) Ұзақ уақытты депривация

C) Интенсивтілік

D) Мутизм

E) Жалпы моторикасын дамыту

F) Отбасылық ерекшеліктер

G) Билингвизм


Арнайы педагогика

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ







Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет