Құрметті студент! 2016 жылы



Дата18.03.2017
өлшемі363,31 Kb.
#11691

Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5B011400

«Тарих»

1. Педагогика

2. Тарихты оқыту әдістемесі

3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Түркі халықтарының тарихы


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Педагогика

2. Тарихты оқыту әдістемесі

3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Түркі халықтарының тарихы




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға



қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.

Педагогика



1. Педагогикалық пәндер:

A) Әлеуметтік педагогика

B) Табиғат педагогикасы

C) Жұмыс істеу педагогикасы

D) Ақпараттық педагогика

E) Қоғамдық педагогика




2. Тұлға дамуының негізгі бағыттары:

A) әлеуметтік

B) қызығушылық

C) психикалық

D) білімдік

E) тәрбиелік

F) дене


3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:

A) Коменский Х.А., Джон Локк

B) Ж.Ж.Руссо, Дистервег А

C) Сластенин В.А., Кузьмина Н.В

D) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д

E) Дистервег А., Сластенин В.А

F) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н

G) Толстой Л.Н., Сластенин В.А




4. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер:

A) практикалық

B) теориялық

C) эмпирикалық

D) техникалық

E) психологиялық

F) әдістемелік


5. Педагогикалық үдерістің мәнін қарастырған ғалым педагогтар:

A) М.А. Данилов

B) К.Д. Ушинский

C) В.Г. Белинский

D) Ю.К. Бабанский

E) Б.Т. Лихачев

F) А.И. Герцен

G) С.Т. Петров

H) И.А. Иванов


6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:

A) ой қабілеттерін дамыту

B) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту

C) еңбек қабілеттілігін арттыру

D) эстетикалық білімдер беру

E) ғылыми дүниетаным қалыптастыру

F) ағзаны шынықтыру


7. Тұлғаның әлеуметтенуі кезінде оның дамуына әсер ететін факторлар:

A) Макрофакторлар

B) Мегафакторлар

C) Объективті факторлар

D) Экстрафакторлар

E) Субъективті факторлар

F) Монофакторлар


8. Дүниетаным - бұл:

A) Адамның алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

B) Адамның өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі

C) Сынып ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

D) Қоғамның жағдайына деген көзқарастар жүйесі

E) Ақиқатты дүниеге деген көзқарастар жүйесі

F) Мектеп ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі


9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:

A) Жүйелеуді

B) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды

C) Бағыттауды

D) Қарым-қатынасты басқара білу

E) дұрыс сөйлей білу

F) Оқу жоспарын


10. Әңгімелесудің түрі:

A) эпизодтық (ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар)

B) жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар

C) жазалаушы

D) әңгімелесу-экспромт

E) диагностикалық

F) мадақтаушы

G) ынталандырушы




11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:

A) Өз тәжірибеңді тәрбиелеуде қолдану

B) Перспективті бірізділік

C) Тәуелсіздік, гуманизм адамға жағымды әсер ететін тірек

D) Жариялылық, жауапты бағынушылық

E) Жұптық іс-әрекет




12. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің міндеттері:

A) Тәрбиелік

B) Диагностикалық

C) Болжамдық

D) Педагогикалық

E) Психологиялық




13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:

A) Тәрбиелік іс-әрекеттің жүйесіздігі

B) Педагогикалық сауатсыздық

C) Мінез-құлық ерекшеліктері

D) Тәжірибесіздік

E) Жұмыс бастылық

F) Насихат, жазғыру, ұрсу


14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:

A) Оқыту материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне сай болады

B) Оқыту материалының мазмұны қайталанып отырады

C) Бұрынғы материалдардың логикалық жалғасы болып табылады

D) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады

E) Оқу материалы қарапайымнан күрделіге ауысып отырады




15. Білім беру стандарты:

A) Оқу жоспарларын қолданады

B) Оқуыту деңгейін айқындайды

C) Білім беру саласын қамтиды

D) Білім беру нормаларын анықтайды

E) Міндетті білім берудің негізгі құжаты

F) Білім беру сапасын анықтайды

G) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат

H) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды


16. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерімен айналысқан зерттеушілер:

A) И.Т. Волков

B) В. Оконь

C) В.Н. Иващенко

D) М.В. Огородников

E) В.В. Тихонов




17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:

A) Мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі үшін

B) Білім сапасын арттыру үшін

C) Тәжірибе меңгерудің ғылыми мінездемесі

D) Философиялық негізін қалыптастыру үшін

E) Баламалы оқулықтардың қосылуы үшін

F) Жаңалықтар енгізу үшін

G) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін




18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:

A) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқуышы өзіндік білімін көрсете алуы

B) Іс-әрекет барысында анықталған материалдар бойынша тұжырым жасау

C) Бірынғай мақсаттық, жалпы мотивтің болуы

D) Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелсіздіктін пайда болуы

E) Жалпы нәтижелердің болуы




19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:

A) Бағыттауды

B) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды

C) Жүйелеуді

D) Диагностикалауды

E) Басқаруды




20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:

A) Бағалау

B) Есте сақтау

C) Жаттығу

D) Мақсаттылық

E) Білімді бекіту

F) Қайталау


21. Ақпараттық технология:

A) Кез-келген мәліметтер жиынтығы

B) Нақты құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану

C) Адам іс-әрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тәсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы

D) Ақпаратты өңдеу процесінде қолданылатын құралдар мен әдістер жиынтығы

E) Адам іс-әрекетінің қажетті салаларының бірі

F) Белгілі құралдар мен әдістер жиынтығы

G) Нақты мағлұматтар жиынтығы




22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:

A) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді

B) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді

C) ұйымдастыру формаларын іріктеуге қатысады

D) білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз етеді

E) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады

F) білім беруді реттеуді қамтиды

G) педагогикалық технологияларды іріктеуге қатысады




23. Басқаруды ұйымдастырудың формалары мен бағыттары:

A) Психологиялық-педагогикалық тестілеу нәтижесін қадағалау

B) Педагогикалық үдерістің негізгі мақсатын айқындау

C) Педагогикалық отырыстар; әдістемелік кеңестер

D) Әдістемелік бірлестіктер

E) Нұсқау-әдістемелік

F) Педагогтарды психологиялық-педагогикалық тұрғыда диагностикалау

G) Педагогтарды жаппай сауаттандыру, сауықтыру




24. Педагогикалық үдерістегі диагностиканың мәні:

A) Дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысын анықтау

B) Маман шеберлігінің деңгейін анықтау

C) Педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама

D) Педагогтардың жетістіктерін бағалау әдісі

E) Педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтеру тәсілі

F) Педагогикалық деректерге басшылық

G) Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі




25. Мұғалімдерді аттестациялаудың принциптері:

A) Бірізділік

B) Жариялылық

C) Тұтастық, бірізділік

D) Сауаттылық

E) Жүйелілік, тұтастық


Педагогика

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Тарихты оқыту әдістемесі



1. Ежелгі грек тілінен аударғанда «әдістеме» сөзінің мағынасы:

A) Зерттеу жолы

B) Нәтижеге жету

C) Оқыту және тәрбиелеу

D) Дамыту

E) Оқыту әдісі




2. Әдістеменің міндеті:

A) Оқушының сабаққа ынтасын зерттеу

B) Оқытудың негізгі факторлары

C) Адамның санасын жетілдіру

D) Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер

E) Оқыту процесін жетілдіру

F) Ауызша сөйлеуге тән ерекшелікті қалыптастыру

G) Оқытуды ұйымдастыру




3. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихының өз оқу орындарында оқытылмауының басты себебі:

A) Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі қалыптаспады

B) Тарихты оқыту әдістемесі ғылым ретінде қалыптаспады

C) Патша өкіметініңбілім беру жөніндегі саясаты

D) Ресейге қосылу процесі

E) Тарих курсы оқу жоспарынан алынып тасталды

F) Тарих курсы Қоғамтану курсының құрамына енгізілді

G) Қазақ тарихын оқыту мәселесі көтерілген жоқ




4. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері:

A) Қазақ мектептерінде қазақ халқының мәдениеті мен тарихын ғана оқыту

B) Бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

C) Қазіргі кезеңді тереңдетіп оқыту

D) Оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру

E) Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру




5. Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес білім беру деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:

A) Негізгі орта білім беру деңгейі 5-11 сыныптар

B) Жалпы орта білім беру деңгейі-2 жыл

C) Бастауыш білім беру деңгейі-4 жыл

D) Бастауыш білім беру деңгейі 7 жастан басталады

E) Бастауыш білім беру деңгейі 5 жастан басталады




6. Тарихи уақыттың хронологиялық категориялары:

A) Мәдениет

B) Түсінік

C) Жыл


D) Адам

E) Кезең


F) Қоғам


7. Тарихи кеңістік:

A) Тарихи оқиғаның ұзақтығы

B) Қоғамдық-саяси қызмет

C) Хронологиялық категория

D) Нақты территориядағы Табиғи-географиялық процесс

E) Нақты территориядағы Қоғамдық- мәдени процестер




8. Тарих сабағында қолданылатын дәстүрлі әдістер:

A) Эвристикалық әңгіме

B) Үлгі бойынша іс-әрекет

C) Ізденіс

D) Пікірсайыс

E) Сұхбат

F) Бірлескен іс-әрекет


9. Гуманитарлық пәндердің қызметі:

A) Көркем мәдениет негіздері мен оның тілі туралы ғылыми білімдер негізін баяндау

B) Дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық түрғыдан игеру

C) Адамның элеуметтік табиғатын қарастыру

D) Халықтың рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру

E) Табиғат қүбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын тану

F) Нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтау

G) Табиғатты зерттеумен айналысу

H) Адам мен оның мәдениетін зерттеу


10. ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ балаларын оқытудың жайы:

A) Молдалардың оқытуы

B) Оқу-тәрбие жұмысының төмендігі

C) Медреселерде қазақ тарихы оқытылды

D) Қазақ балалары үшін арнайы мектептер ашылды

E) Балаларды мұғалім оқытты

F) Оқытудың әдістемесін молдалар жақсы меңгерді


11. Аналитикалық сипаттау қолданылады:

A) Мемлекеттің басқару құрылысын түсіндіру кезінде

B) Себеп-салдарлық байланысты анықтауда

C) Қоғамдық өмір құбылыстарын сипаттауда

D) Әскери және шаруашылық обьектілерін баяндауда

E) Еңбек құралдары мен қару-жарақты сипаттауда




12. Тарих кабинетінің қорында сақталуы тиіс:

A) Тарих дәптері

B) Сынып журналы

C) Сынып жетекшісінің жоспары

D) Техникалық құралдар

E) Кітаптар қоры

F) Оқу көрнекілік құралдары

G) Тарих пәні бойынша емтихан бағдарламасы

H) Психологиялық сауалнамалар


13. Тарихи картиналардың түрлері:

A) Тарихи карта

B) Оқиғалық

C) Типологиялық

D) Картосхемалар

E) Сызбалар

F) Аппликациялар

G) Схемалық суреттер

H) Тарихи-мәдени


14. Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық қызметі:

A) Оқушылардың белсенділігін арттыру

B) Сюжеттік әңгіме құру

C) Арнаулы ( коррекциялық немесе түзету) мектептерде ғана қолданылады

D) Оқу процесінде мұғалімнің сөзі мен оқушыларға ұсынылатын бейненің үйлесімділігін қамтамасыз етеді

E) Негізгі білім көзі

F) Тарихты оқытудың жетекші әдісі


15. Тарих пәнінен оқушылардың іздену жұмыстарының түрлері:

A) Тарихи даталарды білу

B) Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі

C) Сөзжұмбақ жасай білуі

D) Терминдерді жаттау

E) Эссе жазу

F) Тірек конспектімен жұмыс

G) Тақырыптық сынақ




16. Компьютерлік оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктері:

A) Жеке ақпараттық кеңістік, талдау және тексеру құралы

B) Топтық жұмыс

C) Диалогты сұхбаттасу

D) Психологиялық басқару

E) Басқару




17. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

A) Әр оқушыға, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді

B) Тақырып бойынша білім, білік, дағдыларды игеру мақсатында жұмыс жасайды

C) Мұғалімнің талаптарын орындайды

D) Оқушы мұғалімнің рұқсатымен жауап береді

E) Сыныптағы оқушылар құрамы әр кез тұрақты болады

F) Оқушылардың таным қабілеттері бір деңгейді құрайды


18. «Миға шабуыл» әдісі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік дайындық, ол:

A) Термин, факт, оқиғаларды іріктеу

B) Алдағы қарастырылатын сұрақтарды дайындау

C) Мәселенің мағынасын ашу

D) Мәселенің басты бағыттарын анықтау

E) Тарихи құжаттармен жұмыс

F) Үй тапсырмасын орындау


19. Тарих пәнінен азаматтық-құқықтық тәрбие беру бағыттары:

A) Өз мемлекетіне деген патриоттық сезімді қалыптастыру

B) Қарым-қатынас жасау тәрбиесі

C) Жан-жақты дамыту

D) Ақыл-ой тәрбиесі

E) Табиғат тазалығын сақтау




20. С.Аспендияровтың «Қазақстан тарихының очерктері» оқулығындағы тараулар атаулары:

A) «Қазақстан тарихының ескі дәуірі. Орталық және Орта Азияның тарихы»

B) «Қазақстан социалды қайта құру жолында»

C) «ХVІІІ ғ. Қазақстан»

D) «Қазақ хандығының шығу тарихы»

E) «Қазақстан патша өкіметінің отары»




21. Нәтижеге бағытталған тарихи білімнің белгілері:

A) Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады

B) Шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

C) Мұғалімнің бағалауы

D) Бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру

E) Мұғалімнің монологы

F) Оқушының өзін -өзі бағалай алуы


22. Тарихты оқытуда пәнаралық байланыстың түрлері:

A) Оқу жұмысы формаларының өзара келісімі

B) Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты орнату

C) Бақылау әдісі

D) Адамгершілік сананы қалыптастыру

E) Іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда бірізіділікті құру

F) Түрлі пәндердің арасында мазмұны бойынша өзара байланыс


23. Синхроникалық таблицада көрсетіледі:

A) Бір елдегі түрлі кезеңдегі ұқсас тарихи оқиғалар

B) Қазақстан тарихы бойынша хронологиялық кесте

C) Бір елдеі бір тарихи кезеңдегі тарихи оқиға

D) Әр елдегі түрлі кезеңдегі ұқсас тарихи оқиғалар

E) Әлемдегі бір уақыттағы тарихи оқиға

F) Бір елдегі тарихи оқиғалардың ұқсастығы мен айырмашылығы

G) Түрлі елдердегі бір уақыттағы тарихи оқиға




24. Тарих сабағында қолданылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

A) Сыныптағы кейбір оқушылар үшін ғана түсінікті

B) Тарихты оқытудың мақсаты мен міндетіне сәйкес

C) Бағдарлама материалымен байланысты

D) Мұғалімнің жеке архивіндегі кез-келген тарихи құжат

E) Тарихи кезеңдегі қосымша факт

F) Мазмұны тартымсыз

G) Мазмұны күрделі және көлемді




25. Мектептегі өлкетану жүмысына қойылатын талаптар:

A) Оқушыларда қоршаған ортаны бақылау біліктілігін қалыптастыру

B) Оқушылардың пән бойынша үлгерімін бақылау

C) Жинақталатын материалдар өлке тарихымен байланысты

D) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

E) Мектеп оқулықтарына пікір жазу

F) Оқушыларға психологиялық зерттеулер жүргізу

G) Көрнекі құралдарды қолдан жасау


Тарихты оқыту әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі




1. Тәрбие үдерісі:

A) Өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі

B) Сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі

C) Оқытушының мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер мен дағдылар жиыны

D) Ата-аналар, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасын реттейтін процесс

E) Ата-ананың мінез-құлықындағы ауытқушылықты тәрбиелейтін процесс

F) Оқытушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнату


2. Тұлға дамуының негізгі факторлары:

A) Оқу әрекеті

B) Сынып

C) Еңбек


D) Қоршаған орта

E) Тұқымқуалаушылық

F) Ойын

G) Білім, іскерлік, дағды




3. Диспут:

A) Сайыс


B) Тәжірибелік жұмыс

C) Әңгіме

D) Пікірталас

E) Ой бөлісу

F) Дәріс

G) Ойды ортаға салу




4. Сыныптың тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:

A) Жоспардың нақтылығы

B) Жоспарда тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі

C) Жоспардағы шаралардың орындалу мерзіміне тәуелділігі

D) Тәрбие жоспары ауқымының кең болуы

E) Тәрбиелік іс-әрекеттердің формаларын таңдау




5. Сынып жетекшісінің функциялары:

A) Инновациялықты жасау

B) Мереке ұйымдастыру

C) Ұжымды топтастыру

D) Ашық есік күндерін өткізу

E) Отбасы өміріне ретсіз араласу




6. Топтың қабылданған негізгі түрлері:

A) Референттік

B) Қызметкерлер

C) Саяхатшылар

D) Диффузиялық

E) Демалушылар

F) Оқытушылар


7. Баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап, формалары:

A) Ойын, оқу, қызмет

B) Позитивті және негативті талаптар

C) Ойын, ишара, жеке талаптары

D) Түсіндіру

E) Кеңес, өтініш, сенім, қолдау

F) Сыйластық, тәжірибе

G) Қабылдау




8. Қазіргі күнде өзекті болып отырған тәрбие мәселесіндегі қажетті құндылықтар:

A) Технократтық

B) Рухани құндылықтар

C) Космополитизм

D) Құнды қағаздар

E) Тәрбие құралы белсенділік құндылықтары




9. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Тәрбие әдістері

B) Оқушылардың қажеттіліктері

C) Мемлекеттік идеология

D) Мемлекеттік саясат

E) Тәрбие беру ұйымдары




10. Тәрбие процесінің құрылымының сатылары:

A) Еңбек байланыстарды анықтау

B) Мәдени шараларға қатысу

C) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі

D) Спорт жарыстарға қатысу

E) Білімнің сенімділігі, сезім қалыптастыру




11. Тәрбие үдерісінің диалектикасы бейнеленеді:

A) мұғалімдер арасындағы өзара әрекетпен

B) топтағы келісіммен жүзеге асырылуы арқылы

C) қарама қайшылығымен

D) оқушылар сайысымен

E) мәдени шараларды қадағалаумен

F) сыртқы қайшылықтарымен

G) ішкі қайшылықтарымен




12. Көп факторлы тәрбие үдерісіне қатысады:

A) Өнерге үйрету

B) Қоғамдық орындар

C) Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру шарасы

D) Мемлекет

E) Спорттық орындар




13. Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:

A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері

B) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі

C) Қарама-қайшылықтары

D) Екі жақты қайшылықтар

E) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері

F) Объект мен субъект


14. Мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарының негізгі қызметі жүктеледі:

A) Сынып жетекшісіне

B) Мектеп директорының орынбасарына

C) Сынып старостасына

D) Ата-аналар комитетіне

E) Тәрбиешілерге

F) Мектеп директорына

G) Оқушыларға




15. Мектептен тыс мекемелердің оқушылармен өткізетін тәрбиелік шаралары:

A) Ашық сабақтар

B) Әдеби-музыкалық кештер өткізу

C) Кәсіптік бағдар беру жұмысы

D) Педагогикалық консилиум

E) Байқаулар өткізу

F) Сайыстар өткізу


16. Педагогтің отбасымен байланыс ұйымдастыруының психологиялық-педагогикалық ережелері:

A) Ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру

B) Ата-ана беделін бекітуге бағытталған шараларға негізделу

C) Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті деңгейін арттыру

D) Үнемі отбасы өміріне араласу

E) Педагогикалық әдепке тәуелді болмау




17. «Балдырған» сатысына мүше бола алады:

A) 5-сынып оқушылары

B) 2-сынып оқушылары

C) 6-сынып оқушылары

D) 3-сынып оқушылары

E) 4-сынып оқушылары

F) 8-сынып оқушылары


18. Сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу әдісі:

A) Әңгіме

B) Статистикалық әдіс

C) Педагогикалық эксперимент

D) Бақылау

E) Тестілеу

F) Социометрия


19. Адамгершілікке тәрбиелеудің формалары:

A) Ғылыми-практикалық конференция

B) Спорт секцияларын ұйымдастыру

C) Қайырымдылық акциялары

D) Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу

E) Мамандық таңдау

F) Кәсіптік бағдар беру жұмысы


20. Отбасы тәрбиесі, экологиялық тәрбие, еңбек тәрбиесі, имандылық (конфессионалдық) тәрбиесі:

A) Мазмұны

B) Жазалау

C) Оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттары

D) Кешенді тәрбие жұмысы

E) Тәрбие бағыттары




21. Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципінің міндеттері:

A) Тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытуға, жетекшілік етіп, табысқа жетуге бағыттау

B) Мектеп пен отбасыға байланысын дамыту

C) Қарама-қарсылықты жою

D) Тұлғаның бағыттылық мотивтерін, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын білу

E) Сапалардың бағыттылығын анықтауды білу

F) Тәрбие жағдайларындағы кедергілер

G) Сөздік және сезімдік үрдерістердің даму деңгейін талдау




22. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлардың қатары:

A) Ұжымның өмір сүру жағдайлары мен дамуы, оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы, тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері

B) Әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекеттер

C) Бұқаралық ақпарат және насихат құралдары

D) Міндетті іс-әрекеттер мен дағдылар

E) Себеп-салдарды әрекетке араластыру

F) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі

G) Кәсіби қызмет жүйесі




23. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетіндегі әлеуметтік-психологиялық климаттың ерекшеліктері:

A) Ғарыштық байланыс

B) Табиғи жағдайлар

C) Мәдени шаралар

D) Жылы шырайлылық, талапшылдық

E) Экологиялық климат

F) Географиялық климат


24. Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, әсер етуге арналған тәрбие әдісі:

A) Жазалау

B) Талап қою

C) Үлгі-өнеге

D) Әңгімелесу

E) Бақылау

F) Ынталандыру

G) Жарыстыру




25. Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлаудың негізгі көздері:

A) Іс-әрекетке араласуды жеңілдету

B) Тәрбие үдерісінде қолданылатын формалар

C) Оқу жоспарын жүзеге асыру

D) Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты

E) Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасына тәуелді

F) Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Түркі халықтарының тарихы




1. Ұйғыр қағанының VIII ғ. ортасындағы саяси үстемдігі жеткен аймақтар:

A) Байкалдан шығысқа Маньчжурияға дейін

B) Байкалдан Тынық мұхитына дейін

C) Енисей қырғыздарына дейін

D) Жетісу, Шығыс Түркістаннан Хуанхэге дейін

E) Алтайдан Корей жеріне дейін

F) Каспий ден Алтайға дейін


2. Түрік қағанатының құрылуының негізгі себебі:

A) Өзен бойында орналасуы

B) Сыртқы сауданы дамыту мақсатында

C) Тайпалар арасындағы келісімдер нәтижесінде

D) Өз иеліктерін сыртқы жаудан қорғау үшін

E) Сыртқы қауіптің бетін қайтару үшін тайпалық одақтардың құрылуы

F) Шаруашылықтың жоғары деңгейі


3. Қаңлылар қоныстанған жер:

A) Қос өзен аралығы

B) Балхаш көлінің жағалауы

C) Эфиопия

D) Сырдария өзенінің орта ағысы

E) Ертістің орта ағысы

F) Балқаштан Ыстық көлге дейінгі аумақ


4. Батыс Түрік қағанаты иеліктерін мұралыққа алған түркі тілдес мемлекеттер:

A) Кимек қағанаты

B) Ұйғыр қағанаты

C) Көктүріктер

D) Оғыз державасы

E) Қарлұқ мемлекеті




5. Оғыз мемлекеті талқандалғанда халқы қоныс аударған аймақтар:

A) Батыс Еуропаға

B) Шығыс Еуропа

C) Кіші Азия

D) Шығыс Түркістанға

E) Хорасан

F) Таяу Шығысқа


6. Қарахан мемлекетінің алғашқы билеушісі:

A) Хасан Боғра

B) Санжар

C) Жүсіп


D) Сүлеймен-шах

E) Сүлеймен-ілік

F) Мұса

G) Әли Арслан




7. Моңғол үкіметті дамуға мүмкіндік жасады:

A) Феодалдық қатынастарды

B) Бау-бақша

C) Ирригациялық жүйені

D) Егінсалу

E) Почталық және тасушылық қызметтер жүйесін

F) Сауданы

G) Халықаралық қатынастарды




8. Батыс Түрік қағанатының құрамына кірген тайпалар:

A) Түргештер

B) Құтұрғұрлар

C) Аварлар

D) Үйсіндер

E) Карлұқтар




9. «Моголистан» (Могулистан) сөзінің этнонимі:

A) Тюрк


B) Моғол

C) Моңғол

D) Сяньби

E) Могул



10. Осман империясы аталды:

A) Ислам республикасы

B) Түрік Республикасы

C) Түрік империясы

D) Республика

E) Порта



11. Қырым хандығында ханнан кейінгі қызмет иесі болған

A) Облыс басшысы

B) Бекініс басшысы

C) Жарты аралдың шығыс бөлігін билеуші

D) Сарай билеушісі

E) Қалға-сұлтан

F) Жарты аралдың батыс бөлігін билеуші

G) Қаймақан




12. Үндістанда Бабыр (1526 - 1530) негізін салған Ұлы моғолдар әулетінің (1526 - 1838) билеушілері:

A) Ұлықбек (1394 - 1449)

B) Жаһангір (1605 - 1627)

C) Аурангзеб (1658 - 1707)

D) Мухамед Шайбани

E) Акбар (1556 - 1530)




13. Қазақ хандығындағы жоғарғы заң шығарушы билікке ие болды:

A) Сұлтандар құрылтайы

B) Құрылтай

C) Үлкен жиналыс

D) Ақсақалдар жиналысы

E) Рухани жиналыс

F) Жоғарғы сот


14. XIII - XVIIIғ. Азербайжан мәдениетінің аса көрнекті ақындары:

A) Фазуллах Нейми

B) Имад - ад - Дин Несими

C) Мұхамад Абаз

D) Мухамед Хайдар Дулати

E) Шах Махмуд ибн Фазил Чорос

F) Мұхамед Жүсіп Мұнша

G) Зайн ад - Дина Васифи




15. Алтын Орда құлаған соң құрылған Ноғай ордасы орналасты:

A) Оралдағы Сарайшық астанасында

B) Волга мен Дон арасында

C) Арал теңізі жағалауында

D) Хорезм астанасында

E) Қазақстанның шығысында

F) Қазақстанның солтүстігінде


16. Қырғыз халқын үлкен топ құрады:

A) Қырық рулы

B) Оғыз - тоғыздар, қимақтар

C) Отыз ұл

D) Оңтүстікте Қытай

E) Аморейліктер тобы

F) Имектер, қыпшақтар, оғыздар


17. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ашылғаны туралы жариялады:

A) Түрік мектебі

B) Түрік институты

C) Түрік музейі

D) Түрік театры

E) Түрік академиясы




18. Түрік әлемінің бірлігі немесе тюркизм – бұл түсінік түріктерден шыққан:

A) Өзбекстаннан

B) Голландиядан

C) Поволжьеден

D) Қазақстанның

E) АШҚ - тан

F) Франциядан


19. Қоқан хандығында тұрғандар:

A) Қытайлар

B) Грузиндер

C) Қырғыздар

D) Поляктар

E) Украиндықтар

F) Өзбектер


20. Ғұндардың тарихына, этнографиялық ерекшелігіне бірінші болып ғылыми қызығушылық тудырған

A) Бань Гу

B) Сымя Цянь

C) «Тарихи жазбалардың» авторы

D) Страбон

E) Фукидид




21. Константинопольді османдардың жаулап алуының негізгі факторлары:

A) Византиялықтардың алым-салықты көбейтуінен

B) Өзінің территориясын османдар кеңейтуді мақсат етті

C) Константинополь ірі стратегиялық пункт

D) Османдар теңізге шығуға мүмкіндік алғысы келді

E) Рим папасы османдарға Константинопольді басып алуға көмектесуінен




22. Сежүктер мемлекетінің сұлтандары:

A) I Кылыдж Арслан

B) Алып - Арслан

C) Абылай хан

D) Сұлтан Сулейман

E) Сұлтан Мехмет




23. Төмендегі нұсқалардан Түркологияға қатысты құнды дерекнамалар:

A) Рашид ад - диннің «Жами ат - тауарих» еңбегі

B) Корейдің «Самгук - Саги» мен «Самгук Юса» жылнамалары

C) Ливий, Полибий, Аппианның деректері

D) Парсы патшасы Дарий дің «Бехистун» бітіктері, «Накши Рустем» жазбалары мен Мысыр деректері

E) Рубрук, Марко Поло мен Х.Колумбтың жазбалары

F) М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат - түрік» еңбегі, М.Х.Дулатидің «Тарих - и Рашиди» еңбегі

G) Құтлық қаған жазуы, Орхон - Енисей жазуы ескерттіштері




24. Түркияның армиясының құрамы:

A) Жасақ


B) Ондық

C) Сипахилар

D) Янычарлар

E) Акынкебек

F) Ұлан

G) Түмен



25. Мұсылман дінін ұстайтын түркі халықтары:

A) Арабтар, күрдтер

B) Еврей, гректер

C) Азербайжандар, балкарлар

D) Болгарлар, сербтер

E) Карачайлықтар, кумыктар

F) Армян, грузин

G) Татар, түріктер


Түркі халықтарының тарихы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ







Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет