«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм



Дата24.05.2017
өлшемі50,41 Kb.
#16922









«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды

алдын алу және ескерту бойынша қабылданатын іс-шаралар

туралы ақпарат

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) тиімді орындалуы сыбайлас жемқорлықпен күресуде нақты нәтижелерге жетудің басты талабы болып табылады. Заңның 22-бабы 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Заңды жүзеге асыру мақсатында «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде (бұдан әрі – Бөлім) 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін сақтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Осы Жоспарды орындау мақсатында Бөлімде мынадай шаралар қолданылады:



  • «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ–нде 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін сақтау бойынша іс-шаралар жоспары www.rudsots.kz интернет-ресурсында және Бөлімнің әкімшілік ғимаратының 1-ші қабаттағы фойеде орналастырылған;

  • «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі, атап айтқанда Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік және орыс тілдерінде халыққа көрінетін қолжетімді орында орналастырылған;

  • құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе қылықтарды айқындау үшін жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-44-96 «сенім телефоны» ұйымдастырылып, жұмыс істейді, сол телефон арқылы азаматтарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Бөлімнің әкімшілік ғимаратының 1-қабаттағы фойеде «Ескертулерге, ұсыныстарға және сын-пікірлерге арналған» арнайы жәшік орналастырылды;

  • www.rudsots.kz интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деген бөлім бар, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жадынама» және «Бопсалау немесе пара алуға азғыру (параға сатып алу) жағдайында не істеу керектігі жөнінде азаматқа жадынама» орналастырылған.

  • Бөлім сайтында басшымен және Бөлім басшысының орынбасарларымен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған;

  • «Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы» жүргізіледі, онда азаматтарға немесе мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын бұзу туралы қандай болса да хабарламаларды және шағымдарды тіркеуге болады;

  • мемлекеттік сатып алулар бөлімде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңа сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алу жоспарлары және шарттар тізілімі мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және бөлім сайтында орналастырылады;

  • мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарымен Бөлім басшысының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізу, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылық көзделетіні белгіленді;

  • мекемеміздің қызметкерлері 2016 жылғы 25 ақпанға дейін салық органына 2015 жылы бойынша табысы мен мүлігі жөнінде мәліметтерді ұсынды;

  • «Рудненский рабочий» газетінің 2016 жылғы 18 наурыздағы, 2016 жылғы 15 қарашадағы нөмірінде «Халықты әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар»; «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жұмысы туралы» атты мақалалар жарияланды;

  • жаппай құқықтық оқыту жұмысын ұйымдастырудың оқу–тақырыптық жоспарына сәйкес ай сайын сабақтар өткізіледі;

  • кесте бойынша біліктілікті арттыру курстарында мемлекеттік қызметшілердің оқуы және қайта даярлауы жүзеге асырылады;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жүзеге асырылады. Халыққа қызмет көрсету барысында төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністерін жою мақсатында мамандармен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерін түсіндіру және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша жұмыс жүргізеді;

  • 2016 жылғы 24 мамырда «Тұрғын үй көмегін көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету», «Тұрғын үй көмегін көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету барысында проблемалы мәселелерді талқылау», «Халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жібермеу туралы» тақырыптары талқыланды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Рудный қ. № 1, № 2 бөлімінің басшылары мен жұмыскерлері, «Рудный қалалық жұмыпсен қмту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын үй көмегі секторының меңгерушісі қатысты;

  • 2016 жылғы 18 тамызда, 06, 09 қыркүйекте «Рудный даусы» ТРК «Қала жаңалықтары» ақпараттық шығарылымдарда мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша ақпарат таратылды.

Жыл басынан бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 15166 құрды, оның ішінде қызмет көрсетуші арқылы – 7105, ХҚКО – 7955, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 21, кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімі арқылы – 85.

Сонымен қатар Бөлімге 584 өтініш түсті. Барлық өтініштер уақытында қаралды және орындалды, өтініш иелеріне жазбаша түсініктемелер берілді. Қайталанған және иесі бүркемеленген арыздар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында шығармашылық және спорттық қабілеттері мен дағдыларын дамыту үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері жөніндегі министрілігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2016 жылғы 26 мамырда Қостанай облысының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында шығармашылық конкурс ұйымдастырылды. Шығармашылық конкурсқа «Вокал» номинациясында азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу жөніндегі секторының меңгерушісі Светлана Борисовна Ширшова үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар 2016 жылғы 28 мамырда Рудный қаласы әкімдігі тобының құрамында болған Бөлім қызметшілері саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген спартакиадада бірінші орынға ие болды.



2016 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқының тілдер күнін мерекелеу шегінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты қалалық конкурс өткізілді. Қалалық конкурста бас маман Ирина Петровна Кожевникова 3 орынға ие болды.

Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасады.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет