С 89 Сұлтанғазина Г. Ж. Регионалды флористика



бет3/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#10869
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер тізімі: 1, 126 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Географиялық шағын аймаққа ғана таралған, басқа жерде кездеспейтін түрлерді не деп атайды?

2 Барлық материкте кездесетін өсімдіктерді не деп атайды?


8 тақырып Ареалдың қалыптасуы

Мақсаты:

- ареал орталығы ретінде түсінік беру

Жоспар:

1 Ареал орталығы


1 Ареалдың пайда болуы ең алдымен өсімдіктердің бір түрінің белгілі бір жерге тұқымы түсіп, алғаш өсіп шығуына байланысты. Ол жерге бару, немесе жету үшін – су, жел, жан-жануарлар, адамдар арқылы таралуы мүмкін. Осындай тұқымның жаңа жерге барып, алғаш өсе бастауын диаспора деп атайды. Тұқым арқылы да басқа тамырсабақ арқылы да вегетативті жолмен таралуы да, көбеюі де мүмкін. Әрине, тұқым жолымен болсын, вегетативтік жолмен болсын жаңа жерге бару, жету, өсу, көбею, ол территорияны емдену, басқа өсімдіктерді «ығыстыру» да өте ұзақ уақыт, күрделі процестер өтеді. Қандай да бір өсімдік түрі болмасын ең алғашында, ол аз жерді иемденетіні, саны да аз болатыны белгілі.

Кейбір жағдайларда өсімдік бір түрінің өз ареалы – болуы мүмкін, тек экологиялық жағдайларға тәуелділіктен Европада шырша /ель европейская – Picea excelsa/ - ал Азия жерінде ель сибирская /Picea obavata/ ағаштары өседі. Экологиялық жағдайлардың әсерінен, кейбір өсімдіктер морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, құртқашаш /касатик ирис – Iris pumila/ өсіп тұрған жеріне/ топырағына/ байланысты гүлінің түр-түсі /полихроизм/ - күлгін, көгілдір, ақ, сары т.б. аралас түстермен ауысып, жалғасын табады. Кейіннен сол түсі қалыптасып тұқым қуалайтын тұрақтылығымен үштасады. Оңтүстік дала аруы – қызғалдақ та /тюльпан – Tulipa Schrenkii/ өсіп тұрған жеріне байланысты гүлдері сары, ақ, қара, қызыл болып келеді.

Ареал орталығы деп айту - әртүрлі мағына беретіндіктен және ол таралу орталығы – жаңадан пайда болып жатқан ареал ма? әлде, тұқымның таралатын жерін – ареал орталығы деп атаймыз ба? тағы басқа да сұрақтар баршылық.

Дегенмен, үш ареал орталығын сарапқа салып көрейік:

1.Геометриялық орталық

2.Негізгі орталық. Өсімдік түрі өсіп-өніп, осы жерден тарала бастаған /миграция/

3. Негізгі орталығы жоқ.

Материк – континентте кеңінен таралған. Бірінші, және екінші ареал орталығында бір-біріне ұқсастығы көп... түр жаңадан қоныстанып, қолайлы жағдайдың әсерінен кеңінен етек жая бастаған кезеңдер; адамзат қоғамының өсімдік түрлеріне саналы, қолайлы жағдай жасап, аумағын, көлемін кеңейткен жағдайда; геологиялық трансгрессиялық т.б. табиғат өзгерістерінен пайда болған жаңа ареалдар.

Бұрыңғы ареал немесе ескі ареал, сонау геологиялық уақыттан бері келе жатқан өсімдік ареалы – уақытқа, мезгілге, маусымға байланысты өзгерістер өтуі мүмкін. /Өсімдік түрінің азаюы, жойылып, құрып кетуі/, бірте-бірте климат жағдайларына байланысты – қайтадан сол жерлерді иемдену немесе жаңа жерлерге қарай ығысу. Мысалы, тың, далалы жерлерде көптеп кездесетін ... бетеге түрлері /ковыль Stipa Lessingiana, S. Stenophylla/, жанаргүл /горицвет - Adonis vernalis/, ебе қаңбақ /качим, гипсолюбка - Gypsophila paniculata/, тобылғы /тазалга шестилепестная - Filipendula hexapetala. Оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталғанда жоғарыда көрсетілген өсімдік түрлерінің сирек кездесіп, азаятынын байқауға болады.

Әдебиеттер тізімі: 1, 126 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Ареал орталығы дегеніміз не?

2 Таралу орталығы дегеніміз не?


9 тақырып Ареалдың бөлінуі

Мақсаты:

- өсімдіктер ареалы туралы түсінік беру

- реликті ареал туралы білім беру

- ареалдың бөлінуі, ажырауы, бөлшектенуң оларды зерттеу практикалық маңызы



Жоспар:

1 Ареалдың бөлінуі, көлемінің өзгеруң - дизьюнкация


1 Қандай да бір өсімдік түрі болмасын өзінің территориясында барлық ареалды дерлік түгел алып жатпайды. Себебі, сол бір ареалдың өзіндегі барлық жерінде, оған қолайлы жағдай бола бермейтіні түсінікті. Сондықтан да әрбір өсімдік белгілі бір «нүктеде» өседі. Бір өсімдіктер түрі сол өз ареалында көп болып, кейбіреулері әр жерде, кейбіреулері сирек өседі. Өз ареалында көп тараған өсімдіктер төзімді де көп «қамқорлықты» қажет етпейді. Мысалы, жатаған бидайық /пырей ползучий – Agropyron repens/, ол сиректеу таралған өсімдік, өзі өсәп тұрған ортаға «жақсы» жағдайдың болуын қажет етіп мысалы, мүк жидек /клюква - Cxycoccos palustris/, шықшөп /росянка - Drosera rotundifolia/ оңтүстіктің орманды зонасында жоғарылау жердегі батпақты жерлерді ғана таңдап өееді. Әр түрдің өсіп тұрған жері «нүктесі» өзіне барлық керекті қажеттіліктер – топырақ ылғалдылығы, су, белгілі температуралық жағдай, басқа өсімдік конкуренцияның аздығы факторлары өсімдіктің өсуі, таралуы, орналасуына рельефпен, топырақ жағдайы ерекше орын алады.

Өсімдіктер ареалы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қала алмайды. Олардың аумағы бір уақытта кеңіп, бір уақыттарда қысқарып кеміп, тарылып отырады. Алғашқы кезде сол түр ареалда өсіп пайда болады да оның аумағы, алатын территориясы кішігірім болады. Соңынан экологиялық тіршілік етіп отырған ортаға байланысты / жер, топырақ, ауа райы ылғалдылықта/ ареалы кеңи бастайды. Өсімдіктердің сол түрінің таралу аймағы территория шегіне жетеді де, преал аумағы да өзінің шегіне жетіп тұрақты болады. Кейбір ареалдар керісінше регрессивтік өзгерістерге ұшрайды – территорияның өсіп тұрған аумағының, ареалының да қысқаруы – тіршілік ортасындағы болатын өзгерістер, ауа райының құрғақшылық болуы, жер бедерінің рельефтегі болған өзгерістер /жер сілкіну, дауыл/ факторлардың кері әсерінен үлкен аумақты ареал қысқарып, құрып, азайып, өсімдіктер кішкентай ғана жерде орналасып қалуы мүмкін. Мұндай ареалды – реликті ареал деп атайды. Реликті ареал, мысалы, /секвоядендрон – мамонтовое дерево/, тюльпан /тюльпанное дерево Leriodendron tulipifers/, саз кипарисі /блотный кипарисTaxodium distichuni/.

Ареалдың өзгеруі – уақытқа, экологиялық жағдайға байланысты, тек үлкею, кішірею жолында емес, біртұтас, бүтін ареалдың бөлініп, жеке-жеке бөлшектеніп, тіпті континеттерге таралып кетуі мүмкін. Мысалы, Магнолия /Magnolia/ екі континентте: 1. Солтүстік Америка 2. Оңтүстік Шығыс Азияда. Катальпа /Catalpa/ туысының жағдайы да солай. Жеке-жеке бөлініп кеткен бір туыс өсімдіктердің жалпы саны /дизьюнкция/ 150.

Ареалдың бөлінуі бір-бірінен алшақ емес бір континетте де болуы мүмкін. Мысалы, Джексония /Jacksonia/ туысы орналасқа бір бөлігі Австралияның батыс материгінде болса, екінші бөлімі – Австралияның шығыс жағында.

Өсімдік ареалының континеттерге /материктерге/ таралып, бөлшектеніп кетуін бір себептермен, бірнеше мысалдармен дәлелдеу мүмкін емес. Алғашқы кезде жер планетасында бүтін, біртұтас болғандығы кейіннен континенттердің материктерге бөлініуі нәтижесінде көптеген өсімдіктер, мысалы, протейлы тұқымдасы өсімдіктер түрлері – Австралияда, Африкада; Оңтүстік Америка жерлерінде кездесуі сөзіміздің дәлелі. Европа, Кавказ, Кіші Азия жерлерінде өсетін папоротник /папоротник-блехнум - Blechnum spicant/ ареалдары өте алшақ Жапония мен Солтүстік Америка жерінде кездеседі. Маралоты /василистник альпийский - Thalictrum alpinum/ сарғалдақтар тұқымдасының өкілі – Арктика, Евразия, солтүстікте және жоғарғы тау белдеулерінде өседі. Ареал алшақтығы мұхиттағы су балдырлар – қоңыр балдыр өкілдері ламинарияға да тән. Симфония / Symphonia/ туысы, шайқурай тұқымдас өкілі Африкада да Америка жерінде де, ақ қараған /белая акация – Robinia pseudoacacia/ өсімдігінің отаны Солтүстік Американың шығыс аудандары. Қазіргі кезде бұл өсімдік – Аппалач таулары, Пенсильваниядан, Джорджиге дейін, Айова, Миссури, Охлахома штаттарында, Европада – Украина, Франция, Германия, Жерорта теңізі, Азия, Африка материгінде кездеседі /7-сурет/.

Ареалдың бөлінуі, немесе бір-бірінен ажырауы, таралуы /дизьюнкция/ бұл мәселенің де өз себептері жетерлік. Әсіресе тарихи геологиялық өзгерістер, осыған байланысты ауа райы /жер бетінде жылдың төрт мезгілінің сақталмауы/, су /ылғалдылықтың жер бетінде бірдей болмауы/ жел, топырақ және адамзат қоғамы да бұл мәселеде үлкен роль атқарады.

1. Климаттың қолайсыз болуына байланысты біртұтас ареал бірнеше бөлімдерге /бөлшектерге/ бөлінеді. Соның әсерінен кейбір жерлердегі өсімдіктер жойылып кетті.

2. Бөліну, бөлшектену миграциясының әсерінен немесе сол жерде өсіп тұрған өсімдіктің ареалы әртүрлі жағдайына байланысты өліп, құрып, жойылып кетуі. Мысалы, Европада мұз жүрген кезде Альпі тауының жоғарғы биіктіктегі өсімдіктері жер қабатымен бірге төмен қарай жылжып мұзбен бірге ала кеткен. Мұз еріп кері қайтқан кезде еріген мұз сонымен өсімдіктерде солтүстікке қарай жылжып, ілесе өсіп отырған. Дегенмен Альпі тауының Альпі флорасы бұрынғы қалпына келген жоқ. Альпі флорасы түгел жойылып кетті.

3. Геологиялық жағдайларға байланысты континентальдық жағдайлар, жердің төмен түсуі, су астына батып кетуі де өсімдіктерге кері әсер етті.

4. Вегенер А. Теориясы. Ареалдың бөлінуі тарихи геологиялық жағдайларға байланысты континенттердің бір-бірінен ажырауы, біртұтас континенттердің бірнеше материктерге бөлінуі, олардың бұрынғы дәуірде біртұтас болғандығы, бөлінген континенттердің өсімдіктердің бір-біріне ұқсастығы Европа мен Солтүстік Америка өсімдігі, Оңтүстік Америка мен Африка, Оңтүстік Африка және Австралия өсімдіктерінің ұқсастығын А. Вегенер өз теориясымен жорамалдап дәлелдеді. /А. Вегенер теориясына келесі тақырыпта толық анықтама береміз/.

5. Алғаш жерді иемденуіде /таралу – миграция/ споралы өсімдіктер «пионер» деп есептелінеді. Спораларының тез таралуына байланысты ең алғаш споралы өсімдік өкілдері өсе бастайды.

6. Жер шарында зерттеулер жүргізген ғалымдар, энтузиастар, туристер, корабль, самолет жолаушылары да өздерімен бірге мәдени өсімдіктермен бірге арамшөптер өкілдерінде ала келді: агава /Agave americana/ Мексикадан: майдажелек /мелколепестник Канадский-Erigeron Canadensis/ Солтүстік Америкадан Европаға таралды. Мәдени өсімдіктерді де /жүгері, күнбағыс, кофе, какао, эквалипт /Португалия/ жем-шөптік, техникалық, сәнділік үшін кең алқапта плантация күйінде өсірілуі дәлел.

Ареалдың бөлінуі, ажырауы, бөлшектенуі оларды зерттеу себептерін анықтаудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Өсімдіктердің филогенетикалық заңдылықтарын білу, өсімдіктер географиясы туралы толық мәлімет алу үшін де қажет.

Ареалдың бөлінуі, ажырауы, әр континент – материктердің барлығында да бар:

1. Евразиялық – Солтүстік Америка өсімдік түрлерінің ареалдар ажырауы. Мысалы, тал /ивовые – Salicaceae көптеген түрлері Евразияда, қалған түрлері Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада, балқарағай, шырша, вереск, қарақат Евразия мен Солтүстік Америкада өседі.

2. Солтүстік Тынық мұхит ареалдары. Катальпа/Catalpa қылқанжапырақтылар/Torreya/, тюльпан ағашы /тюльпанное дерево-Zamiaceae Lirodendron/ тұқымдасы, тропика, субтропика, Азия, Африка, Америка жерлерінде өседі.

3. Палеотропикалық – Anisophylla, Nepenthes туыстары шығыс Африка, Индия, Мадагаскар жерлерінде кездеседі.

4. Оңтүстік Тынық мұхит ареалында – Drimus туысы Оңтүстік Америка, Жаңа Зеландия, Австралия жерлерінде өседі.

5. Оңтүстік Атлант мұхит ареалы – Ravenala туысы – Оңтүстік Америка Атлант мұхит жағалауы, Африка, Мадагаскар жерлерінде өседі.

6. Антарктида ареалы – Nothafagus туысы – шамшат /бук/ өкілдері – Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Австралия, Антарктида материгінде өседі.

7. Австралия ареалында – Батыс, Шығыс және Орталық Австралия жерлеріндегі өсімдіктері де әр түрлі.

Ареалдарды зерттей, тексере келе бір тұжырымға келгенде бір-біріне ұқсас ареалдар жоқ.. Бір өсімдік түрлерінің бірнеше материкте кездесуі, жер бедеріне, климат, топыраққа байланысты өсімдіктердің таралуына, группаға жіктеуге болатындығына А. Вегенер теориясының «дұрыстығына» мысалдар келтірдік.



Әдебиеттер тізімі: 2, 46-51 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Қандай ареалды - реликті ареал деп атайды?

2 Дизьюнкация дегеніміз не?


10 тақырып Вегенер теориясы

Мақсаты:

- Материктер дрейфг теориясымен таныстыру

- Иримшер, Дильс, Вульф ғалымдар теориясымен таныстыру

Жоспар:

1 Вегенер теориясы бойынша континенттердің бір-бірінен ажырау болжамы


1 Неміс ғалымдары А. Вегенер /1915, 1927/ жарық көрген еңбектерінде кейіннен В. Кеппенмен бірігіп /1924, 1940/ палеографиялық теорияның дұрыс еместігін дәлелдей келе, өздерінің материктердрейфг теориясын ұсынды. А. Вегенердің – материктер дрейфг теориясы бойынша жердің пайда болу тарихында, бұрынғы геологиялық периодтарда – Америка, Африка, Европа, яғни жер шары біртұтас бүтін жан-жағы сумен шайылған үлкен кесек тас /қойтас/ пішіндес проконтинент болған. Геологиялық эрада, уақытқа, әр түрлі факторлармен қоса жер қыртысындағы тектоникалық өзгерістер үлкен кесе тасты бөлшектерге бөлген. Сонымен жан-жағы шайылып, су қоршаған қазіргі пішініне келген. Ғасырлар бойы жер қыртысының тербелуі, ығысуы, жер сілкінуі – географиялық ендіктерге өзгеріс енгізді, жер шарының климаттық зоналарында өзгеріске ұшырады /Шафер, 1956. 189б./. Палеографиялық теорияда – жер шары бір периодтарда су астына батып, кей периодтарда су бетіне көтерілгеннен пайда болған көпірлер теориясы бар. Мерилл /1946/ жер планетасы пайда болғанда – Атлантида атты шөлдала болған, айналасы су болғандықтан, Атлантида шөлін су шая келе суға шөгудің нәтижесінде, қазіргі жер планетасы пайда болған деп жорамалдайды.

Польша ғалымы Нехая /1928/ палеонтологиялық, палеоклиматология ғылым салаларын пайдалана отырып А. Вегенердің материктер дрейфі – геологиялық жағынан дұрыстығын, Кульчинский /1928/ ботаника саласынан, Пачоский /1935/ география жағынан, А.Вегенердің теориясын дұрыстады, Штеффен /1942/ А.Вегенер теориясының дұрыстығын – ықтималдар теориясымен /теория вероятностей/ дәлелдеді.

Ирмшер /1922, 1931/ Дильс /1928/, Вульф /1932, 1935, 1944/ ғалымдар А. Вегенер теориясына қарсы екендіктерін өз жорамалдауларымен дәлелдеп бақты. Жер шарындағы теңіз трансгрессиясымен регрессиясы нәтижесінде жер бетінде болған өзгерістерді жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, Британия аралдары мен Корсиканың Европамен байланыстылығы, олардың плейстоценде біртұтас болғандығы немесе үштік дәуірде – Жаңа Гвинея мен Австралияның, Жаңа Гебрид, Маршаллова аралдары – Юра, Бор кезеңдерінде Америка континентті Африка, Европамен бірге біртұтас болған, ол кезде Атлант мұхиты болмаған.

Көпшілік ғалымдар А. Вегенер теориясын жоққа шығармайды, керісінше қосымша ой тізбектерімен, өз жорамалдауларымен, болжамдарымен толықтырды. Мысалы, теңіздегі, мұхиттағы керемет, күштітрансгрессиялар мен регрессиялар – изостазия факторлар нәтижесінде, вулкандардың атқылауынан жер тектоникасы қозғалысқа келгеннен пайда болған /Шафер, 1956/.

Жер шары құрылымы /көптеген теориялар келтірсекте/ туралы мәселе даулы екендігі, жорамалдармен, болжамдардың көптігі, олардың әлі толықтыру қажеттігін ескере келе, негізгі дизюнкцияларға тоқталайық:


  1. Голарктикалық дизьюнкция /Грей, 1851; Энглер, 1872/

  2. Аркто-таулы дизьюнкция /Кульчинский, 1924; Ферналь, 1925/

  3. Голантарктикалық дизьюнкция /Скоттсберг, 1925, 1936/

  4. Полюсаралық дизьюнкция /Фернальд, 1926/

  5. Солтүстік Трансатлантикалық дизьюнкция /Фернальд, 1929, Ирмшер, 1936/

  6. Экваторлық трансатлантикалық дизьюнкция /Энглер, Дильс 1935/

  7. Континентальдық таулы дизьюнкция /Дю-Риэ, 1939/

  8. Пантропикалық дизьюнкция /Вестер, 1940/

  9. Лемуриялық дизьюнкция /Вестер, 1940/

  10. Шашыранды дизьюнкция /Гирмер, 1942/

  11. Тынық мұхит дизьюнкциясы /Эйдман, 1934/, Куенен 1950/.

Дизьюнкция бұл келтірілген пунктермен бітпейтіндігі, тіпті бір материктің өзінде – Австралияда – 3 /Дильс, 1907/, Жерорта теңізінде – 7 /Вульф, 1935/, Польшада – 9 /Шафер 1919/ дизьюнкция барлығы, келешекте де көптеген зерттеулер жүргізуді қажет ететіндігінің дәлелі.

Әдебиеттер тізімі: 2, 52-58 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Вегенер теориясы бойынша континенттердің бір-бірінен ажырау болжамы

неде?

2 Негізгі дизьюнкцияларды атаңыз?



11 тақырып Эндемизм. Реликт және викаризм

Мақсаты:

- эндемді өсімдіктердің даму нәтижесін игеру

- реликті өсімдіктерге түсінік беру

- викаризм туралы түсінік беру



Жоспар:

1 Эндемді өсімдіктер

2 Эндемдердің, эндемизмнің табиғи даму кезеңдері

3 Реликті өсімдіктердің өсуі. Викаризм


1 Философия заңдылығы бойынша барлық зат қозғалыста, барлық зат өзгермелі, құбылмалы екендігі материк – континентке де қатысты екендігін ескерсек, ондағы ареал өсімдіктерінің түр саны да, аумақ – көлемі де, бір түрдің азайып, екінші бір түрдің кеңеюі ғасырлар бойы тұрақты болмағандықтың дәлелі. Өсімдік түрлерінің ішінде материктерде таралу шегі бар, белгілі бір географиялық регионда ғана өсетін, басқа жерлерде жабайы түрінде кездеспейтін өсімдік түрін – эндемді өсімдік деп атайды. Эндемдер тек өсімдік түрлері ғана емес, басқада таксондарда /туыс, тұқымдас/ болуы мүмкін. Әрбір географиялық континент – материктердің өз эндемді өсімдіктері бар. Эндемдерде жер бетінде біркелкі таралмаған. Кей материкте түр саны да, көлемі де, үлкен аумақты жерлерді алып жатса, екінші бір жерлерде – эндемді өсімдіктер пункт, аудан көлемінде қалып қойған, ал кей материктерде, ареалда да кездеспеуі де, өспеуі де мүмкін. Зерттеулердің нәтижесінде ертеде пайда болған материктерде, ареалдарда эндем түрінің көбірек өскендігі дәлелденді. Әсіресе, басқа материктермен қатынасы жоқ, жекешеленген, оқшауланған материк ареалдарда эндемді өсімдіктер түрі көп. Мысалы, Жаңа Зеландия флорасының 75% эндемді өсімдіктер. Себебі, ұзақ уақыттар бойы Жаңа Зеландия басқа материктермен қатынаста болмай, араласпағандығынан деп дәлелденіп отыр.

Оқшауланған материктермен, аралдарда, ареалдарда ғасырлар бойы өзгеріссіз бірқалыпта өскен өсімдіктер тобында жаңа өсімдік түрлерінің пайда болу мүмкіндіктері үлкен, екіншіден басқа материктерде бар, кейіннен әр түрлі факторлардың әсерінен жойылып, құрып кеткен өсімдіктер түрінің ареалдары сақталуы мүмкін.

Эндемді өсімдіктер материк, ареалдан басқа таудың альпі, субальпі белдеулерінде де сақталу мүмкіндіктері бар. Биік тау белдеулерде /теңіз аралдары тәріздес/ тау етегімен, жазық жерлермен қатынасы жоқ. Биік тау эндемдерінде да жаңа пайда болған «жас» өсімдік эндемдер жоқтың қасы. Кавказ тауында 6000 өсімдік түрінің 1153 – яғни – 20% эндем; үлкен Кавказда – 390 эндемді өсімдіктер бар. Гросгейм А.А. /1936/ үлкен Кавказ жотасында 200 эндемді өсімдіктің барлығын, тасшөптің /тимьян/ 39 түрінің 29 эндем, жоңышқаның 11 түрінің – 4 эндем; Мадагаскар аралының 6500 өсімдіктер түрінің – 90% эндемді өсімдік екендігі туралы мәліметтер бар.

Эндемдердің, эндемизмнің екі табиғи даму кезеңі болады:

1. Өсімдік ареалының геологиялық себептермен, тарихи уақытпен кеміп азаюы 2. Өсімдік ареалының жаңадан пайда болған кеңістікте кең жайылуына мүмкіндігі болмаған жағдайда. Бірінші жағдайда сол жерде өте ертеде пайда болған, қазіргі кезде азайып, құрып бітуіне жақын, тек кішігірім жерлерде ғана кездесетін өсімдіктер тобын – палеоэндемдер деп атайды. /Секвоядендрон – мамонтовое дерево – Seguoidendron, саз кипарисі-болотный кипарис-Taxodium. Екінші жағдайда, соңғы ғасырларда пайда болған «жас» өсімдіктер тобы. Бірақ таралу ареалыда, алып жатқан аумақ – территориясы шектелген, себебі, кең аумақты жерлерді қамтуға «үлгермеген» өсімдіктер тобы неоэндемдер деп аталады /наурыз шешек-первоцвет-Primula қоңыраугүл-колокольчик-Campanula, крупка-Drabo/. Крупка тек Кавказда ғана өседі.

Континент – материктердің, ареалдардың жеке пайда болу тарихы, дамуы, геологиялық, трансгрессиялық өзгерістер факторлардың әсерінен флора мен фауна түрлері, санына, көлеміне әсерін тигізбей қоймайды. Жаңа Зеландияда – 72, Святая Елена аралында – 85, Каледония, Мадагаскар, Гавай, Галопогос, Канар аралдарында – 50-85 аралығында басқа жерде кездеспейтін палеоэндемді өсімдіктер өссе, Бермуд, Полинезия аралдарында эндемді өсімдіктер жоқ.

Ерте кезеңдерде пайда болған, сол жерде өсу, даму, таралу тарихи өзгерістерден өсіп, қазіргі кезде аумағы тарылып, жойылып бара жатқан басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер тобын реликт өсімдіктер деп атаймыз. Реликт өсімдіктердің өсуі, үлкен ареалды алып жатуы, сол өсіп тұрған жердің ұзақ уақыт қолайлы жағдайлардың болғандығының дәлелі. Ол өсімдіктің өзінің сан жағынан да алып тұрған көлемі жағынан да аздығын дәлелдеу геологиялық және палеоботаникалық қазба жұмыстары арқылы да, уақытында өз дәуірінде олардың көлемді жерді алып жатқандығын дәлелдеу қиынға соқпайды. Саговниктер /Cycodales/ ареалы реликт екендігі палеоботаникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Гинкго/Ginkgo Biloba/ класс Ginkgoales мезазой дәуірінде кеңінен таралған, қазір тек батыс Қытай таулы аймағында ғана азғантай аймақты алып, өсіп тұр. Қылқан жапырақты өсімдіктер өкілі /Seguoia Taxodium/ дәл қазір реликт өсімдіктер. Өсімдіктер жасы да біркелкі емес – мезазой, үштік дәуір, мұз дәуірі – мұз дәуірінен кейінгі пайда болған көпшілік өсімдік түрлері – реликт өсімдіктер. Үштік дәуірі өсімдіктері топан су қаптаған ө мұз дәуірінде аман қалған. Мысалы, Батыс Кавказ жағалауы, Талыш облысы, Қиыр шығыс, Қырымның кейбір жерлерін Волыно-Подольск, Привольжск, Орталық орыс қыраттары жерлерін топан су қаптамаған. Ертеден өсіп келе жатқан өсімдіктер: Қазанақ/багульник/Ledum polustre/, мүк жидек – клюква /Oxycoccus polustris/, қызамық- брусника /Vaccinum vitis idaea/, қайың/низкорослая березка- /Betula nana/, су бүлдірген/водяника-Empetrum nigrum/, қоға/рогоз, пушица- Trichophorum alpinum/. Ксеротермикалық реликт өсімдіктер – топан су, мұз дәуірінің алдында тіршілік етіп, мұз дәуірін «бастарынан» өткізіп – ыстыққа да, суыққа да «төзіп» шыққан тегіс дала, Прибалтика, Москва, Калинин, Ленинград облысы өсімдіктерінде жатқызуға болады. Егер сол жерлердегі өсімдіктердің кейбір түрлері жойылып, қазба түрінде табылса – палеоботаника саласының зерттеу, анықтау нәтижесінде де, сол жердің ерте заманда қандай болғанында өсімдік арқылы жорамалдауға жер шарында сол өсімдіктердің таралу шегінде анықтауға болады. Реликт өсімдіктер Мезазой эрасында пайда болған, мысалы, Гинкго/Ginkgo Biloba/, қылқан жапырақты өсімдіктер ішіндегі ең ертедегі кезеңде пайда болған өсімдіктің бірі – Секвойядендрон/Мамонтовое дерево-Seguojadendron.

3 Викаризм - өзара морфологиялық жағынан өте ұқсас бірақ әртүрлі географиялық аймақта өсіп тұрған өсімдік түрі: материктерде аралдарда. таулы аудандарда өсімдіктер таралуына өз әсерлерін тигізеді, немесе материктен аралдардың бөлінуі - өсімдік өсіп тұрған ареалдар өздерінен ездері оқшаулана береді. Өз дәуірінде үлкен аумақты, ареалды қамтыған материктің бөлінуі бөлшектенуі, ондағы өсіп тұрған өсімдіктердің бөлінуі - викаризм ареалы деп аталады. Мысалы, Швейцария альпісіндегі шерменгүл (горечавка-Сетіапа), Агаbіс реtrаса, Америка жеріндегі (Ріnus Stobic, Ріnus mоntісоlа). Морфология жағынан өте ұксас, ап география жағынан алшақ жерлерде таралып өсіп тұр. Ріnus Stobic - Американың шығыс жағында өсіп тұр. Бұл екі өсімдік Викаризм ареалын. таралу, ерекшелігін Солтүстік Америка жерінде өткен сонау геологиялық трансгрессияның әсерінен континент екі бөлшекке бөлінгенде қарағай да бөлініп, екі жаққа кете берген. Материк бөлінген соң жер жағдайы, ауа райы т. б. факторлардың әсерінен бір түрдегі қарағай морфологиялық езгерістергі ұшыраған. Біз мысалға келтіріп отырған қарағайдан басқада-теңіз транссгресиядан тау пайда болуы, вуоккан атқылау, мұз дәуірі факторлардың әсерінен өсімдік ареалдарының бөліну нәтижесінде: катустармен Африка сүттігені, саговниктер мен пальма, қасқыржидек, улы өсімдігі мен София, Алтайда шамшаттың Европада және шығыс Азияда өсіуі, жануарлардағы -Зубр мен солтустік американдық-бизон, Гималай тауы мен Амеркка аюы аралындағы туыстық, жақындық- викаризм процесінін дәлелі.



Әдебиеттер тізімі: 2, 58-69 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Эндемді өсімдіктер деп қандай өсімдіктерді атайды?

2 Викаризм ареалы дегеніміз не?


12 тақырып Өсімдіктер жабындарының зоналығы


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет