С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет20/37
Дата21.05.2020
өлшемі0.58 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «Бес табан» ойынын ойнау біледі.

Нені меңгереді: Ұлттық ойындардың қыр-сырларын меңгереді.
Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау.

27

Қазақтың ұлттық ойыны «Қақпақыл»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Асық ойындарын ойнату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру, еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Балаларды жылдамдыққа, дәлдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеті: Ойынның шартын жетік меңгеру.

Қажетті заттар: Қой малының асықтарына байланған сұрақтар, өрнекпен безендірілген қоржын, алдын ала дайындалған тапсырмалар.

Сабақ түрі: Ойын-сабақ.

Ойын барысы: Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды,

Сәлеметпе міне мен,

Доспын енді сенімен.

Қоржыннан асықтарға байланған сұрақтарды оқу арқылы тақырыпты ашу.

1. Асық қандай жануарлардан алынады?

2. Ұлттық асық ойындарының қандай түрлерін білесіңдер?

3. «Сақа» деп қандай асықты атаймыз?

4. «Ханталапай» ойынының шарттарын атап беріңдер.

5. «Асық ату» ойыны қалай ойналады?

Тәрбиеші: Балалар сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Ал, балалар, тұрмайық көңілді ойын ойнайық .

Ұлттық ойын «Ақсүйек».

Екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан «Қарақшы» сайлап алады. Ойын басшысының біреуі ақсүйекті алады да, алыстау жерге лақтырады. Ол кезде екі жақтың ойыншылары теріс қарап тұрады, сүйек жерге түсе салысымен ойыншылар іздеуге кіріседі. Ақсүйекті тапқан ойыншы қарақшыға апаруға тырысады. Ақсүйекті көп жинаған топ жеңімпаз атанады.

«Қақпақыл» ойынының шарты түсіндіріледі.

Бес асықпен, кейде бес жұмыр таспен де ойнайды. Қақпақыл ойнаушылардың әрқайсысы бес асықтан алып, салмақтылау асықты «Құспек» етіп ортаға қояды. Бұдан кейін әр бала қолындағы асығын жоғары қағып жіберіп, оны алақанының сыртымен қағып алады. Кім көп ұстаса, қалған ойыншылардың бәрі соған асықтарын береді. Ол барлық асықты қос уыстап жоғары көтере тастап, алақанының сыртымен қағып алады. Ұстаған асықтарының санына сәйкес жердегі асықтарды алу үшін «Құспекті» биікке лақтырып, қайта түскенше жердегі асықтарды белгілі мөлшерде алып, «Құспекті» жерге түсірмей қағып алу керек.

28
Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

«Кім жүйрік алда» дегендей, ең озық баланы анықтаймыз.


Қорытынды:

  • Асық қандай жануарлардан алынады?

  • «Қақпақыл» ойынын қалай ойнайды?

  • Сендерге «Қақпақыл» ойыны ұнады ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет