С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет24/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

3.Тапсырмалар орындау (асықты қолға жасыру арқылы қай топтың бірінші бастайтынын анықтап аламыз). 2 мин

Мына жерде әдемі жасалған көк, қызыл, жасыл және сары түсті асықтарды көріп отырсыздар. Екі топтан бір ата-анадан келіп,өзіне ұнаған асықтарды таңдайды. Яғни бұл асықтарда асық ойынының түрлері жасырылған. Әр топ өзіне түскен ойын түрін алып, өз орталарында отырып, талдап, түсініп, келесі топтың ата-аналарына ойнатады.

Ойынды өзара түсініп талдауға 3 минут беріледі. Ойнатуға ........минут беріледі.

«Хан алшы» және «Ханталапай» ойындары түсті. Енді орындарымызға отырып, өзара келісіп, ойнатайық.
«Хан алшы» ойынының шарты. Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық – «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да, бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады. Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

32

«Ханталапай» ойынының шарты. Бұл ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға 10 асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Бірінші ойыншы қос уыстап ұстаған барлық асықты ортаға иіруі керек. Басқа ойыншылар ханға қарап тұрады. «Хан» алшы түскенде балалар ортадағы асықтарға ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол иіреді. «Ханмен» бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады. «Хан» алшы түспесе, иірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды. Бір-біріне тимей, басқа асыққа соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі.Осылайша ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет