Сабақ : №121 Cабақтың тақырыбы: Балама хат. Жамбыл Жабаев



Дата04.07.2018
өлшемі27,6 Kb.
түріСабақ
Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4 сынып

Күні: 29. 04. 2014 ж

Сабақ : №121

Cабақтың тақырыбы: Балама хат. Жамбыл Жабаев.

Cабақтың мақсаты: Оқушыны Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп,

түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай

жасау, Жамбыл Жабаев атамыз Алғадай деген баласына жазған

хатымен танысамыз; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге

баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын

дамыту.


Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1-. Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?

- Қаралы қағаз алған Аян не істеді?

-Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды?

- Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

-Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?

-Сенің Аянға жазған хатыңды оқышы?

-Осы оқиғаға сенің көз қарасың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Суреттер топтамасымен жұмыс.

- Жамбыл ата туралы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ:

Кіріспе.

Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының алыбы атанған ақын. Ол айтыс ақыны ретінде халық арасында кеңінен танылған сөз шебері. Бүгінгі сабақта Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу, жалғастырып, өз тілінде түсіндіруі.

3. --Жамбыл ата соғыстағы баласына хатты қай кезде жазған?

--Хатта не туралы жазған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

--Өлеңдегі Жамбыл атаған Саурық, Сұраншы батырлар туралы не білесің?

--Жамбылдың жау, жауыз, залым, дұшпан деп отырғаны кімдер?

--Автордың бұл сөздерінен нені байқауға болады?

ҮІІ. Қорыту.

--Бүгінгі сабақта кім жайлы білдік?

Өлеңнің мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп айтып көр.



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2 . бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет