Сабақ : №24 Мектеп: Күні: 02. 03. 2020 ж. Мұғалім: Сынып: 9



бет1/2
Дата03.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#59414
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
неликтен
b29d0a5b-d0fc-44b8-93cc-71d424c0d398-Өзін-өзі-тану-ЕІ-102-338920

Сабақ : №24

Мектеп:

Күні: 02.03.2020 ж.

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.3.1.1 - «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 - 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану;

9.4.1.2 - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау

9.4.2.1 - экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтары, әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды, «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын, 1970-1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы Франция және басқа да индустриалды елдерде жаңа консерватизмге өту себептерін анықтайды, сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германиядағы әлеуметтік экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қорғау жүйесін әлемнің дамыған елдерінің экономикасымен салыстырады . КСРО –ның экономикалық дағдарысқа ұшырау себептерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын, 1970-1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді зерттейді, мысал келтіреді.

Ойлау дағдылары

Білу-түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийі

-Франция және басқа да индустриалдық елдерде жаңа консерватизмге өту себептерін «Екі жазба күнделігі» әдісі арқылы анықтайды.

-«Тұлғаны таны» әдісі арқылы Хрущев пен Брежневтің саясатының мәнін түсінеді, тақырыпқа сайкес жағдаяттарға байланысты деректерді салыстырып, өзіндік көзқарасы негізінде өмірмен байланыстырып талдайды

КСРО экономикасының дағдарысқа ұшырау себебін анықтайды.



Құндылықтарға баулу:

-«Мәңгілік ЕЛ» ұлттық құндылығының 4 құндылығы, Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

-Пәндік білімін өмірде қолдана білу.



Пәнаралық байланыс

Экономика, География, Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикасы жайлы біледі

Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер.

Консерватизм, әлеуметтік шиеленіс, жетекші, дамыған елдер, қарама-қайшылық, инфляция ,дағдарыс, стагнация



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Францияның әлеуметтік экономикалық жағдайы

-Британдық неоконсерватизм және «Социализмнің шведтік үлгісі»

-Германиядағы «Әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» белгілері

Жазылым бойынша ұсыныстар: жаңа сөздердің мағынасын дәптерге жазу, «Түртіп алу» стратегиясы


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

3 мин


5 мин
3 мин

2 мин


1 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Мен –ғажаппын!”тренингі

-Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Топқа бөлу: әр елдің астанасының суретері арқылы (сыни ойлау) (Лондон, Париж, Рим, Москва, Берлин, )

Өткен сабақ бойынша тапсырма: Дескриптор бойынша өзін, өзгені бағалау.



Кері байланыс: Бұл неліктен ең жақсы? Үй жұмысынан оқушылардан ең жақсы жұмысын атауды сұраймын және бұл жұмыстың неліктен ең жақсысы екендігін айтып беруді сұраймын.

Ой-қозғау: Консерватизм, , әлеуметтік шиеленіс, жетекші, дамыған елдер, қарама-қайшылық, инфляция,дағдарыс, стагнация –сөздері нені білдіреді. Осы сөздердің мағынасын білеміз бе?

Консерватизм - саяси және әлеуметтік жүйеде  дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды Стагнация - саясатта, экономикада, мәдениеттегі және т.б.экономикадағы, өндірістегі, саудадағы және т.б. тоқырау тоқырау. Саясатта қоғамдық өмірдегі тоқырау саяси селқостықпен, тұрғындардың саясаттан бас тартуымен сипатталды.

Осы сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу:



Сабақтың ортасы

10 мин


14 мин

Жаңа сабақ: Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады?

9.3.1.1 - «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 - 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану;

9.4.1.2 - «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау – оқу мақсаттарын білу үшін әр топтың өз атына байланысты тапсырмалар беріледі. Қатар бойынша жеке оқушылар орындайды.

Ұлыбритания, Франция, Берлин, Рим, Москва



«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:



Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай)

Дескриптор:

1. «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдаланып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуы жайлы ой қортады.

2.Саяси экономикалық дамудың тиімділігін атайды;

3.Әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтайды



Кері байланыс: «Минуттық қағаз» . Әр топ «әл-ауқатты мемлекеттер» жайлы мәліметтер берді, естеріңе түсіріп, ең негізгісін, маңыздысын анықтап, ой қорыныды жасаңыздар.

Тұлғаны таны ( Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыс

Суреттегі тұлғалар кімдер? Бұлардың арасында байланыс бар ма? Хрущев жайлы не білеміз? (қазақстан тарихынан еске түсіреді) Хрущев жылымығы деген қандай мағына береді? Мына сурет арқылы қандай қорытынды жасауға болады?



ҚБ: Мадақтау арқылы

Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады?



«Әуе шары» әдісі арқылы КСРО экономикасының дағдарысқа ұшырауын анықтау:

1.Реформа мен әкімшіл-әміршіл жүйенің не себепті дағдарысқа ұшырады?

2. Әскери өнеркәсіптің өсуі халықтың әл-ауқатын арттыра алды ма?

3. КСРО-ның ұстанған сыртқы саясаты КСРО-ның экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсері болды ма?



Дескриптор:

1. 1965 жылы КСРО-да жүргізілген реформаның 3 нәтижесін анықтайды

2. КСРО-да әскери өнеркәсіпті дамытудың 3 қорытындысын атайды

3.КСРО-дағы экономикалық дағдарыстың 3 себебін анықтайды



АКТ, слайдтар,



оқулық, дәптер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет