Сабақ : Ауа райы деген не? Менің өлкемнің климаты қандай? Мектеп: Күні



Дата13.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#23400
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар 1 кл

Дүниетану.



САБАҚ: Ауа райы деген не?

Менің өлкемнің климаты қандай?



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін Оқу мақсаттары

1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау

1.2.3.1 Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: өзіне тән белгілері бойынша жыл мезгілдерін анықтауды және салыстыруды үйренy;

Оқушылардың басым бөлігі:. ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.

Кейбір оқушылар: ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.

Табыс критерийі

Оқу мақсатын басшылыққа алыңыз

Дескриптор:

  1. Оқушылар «Ауа райы» сөзі нені білдіретіндігін анықтайды, адамға және оның іс-әрекетіне климаттың әсерін оқып,үйренеді.

  2. Әртүрлі ауа райын қалай өлшеу керектігін анықтайды.

  3. Өздерінің суретінде ауа райының ерекшеліктерін жаза алады.

  4. Адамдардың ауа райы жағдайларын әртүрлі пайдалану (мысалы, киімді кептіру, ойындар, батпырауық ұшыру, электр қуатын өндіру, күн қуатын тудыру, өсімдіктерді өсіру, бос уақытын өткізу, туризм және т.б.) мүмкіндіктерін ескереді.




Оқыту ресурстары:

«Балапан» арнасының ауа-райы болжамы:

https://www.youtube.com/watch?v=mBx3qavkx4Y

https://www.youtube.com/watch?v=EdcauDmkxOw

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. Оқушыларға ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасағаны туралы материал жинауға тапсырма беріңіз.
Математика. Оқушыларға белгілі бір жыл мезгілінде – жазда, күзде, қыста, көктемде дүниеге келген балалардың санын есептеуге тапсырма беріңіз.


Бұған дейін алынған білім

Оқушылар өз карталарын жұптасқан топтарында талқылайды; әрбір жұптың өз карталарында көрсетілген басты бекеттерді, көрікті жерлерді сипаттайды.


Жоспар

Сабақтың басталуы

Дереккөздер:

Мұғалім әрекеті

Психологиялық көңіл-күй туғызу



«Ақ тілек. Әсем күлкі»

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша!

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап!

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О, о, о

Жыл мезгілдері – бұл жылдық цикл шартты түрде бөлінген төрт кезең. Әр жыл мезгілі белгілі бір ауа райымен және табиғи өзгерістермен сипатталады. Ауа райы – қысқа уақыт мерзімі аралығында сол немесе басқа жерде болған атмосфералық жағдай. Ауа райы шуақты, жаңбырлы, желді, қарлы болады.Ертеде қазақ халқының шаруашылық қызметінде табиғат құбылыстарын мерзімді бақылаудың тәжірибелік мәні зор болған. Көшпенді шаруашылық табиғат құбылыстарының мерзімділігін түсінуді және уақыт есебін білуді талап етті. XVI- XVII ғ. халық арасында метрологиямен және уақыт есебімен айналысатын кәсіпқой есепшілер болды. Олардың кәсіптері әкеден балаға беріліп отырды. Есепшіде көптеген ұрпақтар тәжірибесі болды, жылдан жылға бақылаулар жасап тұрды, маусымдық жұмыстар үшін бір жерден екінші жерге көшу уақытын анықтады, ауа райы болжамын жасады, қазақ халық күнтізбесінің толық жылдарын белгіледі.


Оқушы әрекеті

Жаттығу жасайды.


қолдарын көтереді)
(алақандарын шапалақтайды)
(қолдарын көтереді)

(бас бармағын көтереді)

Әр топ жыл мезгілінің біреуін сипаттайды. Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарауға ұсыныс беріледі.



Күз: 1) жаңбыр жауып тұр; 2) жапырақтар түсе бастады; 3) жел соғып жатыр; 4) құстар жылы жаққа ұшып кетеді; 5) суытады.

Көктем: 1) қар ериді; 2) жылғаларданағады; 3) ағаштар бүршік жарады; 4) бәйшешектер өсіп шығады; 5) жыл құстары ұшып келеді.

Қыс: 1) қар жауып тұр; 2) аязды күндер басталды; 3) тайғақ; 4) ұйқы басатын кез; 5) ағаштарда жапырақтар жоқ.

Жаз: 1) ыстық; 2) айналада барлығы гүлденеді; 3) құстар сайрайды; 4) барлығы шомылып жүр; 6) масалар шағады.

Сабақтың ортасы :

Сергіту сәті:


Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді оқуға нұсқау беріледі.

Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға ауа райын бақылауға тапсырма берілді.. Егер мүмкіндік болса, оқушылармен бірге мектеп ауласына шығу жоспарланды. Оларға бақылау парақтарын таратылып, ауа райын бақылап, деректерді бақылау парағына түсіреді (бұлтты, температура, жел және т.с.).

«Кім дұрыс киім таңдайды ойыны. Ойынның шарты: оқушылар өздері киінуі немесе топта бір қатысушыны ауа-райына сәйкес киіндіруі қажет (Ауа-райын сурет бойынша немесе бейне жазба арқылы көрсетуге болады).



Қосымша дәптермен жұмыс.

Топ мүшелері ауа райын көрсете отырып, өз суретінсалады. Оқушылар өздерінің суретіндеауа райының ерекшеліктерін жазу үшін климат туралы арнайы терминологияны қолдана алады.

Ойынға барлық оқушы қамтылады.




Қосымша ақпарат

АКТ

Балапан» арнасының ауа-райы болжамы:

https://www.youtube.com/watch?v=mBx3qavkx4Y

https://www.youtube.com/watch?v=EdcauDmkxOw




Сабақтың соңы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Рефлексия:



1-тапсырма

Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаңыз және байланыстырып сызыңыз.


Адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінеді?



2-тапсырма

Суретте бейнеленген ауа райын атаңыз.




Балалар жауабы.

Жұпта талқылау.



Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?








Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет