Сабақ : Қазақ әдебиеті Мектеп: Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектеп Күні: 03. 04. 2018 жыл



Дата01.07.2018
өлшемі339,63 Kb.
#45247
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

5.4.1 Отбасы құндылықтары

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Ә.Құдабаев атындағы № 197 орта мектеп

Күні: 03.04.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Аида Аманбековна

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар: 29

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала». Танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Мәтін мазмұнымен таныса отырып, тірек сөздер арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды.

  • Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, әңгіменің идеясын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Мәтіннің тақырыбы мен идеясын өзіндік ой-пікірімен тұжырымдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Оқушылар мәтін мазмұны бойынша тың идеялар ұсынады.

  • Шығарманың идеясын өз сөзімен тұжырымдап,сыни пікірайтады.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнына сүйеніп, тірек сөздер арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды.

Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, әңгіменің идеясын тұжырымдайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Әңгіменің идеясы мен тақырыбын түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Әңгіме, реприка, образ, бала әуені, футболка, уәде, пойыз, сағыныш.



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Мұң, қайғы, қасірет, ойыншық күрек, тұрмыс құрған, менің мамамды танисың ба?, мейірленіп кетті.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ана қандай тұлға?

  2. Автор тақырыпты неліктен « Анасын сағынған бала» деп атаған?

  3. Не себепті ана мен бала арасындағы махаббат шексіз болады деп ойлайсыңдар?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

«Анасыз өмір – сөнген көмір» деген мақалдың мағынасы қандай екенін айта аласыз ба?



Алдыңғы оқу

Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Музыка, Өзін-өзі тану, Тарих

Құндылықтарға баулу

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Өмір бойы оқуға дайын болу. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.


Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
6минут


2 минут


2 минут

2минут


Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтасқан оқу ортасын қалыптастыру. «Жүректен- жүрекке»тренингі.

«Күн сәулесі» әдісі арқылы ана бойындағы асыл қасиеттерге байланысты топқа бөлінеді.

1-топ «Мейірім», 2- топ «Сүйіспеншілік»,

3-топ «Қамқорлық».



Үй тапсырмасын сұрау. «Жаңбырша жауған сұрақтар» әдісі арқылы «Адамгершілік – асыл қасиет» бөлімін қорытындылау.

  • «Адамгершілік – асыл қасиет» деген қанатты сөзді қалай түсіненсіңдер?

  • «Менің атым - Қожа» шығармасының тақырыбы мен идеясы қандай?

  • «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер бүгінгі өмірде кездесе ме?

Кері байланыс: Өткен сабақтар бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі.

Қызығушылығын ояту.

Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Ару ана» әніне түсірілген бейнеклипті көріп, тыңдайды.

Оқушылар осы ән арқылы талданатын әңгіменің идеялық мазмұнын болжап,талқылайды.



  • Бүгінгі сабақты неге осы әннен бастадық деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің байқағандай бүгінгі сабақтың тақырыбы «ана» сөзімен байланысты.





Қағаздар



https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA
АКТ



Сабақтың ортасы
31 минут

Сабақтың соңы

3 минут
Кері байланыс

1 минут
2 минут

5 минут

2 минут


8 минут

7 минут


2 минут

5 минут


2 минут

1 минут


ІІІ. Жаңа тақырып.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» . Танысу

«Тұлғаны таны» әдісі арқылымұғалім АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, ақпарат береді.

Оқылым алды

  • Балалар, «анасын сағынған бала» әңгімесінің мазмұнын түсіну үшін осы сөз тіркесін естігенде ойларыңа қандай сөздер түседі?

  • Әр топ «Анасын сағынған бала» тәіркесіне кластер құрайды. Бұл сөздер әңгімені оқу үшін қажет болады.

О қылым кезеңі

«Танысу үшін оқу және сканерлеу» тәсілі. Енді, әр топ әзірлеген кластеріндегі тірек сөздерді әңгімеден іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Әр топ шығарманы қысқаша мазмұндайды.

Оқылымнан кейінгі кезең

  1. тапсырма. Топтық жұмыс


«5-5-1» әдісі арқылы мәтінді бөліктерге бөле отырып оқиды.

Дескриптор:

  1. Берілген мәтіннен тақырыбын анықтауға қажетті 5 сөйлемді таңдайды.

  2. Таңдалған сөйлемдерден негізгі 5 тірек сөзді табады.

  3. Тірек сөздердің ең маңыздысын тақырып етіп алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Кері байланыс. Бұл жұмыс бізге не берді? Шығарманың тақырыбы ашылды деп ойлайсыңдар ма ?
2-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы орындалады. Әңгіменің негізгі идеясын анықтайды.

Дескриптор:

  1. Мәтін бойынша түйінді ойды анықтайтын сөйлем құрастырады.

  2. Әр жұп қорытындылаушы сөйлемді тақтаға жазады.

  3. Барлық сөйлемдермен идеяны тұжырымдайды.


Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау сэндвичі» әдісі

Кері байланыс:Әңгіменің негізгі идеялық тұжырымы қандай болды?
Ширату жаттығуы: «Үлпілдек»
3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Тұжырым кестесі» әдісі арқылы орындалады. Әр оқушы өз тұжырымын кестеге түсіреді.

Тұжырым кестесі

Тақырыбы

Идеясы

Өзіндік ой –пікір










Кері байланыс: «Құнды. Қызықты. Қажет» әдісі

арқылы сабақты қорытындылау.



Үйге тапсырма. «Анасын сағынған бала» әңгімесін оқып , мазмұндық жоспар құру.

Слайд


Оқулық






«Тқжырым кестесі» әдісі

«ҚҚҚ» әдісі



Қосымша ақпарат

Саралау.

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?



Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.

АКТ-мен байланыс.




Балаларға қосымша көмек сабақ барысында үнемі көрініп отырады. «Жаңбырша жауған сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. Бұл сұрақтар балаларға өткен сабақты пысықтап, білімін кеңейту үшін қосымша көмек беруге ыңғайлы.

«Тұлғаны таны» әдісі жаңа тақырыппен, оның ішінде жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәлімет беруге тиімді.

«Танысу үшін оқу және сканерлеу» тәсілі оқылым дағдысын жүргізуге ыңғайлы. Шығарманы қысқа уақыт ішінде оқып, мазмұнымен танысып шығады. Ол үшін әр топ шығарманың тақырыбына тірек болатын сөздерді анықтап, сол сөздерді әңгімеден тауып, тез оқып шығады.

Сабақтың оқу мақсатына қол жеткізу үшін «5-5-1» әдісін таңдадым. Себебі балалар тірек сөздер арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды. Ал «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы әңгіменің идеясын ашады.

Әдеби шығарманың тұжырымдамасын анықтау үшін «Тұжырым кестесі» әдісін жоспарладым. Бұл әдіс Түсіну және жауап беру әрекетінің екінші дағдысын жүзеге асыру үшін тиімді. «Тұжырым кестесінде» бала әңгіменің тақырыбын, идеясын анықтап, соған өз ой-пікірін тұжырымдап жазады.


Сабақ барысында баланың жұмысын эмоционалды тұрғыдан қолдау үшін «Басбармақ» бағалау түрін қолдандым. Топтық жұмысты бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау оқу мақсатына қаншалықты жеткенін білу үшін тиімді. Тиімділігі тірек сөздер арқылы әңгіменің тақырыбын ашу қай деңгейде орындалғанын көруден байқалады.

Сабақ соңында «3 Қ» стратегиясы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін, әлде де нені үйретуім керек екенін көру үшін қажет.


АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады. Ресурстар оңтайлы және жас ерекшелігіне сай беріледі.





Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері өз дәрежесінде орындалды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді әрі нақты орындап отырды.Мәтінді бөліктерге бөле отырып оқу арқылы негізгі тірек сөздерді анықтады.. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын тапты.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Отбасылық құндылықтар арқылы халқымыздың қадір -қасиеті мен салт-дәстүрін құрметтеуді, ананың болмысына назар аударуды, автордың өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеуді, сын тұрғысынан ойлауды, топтық және жеке жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезінуді, өмір бойы оқуға дайын болуды, дұрыс сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Оқу үдерісі кезінде оқу мақсатына сәйкес жоспарланған тапсырмалар өз деңгейінде өтті. Сыныпта белсенді оқу ортасы қалыптасты. Оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті жоғарылады.Топ ішінде өзін-өзі қолдауы арта отырып кері байланыс беруді, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болды.Топтық, жеке жұмыстар барысында берілген тапсырмалар түсіну және жауап беру саралап оқыту тәсіліне сай әрекетінің дағдылары қалыптасты, ашық сұрақтар арқылы болжау, талдау жасалды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталды. Топтық, жеке жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сараланған тапсырмалардың дескрипторларын оқу мақсатына жететіндей етіп сұрыптадым. Қалыптастырушы бағалау жұмыстың мән мазмұнын ашу үшін тиімді болу керек екенін ескердім.



Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. «5-5-1» әдісі

2. «Галереяны шарлау» әдісі

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;

2. Дескриптормен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру;



2. Сараланған тапсырмаларды жүйелендіру.

Бағалау парағы

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Мәтін мазмұнына сүйеніп, тірек сөздер арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды

Мәтінді түсініп оқиды

1

Мәтіннен тірек сөздерді табады

1

Тірек сөздердің ең маңыздысын тақырып етіп алады

1

Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, әңгіменің идеясын тұжырымдайды

Мәтін бойынша түйінді ойды жеке анықтайтын сөйлем құрастырады

1

Сөйлеммен әңгіменің идеясын ажыратады

1

Барлығы

5

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет