Сабақ- оқу мен тәрбиенің барлық сұранымдарын білдіретін тұтас жүйе



Дата17.02.2017
өлшемі27,79 Kb.
#9570
түріСабақ

Сабақ- оқу мен тәрбиенің барлық сұранымдарын білдіретін тұтас жүйе

  • Бисахова Гульбар Темиргалиевна
  • Директордың әдістемелік жүмыстар жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»

  • «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
  • А.Байтұрсынов

Сабақ - педагогикалық үрдіс

  • Сабақ - педагогикалық үрдіс
  • Сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы үшін мұғалімнің теориялық білімі, ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, жаңашылдығы негізгі роль атқарады.Ол шығармашылықты, шеберлікті қажет етеді.Сабақтың білімдік мақсаты мен тәрбиелік мақсаты біртұтас сабақтасып, мұғалімнің алдына қойған мақсатын іске асыруына негіз болады.
  • Сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік талаптармен қоса сол пәннің талаптар: оқыту, тәрбиелеу, дамыту талаптары өріліп, отыруы қажет. Оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы сабақтың мақсаты, мазмұны әдістемеліктерінің өзара күрделі байланысы да өз деңгейінде көрінуі талап етіледі.

Сабақтың кезеңдері

  • 1. Ұйымдастыру кезеңі -2-3 минут
  • 2. Үй тапсырмасын тексеру- 10 -15 минут
  • 3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту- 1-2 минут
  • 4. Жаңа сабаққа кіріспе- 1-2 минут
  • 5. Жаңа сабақ-15-20 минут
  • 6. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру. Рефлексия -1-2 минут
  • 7. Үй тапсырмасына даярлық- 2-3 минут
  • 8. Үйге тапсырма беру. бағалау

ІІ КЕЗЕҢ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

  • Дидактикалық мақсаты бүкіл класс бойынша үй тапсырмасының орындалғанын тексеру, тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру;
  • Кезеңнің мазмұны. Яғни үйге берілген тапсырмалардың білім деңгейінде көрініс табуы, білімдегі типтік кемшіліктерді анықтау, оның пайда болу себептерін зерттеу, байқалған олқылықтарды жою;
  • Нәтижеге жету шарттары: мұғалім қызметінің мақсаттылығы, оперативті жұмыс істеуі, үй тапсырмасын тексерудің тиімді, жүйелі әдістерін қолдануы.

ІІ КЕЗЕҢ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

  • 4. Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштеріМұғалімнің қысқа мерзімде (5-7 мин) оқушылардың көпшілігінің білім деңгейін және біркелкі қателерді анықтай алуы; үй жұмысын тексеру барысында негізгі ұғымдарды қайталай және қателерді түзей алуы.
  • 5. Белсенділікті арттыру тәсілдері Бақылаудың түрлі формалары мен әдістері. Оқушыларға ізденіс, шығармашылық, жеке тапсырмалардың берілуі.
  • 6. Жіберілетін қателер: Сұрау әдістерінің бір сарындылығы. Сұрақтар мен тапсырмалардың репродуктивтік сипаты. Оқушылардың жеке ерекшеліктерінің есепке алынбауы. Оқытылып жатқан материал ерешелігінің ескерілмеуі.
  • Дидактикалық мақсаты оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын, зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни ынта, ықыласты жұмылдыру, мұғалімнің жаңа материалды хабарлауы, оқушылардың матриалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі;
  • Нәтижеге жету шарттары: жаңа материалдың тиімді мәселесіне оқушылардың ерекше назарын аудару үшін айрықша әдістерді қолдану, көрнекіліктерді пайдалану, оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру.
  • Оқу үрдісінің
  • бір бөлімі
  • ретінде
  • Басқару жүйесінің
  • ең қиын түрі
  • Ретінде
  • Күрделі
  • динамикалық жүйе
  • Оқушыларды
  • кезеңмен
  • игеруге
  • жетелейтін
  • дидактикалық
  • Міндеттердің
  • жүйесі
  • Бөлімнің,
  • тақырыптың
  • логикалық бірлігі
  • ретінде
  • Оқытуды
  • Ұйымдастырудың
  • түрі
  • Сабақ

Сабақ типологиясы

Бұл сабақта жаңа материал түсіндіріледі. Кезеңдер саны азаяды. Сабақтың негізгі мақсаты – терең де тиянақты білім беру. Пайдалынатын кезеңдер реті төмендегіше болады:

  • Бұл сабақта жаңа материал түсіндіріледі. Кезеңдер саны азаяды. Сабақтың негізгі мақсаты – терең де тиянақты білім беру. Пайдалынатын кезеңдер реті төмендегіше болады:

Бұл сабақтың басты мақсаты – бұрынғы сабақтарда алған білімдерді тереңдету, нақтылау, берілген білімдердің берік қалануын көздеу, олқылықтарды жою. Кезеңдер саны азаяды.

  • Бұл сабақтың басты мақсаты – бұрынғы сабақтарда алған білімдерді тереңдету, нақтылау, берілген білімдердің берік қалануын көздеу, олқылықтарды жою. Кезеңдер саны азаяды.
  • Пайдаланылатын кезеңдер реті төмендегіше болады:

Бұл сабақ типінің дидактикалық мақсаты – оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін тексеру.

  • Бұл сабақ типінің дидактикалық мақсаты – оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін тексеру.
  • Кезеңдер реті төмендегіше болады.

Бұл типтегі сабақтың негізгі мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау болып табылады. Бұл сабақ типтік жағынан қайталау сабағына ұқсас. Одан ерекшелігі тарау не тоқсан соңында қайталанады, ең түйінді мәселелер айқындалады, жүйеленеді. Сонымен қатар ең маңызды процестер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.

  • Бұл типтегі сабақтың негізгі мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау болып табылады. Бұл сабақ типтік жағынан қайталау сабағына ұқсас. Одан ерекшелігі тарау не тоқсан соңында қайталанады, ең түйінді мәселелер айқындалады, жүйеленеді. Сонымен қатар ең маңызды процестер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.

Мақсат дегеніміз – алдын-ала программаланған, келешекте қол жеткізуді көздеген нәтиже.

Тәрбиелік аспект:

  • Тәрбиелік аспект:
  • Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру;
  • Адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты, эстетикалық, еңбексүйгіш дағдыларды қалыптастыру;
  • Ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру;
  • Пәнге деген қызығушылықты, көзқарасты тәрбиелеу.

Сөз байлығын дамыту;

  • Сөз байлығын дамыту;
  • Ойлау қабілетін дамыту;
  • Сенсорлық сфераны дамыту, яғни көз мөлшері, кеңістікті, уақытты, бағытты ажырата білу, түстерді айыра білудің дәлдігі мен нәзіктің байқағыштық қасиетті дамыту;
  • Қозғалыс сферасын дамыту.

Дидактикалық мақсаты білім мен дағдылардың себептерін аша отырып, оқушылардың білімін терең де жан-жақты тексеру;

  • Дидактикалық мақсаты білім мен дағдылардың себептерін аша отырып, оқушылардың білімін терең де жан-жақты тексеру;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни әртүрлі әдістермен материалдың меңгеру сапасы мен көлемін тексеру, анықтау, оқушылардың ойлау қабілетін тексеруоқушылардың жауаптарының толықтығы, сөйлеу қабілеті, білім, білік, дағдыларын бағалау;
  • Нәтижеге жету шарттары: білімді тексерудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, білімнің тереңдігін, сапалылығын, тиянақтылығына назар аудару, сабақта оқушылардың жұмыстың маңыздылығын, қажеттілігін сеізнуге жағдай туғызу.

Дидактикалық мақсаты оқушылардың танымдық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастыру;

  • Дидактикалық мақсаты оқушылардың танымдық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастыру;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни жаңа материалдың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін хабарлау; жаңа материалды оқып-үйренудің практикалық қажеттіліктерін көрсету;
  • Нәтижеге жету шарттары: оқушылар үшін мұғалімнің сабақтың білімдік мақсатын айқын, бір мәнді білуі, оларға сабақ барысында қандай білімдерді меңгеруге тиіс білік, дағдылардың қандай түрін үйрену керектігін көрсету, сабақты меңгертудің әртүрлі технологиялары мен әдістерінің қолданыс табуы.
  • Дидактикалық мақсаты жаңа ұғымдардың мазмұны мен заңдылықтарын түсінгендіктерін анықтау, түсіндіруде кеткен кемшіліктерді жою;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни материалын меңгеру дәрежесін анықтау, оқушылардың жаңа ұғымды түсіну деңгейін анықтау;
  • Нәтижеге жету шарттары: оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеін сұрақтар қою, жаңа ұғымдарды меңгерудің саны мен сапасын, кемшіліктерін айқындау.
  • Дидактикалық мақсаты оқушылардың есінде жаңа материал бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни түсіндірілген білім мен дағдыларды бекіту, мәселені оқыту әдісін бекіту, білімді кезекті тексеру барысында оқушының жауап беруінде кеткен олқылықтарды анықтау;
  • Нәтижеге жету шарттары: білімді тек есте сақтап қана қоймай, оны теория мен практикада қолдануға бағыттау, білімді бекітудің әртүрлі формаларын қолдану, негізгі ұғымдардың түйінді мәселелерін бөліп ала білу, оны анықтау.
  • Дидактикалық мақсаты оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау, оны орындау әдісін түсіндіру, сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау;
  • Кезеңнің мазмұны, яғни үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру, жұмыс қорытындысын шығару, жалпы класс қалай жұмыс істеді, қай оқушы ерекше қызығушылық танытты, оқушылар жаңа қандай мағлұматтар алды, нені үйренгенін саралау, білімдерін бағалау;
  • Нәтижеге жету шарттары: жұмыс мазмұнын тиянақты түсіндіру, оны орындау ретін, жұмыстың түрлерін үйрету, қысқа әдістемелік нұсқаулар беру, оқушылар білімін ескере отырып, дифференциялданған әдістерді қолдану, оқушылар білімін бағалауды жүзеге асыру

Сабаққа қойылатын талаптар.

  • 1. Тәрбиелік талаптар
  • 2. Дидактикалық талаптар.
  • 3. Психологиялық талап
  • 4. Гигиеналық және жеке тұлға денсаулығына зиян тигізбей оқыту талабы

Тәрбиелік талаптар:

  • Тәрбиелік талаптар:
  • Білім саласының алдына қойылған идеологиялық мақсаттарды жүзеге асыруы тиіс. Ұлттық ұстанымдарға, қазақстандық патриотизмге, жоғары адамгершілік моральға, қоғам дамуының талабына және сол сабақта берілетін материалдар мазмұнының тәрбие көзіне негізделеді.

Дидактикалық талаптар

  • Тақырыптық-күнтізбелік жоспарды және күнделікті сабақ жоспарын дұрыс құру.
  • Сабақтың мақсатын, міндетін дұрыс қою. Сабақ кезеңдерінің, әртүрлі әдіс-тәсілдердің бірізділігі, уақытты ұтымды пайдалану және мұғалімнің педагогикалық жетекшілігі. Дидактикалық дайындығы жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім. Сапалы оқулық, көрнекіліктер, ақпараттық-коммуникациялық құрал-жабдықтар мен жабдықталған оқу кабинеті.

Психологиялық талаптар

  • Оқушының психологиялық ерекшелігін білуі, онымен санасуы. Ойлауы (репродуктивті, шығармашылық), есте сақтауы (еркімен, еркінен тыс), еске түсіруі, жаттауы, игеруі, білуі, байқампаздығы, көңіл аударушылығы, шығармашылық елес қиялы, еркі (алдына мақсат қоюы, оған жету үшін талпынысы), эмоциясы.
  • Мұғалімнің көңіл күйі, жинақылығы, байқампаздығы, ашушаңдығы, белгілі бір
  • дәрежеде оқу еңбегінің қорытындысына әсер етеді. Мұғалім өзін-өзі ұстай алуы, өзін-өзі басқара алуы, өзіне сенімсіздігі немесе артық сенімділігі сияқты психологиялық жағдаймен де ерекшеленеді. Сабақтың нәтижелігіне салыстырмалы түрде оқушылардың білімге деген ынтасы, білімін кеңейтуге деген ықласы да әсер етеді. Сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасындағы сыйластық, түсіністік, психологиялық ырғақ та өз нәтижесін береді.
  • Гигиеналық талап
  • Оқу материалының баланың жас ерекшелігіне лайықтылығы, оқушылардың денсаулығы, артық жұмысбастылық пен артық тапсырмалардың нормадан жоғары болмауы көзделеді. Сынып бөлмесінің , ондағы құрал-жабдықтардың баланың жасына, бойына, денсаулығына үйлестігі және тазалық. Осы талаптарды толық меңгерген, оны орындай алатын мұғалім ғана өз сабағында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдана алады.
  • Сабақтың өзіне тән ішкі байланысы мен құрылымы бар. Ұйымдастыру, кіріспе әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру әдіс-тәсілдері. Дидактикалық кезеңдердің өзара ішкі байланысы ғана емес, осы компоненттердің бір ізбен байланысы болуы шарт. Сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы үшін мұғалімнің теориялық білімі, ізденімпаздығы, жаңашылдығы, еңбекқорлығы қажет. Ол шығармашылықты, шеберлікті қажет етеді. Сабақтың білімдік мақсаты мен тәрбиелік мақсаты біртұтас сабақтасып, мұғалімнің алдына қойған мақсатын іске асырудың негізі болады.
  • Сабақ№ Күні:
  • Тақырыбы:
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік:
  • Дамытушылық:
  • Тәрбиелік:
  • Сабақтыңтипі:жаңа білімді қалыптастыру сабағы
  • Оқыту әдістері:сұрақ-жауап,баяндау,ойын элементтерін пайдалану, сөздік, көрнекі, практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады)
  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме –көрнекі, репродуктивтік, ізденіс, проблемалық, зерттеушілік.
  • Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
  • Жабдықтау: көрнекі материал, таратпа матриал, оқу құралдары, компьютер.
  • I Көкейтестілігі:
  • А) негізгі ұғымдар:
  • Ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері
  • Б) бақылау формалары:
  • II. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
  • II. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
  • А) Жаңа ұғымдар
  • Ә)Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
  • Б) мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
  • IV. Жаңа түсінікті тексеру
  • V. Үй тапсырмасы
  • VI. Сабақты қорытындылау.

Каталог: uploads -> doc -> 124d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
124d -> Сабақ. Өткенді қайталау. 6 сынып қайталау сабағы
124d -> Сабақтың тақырыбы«: Апта күндері»
124d -> И. П. Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы Ертеңгілік. «Бала тілі-бал.»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет