Сабақ №1: патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата21.07.2017
өлшемі1,14 Mb.
#21545
түріСабақ
  1   2   3   4




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС



I.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

1 КРЕДИТ



Сабақ №1: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Эксперимент жүргізудің негізгі тәсілдерін, жануарлармен жұмыс жасауды, функциялық зерттеулерді жүргізуді үйрену.

  • Топпен жұмыс жасауды қалыптастыру

  • Ғылыми зерттеулер этикасы бойынша білімді қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулер этикасы бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру

  • Ауру алдын анықтау үшін физикалық жүктемелер жүргізу.


Оқыту міндеттері:

  • Оқу пәні ретінде патофизиологияның міндеті, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімдерін нығайту үшін студенттерге көмектесу

  • Кинетозды үлгілеуді мысалға ала отырып студенттерді өздігінен эксперименттік жануарлармен жұмыс жасауға және тәжірибе нәтижелерін сараптауға үйрету

  • Топпен жұмыс жасағанда (өз көзқарасын түсіндіре алуды, көшбасшының рөлін атқаруды) үйрету

  • ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибелерді, медициналық –биологиялықэксперименттерді және клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының негізгі құрылымдарымен таныстыру. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің метрология және техникалық реттеу бойынша Комитетінің 29 желтоқсандағы 2006 № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зерттеуханалық тәжірибе Мемлекеттік стандарды.Негізгі қағидалары.

  • Ауру алдын анықтауды үйрету.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

    2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медициналық–биологиялық эксперименттерді құрастырудың негізгі ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеудегі жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың және эксперименттік емдеудің мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада эксперименттің және үлгілеудің басқа әдістерін шектеу және оны жетілдіру әдістері.

    3. Клиникаға дейінгі зерттеулердің жүргізу ережелері.

    4. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

    5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

    6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Организмді тірілтудің (реанимация) патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары

Оқыту әдістері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімесу, блиц-ойындар, тәжірибелерді орындау, нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу.



Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, эксперимент нәтижелері бойынша қорытындыны тексеру, блиц-ойындар, сынамалау.



Тәжірибелік жұмыс


1 тапсырма.

«Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.




Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.


Тәжірибе сатылары

Жеке (өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасып,өзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау
















Тәжірибе жоспарын құру
















Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу
















Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау
















Зерттеудің нәтижелер-ін талдау және тұжырым жасау
















Дерттік үрдісті зерттеу
















Дерттік үрдістің үлгісін алу
















Тәжірибелік емдеу
















Тәжірибенің тың ойын анықтау
















Зерттеушінің теория-лық дайындықтан өтуі



















2 тапсырма.

Тышқандарда кинетоз ауруы үлгісін үдеу әсерімен алу.




Әдісі: Екі ақ тышқан қапшыққа жекелей салынады да, олар центрифуганың сақинасына қарама-қарсы бекітіледі. Центрифуганың сақинасын 1 минөттей айналдырамыз (тұтқаны 2 секөндте бір рет айналдырады), сонан соң лоар қапшықтан шығарылады. Жануарлардың жағдайына, қозғалыс үйлесімділігіне назар аударылады. Жануарларда кинетоз ауруы белгілерінің жоғалу мерзімі анықталады. Тұжырым жасалады.





Кроссворд









Тігінен:

2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық

және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»

4. өлім сатысы

6. аурудың нышаны

8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі

10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым

12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі

15. клиникалық көріністердің қайталануы

16. сутегі ионы мөлшерінің артуы

18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен

(1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.

19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен

және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»

21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия

арқылы сұйықтықты енгізу әдісі

23. денсаулықтың өлшемі

26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай


Көлденеңінен:

1. ауру туралы жалпы ілім

3. өлімнің түрі

5. өлген организмді тірілту туралы ғылым

7. өлімнің түрі

9. аурудың аяқталуы

11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы

13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс

14. аурудың аяқталуы

17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі

20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы

22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы

24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша

25. қанағымының қалпына келуі

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-22.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

  5. Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 5-24

Қосымша

6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.

8. Крыжановский Г.Н. Патофизиология как современная интегративная биомедицинская наука //Вестник АМН МСССР. - 1991, № 3. - С.9 - 11.

9. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

10. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

11. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 5-23

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет