Сабақ №1 Тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяты



Дата11.01.2017
өлшемі150,49 Kb.
#6710
түріСабақ
Қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Күні:08.04.2014

Сабақ №1
Тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяты
Мақсаты: Шығарма арқылы соғыс кезіндегі ел басына түскен ауыртпалыққа талдау жасатып, қажетті ақпарат ала білуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Шығарманың негізгі идеясын анықтауда топтық ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасауға бейімдеу.

  2. Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту.

  3. Қазақ халқының мейірімді, қонақжай, бауырмашыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, диалогты оқыту, «Ойлаудың 6 қалпағы», «Ақылды асық», «Салыстырмалы талдау», «Жүректен жүрекке», «Мозайка», АКТ, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту

Көрнекілік құралдары: презентация, «1941-1945 жылдардағы ҰОС» видио, фотолар, М. Мағауин портреті, асық, кесте, ресурс1

Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже: Жазушы туралы мәлімет алады. Шығармадағы оқиғаның мазмұнын меңгереді. Ауыл адамдарының адамгершілік істерін таниды. Ойын нақты жеткізе алады. Өзін-өзі реттейді

Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

Сәлемдесу, кезекші оқушымен сөйлесу арқылы түгелдеу.

«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. ҰОС-на байланысты суреттер.

Оқушылар ортаға шығып, шеңбер болып тұрады. Бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, тілек айтады.

Фото қималарын құрастыру арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)

М. Мағауин «Бір атаның балалары» хикаятын оқып келу.

«Ақылды асық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

«1941-1945 жылдардағы ҰОС» видиосын көрсету арқылы сабақтың негізгі тақырыбына алып келу.


Әр түрлі түске боялған асықтар топтарға бөлініп беріледі. Асықтарда сын тұрғысынан ойлануға арналған сұрақтар болады.

Не үшін? Не себептен?

Неге? Кім?



ІІІ Жаңа сабақты меңгерту

(25 минут)

М. Мағауиннің өміріне презентация көрсетіледі

«Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.


«Қызыл қалпақ»- сезімталдық. Оқушы ойларын толықтырып, қорытындылап отырады.

Дәптермен жұмыс. Хронологиялық кесте орындайды.

1-топ. «Ақ қалпақ» Факт, мәлімет береді. Шығарманың негізгі оқиғаларын баяндап, нақты мәлімет береді.

2-топ «Қара қалпақ» жағымсыз. Шығарманың жағымсыз кезеңдерін айту. Қандай проблема оқиғалардың ақиқат екенін , өмірмен байланыстырады.

3-топ «Сары қалпақ» жетістік. Шығарманың тәрбиелік мәнін баяндап, қазақ халқының артықшылығын айтады.

4-топ «Жасыл қалпақ» ағартушылық. Ахмет қарияның орнында қандай әрекет жасайтының атып, ойларын дәлелдейді.

5-топ «Көк қалпақ» қорытынды жасау. Шығарманың аяқталуын баяндап, Зигфридтің болашағы туралы болжам жасайды.


ІҮ. Қорытынды (4 минут)

Сергіту сәті «Әлем кереметтері» видиодан көрсету.

«Салыстырмалы талдау» әдісі



Кесте

Соғыс кезіндегі жетім балалар тағдыры

Қазіргі кездегі жетім балалар тағдыры









Ү. Үй тапсырмасы (2 минут)

Үй тапсырмасының орындалу барысы түсіндіріледі.

«Қамқорлық» тақырыбында әңгіме жазу

ҮІ. Бағалау (2 минут)

Мадақтап, бағаларын қояды.

Топтар бірін-бірі стикер арқылы бағалайды.

Өзін-өзі бағалау «Білім ағашы»

Күнделіктеріне баға қойдырады.


Қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Күні:11.04.2014

Сабақ №2

Тақырыбы: Зигфрид – мейірімді, бауырмал, қабілетті бала.

Мақсаты: Хикаятты меңгерте отырып, адамгершілік, ұйымшылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.

  2. Сыныпты топтық жұмыс жасауға, еркін сөйлеуге, жүйрік ойлауға машықтандыру.

  3. Оқушыларды бауырмалдылық, мейірімділік, бейімдеушілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Автор орындығы», психогеометриялық тест, «Ассоциация», сөздікпен жұмыс, «Сұрақты ұстап ал», семантикалық карта, «Ашық хат», диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, рефлексиялық есеп

Көрнекілік құралдары: интерактивті тақта, орындық, постер, маркер, стикер, презентация, үлестірме қағаз

Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік іс-әрекеттестікте бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді. Постермен тиімді жұмыс жасайды. Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Сәлемдесу, кезекші оқушымен сөйлесу арқылы түгелдеу.

Тренинг

Психогеометриялық тест

«Мүсіндеу» әдісі арқылы топқа бөлу.



Оқушылар ортада жүру арқылы әр түрлі геометриялық фигураларды жасайды. Фигуралар арқылы оқушы мінез-құлықтары айқындалады.

Квадрат

Зигзиг

Ұшбұрыш

Шеңбер

Әуен қойылғанда оқушылар билейді, әуен тоқтағанда мүсін жасайды.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

«Автор орындығы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

  1. Шығарманың бас кейіпкері кім?

  2. Зигфридтың есімі қалай өзгерді?

  3. Ауыл арасына Зекен Ахметұлы сіңіп кете алды ма?

  4. «ҚР-ның тең құқылы азаматы» болудың Зигфрид үшін қандай қиындығы болды?

«Қамқорлық» тақырыбындағы әңгімелерін оқиды.

Бұршақ толтырылған қапшыққа сұрақ жазылып, топтың ортасына лақтырылады, қапшықты тосып алған оқушы сұраққа жауап береді.

ІІІ Жаңа сабақты талдау (18 минут)

Семантикалық картаны толтыру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сергіту сәті «Он сұрақ»

«Ассоциация» әдісі

Зигфридтің мінез-құлқы. Түрлі іс-әрекеті. Адами қасиеттері.

Кейіпкерлердің сөзін тап

«Еміске сен үш саусағыңды берсең, мен үш ұлымды бергем. Мына жұртты бөгемей, баланың атын айт»

Ахмет

-«Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едіңіз?

Дәуренбек

«Не екі аяқты бірдей ағаш қылам, не көкпарды алып қайтам»

Берден

«Бұл хұльжа Нарым...бет ағамдікі. Маған тастаған. Соғыста өлген»

Зигфрид

«Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріне жетпейді»

Басқарма

Зигфридтің іс-әрекетін саралау.

  • Тілін кәлимаға келтірді

  • Сүндетке отырғызды

  • Асық жілік ұстар тойы өтті

  • Зекен Бегімбетов атанды.

  • Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.

  • 3-4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болады.

  • Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп-тұрды.

  • Шашы ұстарамен алынған тақырбас.

  • Ептеп қазақша сөйлей бастайды.

  • Нарымбеттің інісі атанады.

  • Асық ойнап, суға шомылады.

  • Малды қайыруға көмектеседі

  • Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанады.

ІҮ. Сабақты бекіту

(3 минут)

Сөздікпен жұмыс

Кітаппен, дәптермен жұмыс.

Гимнастерка-әскери сырт киім

Протез-адамның жоқ мұшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды дене мүшесі

Айыл-ер тоқымды жылжымайтындай ұстап тұратын жалпақ қайыс тартпа

Галефе-кең балақты шалбар

Лобогрейка- егін шабатын машина

Ү. Қорытынды

(10 минут)

«Ашық хат» әдісі

Шығармашылық жұмыс

1-топ. Зигфридтің Ахметке алғысы

2-топ. Зигфридтің Дәуренбекке түсінбеушілік хаты

3-топ. Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

4-топ. Адам баласын бауырым деу-жүрек ісі.

Үй тапсырмасы

(3 минут)

Үй тапсырмасы түсіндіріледі.

Топтық тапсырма, оқушылар шығармадағы салт-дәстүр бойынша мәліметтер жинақтап келеді.

1-топ. Сүндет той

2-топ. Асық-жілік ұстар тойы

3-топ. Тілін кәлимаға келтіру

4-топ. Ат тізгінін ұстап, асық ату

ҮІ. Бағалау

(3 минут)



Мадақтап, бағаларын қояды.

«Жүзім шоғы» бойынша бағалау, рефлексиялық есеп, өзін-өзі бағалау,

Қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Күні:15.04.2014

Сабақ №3

Тақырыбы: Шығарма құрылысына талдау.
Мақсаты: Шығарманың құрылымын толық меңгерте отырып, мазмұндық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  1. Шығарманы талдата отырып, тақырыпты жан-жақты меңгерту.

  2. Шығарманың оқиғаларын байланыстыра білу дағдыларын дамыту.

  3. Адамгершілікке, жолдастыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:СТО, диалогты оқыту, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, «Төрт құбылыс», постермен жұмыс, тест тапсырмасы, шығарманы талдау

Көрнекілік құралдары: презентация, постер, маркер, стикер
Күтілетін нәтиже: Ізденімпаздығы мен АКТ пайдалану құзіреті артады. Шығармаға талдау жасау арқылы сөздік қоры дамиды.

Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Сәлемдесу, кезекші оқушымен сөйлесу арқылы түгелдеу.

«Төрт құбылыс» ойыны

Сабаққа позитивті күйде дайындалады.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші оқушы, «Су»- десе қолдарын алдыға созады, «Ауа»- десе қолдарын жоғары көтереді, «От»- десе қолдарын айналдырады, «Жер»- десе қолдарын айналдырады. Кім шатасса, ойыннан шығады.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)

1-топ. Сүндет тойы

2-топ. Асық-жілік ұстар тойы

3-топ. Тілін кәлимаға келтіру

4-топ. Ат тізгінін ұстап, асық ату

Түстер арқылы топқа бөлу

Әр топ өз тақырыбын қорғайды.

Оқушылар қалаған түстерін таңдап алып, ұқсас түрлері арқылы топқа бөлінеді.

Қызыл стикер

Жасыл стикер

Сары стикер

Сарғылтым стикер

ІІІ Шығарманы талдау

(20 минут)

Постермен жұмыс

Оқиғаның басталуы: Басқарманың ауылға жетім балаларды әкелуі.

Оқиғаның байланысы: Ахмет қарияның Зигфридті асырап, бауырына басуы.

Оқиғаның шиеленісуі: Ауыл адамдарының Зигфридті қабылдау алмауы.

Оқиғаның дамуы:Зигфридтің ақталуы.

Оқиғаның шешімі:Ахмет қария Зигфрид үшін «Қызыл ту» ауылына қоныс аударуы.

ІҮ. Қорытынды (10 минут)

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Тест тапсырмасын алу. Жұптық жұмыс.


Оқушылар бір- бірінің тест тапсырмаларын тексереді.

  1. Былғыртау ауданының тоғыз колхозына неше бала жіберді?а) 64 ә) 54 б)24

  2. Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер,-деді... Кімнің сөзі?

  3. Нартай мен Ертай жасы нешеде? А) 8,6 б) 7,5 ә) 6,8

  4. Соғыстан аяғынан айырылып қайтқан кім?

а) Дәуренбек ә) Берден б) басқарма

5. Зигфридтің қай дыбысқа тілі келмейтін? А)х ә) ө б) қ

6. Ахметтің балаларының есімдері?

А) Жолымбет, Келімбет, Нарымбет

Ә) Жолыбай, Келімбет

Б) Келімбай, Нарынбай

7. Татар баласының аты, жасы?

А) Яков 9-да ә) Рәшит 7-де б) Нартай 8-де

8. Әскери гимнастеркалы, қара галифе шалбарлы жігіт кім?

А) Дәуренбек ә) Берден б) басқарма

9. Ахмет Зигфридпен бірге қай колхозға қоныс аударды? А) Бұлғыртау ә) Қызыл ту б)Ыспан

10. Берденнің көкпарға мінген аты? А) Көкдомбақ ә) Құлагер

б) Күреңторы

Ү. Үй тапсырмасы (2 минут)

«Біз-бейбіт елдің ұландарымыз» тақырбында шығарма жаз

Қосымша. Д.Исабеков «Ата үміті»

Тапсырманы күнделіктеріне жазады.

ҮІ. Бағалау (3 минут)

Мадақтап, бағаларын қояды.

Топтар бірін-бірі күлекештер арқылы бағалайды, сумативті бағалау тест, екі жұлдыз, бір тілек



Қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Күні:18.04.2014

Сабақ №4
Тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті» повесі
Мақсаты: Әңгіменің мазмұнымен терең таныстыру арқылы, шығарманың көтерген ой-түйінін ашу.

Міндеттері:

  1. Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.

  2. Түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жүйелі айту қабілеттерін дамыту.

  3. Әңгіме идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:СТО, диалогты оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, «Уақыт шеңбері», «Ұқсасын тап», «Мен ойландым, сен тап», жоспар құру, мінездеме беру, «Конферт сұрақ», «Пошташы ойыны»

Көрнекілік құралдары: Д. Исабеков портреті, дермене суреті, ресурс2, элетронды оқулық, конфет, сткер, бағдаршам

Күтілетін нәтиже: Әңгіменің мазмұнын меңгеріп, тәрбиелік мәнін аша біледі. Әңгіме желісі бойынша жоспар құра алады. Өз ойларын ауызша және мимика арқылы жеткізе біледі. Мәтінге сұрақ қоя алады. Бір-бірінің пікірін тыңдап, ойларын қорытындылайды.

Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

Сәлемдесу, кезекші оқушымен сөйлесу арқылы түгелдеу.

«Ұқсасын тап» тренингі


Оқушылар өзара ұқсастықтарын тауып, орындарын ауыстырады.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)

«Мен ойландым, сен тап» мимикалық ойын

«Біз-бейбіт елдің ұландарымыз» тақырбында шығарма жазу.

Бір оқушы ортаға шығып, жазып келген шығармасын мимика немесе сурет, тірек-сызбалар арқылы көрсетеді, оқушылар мағынасын ашады.


ІІІ Жаңа сабақты меңгерту

(20 минут)

Д. Исабековтың өмірі мен шығармашылығын таныту.

Ресурспен танысу.

«Уақыт шеңбері» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Конфет арқылы топқа бөлу.

«Почташы» ойыны арқылы «Конферт-сұрақ» әдісін қолдану арқылы сабақты бекіту.


Ресурспен жұмыс жасау арқылы дермене өсімдігімен танысады.

Оқушылар шеңбер болып отырып, жоспар бойынша сабақты баяндайды. Қалаған оқушы айта алады, бірін-бірі толықтырып отырады.

Тапсырма:

1,2 топ мүшелері әңгіме бойынша мазмұнды жоспар құрады.

Жоспар:

  1. Тоқсанбай мен Ергешбайдың дермене ру үшін жаңа жерге қоныс аударуы

  2. Омашпен күтпеген кездесу

  3. Омашпен аталы-балалы екеуінің серіктес болуы

  4. Омаштың дермене ұрлап әкелуі

  5. Серіктестер арасындағы кикілжің.

  6. Омаштың аталы-балалыны алдап соғуы

  7. Тоқсанбай қарт адал жолды таңдаған жан.

Оқушылар қалаған конфеттерін алып, ұқсастары топ болып құралады.

Сыныптан бір оқушы почташы болып сайланады. Ол оқушыларға конфер таратады. Оқушылар сұрақ және мекен-жайын жазады. Ол оқушы жауап бере алмаса, сұрақ қойған оқушы жауап береді.

ІҮ. Қорытынды (10 минут)

Сынып екі топқа бөлініп, дебат ұйымдастырады.

Жақтаушы топ

  1. Еңбек

  2. Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.

  3. Еңбекпен тапқан нан тәтті

  4. Ұрлық адамға пайда әкелмейді

Даттаушы топ

  1. Еңбек емес

  2. Ебін тауып тірлік жасау керек

  3. Заманың түлкі болса, тазы боп шал

  4. Адам заман ағымымен бірге

Ү. Үй тапсырмасы (2 минут)

Үй тапсырмасының орындалу барысы түсіндіріледі.

«Даналық ойдан дән ізде»

Ұлы адамдардың адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздерін жазып келу.

ҮІ. Бағалау (3 минут)

Мадақтап, бағаларын қояды.

Бірін-бірі бағалау, «Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 0613
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар. Сабақтың мақсаты
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Microsoft officeWord редакторында кесте құру,пішімдеу Пән мұғалімі: Асанова Молдир
0613 -> Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды жетілік»
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Менің туған өлкем
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Линза және оның оптикалық параметрлері. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет