Сабақ 11 сынып дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н. Г



Дата29.01.2017
өлшемі156,53 Kb.
#8232
түріПрезентация
Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі

ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ



11 СЫНЫП

Дайындап өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н.Г.


Сабақтың тақырыбы: Ғарыш айлағы

Мақсаты: Оқушылардың ғарыш жайындағы мәліметтерін толықтыру. Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға , дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету. Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру.

Көрнекіліктер: қима қағаздар, флипчарт, фломастерлер, презентация

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ- жауап, топтық.

Ұйымдастыру кезеңі



  1. Оқушылар назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық: 2мин

Әрбір адам – туысым,досым, жұрағат,

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің- тірлік,тірек, адамдық

Әрбір сөзің – шындық, бірлік,адамдық

Эмоциялық көңіл-күй білдіру. Мысалы: Кристина саған жақсы көңіл- күй сыйлаймын.



  1. Презентация көрсету. Ғарыш айлағы туралы.

  • Оқушылар суретте не көрдіңдер?

  • Қандай атақты суретшілермен таныстық?

Үйге берілген тапсырмаларды жинақтау


Ғарыш туралы не білеміз?

Ғарышкерлер туралы мәлімет?

Оқушы: Ай- Жердің табиғи серігі. Жерге ең жақын аспан денесі

Оқушы: Күн- қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.

Оқушы: Жұлдыз- өте қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелердің бірі

Оқушы: 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров «СоюзТ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

Оқушы: Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет ( 1994,1998) болды.

Шығармашылық жұмыс . Оқушылар өз жұмыстарын баяндайды.

Қорапшадағы сұрақтар арқылы сұрақтары бар топ бір жаққа, жауабы бар топ бар жаққа отырады.



Бекіту: «Кім тапқыр» ойыны арқылы ойларын қорытындылау. Қорапшада жазылған сұрақтар арқылы өз ойларын жинақтау ; бір-бірлеріне сұрақтар жасырады
Сергіту сәті: көзге арналған жаттығу 2 мин

Мәтінмен жұмыс Постер арқылы қорғау 15 мин

  1. топ Байқоңыр айлағы жайлы түсінік

  2. топ Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері

Байқоңыр – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы,экватор жазықтығына жақындығы ,ракета ұшырудың қауіпсіздігі ,қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескеріледі. Байқоңырдан Күннің ,Айдың; Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайданылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «радуга», «Метеор» жасанды серіктері ұшырылды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993ж Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

Байқоңыр айлағының әкологиялық мәселелері

Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары кең тарала бастады. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды ,Павлодар , Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты- 5 түрлі мақсатпен ұшыралатынын білеміз. Біріншісі : зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері.Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.



Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал- жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық- түлік , су, киім- кешек оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.

Үшіншісі- әскери мақсаттағы зымырандар

Төртіншісі: байланыс- жер серіктері

Бесіншісі: планетааралық ғарыш кемелері

Грамматикалық тақырып : Жалқы және жалпы есімдер

Мына сөздердерді топта: ғарыш, Тоқтар Әубәкіоров, мемлекет, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, жер серігі, «Восход» кемесі, экология, зымыран, алаң, Т.Мұсабаев.

Мына сөздерге морфологиялық талдау жасау: Кемесімен, зерттеушілер, зымырандардың

Ғарыш туралы бейнеролик қарау.

Бекіту: Тест жұмысы

  1. Ғарышқа ұшудың мақсаты неде?

А) аспанды саяхаттап айналып келу

Ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын ашу

Б) әр ғарышкер өзінің батыр, мықты екенін көрсету

2. Ғарыш алаңы қалай аталады?

А) Астана

Ә) Байқоңыр

Б) Арал


3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?

А) Талғат

Ә) Гагарин

Б) Фибон


4. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?

А) 22 наурыз

Ә) 9 мамыр

Б) 12 сәуір



5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?

А) 1962 жыл

Ә) 1991 жыл

Б) 1992 жыл



Рефлексия. « Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорыту.

Бағалау: Стикер арқылы өз ойларын білдіру .
Каталог: uploads -> doc -> 0484
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0484 -> Сабақтың мақсаты: а оқушылардың етістіктен алған білімдерін пысықтау, тиянақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет