Сабақ №12 Күні: 22. 09-27. 09. 14 Сынып: 11 «Г» Пән: Алгебра Сабақтың тақырыбы : Қисықсызықты трапеция



бет1/3
Дата01.10.2019
өлшемі1,77 Mb.
#49014
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
11 сынып сабс0 жоспары
Ұлы математиктер тарихын зерттеу, алгебра күнтізбе жаңа, 9-сынып маб тест, 9-сынып маб тест, 11 СЫНЫПЛГЕБРА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ, 4-synyptan-tys-shara-matematika-5a86efa99ff82 (1), 4-synyptan-tys-shara-matematika-5a86efa99ff82 (1), 11 СЫНЫПЛГЕБРА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ, 11 СЫНЫПЛГЕБРА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ, ОШ ФО Алгебра 9 класс каз (3) (1), lсыныптан тыс 3сшара, 15.болшек-тендеу 8 класс, 9 алгебра поур, Презентация Microsoft Office PowerPoint (2)
Сабақ № 12 Күні: 22.09-27.09.14

Сынып: 11 «Г»

Пән: Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Қисықсызықты трапеция

Сабақтың мақсаты :

  • Оқушыларды қисықсызықты трапеция ұғымымен таныстыру, қисықсызықты трапецияның ауданын табуды үйрету, берілген функция үшін алғашқы функцияны анықтау бойынша білімдерін жетілдіру.

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын жеткізу білуін және ой өрісін дамыту.

Сабақтың типі: ЖТТС .

Сабақтың көрнекілігі: ИБТ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, тақта, косымша есептер

Сабақты өту әдісі: топтық жұмыс.

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру .

Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй жұмысын тексеру.

  2. Жаңа сабақты түсіндіруу. Интерактивті тақтаның көмегімен түсіндіру

А) Қисықсызықты трапеция ұғымымен таныстыру.

Анықтама: Үзіліссіз, y=f(x), f(x)>0 функциясының графигімен, абсцисса осімен және x=a. x=b түзулерімен шектелген жазық фигура қисықсызықты трапеция деп аталады.

Ә) Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласын қорытып шығару. (S=F(b)-F(a))

Б) Қисықсызықты трапецияның табанымен таныстыру. (қисықсызықты трапецияның табаны ретінде алынатын [a;b] кесіндісі)

В) Қисықсызықты трапецияның ауданын есептейтін алгоритімен таныстыру.

1. Бір координаталық жазықтықта берілген қисықтардың графиктерін салу;

2.Графигі жоғарыдан қисықсызықты трапецияны шектейтін функцияның алғашқы функцияларының бірін анықтау;

3.Қисықсызықты трапецияның төменгі табаны болатын кесіндінің шеткі нүктелерінің координаталарын анықтау;

4. S=F(b)-F(a) формуласы бойынша қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу



Берілген сызықтармен шектелген фигураның ауданын табу

формуласы арқылы табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет