Сабақ: 16 Күні: 25. 12 Тақырыбы: Банктік қызметтер



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі307,95 Kb.
#28224
түріСабақ
  1   2

Пән: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері

Сынып: 9А

Сабақ: 16

Күні: 25.12



Тақырыбы: Банктік қызметтер

Сабақтың мақсаты: Банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операцияларын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларға банк қызметтерінің түрлеріне түсінік бере отырып, ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Нарықтық экономика жағдайында қор нарығының маңызы мен тиімділігін көрсете отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық

Көрнекілігі: схемалар, слайдтар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Банк ұғымы

  2. Банк жүйесіне анықтама

  3. ҚР-да қалыптасқан банк жүйесі және қызметтері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Банк қызметтері түсінігі

  2. Банк атқаратын функциялары

  3. Банк операциялары

1) Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады.

2) Банктердің функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

  4.  Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

  5.  Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

  6. Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

  7. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

  8. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық, эмиссиялық емес;

  • коммерциялық депозиттік, инвестициялық;

  • жинақ;

  • арнайы бағытағы банктер.

3) Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

  • Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);

  • Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);

  • Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.

Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

  • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

  • чектерді жазып вексельдерді береді;

  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады


БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ



Несие беруде және төлемдерде делдалдық ету

Ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру

Айналымның несиелік қаржысын (вексельдер,чектер, банкноттар) жасау




БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАР СИПАТЫ БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІ



Орталық эмиссиялық

Коммерциялық депозиттік

Инвестициялық

Жинақтық

Арнайы мақсатқа арналған



БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ



Ақша ресурстарын

тарату


Белсенді



Ақша ресурстарын жұмылдыру

Енжар




Депозиттер қабылдау, акциялар мен басқа банктерден алынған басқа бағалы қағаздарды несиелерді сату

Несиелер беру, акциялар,

облигациялар сатып алу

лизинг, факторинг, банк

инвестициялары, вексельдермен операциялар

операциялар

«Экономист» ойыны



Оқышыларды 2 топқа бөліп, жарыс ұйымдастыру. Ұяшықтарды таңдап отыру арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр ұяшықтың өзінде белгіленген балдар жазылған. Қай топ көп сұрақтарға жауап беріп, көп балл жинаса, сол жеңімпаз атанады.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Банк қызметінің негізгі міндеттері?

  2. Уақытша бос ақшаларды қалай қадағалайды?

  3. Банк операцияларына не жатады?

V. Үй тапсырмасын беру. Барлық тақырыпты қайталау.

VI. Бағалау.

Экономикадан сабақ жоспарлары + сабақ презентациялары. Мына сайтта

http://vk.com/dana.arman?w=wall277389711_20%2Fall

http://sabaktar.ucoz.ru



экономикадан мына тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары:



Тақырыптар

Сағат

саны

Мерзімі

Түрі, әдіс-тәсілдері

Шығармашы-лық жұмыстары

1

Экономикалардың білім негіздері

1




Дәріс




2

Экономикадағы басты мәселелер

1




Дәріс




3

Экономика тарихы

1




Баяндау




4

Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық қатынастардың дамуы

1




Салыстырмалы оқыту




5

Қазақстан Республикасының экономикасы

1




Семинар




6

ҚР экономикасының даму кезеңдері

1




Презентация




7

ҚР экономикасының даму факторлары

1




Дәріс




8

Экономикалық реформалардың кезеңдері

1




Дәріс




9

Жекешелендіру

1




Дискуссия




10

Мемлекет қарамағына алу

1




Ұжымдық оқыту




11

Ресурстар түрлілігі

1




Іскерлік ойын




12

Ресурстардың шектеулігі және таңдау мәселесі

1




Баяндау




13

Экономикадағы тұтынушы

1




Іскерлік ойын




14

Тұтынушының рационалды тәртібі

1




Дәріс




15

ҚР банк жүйесі

1




Топтық жұмыс

Кроссворд

16

Банктік қызметтер

1




Іскерлік ойын




17

Қаржылық жүйесі

1




Баяндау




18

Банктік есепшот

1




Дәріс




Каталог: uploads -> doc -> 0820
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0820 -> Сабақ Тақырыбы: Біріккен сөздер Сыныбы: 4 "А" Пәні: Қазақ тілі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дамытушылық
0820 -> Сабақтың тақырыбы:«Power Point»
0820 -> Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0820 -> Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан. Сабақтың мақсаты: Оқушылар Орталық Қазақстан жайында түсінік алуы тиіс
0820 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: Деңгейлеп оқыту,әңгімелеу, сұрақ жауап алысу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет