Сабақ №2 Тақырып: Адамдардың бір-бірін түсінуі және қабылдауы Жоспар: Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары



Дата27.02.2022
өлшемі24,59 Kb.
#133521
түріСабақ
Байланысты:
Тәжірибелік сабақ2 Тақырып Адамдардың бір-бірін түсінуі және қабылдауы
Тәжірибелік сабақ 1 .

Тәжірибелік сабақ № 2 Тақырып: Адамдардың бір-бірін түсінуі және қабылдауы

Жоспар:


  • 1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары

  • 2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі

  • 3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас


1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары

Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:

  • қарым-қатынас мазмұны,

  • қарым-қатынас мақсаты

  • қарым-қатынас құрамы.


Қарым-қатынас түрлері:
1. Маскалар байланысы;
2. Қарапайым қарым-қатынас;
3. Ресми-рөлдік қарым-қатынас;
4. Кәсіби қарым-қатынас;
5. Рухани қарым-қатынас;
6. Манипулятивті қарым-қатынас;
7. Ауқатты қауым қарым-қатынасы.
1. Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл – басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;
2. Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;
3. Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;
4. Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;
5. Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы орнайды;
6. Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т.б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады;
7. Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.

2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі

Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.

Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:

  • Бала;

  • Ата-ана;

  • Ересек адам.

Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып


отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш

позицияның біреуі басым болуы мүмкін.

Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:


  • жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады;

  • бағатын - қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.

Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:



  • тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді;

  • тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.

Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.



Назарларыңызға рақмет
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет