Сабақ №3 Тақырыбы: Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция



Дата03.01.2022
өлшемі24,75 Kb.
#108654
түріСабақ
Байланысты:
микроэкономика 3 апта
556308

Қожа Ахмет Ясауи атындығы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті


Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция

Орындаған: Пазылхан А


Қабылдаған: Алимкулова Э.

Тобы: ЭҚЖ 911

3. Тақырып бойынша глоссарий жасаңыз және ол анықтамаларды негіздеңіз

Глоссарий:


- жандану-Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі.

- рецессия (дағдарыс) -Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

- тоқырау-Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

- экономикалық цикл-бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

- өрлеу-Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

- жұмыссыздық-бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы

- құрылымдық жұмыссыздық-елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс

- фрикциондық жұмыссыздық-еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады.

- циклдық жұмыссыздық-Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.

- маусымдық жұмыссыздық-Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.

- технологиялық жұмыссыздық-техника мен технологияның жаңа буындарына көшуге, қол еңбегін механикаландыру мен автоматтандыруға байланысты пайда болатын жұмыссыздық;

- Оукен заңы-Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады

- жұмыссыдық деңгейі-Әрбір нақты сәтте жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің үлесі.

- жұмыс күші-Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді

- жұмысбастылар-жұмыспен қамтылған адамдар қатары

- толық жұмысбастылық-

  1. Жұмыссыздық нөлге тең болғандағы жағдай




  1. Тек циклдық жұмыссыздықтың болуы




  1. Тек маусымдық жұмыссыздықтың болуы




  1. Тек фрикциондық жұмыссыздықтың болуы


- табиғи жұмыссыздық деңгейі-Еңбек рыногында тепе-теңдік жағдайында сақталатын жұмыссыздықтың шынайы қажетті деңгейі. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрінде ажыратылады.

- Оукен коэффициенті-2,5% Оукен коэффициенті деп аталады.

- экономикалық белсенді халық-халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі (жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындарды қоса), еңбекке қабілетті адамдардың басым көпшілігі.

- экономикалық белсенді емес халық-жұмыс күші құралына кірмейтін ел тұрғындары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет