Сабақ: №37 Тақырыбы: М. Мақатаев. «Отан туралы» Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі31,35 Kb.
#26627
түріСабақ
Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақ: №37

Тақырыбы: М.Мақатаев. « Отан туралы »

Мақсаты:


  1. Туған жер мәтінін оқи отырып, туған жердің әркімге ыстықтығы, жақсылығы жайлы жан-жақты түсінік беру.

  2. Ақын «Отан» ұғымына нені жатқызатыны, бәрінен биік қоятыны жайлы түсінік беру, ұғындыру.Тілін сөздік қорларын дамыту.

  3. Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: арнайы Отан туралы суреттер, М.Мақатаев суреті, слайд, бейнефильм.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Ыстық қой, шіркін, туған жер!» мәтінін оқыту.

-Отан деген не екен?

- Отан қай кезде ерекше ыстық болады?

-Неліктен жырақта жүргенде Отанды сағынамыз?

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап алу, қысқаша түсінгендерін әңгімелету.



ІІІ. Өткенді пысықтау:Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту. Оқушылар өздері ізденіп қосымша дайындап келген мақалдарын айтады.

Слайдпен Отан туралы бейнефильмді көрсету.

-Біздің отанымыз қандай екен? (кең, байтақ)

-Отан әркімде нешеу болады екен?

-Отанды немен салыстырсақ болады?

-Отан неден де ыстық болады екен? (мақалды жалғастырып айтқызу)


ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған жер , Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу.

Слайдпен көрсете отырып М. Мақатаев өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру.



Ү. Жаңа сабақ:

74 беттегі мақал-мәтелді оқыпберіп оның мәнін оқушыларға түсіндіру.



  1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

  1. Отан оттан да ыстық.

Осы мақалдардың мағынасын түсінуге белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңі көмектеседі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Мағынасын толық түсіндіру.

Өлеңді оқушыларға тізбектей, мәнерлеп оқыту.

Слайдтағы бейне сұраққа жауап алу.



  • Өлеңді қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсыңдар?

  • Ақын өлең жолдарында өз Отанын неге теңеген?


Ү. Сергіту сәті.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге нұры төгілсін!
ҮІ. Дәптермен жұмыс:

Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді өлең жолдарынан тапқызып дәптерге жаздыру. Көркем сөздердің мағыналарын оқушыларға түсіндіру.


ағынды өзен қасиетті тіл

асқар тау құдіретті үн


ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Түсінгендерін тексеру мақсатында дәптерлеріне сызба толтырту.

Слайдтантағы қосымша сұрақтарға жауап алу және сызбаны толтырту.

Сызбаға байланысты қойылған сұрақтарға жауап алу.

Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыр:




Ақындар

Отанды қалай сипаттайды?

Екі өлеңдегі ұқсастықтар:

Жақан Смақов

Мұқағали Мақатаев



Ұлы Отан.

Бәрінен биік Отан.



Екі өлең де Отан жайлы

жазылған.


Қосымша тақтада «Венн диаграммасы» бойынша салыстыру



ҮІІІ. Қорыту.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.



  • Туған жер – алтын бесік.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұлға тең.



IX. Үйге тапсырма:

74 беттегі «Отан туралы» өлеңін жаттау. Отан туралы өз бетіңше шағын шығарма жазып келу.



X. Бағалау.

Оқушыларды «бесжұлдыз» , «шаршы», «үшбұрышы» бар суреттермен марапаттау арқылы тиісті бағамен бағалау.



Тексерілді:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет