Сабақ №4 сабақ тақырыбы Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі Оқу мақсаты (қысқаша)



Дата19.05.2020
өлшемі65.67 Kb.
түріСабақ

Cыныбы

9

Пәні

География

Мұғалімнің аты-жөні

Тлеубердинова Құралай Тоқтарбекқызы

Оқулық

География. 9 сынып

Сабақ № 4 сабақ тақырыбы

Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі



Оқу мақсаты

(қысқаша)



Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады

Орындалу тәртiбi

Оқушының география пәнiне арналған дәптерi

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)






Іс-әрекет реті

Ресурстар

Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны

Оқулық беттеріне, интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп»

баспасы, 95-100 беттер

https://articlekz.com/kk/article/15701

http://e-ressurs.arsu.kz/nauka/Intellektualnaya-sobstvennost-i-innovatsii/kz/

https://kz-ekr.invest.gov.kz/about/infrastructure/
https://khabar.kz/kz/zhanalyktar-kz/itemlist/tag/
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/ehkonmika-zhane-onerkasip/lesson/aleumettik-infraqurylym-salasy
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы

Инновациялық қызмет инфрақұрылымы немесе инновациялық инфрақұрылым–бұл иелігіндегі субъектілерге инновациялық процестердің шарттарын іске асыруды тікелей экономикалық тиімді принциптер негізінде қамтамасыз ететін ұйымдастырушыэкономикалық институттар кешені. Инфрақұрылым келесі функционалдық салалар бойынша бөлінеді:



  1. көлік және байланыс;

  2. ақпарат және телекоммуникация;

  3. несиелік–қаржылық сала;

  4. қор нарығы;

  5. делдалдар институты;

  6. арнайы және консалтингтік сипаттағы қызмет көрсететін компания мен фирмалар.

Инновациялық инфрақұрылым құрудың маңызды бағыты өнеркәсіптік, аймақтық және инновациялық саясат элементтерін біріктірудің арқасында өсімді ынталандыру стратегиясын жүзеге асыратын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономика дамуындағы мемлекеттің рөлі макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұратын және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін реттейтін саясатты әзірлеумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, ол экономикалық процестердегі стратегиялық және үйлестіру функцияларын өзіне жүктеуі тиіс. Осы функцияларды іске асыру тетіктерінің бірі даму институттары, технопарктер, конструкторлық бюролар, арнайы экономикалық аймақтар болып табылады.

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымына кіреді:



1. Даму институттары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы №1201 «Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 5 инновациялық даму институттары анықталған: «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «ҚазАгроИнновация» АҚ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ.

2. Конструкторлық бюро. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыз №958 Жарлығыменбекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін – ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау сегменттері бойынша 5 конструкторлық бюро құру қарастырылған.

3. Технопарктер. Технопарк – ғылыми-зерттеу институттары, индустрия объектілері, кеңсе жәнеіскерлік орталықтары, көрме алаңдары, оқу орындары, сондай-ақ көлік құралдары, кірме жолдар, тұрғындар кенті, күзет сияқты қызметі көрсететін объектілер біріктірілген мүліктік кешен. Технопарк құрудың мәні мамандардың жалпы кәсіби қызметін бірыңғай аумақта топтастыру болып табылады. Ғалымдар технопаркте ҒЗИ зерттеулер жүргізуге, оқу орындарында сабақ үрдісіне қатыса отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізугемүмкіндік алады. Технопаркті басқаруды сыртқы басқарушы компания жүзеге асырады.

4. Арнайы экономикалық аймақ. Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің 8 технопаркінің бірі болып табылатын Алматы қаласы Алатау аулында орналасқан «Алатау» ЖШС Технопаркі аумағында «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Технопарктің тарихы 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 18 тамыз №1166 Жарлығымен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ құрылған уақыттан басталады. «Ақпараттық технологиялар Паркі» АЭА атауы 2011 жылдан бастап инновациялық технологиялар Паркі деп аталды.

Парктің Стратегиялық мақсаты – экономиканың «білім–ғылым–технология–өндіріс» басым қағидаты бойынша ғылыми-білім, жобалық-конструкторлық және өндірістік құрылымды біріктіретін жеткілікті инновациялық кластерді құру:



  1. ақпараттық технологиялар;

  2. жаңа материалдар;

  3. баламалы энергетика;

  4. мұнай-газ технологиясы;

  5. электроника және аспап жасау;

  6. ядролық технологиялар.

Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. 2010-2018 жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9 трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global-2000/ТҰК тізімінен 29 инвесторды тарту  нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды. 35 кәсіпорынды жаңғырту, экономиканың жаңа бағыттары мен экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа тауарлардың пайда болуы арқылы тиімді базалық индустрия құрылды.


+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

Жауап бер

  • Инфрақұрылым ұғымын қалай түсінесіз?




Орында


Оқушыға арналған тапсырма:

Дескриптор

Білім алушы

  • инфрақұрылымның функционалды салаларын біледі;

  • инфрақұрылымның функционалды салаларын жіктейді;

  • инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктерін анықтайды;

  • аймақтардағы инфрақұрылымның дамуындағы проблемаларды зерттейді;

  • шешу жолдарын ұсынады




  1. Тапсырма. Қазақстан аймақтарының инновациялық инфрақұрылым ерекшеліктерін талдаңыз:

Экономикалық аймақтар



  • Солтүстік Қазақстан

  • Батыс Қазақстан

  • Орталық Қазақстан

  • Шығыс Қазақстан

  • Оңтүстік Қазақстан

Талдау сұрақтары

  • Инновациялық инфрақұрылым нысандары, олардың инновациялық дамыту бағыттары;

  • Жұмыс нәтижелері, өнімдері, экспорттық мүмкіндіктері;

  • Инновациялық инфрақұрылым дамуындағы проблемалары;

  • Даму проблемаларын шешу жолдарын ұсыныңыз.



Рефлексия

Мен бүгін ... білдім

+ немесе – белгілерін қой


Мен енді ... білемін




Оқушымен кері байланыс

( ауызша бағалау немесе комментарий)




Кері байланыс: оқушы орындалған тапсырманы суретке түсipiп толық аты-жөнін, сыныбын жазып tkt_k@mail.ru поштасына жіберіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет