Сабақ 9-сынып Күні : Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдары. Ресурстардың аздығы және таңдау проблемалары



Дата26.08.2017
өлшемі27,67 Kb.
#28831
түріСабақ
4 сабақ 9-сынып

Күні :

Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдары. Ресурстардың аздығы және таңдау проблемалары.

Білімділігі:Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;

Дамытушылығы:Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Тәрбилегі:Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық тағамдар», слайд

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-оқушыларды түгендеу;

-жұмыс орнын жабдықтау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.

Ұлттық тағамдар

Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары

Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан

(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама

Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары

Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)

Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)

Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай

Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). IV.Бекіту тапсырмалары

Қазақша еттің құрамы

Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет



  1. Ұлттық

Сусындар тағамдар, қымыз қазы-қарта, шұбат қуырдақ, айран қазқша ет,сүт

  1. Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.

Тәбетіңіз ашылсын!

V. Қорытынды



Бағалау

Үйге тапсырма: §4.



Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын жазып әкелу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет