Сабақ Алкиндер Күні: 19. 11. 14 Пәні: химия Сыныбы : 11



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі2,89 Mb.
#14599
  1   2   3
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

ТОҚМҰХАМЕДОВ Қ.Қ АТЫНДАҒЫ №14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП




Ашық сабақ
Алкиндер

Күні: 19.11.14

Пәні: химия

Сыныбы : 11 «А»

Пән мұғалімі Баймуратова Л

Байқоңыр қаласы

19.11.14ж 11 «А» сыныбы 2-сабақ Ж-39

Сабақтың тақырыбы: Алкиндер

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың алкиндер туралы білімдерін қалыптастыру.

б)дамытушылық: қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін, танымдық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

в)тәрбиелік: сабақ уақытын үнемді пайдалана білуге үйрету; бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу , мамандыққа баулу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ әдістері,тест, сұрақ-жауап, ішінара іздену,

деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,интербелсенді тақта, үлестірмелер, каучук пен резеңкеден жасалған бұйымдар,молекулалардың шар өзекті модельдері

Пәнаралық байланыс: физика, математика, география,қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

а) үлестірмелермен жұмыс

б) тақтаға жаттығуларды жазу,тексеру

в) шығармашылық жұмыстармен таныстыру

г) егер мен...

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сәйкестендіру тесті.

IV.Мақсат қою кезеңі

V. Жаңа сабақты түсіндіру

VI. Бекіту

а) оқулықпен жұмыс

б)топтық тапсырма

VII. Сабақты қорытындылау

Химиялық диктант

VIII.Үйге тапсырма беру

Оқушылардың білімін бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесіп, сыныпты түгендеп, оқушыларға бағалау парағы таратылады.

ІІ.Үй тапсырмасы: Каучук пен резеңке,7,9-жаттығу,топтық тапсырмалар. Үй тапсырмасын тексеру барысында №7,9 жаттығуларды оқушылар тақтаға орындайды; 4 оқушыға үлестірме беріледі; 4 топ өздеріне берілген шығармашылық тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын таныстырады (кітапша, хабаралама, модель құрастыру, сурет салу); егер мен айдары бойынша әр топтан бір оқушы шығып, электрик, сантехник, ақын, автокөлік слесарі мамандықтарын тақырыппен байланыстырады.



ІІІ. Үй тапсырмасын қорытылау кезінде сәйкестендіру тесті беріледі.

Каучук Вулканизация

Эбонит Бензинде ерімейді

Дивинил (C5H8)n

Күкірт қосу Оқшаулағыш

Резеңке Н2C=CH–CH=CH2

ІV. Мақсат қою кезеңінде оқушыларға сабақ барысында қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейтіп, алкиндер, олардың гомологтық қатары, атаулары мен изомерлері, алынуы туралы жаңа білім қалыптастырантындығы айтылады.

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер-алкиндер. Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екендігін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этин

Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: СnН2n-2. Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан алкиндер ацетилен көмірсутектер деп аталады.



Алкиндердің құрылысы. Алкиндердің құрылыстары мен бірінші мүшесі аце-тиленнің мысалында танысайық. Ацетилен молекуласының құрылысын тө-мендегі формулалар арқылы бейнелеуге болады:

Н : С: : С:Н Н-С ≡ СН не НС ≡ СН деп жазуға болады.

Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байла-нысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтелген орбитальдарының біреуі сутек атомының sp-гибридтенген орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен δ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180° бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбиталдары өзара перпендику-ляр жазықтықтарда орналасып (21-сурет), екінші көміртек атомының осын-дай орбиталдарымен арасында екі π-байланыс түзіледі. Яғни, ацетилен моле-куласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыс біреуі δ-, екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С≡С) ұзындығы 0,120 нм , бай-ланыс энергиясы 830кДж/моль. Ацетиленнің шар өзекті және масштабты пішіндеріне назар аударайық.



Байланыс сипаттамасына тоқталсақ

Гибридтену түрі – sp

Валенттілік бұрышы – 180°

Байланыс ұзындығы С = С – 0,120 нм

Байланыс энергиясы – 962 кДж/моль

Молекуласының кеңістіктегі пішіні ─ сызықтық

Байланыс түрі – 3δ және 2π



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет