Сабақ: Қазақ әдебиеті Мектеп: №97 орта мектеп Күні



Дата06.07.2018
өлшемі93,5 Kb.
#47539
түріСабақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылы

97 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Жиенәлі Табиғат Өтемісқызы


ҰМЖ: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: №97 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жиенәлі Табиғат

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 12


Қатыспағандар саны:0

Сабақтың

тақырыбы

Шортанбай Қанайұлы, «Зар заман» толғауы.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

А/И 3. Шығарма дағы көркемдегіш құралдардың (қайталау түрлері: эпифора, анафора, метафора, эпитет, теңеу ) қолданысын талдау

Б/С 3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды, толғауды ұлт құндылығы тұрғысынан талдай отырып эссе жазады.



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолдану ерекшелігін талдайды.



Кейбір оқушылар істей алады: Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды пайдаланып, эссе жазады.

Ойлау дағдылары

Қолдану, бағалау,талдау.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.

Көркемдегіш құралдарды қолданып, эссе жазады.




Тілдік мақсат

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Зар заман ұғымы,отарлаушылардың озбырлығы мен сұрқия саясаты



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: зар заман, тар заман, азулы, азусыз,хал кету, пара алу, тәубеден жаңылу т.б.

Пән лексикасы және терминология:

қоңсы-сосед-neigbor,

бүркіт-беркут- golden eagle,

түлкі-лиса-a fox.




Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел». Туған жеріміздіңт тарихында бірнеше мың жылдықтар бар.Оның беттерінде ата- бабамыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы- бұл бірігу тарихы.

Пәнаралық байланыс

Тарих: ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, мәдениеттану фольклористика

Алдыңғы оқу

Д.Бабатайұлы 5- сынып «О, Ақтан жас,Ақтан жас...», Қазақстан тарихы 5- сынып «Қазақстан және Ресей».

Сабақ жоспары




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Қазақ әдебиеті, 7-сынып, «Атамұра» 2017 ж.


Сабақтың басы

6 мин

,

2 мин




Ширату жаттығуы. Ұ.Есдәулетовтің сөзіне жазылған, Т.Мұхаметжановтың әні, Р.Рымбаеваның орындауында «Заман-ай» әнін тыңдату.

АКТ мүмкіншілігін пайдалану


3мин




Үй тапсырмасын сұрау «Ақылды доп» әдісі.Оқушыларға доп беріледі. Допты қағып алған оқушы Шортанбай ақын өмір сүрген заманды сипаттайтын белгілерді танытатын сөз не сөз тіркесін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Қажетті сөздер: тар заман, азулыға бар, азусызға тар заман.

ҚБ: Мадақтау

Жаңа сабақ мақсатымен таныстыру. Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауының көркемдегіш құралдарын анықтаймыз.




1 мин.


Топқа бөлу

«Зар заман» ақындарының есімдерімен топқа бөлу.



  1. Дулат 2.Мұрат 3. Шортанбай



Ақындар аттары жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

30 мин

8 мин

12 мин


10 мин

1-тапсырма ЖЖ.

Жұптарға өлең жолдарына жазылған кесте

бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды (эпифора, анафора, метафора, эпитет теңеу) тауып, өз сөздерімен түсіндіреді.

ҚБ: Дескриптор арқылы бағалап, смайликтер таратылады.
2-тапсырма ТЖ.

Оқушылар топқа бірігеді. Мәтіннен тапқан көркемдегіш құралдарды талқылап, «Фишбоун» әдісі арқылы сызбаға түсіреді. Сынып алдында қорғайды.


Орындалу барысы:

басы – тақырыптың мәселесі;

үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлерін жазу;

астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерге мәтіннен

тапқан мысалдарды жазу;

құйрығы – шығарманың көркем тілі жайлы түйінді сөз.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Мәтіндегі көркем құралдарды пайдаланып «Зар заман және Шортанбай» тақырыбына эссе жазу.



ҚБ: Дескриптор бойынша бағалау

Графикалық органайзер





Сабақтың соңы

4 мин

3 мин


1 мин





Кері байланыс. «Бір айналым сөйлесім» әдісі Сағат тілі бойынша бүгінгі сабақтан түсінген, көңілге түйген ойларын айтып шығады. Қ.Б: Мадақтау

Үйге тапсырма. Жырдан үзінді жаттау. Жырда көрсетілген тарихи кезеңді ақпарат көздерінен іздеп,сол кезеңдегі қазақ жерінің ахуалына тарихи сипаттама жазу.

www.youtube.com.



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ барысында оқушылардың бойында ішкі уәжін артыру үшін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін пайдаланамын.


1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Шығарманың көркемдегіш құралдарына талдау жасайды,мәтінмен жұмыс жасауға төселеді.Өзіндік ойлау қабілеті артады. Өз зерттеулері бойынша аөын ойын ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу арқылы қабілеттерін дамыту жұмыстары ұсынылады.



1.Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін

Мадақтаудың әсері мол.

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара екі жұлдыз, бір ұсыныс айту бойынша жетістіктерін анықтау.

3.Кері байланыс



Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы, оқу бағдарламасын негізге ала отырып жасалған. Оқу мақсаттарына сай оқушы мумкіндіктері басты назарға алынған

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Сабақ мақсаты шынайы болды.

Шығарманың көркемдік құралдарын біліп,ұлттық құндылықтарды білді.



Қорытынды бағамдау





Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.Эссе жазба жұмысы
2.Бір айналым сөйлесім арқылы жасалған кері байланыс
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


  1. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыратын жұмыс ұсынылған жағдайда сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады

- мәтіндегі көркемдегіш құрал түрлеріне мысалдар келтіреді;
- көркемдегіш сөздердің түрлерін үзінді арқылы дәлелдейді;


Тапсырма: 3


Бағалау критерийі

Эссеге қойылған дескриптор:

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;

Эссеге қойылатын талаптарды қатаң сақтайды.




- Эссенің кіріспе бөлімінде не туралы жазылатынын біледі;

- Негізгі бөлімінде не туралы жазылатынын біледі;

- Қорытынды бөлімінде не жазылатынын біледі;
- Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды.




Ықшам сабақ ықпалы: Тренердің,әріптестерімнің ақыл кеңестері сабақ мақсатын оқу мақсатынан алып, нақты талапқа сай кұра білумен оң ықпал етті. Оқуда оқушылардың жетістіктерге жетуіне қалыптастырушы бағалаудың әсері көп екендігін білдім.










Тапсырма




Өлең жолдарынан берілген көркемдегіш құралдарды табыңыз.


Мысалдар

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Орыс - бүркіт, біз - түлкі

Аламын деп талпынды.







Қайсыбірін айтайын,

Қазақтың ұлы қамалды.

Қамалмай енді неғып тұр?







Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.








Билер жейді параны

Сақтап қойған сүріңдей.

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей.













Дескриптор

Білім алушы





  • берілген үзінділердегі көркемдегіш құрал түрлерін анықтайды;

  • көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. XIX ғасыр қазақ әдебиетінің хрестоматиясы. С. Қирабаев.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет