0-3 минут.
Сергіту сәті
Ортасы
|
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Қазақ тілім - ол менің ана тілім!
Қазақ тілім - байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Топ ережесін сақтау.
Оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалау
Үй тапсырмасы.
6- жаттығу
Күрделі сөз қатыстырып сөйлем құрау
«Ия немесе жоқ» әдісі арқылы әр топқа 3 сұрақтан беріп үй тапсырмасын сұрау.
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді бірыңғай мүше дейміз?
Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады?
Күрделі сөздер екі сұраққа жауап береді?
Қараторғай сөзі күрделі сөз?
Екі езуі құлағына жету қуану ма?
Тұрақты сөз тіркесі ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектесеме?
Мағынасы қарама-қарсы сөздер екі сөз табына жатама?
Атақты сөзінің мағыналас сөзі ізетті, сыпайыма?
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алады?
Топқа бөлу
1.Кісі аттары
2. Жан-жануарлар, құстар
3.жер –су аттары
Сөздерді жазу, берілген сөздерді сөз құрамына талдау, әр сөздің неше түбірден құралғанын анықтау. Дәлелдеу.
Аудиозапис арқылы ережесін тыңдату.
9-жаттығу
Әр түбірдің арасына «+» таңбасын қойып көшіріп жазамыз.
Ақ+қу, бұзау+бас, Ақ+ марал, шаң+сорғыш, бал+мұздақ, егеу+құйрық, Жеті+қарақшы, шек+ара.
Түсініксіз сөзге мағұлмат беру.
10-жаттығу
Кемпірқосақ
Күн күркіреп, себелеп,
Жаңбыр жауып, басылды.
Көкжиекке керемет
Кемпірқосақ асылды.
Осы айтылған өлеңде екі түбірден жасалған сөз барма?
Кемпірқосақ және көкжиек
Кім жылдам (шарада шешу)
Бірінші түбір сөз –түс
Екінші түбір сөз-құс
Екі түбірді қоссаң,
Шығады тағы құс
Бірінші түбір сөз- сан
Екінші түбір сөз-зат
Екеуін қосып оқысақ
Жерге қойылатын ат.
3.Біріккен сөздің бірінші түбірі
тағам сөзі,
Екінші түбірі тағам пісіретін
ыдыс аты.
Екеуін қосып оқысан,
Ағзаның бірі.
Топтық жұмыс
11-жаттығу
Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
1-топ. Аққұтан
2-топ. Шекара
3-топ Еңбекақы
Сөздеріне сөйлем құрау.
Топтық жұмыс
Кім көп біледі? ойыны
Аң, құстар, жәндік аттары
Кісі аттары
Жер, су атаулары
Аң,құс,жәндік аттары : Тасбақа,****
Кісі аттары: Ботагөз,****
Жер,су атаулары: Қызылорда,****
Сабақты бекіту:
«Доп лақтыру» ойыны
Күрделі сөз дегеніміз не?
Оның түрлері қандай?
Біріккен сөзге мысал келтір?
Бірікен сөз дегеніміз не?
Біріккен сөзден жасалған кісі аттары?
Біріккен сөзден жасалған жер-су аттары?
Біріккен сөзден жасалған аң-құс аттары?
Рефлексия.
Білемін, білдім, білгім келеді
Оқушылар берілген сөздерді салыстырып, қандай айырмашылық пен өзгеріс байқағанын айтып, қорытынды жасаулары керек.
Оқушылар сөздердегі өзгерістерді салыстырып, жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын анықтайды. Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіп қалатынын айтады.
Оқушылар дәптерге орындап, жұпта бір-бірін тексереді.
Бірлесіп, постер жасайды және оны ортаға шығып, қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды.
Мағынасын түсінген соң ауызша сөйлемдер құрастырады.
|
Слайд, суреттер
А4 парағына жазылған сөздер, А3 форматын-дағы тапсырмалар, топтың аттары.
Доп,оқулық, плакаттар
Суреттер, маркерлер
Плакат,оқулық.
Суретті кесте.
|
Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қазақ тілінде жеті септік жайлы толық шолып өту.
Қабілетті оқушыға тапсыманы қалай түрлендіресіз?
Жеті септікке күрделеніп сөйлем құра.
|
Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
-Топтық жұмыстағы жауаптарын тыңдаймын.
- Жеке жұмысты өз бетінше қалай орындағанын байқаймын.
- Сұрақтарға жауап бергенде тыңдаймын.
|
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу, математика
Денсаулық және қауіпсіздік:
АКТ мен байланыс:
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері):
Бір – бірін сыйлау, пікірлерін тыңдау, құрметтеу.
|