Сабақ Қазақ тілі Тұрақты сөз тіркестері Мектеп: Подстепный қазақ жоббм күні



Дата18.03.2017
өлшемі122,81 Kb.
#11733
түріСабақ
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы,

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі


ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Маратқызы



Қазақ тілі пәні, 4 сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері
ҚМЖ Тексерілді:

Сабақ Қазақ тілі

Тұрақты сөз тіркестері



Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.

Сынып 4 ә

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар тұрақты сөз тіркестері туралы біледі,берілген тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылар тұрақты сөз тіркестері туралы біледі,берілген тапсырмаларды орындай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, тұрақты сөз тіркестерін мағынасына қарай топтастырады, сөйлем құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:

Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойын жеткізе алады, тұрақты сөз тіркестері жөнінде әңгімелей алады.. ... (істей алады)

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:

Тұрақты сөз тіркестері






Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)

Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... ...., өйткені... Тұрақты сөз тіркестері -? Сен қалай ойлайсың?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)

Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... -?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тұрақты сөз тіркесі - фразеологизм




Алдыңғы оқу

Тұрақты сөз тіркесі

Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін айтады.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Оқу үшін бағалау

Ресурстар

Басталуы

І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)

Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Сабаққа дайындығын тексеру.
Өткенді қайталау. Тұрақты сөз тіркесі

  • Сөз-?

  • Сөз тіркесі-?

  • Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

  • Мысал келтір.

Жаңа сабаққа кіріспе. Тұрақты сөз тіркестері

Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.


«Суреттер сөйлейді»

Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, жүрек, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.



Ауыз – рот – mouth

Мұрын-нос - nose

Жүрек –сердце – heart

Ит – собака – doq

Шаш – волосы – hairs

Қоян – заяц - rabbit

Мұғалімнің амандасуы

Сенім білдіру, ынталандыру

Топқа бөлу.

І Сөз

ІІ Сөз тіркесі

ІІІ Тұрақты сөз тіркесі
Табыс критерийі:

1. Оқушылар тұрақты сөз тіркестері туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады.

2. Сөйлемге талдау жасай алады, тұрақты сөз тіркестерін мағыналарына қарай топтастырады, сөйлем құрастыра алады.

3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сурет бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақтарға жауап береді.
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес




Ортасы

ІІІ.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Өнерлінің өзегі талмас.

26-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Тоты – әдемі құс. Ол Африка, Америка және Австралияның тропиктік ормандарында тіршілік етеді.

Тотының аяғы өрмелеуге өте ыңғайлы. Әр аяқтағы төрт саусақтың екеуі алға, қалған екеуі артқа қарай біткен. ( «Ол кім? Бұл не?» кітабынан)

Тапсырмалар: 1.Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап және оларды жұптап жаз.

2. Тоты сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Қосымша мәлімет:

Көпшілік түрлері жазықтарды мекендейді, кейбіреулері тауға дейін көтеріледі. Дене тұрқы -9,5 см -1 м. Қауырсындары ашық қанық, жасыл, қызыл, көк түстермен үйлесімі, кейде қара, сұр түсті. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Жылдам ұшады, араларында ұшпайтын түрлері де бар. Жако тотысы адамға еліктеп сөйлеуге қабілетті. Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды. Қолда өсіргенде 50, кейде 80 жылдай өмір сүреді.27 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Терең ойлау тапсырмалары: Мәтіндегі «әдемі» сөзінің орнына неге «ай десе аузы, күн десе көзі бар» тұрақты тіркесін қолдануға болмайды?
Терең ойлау тапсырмалары: 27-жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.

Алғашқы тігінен тұрған торкөздерден шыққан сөзді тұрақты сөз тіркесімен алмастырып айтып көр.



1.Ешкінің төлі.

2.Бірден кейінгі сан.

3.Сөз табы.

4.Сөйлеудің ең кіші бірлігі, одан сөз құралады.

5.Халық ауыз әдебиеті шығармаларының бірі.


1







2







3



















4













5

















Терең ойлау тапсырмалары: 28-жаттығу. Қай сөздердің мағынасы дұрыс анықталмағанын тап және дәлелде.


  1. Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы. +

  2. Мәтін – мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысты сөйлемдер тобы. +

  3. Түбір – бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын сөз тобы. -

  4. Тұрақты сөз тіркесі – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі. -

Сергіту сәті.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.
Терең ойлау тапсырмалары: 29-жаттығу. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа тұрақты сөз тіркестерін жаз.

Көлденеңінен: 1. Ақылдас – қабырғаңмен кеңес

Тігінен:

1.Жуас –қой аузынан шөп алмайды.

2.Анық – тайға таңба басқандай.

3. Алыс – ит өлген жер.
Шығармашылық тапсырма: 30-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.

Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден



Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді.

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.



  • Өлеңнің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

  • Ол туралы не білесіңдер?

  • Өлеңнен тұрақты сөз тіркестерін тауып, беретін мағыналарын анықта.

  • Өлеңді ары қарай жалғастырып көр.

  • Өлең мазмұны көз алдыңа қазіргі заманғы қандай техникаларды елестетеді?


Ақпараттық ізденіс. Кестені пайдаланып, тұрақты тіркес екенін дәлелдей білуге үйрен.

Ол бірнеше (2,3,4) сөздің тіркесуі арқылы бір ғана

«...» деген мағынаны білдіреді.

Бұл – тұрақты

тіркес, өйткені ол ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектеседі.
Шығармашылық тапсырма:

І. «Білім» сөзін қатыстырып, әңгіме құра. Тұрақты сөз тіркестерін пайдалан: инемен құдық қазғандай, мәңгілік ел, көзі ашық, көкірегі ояу.

ІІ. «Ана» сөзін қатыстырып, әңгіме құра. Тұрақты сөз тіркестерін пайдалан: түн ұйқысын төрт бөліп, екі көзі төрт болды, жібі түзу, ала жіпті аттамау;

ІІІ. Абай өлеңіндегі тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын түсіндір.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

 

Жұптық жұмыс.



Тұрақты сөз тіркесі

мағынасы

Іші күю

өкіну

Көз шырымын алу

ұйықтау

айы оңынан туды

жолы болды

Алауыз-бірлігі жоқ, ала көзімен атты – жек көрді, арасынан қыл өтпейтін – тату, дос, бес аспап – өнерлі, төсек тарту – сырқаттану, көзі ашық, көкірегі ояу – білімді, көргені бар, көз бояушылық – алдау, арбау, ағынан жарылды – ештеңені жасырмай, бар шындығын айту, жерге кіріп кете жаздады, ақ саусақ – еріншек, екі иығына екі кісі мінгендей – денелі, қолы ашық – жомарт,

жүрегінің түгі бар, тіс жармау, екі көзі төрт болды, аузына құм құйылды, тас жүрек, құлақ қағыс ету, екі көзі шарасынан шығу,аузынан бір елі тастамау, қол ұшын беру, су журек, иненің көзінен өткендей, жұмған 

аузын ашпау,тырнақ астынан кір іздеу, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ,

тілі байлану, жаны мұрнының ұшына келу, мұрнынан шаншылу, мұрнын шүйіру.


Жұпта, топта талқылайды.


Бағалау критерийі:

1.Берілген жаттығуларды түсініп, тапсырмаларын өз бетіммен орындадым.

А) берілген әр жаттығудағы тапсырмаларды толық түсініп, қатесіз көшіріп орындай алдым. 5 ұпай

Ә) жаттығуларды көшіріп жаздым, күрделірек тапсырмаларды толық орындай алмадым.3 ұпай

Оқушы ойын дәлелдейді.
«Басбармақ» әдісі

«Шешімдері алдын-ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеу» идеясы



Оқулық 92-93-бет
Электронды оқулық

сызба, кесте

АКТ мүмкіндігімен слайдтар көрсету


Аяқталуы

Шығармашылық тапсырма: «Ойлан, тап» ойыны.

Тұрақты сөз тіркестері түрлеріне мысал келтір, оларды қатыстырып, сөйлем құра.



Сабақты қорытындылау.

- Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

- Тұрақты сөз тіркестері-?

Мысал келтір.


Бағалау.

Үйге: 29-жаттығу, 92-93-бет.



«Кері байланыс күнделігі»

1.Мен сабақта бәрін түсіндім, ....................................................

мыналарды орындай аламын.

2.Мен түсінбедім, ................

..................... мен үшін қиын болды.

3. Бүгінгі сабақта мен (қандай оқушы болдым?) ................................................



Табыс критерийі:

1. Тұрақты сөз тіркестері берілген тапсырмаларды орындай алдым.

2. Сөйлемге талдау жасай алдым, тұрақты сөз тіркестерін мағыналарына қарай топтастыра алдым.

3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, әңгіме құрай алдым.






Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Бейнелеу өнері, дүниетану









Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ туралы өз пікірім:




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту, оқу)

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту, оқу)

1:


2:

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет