Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: 1- жүргізуші: Оқу елге керек пе, Керексіз бе? Болды дау… Жар сап әлемге



Дата08.07.2018
өлшемі41,04 Kb.
#48562
түріСабақ
Тақырыбы: «БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ»

Мақсаты:

  1. Бастауыш сыныппен қоштасу. Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп, өнер, білімдерін бағалау.

  2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру, оқып білім алудың адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.

  3. Білім ордасын, ұстаздарын құрметтей білуге, өз отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Бастауышым-балбұлағым» сөзі шармен жазылып тұрады, нақыл сөздер жазылады, шарлар, ертеңгілікке байланысты слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:

1- жүргізуші:

Оқу елге керек пе,

Керексіз бе?

Болды дау…

Жар сап әлемге

Соғылды бір қоңырау.

Ол Ыбырай атаның

Қоңырауы болатын.

Жарық етті әлемді,

Қараңғы еді дала тым.

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастар көп елге,

«Кел балалар оқылық!»

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық!»



2-жүргізуші:

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та жан – ол ұстаз! Ендеше ортаға ұстазымыз Гүлшат апайды ортаға шақырамыз.



Мұғалім:

Құрметті ұстаздар қауымы, қадірлі де, аяулы ата-аналар! Немерелерінің сүйікті аталары мен әжелері!

Бүгін біздің мектебімізде үлкен той. Бұл той-бастауыш сыныппен қоштасу тойы. Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің оқушыларым өздерінің бастауыш сыныбымен қоштасып, жоғарғы сынып табалдырығын аттағалы отыр. Біздің қуанышымызға ортақтасып, келіп отырғандарыңызға рахмет айта отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Білім іздеп талпынумен әр адам,

Қоғамының қажетіне жараған.

11 жылдық білім керек біздерге,

Мамандықты алу үшін қалаған.

11 жыл оқып білім аласың,

Мамандыққа ие болып қаласын.

Болашаққа сенімі мол ата-ана,

Әкеп қосты бар байлығы – баласын!

Бексұлтан:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

2-жүргізуші:

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

1-жүргізуші:

Здравствуйте, дорогие наши любимые учителя, родители!



2-жүргізуші:

Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге, тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген, білім қолда.

Біздің мектебіміз кең тамаша,

Гүлшат апай, ортамызда басқарады жаңаша.

-демекші, сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, мектеп-анаға алғысымызды айтамыз.



1-жүргізуші:

Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.

Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды, жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді – міне, осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін-бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.

Сонымен «Бастауышым-балбұлағым!» атты ертеңгілігіміз ашық.Бастауыш сынып бітірушілерді ортаға шақырамыз.

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

24-ымыз бір класпыз.

Күлімдейміз,

Бір бақшаның гүліндейміз.

Талаптымыз,

Қанаттымыз.

Жақсы оқимыз сабақты біз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 – сыныбын ортамызға!

2-жүргізуші:

Білім иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

(Оқушылар бастарын иеді)

Хор: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

Нұрила: Шашу, шашу шашайық,

Аружан: Ақ сандықты ашайық.

Қ.Бексұлтан: Бұл мереке, бұл тойдың,

1-жүргізуші: Бастаңғысын жастайық.

(Әжелері шашу шашады)

Еркебұлан: Өсті міне, бойымыз.

Жеңісбек: Өсті міне,ойымыз.

Бақтияр: Қуанышқа ортақпыз,

Хормен: Құтты болсын тойымыз!

2-жүргізуші: Той құтты болсын, халайық!

1-жүргізуші: С праздником, дорогие гости!

2-жүргізуші: Тойларыңыз тойға ұлассың!

1-жүргізуші:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: «Мың алғыс!»

Ән:Мектебім.Орындаушылар:Мерей,Ақжүніс.

Бексұлтан:

Алғаш рет өзіңнен

Білім алды балалар.

Оқу сырын өзіңнен,

Біліп алды балалар.

2-жүргізуші::

Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

1-жүргізуші:

Бастауышқа бар бала,

Алғыс айтып жүреді.

Оқушылармен таныстырып өтейік.

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың.

Деп жүр біздің Аружан.

«Өзім іздеп жазамын»



2-жүргізуші:

Білімімен үлгі сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан тынып та,

Бексұлтан біздің өнегелі, өнерлі,

Арасында достарының беделді.

1-жүргізуші:

«Мен үлкейіп, толамын,

Сіздей ұстаз боламын»

Деп жүр біздің Гүлжайна,

Үлгісі кіші баланың.

2-жүргізуші:

Кішкентайы сыныптың,

Тентек емес жуас тым.

Нұрила біздің сыпайы,

Досқа адал шынайы.

1-жүргізуші:

Ертеңгі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын,

Аршыл біздің Иманғали,

Жалқаулыққа бармайтын.

2-жүргізуші:

Әзілді жаны сүйеді,

Армансыз ол күледі.

Рахымжан біздің әрқашан,

Жып-жинақы жүреді.

1-жүргізуші:

Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Нұрайым сыныпта,

Ізетті деп біледі.

2-жүргізуші:

Би билейді талмайды,

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Гүлсезімді,

Барлық бала сыйлайды.

1-жүргізуші:

Өнер қуған жасынан,

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Жансұлтан,

Табылар дос қасынан.

2-жүргізуші:

Тентек, бірақ ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды.

Данияр біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды.

1-жүргізуші:

Тамсанардай ботаның келбетіне,

Тұрғандайма табиғат тербетіле.

Таң қалдырған осынау Арайлымдар,

Қайта тумас жан шығар жер бетіне.

2-жүргізуші:

Нұрғалым нұрдың асыл шуағындай,

Жаны мөлдір таулардың бұлағындай.

Қашанда қасиетін жоғалтпаған,

Бабаларым сақтаған тұмарындай.

1-жүргізуші:

Білімде қымбат қазына,

Жетседе түбі сарқылмас.

Кітапты талай тауысқан,

Қымбаттан бәрі артылмас.

2-жүргізуші:

Сүп-сүйкімді сұлу жүз,

Биші,әнші-деп танисыз.

Сыныптың оқу үздігі,

Нұржігітқызы Дильназ қыз.

1-жүргізуші:

Шын ерліктен жана берсін алауы,

Асылбектің сөнбес сірә жанары.

Дәл өзіндей батыр ұлы бар елдің,

Ешқашанда еңкеймейді жанары.

2-жүргізуші:

Жеңе алмайды бақтасын,

Досы көп жоқ қастасы.

Күліп жүрер көңілді.

Жеңісбек футболда қақпашы.

1-жүргізуші:

Көпшіл жұртты таниды,

Сезімтал өзі жаны ізгі,

Тәңірберген Ақжүніс

Ұнатар сурет салуды.

2-жүргізуші:

Сай келеді жан мен сән,

Қарар іске беріп мән.

Бақытжанқызы Ақжүніс,

Тамылжыта ән айтар.

1-жүргізуші:

Спортты жаны сүйеді,

Жанкүйерлер біледі.

Нағыметов Еркебұланнан,

Футбол деп соққан жүрегі.

2-жүргізуші:

Риза ісіне боп тұрар,

Тек жақсы іс қылар.

Спортқа бейім жүреді,

Жомартұлы Бақтияр.

1-жүргізуші:

Көпшілік айтса таниды,

Мұратбайұлы Ғаниды.

Спортты жаны сүйеді.

Демеңіз бізді жаңылды.

2-жүргізуші:

Мейірімді өзі мерейлі,

Жақсыға достар теңейді.

Әншіқыз деп танимыз,

Байшоқықызы Мерейді.

1-жүргізуші:

Сабаққа да берер мән,

Барлық өнер оған тән.

Жеті қырлы,бір сырлы,

Ертілеуов Рахымжан.

2-жүргізуші:

Құр емес тек ән жырдан,

Жүрген жерін гүл қылған.

Жеті өнерлі жан-жақты,

Қолғанатов Бексұлтан.



Қазақша би:Орындаушылар:Рахымжан,Нұрайым,Бексұлтан,Гүлжайна

1-жүргізуші:

Көрініс: «Жалқаубек пен Білімбек»

-Сәлеметсіз бе, Жалқаубек!

-Привет, Білімбек.

Білімбек:-Жалқаубек, біз бүгін 4-сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің? Сенде бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек:-А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.

Білімбек:-Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек:-Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.

Білімбек:-Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді. Онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді көрсетейік. Келістің ғой, Жалқаубек!

Жалқаубек:

-Келістім.Бәріміз одан да бірігіп ән салсақ қайтеді?



Білімбек:-Өте жақсы. Айтсақ, айтайық. Ұстазымызға арнайықшы.

2-жүргізуші:

Хор:«Ұстазым» әні орындалады.

Алдар көсе (Асылбек)

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалым болса талдармын.

Сақал түгіл мұрт та жоқ,

Шайтанды да алдармын.

Қожанасыр (Нұрғалым)

Кімнің дауысы екен десем, баяғы елді алдап тамағын тойғызып жүрген Алдар екен ғой. Маған базарға барып, ет, май әкеліп берем деп кетіп еді, мұнда жүр екен ғой. Осы сен алдағаныңды қашан қоясың? Дәл бүгін алдай көрмеші. (Өзін таныстырып кетеді)

Армысыздар, балалар?

Армысыздар халайық.

Мен – Қожамын

Шегі жоқ бұл даңқымның,

Өмірімді арнармын,

Бақыты үшін халқымның.

- Бүгін сендердің қоштасу кештерің болатынын естіп, 4 жылғы білімдерің мен шеберліктеріңді көрейік деп келдік. Сонымен қатар сендерге арнап ала келген «Тақия тастамақ» ойынымыз да бар.

Бір ойын бар, ойын ойнамақ,

Оның аты тақия тастамақ.

Аспаймын, саспаймын,

Сендерге қаралай бастаймын,

Біріңнің жаныңа келгенде,

Білдірмей тақия тастаймын –

(Әр оқушыға келіп, тақия тастайды. Тақия алған оқушы тақпақ айтады)



Аружан:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Мен де өзіңді әр дайым,

Қамқорым деп ұғамын.

Күлім атқан таңдайын,

Жарқынсың сен мұғалім.

Мерей:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге,

Деуші едің-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып, өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.



Б.Ақжүніс:

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз – ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Бақтияр:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Гүлсезім:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырымнан қаққаның.

Ғани:

О, Ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,



Шәкіртім білім алсың, білсін дейсің.

1-жүргізуші:

Би: Өзбек биі:Қойшыбайқызы Гүлсезім.

2-жүргізуші::

«Пәндер айтысы» атты көрініс көрсетіледі.

Математика (Жансұлтан): Достар, жүріңдер Ғылымға барып ақыл кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым (Иманғали): Бұл не айқай, бұл не шу?

Математика (Жансұлтан): (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып) Ғылым аға, біз, пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

Ғылым: Ендеше баяндаңдар.

Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді, т.б. ғылымдар есебін қалай есептей алады?

Ана тілі (Данияр): Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі (Т.Ақжүніс): (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында) Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын-жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Орыс тілі (Ж.Рахымжан): (басын иіп) Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы зөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?

Дүниетану (Е.Рахымжан): (нәзік кейіпте) Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Дене тәрбиесі:(Асылбек): (бір-екі спорттық қимыл көрсетіп) қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы, шымырлы болу керек қой.

Ғылым: Өзін-өзі тану, сен неге үнсіз қалдың?

Өзін-өзі тану (Аружан): Мен достарымның сөздерін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір-бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жәйім бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәденитті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.

Ғылым: Барлығыңның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсысыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шет елдерге іс-сапарда болады, білімдерін шыңдайды, есеп арқылы қазына қорын молайтады, өз бойына мәдениетті қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті қалыптастырады, бәріңіз де бір-біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық, достар!

Ән:Ұстазым.Орындаушылар:Асылбек,Нұрайым.

«Бестік»  деген баға кіреді.

Бестік: (Арайлым)

- Құрметті де сүйікті балалар! Мені сендерге Білім ханшайымы жіберді. «Балаларды бесінші сыныпқа барардағы дайындығын тексер!» деп. Менің тапсырмама жауап беріңдер.



  1. Мұз айдынында 700 бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай 200 бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың санын айтып, көріңдерші?



  1. Сен, мен және бізбен бірге өзің де барсың. Бәріміз нешеу болдық?

  2. Қандай актерлік шеберліктерін бар?

1-жүргізуші: (Мұғалім мен Рахымжан жайлы көрініс)

Мұғалім: (Нұрайым) Нұрберген, маған столды орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Рахымжан: Тағы да мен, әне Данияр кетіп барады ғой. Әй Данияр, столды орнынан қозғалтуға көмектесші (Абат көмектеседі)

Мұғалім:Рахымжан гүлге су құя салшы!

Рахымжан: Тағы да мен бе?Нұрила, сен құйшы

Мұғалім:Рахымжан!Еркебұланға үй тапсырмасын апарып бере қойшы, бір жағынан денсаулығын біліп келесің.

Рахымжан: Тағы да мен… Данияр, сен апарып берші.

Мұғалім: Әзірге осы,Рахымжан

Рахымжан: Міне, көрдіңіздер ғой, халайық,Рахымжансыз еш шаруа бітпейді.

Бестік: Өте жақсы балалар! Енді бағанадан бері сендерді бақылап отырған күнделікке сөз бергім келіп тұр.

Күнделік:Нұрғалым

Білімділік айнасы,

Қолыңдағы күнделік.

Оқушының ол досы,

Жүретұғын бірге еріп.

Күнделігің – серігің,



Күнделігің – көктемің.

Кірлетпе дос көңілін,

«Беске» толтыр беттерін.

Бестік: Рахмет сендерге, балалар! Шеттеріңнен өнерлі де шеберлі екенсіңдер. Енді сендермен қоштасар сәт те келіп жетті. Мен білім ханшайымына сендердің бесінші сыныпқа дайын екендеріңді айтамын.

2-жүргізуші:

Би:Попури

Орындаушылар:Дильназ,Гүлсезім4
Бексұлтан:Мына «Бастауыштың білім кілтін» тапсыруға рұқсат етіңдер.Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселеріңнің барлығына қол жеткізесіндер деп сенемін.Сендерге тек кана сәттілік тілеймін.

1 сынып оқушылары:

Нұртілеу:Білім алуға,үлкенді сыйлауға,отанды қорғауға,тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға,

Бақдәулет:Мәдениетті болуға,үлгілі болуға,ерінбей еңбек етуге,мектебіміздің даңқын көтеруге ант етеміз!!!(бәрі)

2-жүргізуші:

- Бізді болашаққа не бастайды?



Хор: Ұстаздың көрсеткен жолы.

Ата-ананың ақылы.

Болашаққа деген сенім.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан – жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.



Д.Бексұлтан:

Мектептің алтын тірегі,

Талай шәкірт мақтан тұтар жүрегі.

Директор Рамазан ағайдың,

Ізгілік пен мейірімге толы жүрегі..

Нұрила:

Гүлшат апай тәрбиелікке шақырған,

Санамызға қырын-сырын тоқытқан.

Ізгілік пен ізетікке жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

Қ.Бексұлтан:

Жұмыста ылғи қайсарды,

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Мектептің мықты физругы,

Үлгі етейік Бақтияр ағайды.

Мерей:

Білімділік-тіршіліктің тірегі,

Алтынай апай өзін-өзі танудан береді.

Сөйлегенде мәдениетті тілменен,

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

Данияр:
Маржан апай орыс тілін танытқан,

Ойландырып ой-сананы дамытқан.

Баршаңызға тілеріміз-жақсылық,

Арналады өлең атты шабыттан.



Ән: «Ұстазым» Хор

2-жүргізуші:

«Ана дегеніміз – әлемнің жан-дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен Расул Ғамзатов ағамыз.

- Ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отырыпойын өткізейік. Ата-аналарымыз сұрақтарға жауап беріңіздер:


  1. Балаңыздың туған күнін атап беріңіз.

  2. Балаңыздың ең жақын досын атап беріңіз.

  3. Балаңыздың оқитын газет-журналдарын атап беріңіз.

  4. Балаға үлгі болатын кім?

  5. Үй ішіндегі татулық кімге байланысты?

  6. Балаңыздың арманын білесіз бе?

  7. Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?

  8. Сізден айырмашылығын атаңыз?

  9. Үйде бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі?

10.Балаңыз болашақта кім болғысы келеті?

Ән:Ақ мамам.Орындаушылар:Арайлым,Данияр

  • Енді оқушылармен «Мақалдың жалғасын тап» ойынын жүргізейік.

  1. Атаға қарап…

Анаға қарап…

2. Ананың көңілі балада,…

Баланың көңілі…

3. Ата-ананың қадірін…

4. Атаның баласы болма,…

5. Жақсы сөз…

6. Ұяда не көрсең,…

7. Балалы үй-базар,…

8. Бала тілі -…

9. Оқу-білім бұлағы,…

10. Оқусыз білім жоқ,…

- Енді балалар іс қимылын жасырады, ал ата-аналарымыз сөзбен айтып табуы керек.

1. Маған ілгегімді тігіп берші.

2. Мен көйлегімді кірлетіп тастадым, жуып берші.

3. Мен ыдыстарды жуамын, сен маған балмұздаққа ақша берші.

4. Мен сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинамаймын.

5. Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп берші.

- Ардақты да ұғымтал аналарымызға көптен-көп рахмет.



1-жүргізуші:

Біз нені сүйеміз?



Хормен:

Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты.



2-жүргізуші:

Біз нені ажырата білеміз?



Хормен:

Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.



1-жүргізуші:

Біз кім боламыз?



Хор:

Адал азамат, оқымысты ғалым, елді, жерді сүйетін нағыз адам боламыз.

Төрт жылда да міне, теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді.

«Әліппені», «Ана тілін» үйреткен,

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.



2-жүргізуші:

Сөз кезегін директор Рамазан ағайға береміз.

Келесі сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі:Жұмабай ағайға береміз.

1-жүргізуші:

Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі:Жақсымұрат ағайға береміз.



2-жүргізуші:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Сөз кезегін ата-аналарымызға береміз.



1-жүргізуші:

Би:

Мектеп вальсы:4 сынып оқушылары.

2-жүргізуші:

Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер,

Болмасын еш жаманат.

1-жүргізуші:

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

2-жүргізуші:

Алдында ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар.

Хор:Атамекен

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Бастауышым – балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар.



 

 

 
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет