Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі431,07 Kb.
#14487
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы.


Сабақтың мақсаты: «Менің қалам» тақырыбы бойынша
Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
б) Оқушыларды түгендеу.
в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. (Презентация)
Тілдік ортаға кіру.
Біз қай Республикада тұрамыз?
Біздің ауылға жақын қай қала?
Бүгін аптаның қай күні?
Сәрсенбі қандай күн?

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді «Қала» модулі бойынша жақсылап көрсетуге тырысыңдар.
Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз.
Балалар өздері алдын – ала дайындап келген көрнекіліктерін пайдаланып, Астана қаласы туралы сөз қозғайды.
Өте жақсы. Бүгін біз Астана қаласы туралы қаншама деректерді білдік.
Сонымен, біздің ҚР-ның астанасы қай қала?
ҚР-ның Президенті кім?
Ақ Орда қай жерде орналасқан?
Астана қаласында тағы қандай ескерткіштер бар?

II. Ал енді балалар, бүгін біз сабағымызды жас қала, әсем қала, бейбітшілік қаласы Астана қаласымен танысамыз. (72 бет, 2-тапсырма) (2-слайд)


Мәтінді оқымас бұрын сөздіктермен танысайық. (3-слайд)
Тұрғын – житель
Орталық – центр
Ғимарат – здание
Бой көтерді – выстроились
Қасиетті – священный

Танымастай- неузнаваемо

Ұлт өкілдері- представители наций

Болашақ-будущее


Сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сөз тіркестерін құру.
Сөйлем құру.

Мәтінмен жұмыс.
Әр оқушы кезекпен оқып, аударту. (Презентация)
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
III. Грамматикалық бөлім.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.
IV. Сергіту сәті!.
1. Әрі ыдыс, әрі ай аты.
2. Екі жағынан да бірдей оқылатын ұлт атауы.
3. Мечта – арман,
Лес - …
4. Оқу құралы. Ол қызыл, көк, жасыл жазулармен жазылады.
5. Оқу жылы қай айда аяқталады?
3-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.

Есіл өзенінің бойында


Парламент үлкен қала
Жастар өкілдері
тұрғын ортасында
Паламент үйінің алдында
қаланың үйі
ұлт сарай
болашағы үйлер
Мысалы: Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.

5-тапсырма. Сөз құрамына қарай талдау.
Арттарынан, өкілдерінің, ескерткіштерді, тұрғындарының.
Үлгерімі нашар балаларға арнай карточкалар беріледі. (Бабин А., Шурмина Н., Мажиев Р.)
Ауызша жұмыс. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
СЫН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
САН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
ЗАТ ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ

V. Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.
1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)
2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Астана сиволы. (Бәйтерек)
4. Астана қаласы кандай далада орналасқан? (Сарыарқа)
5. Сен қай ауылда тұрасың? (Родина)
6. Сен бүгін қалай жауап бердің? (Жақсы)

Рефлексия.

-Балалар, кәнеки назарымызды тақтадағы суретке аударайық! Бұл суретте орман, шөптер бар. Ал енді осы даланы өзіміздің көңіл-күйімізбен толтырайық. (балаларға алдымен екі түрлі смайл таратылады, олар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін смайлды таңдап, жапсырады)

VI. Балалар білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Қ.Мырзалиевтің «Астана» өлеңін жаттап келу






Қазақтілісабақтарындаойындардыпайдалану

Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттады. Ойынды оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

—         жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

—         сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

—         шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

—         өзіне деген сенімділік пайда болады;

—         логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Мақсаты: Сабақ үрдесінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.

Міндеттері:

—         оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;

—         ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;

—         оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру.

Қазақ тілі заңдылықтары мен  ережелерін  дидактикалық ойындар арқылы  меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізеді. Қазақ тілін  дидактикалық ойындар арқылы  меңгеру барысында  мынадай   негізгі талаптар ескерілуі қажет:

—         оқу жоспарына  сай оқыту  процесінде  дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;

—         дидактикалық ойындарды  оқушылардың  танымдық, білімдік, шығармашылық  қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне  қарай дұрыс таңдай  білу жолдары;

—         сабаққа деген қызығушылығын туғызу жолдары.

Сауат ашу пәнінен  пайдаланылатын  дидактикалық ойындар  оқушылардың  білімін  жетілдіруге, іскерлік пен  дағдыларын қалыптастыруға, ақыл – ой әрекеттерін белсендіруге септігін тигізеді.

Кесте 6. Сауат ашу пәнінен  пайдаланылатын  дидактикалық ойындардың топтасуы



Сөйлем, сөз,   олардың өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған

Дыбыс және әріп ұғымдарын бекітуге бағытталған

Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуге бағытталған

 


Заттың атын,  қимылын, санын, сыны білдіретін  сөздерді ажыратуға бағытталған

Дидактикалық ойындар

«Қай сөзді жоғалттым?», «Үндемес»,                       «Сөйлем қуаласпақ», «Не қажет?», «Домино», «Кім жылдам?»

«Бұл қалай өзгерген?»,               «Тапшы, кімнің дауысы?»,                 «Әріп таңдау»,

«Қай буынды жоғалттым?»,             «Өз атыңды буынға бөл»,               «Ойлан тап»,            «Бәйге», «Ұшты – ұшты»

«Суретті лото»,           «Сұрақ қой»,              «Ғажайып алаң»,  «Жеті күн»,  санамақ ойындар

1 сыныпта грамматикалық  ұғымдарды меңгеру  барысында  жоғарыда       көрсетілген дидактикалық ойындардың  жіктемесін (Кесте 6) пайдалану өте тиімді болды. Бұл ойындарды грамматикалық ойындар десе де болады. Олар «деректіден дерексізге, қарапайымнан күрделіге» ұстанымы бойынша  дамып отырады және оқушылардың оқуға  деген  ынтасын, белсенділігін арттырады. Мәселен, 1 сыныпта көптеген  оқушылардың  кейбір әріптерге, әсіресе, «Р», «С», «Т», «Л» дыбыстарына тілдері  еркін келе бермейді.  Бұл жерде жаңылтпаш  ойындарды

Ойын элементтерін бірінші сыныпта «Буын» тақырыбын өткенде пайдаланған орыңды. Бұл тақырыпты өткенге дейін оқушы «Әліппені» тәмәмдап, «Қазақ тілі» пәнінің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі, сондай-ақ дауысты дыбыс бар сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орны мен маңызын ұғып алады. Ауыз-екі және жазба жаттығу жұмыстары, суреттер арқылы әңгіме жүргізіледі. Ендігі жерде мұғалім оқушылардың осы білім қорына сүйеніп, ойын элементтерін қолданған бұрынғы тәжірибесін жалғастыра алады. Сөздің бір буынды болып та, екі, үш, т.с.с. көп буынды болып  келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс ойындарын, жаттығулар («Өз атыңды буынға бөле білесің бе?, «Сыныптағы заттардың атын ата», т.б. ойын түрлерін) өткізуге болады. Мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін сабақтан-сабаққа ойын түрлерін күрделендіріп отырады. Осы ретте «Ойлап тап» ойынын жүргізу тиімді. Мұғалім кенет ойланған қалып көрсетеді, балалар шыдамсыздана кетеді. Оның ойлап тұрған сөзі «алма» деген сөз болсын дейік. Мұғалім: — Ал, — деп бірінші буынын айтады. Балалар әр түрлі «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздерді айтады: ала, алақай, алтын, алақан, алмас, алма. Ойлаған сөзін тапқаннан кейін мұғалім:

— Жанар ойлап тапты,… балалар сендер де дұрыс айттыңдар -деп көтермелеп қояды. Ендігі жерде сабақтың ережесін нашарлау түсінген оқушылардың бірін балалардын алдына шығарып, жаңағыдай бір сөзді ойлатады. Бала ширығып, ашыла түседі. Аз ойланып, өзі ойлаған бір сөздің басқы буынын айтады. Балалардың ынтасы арта түседі. Олар жаппай қол көтереді. Атаған буынға сөздердің бірінен кейін бірін айта береді. Балалар сергіп, сабаққа ынталана түседі, ойлары дамиды. Осы тәсілмен ойынды жалғай түсуге болады. Мұғалім кластағы балаларды үш топқа бөліп, оларға басқы буындары бірдей сөздерден тұратын тор көз кестені толтыруды тапсырады. Алдымен кесте сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан /балалардың өздерінің ұйғарымымен/ кезектесіп, бір-бір оқушыдан шығарылады.

Ас                       Бал                                   Қар

Ас + ан                           Ба+ла                            Қа + ра

Ас + та + на            Ба + ла + пан                 Қа + ра +ла

Ас + та + на + д а    Ба + ла + пан +дар        Қар+лы+ғаш+тар

Өз кестесін қай топ бұрын толтырып шықса, сол топ женген болып есептеледі. Бұл балалардың білуге деген құштарлығын, шығармашылық, жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі. Бұл ойынды әлденеше қайталап, сыныптағы балалардың бәрін қамтуға болады.

Бұдан кейін кестедегі көз санына қарай буын саны бар сөздер тауып жаз деген эстафета ойынын өткізуге болады. Әр топтағы балалар өзара жарысқа түседі. Қай кесте бұрын толтырылса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын жүргізіліп болған соң, оқушылардан бір буынды сөзде қанша дауысты дыбыстың бар екенін санай отырып, әр көзде және қатарда неше дауысты дыбыс бар екенін айтқызу керек. Бұдан шығатын қорытынды: а/ойын үстінде оқушылардың ойлау қабілеті артады; ә/ ізденушілігі өсіп дамиды; б/ол тақырыпты жақсы меңгеруге көмегін тигізеді; в/оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін әр кез есте сақтайды; г/кез келген уақытта буын түріне мысал келтіре алады; д/ана тілінің байлығын меңгеруге деген санасын оятады, ө/мысал арқылы қорытынды жасай отырып, өз бетімен ереже шығара алады. Бірінші сыныпта «Буын» тақырыбын өткендегі ойын түрлерін кеңейтіп, күрделілендіріп,екінші, үшінші сыныптардағы сабақтарда да қолданып отыруға болады. Екінші сыныпта «Сын есім» тақырыбын өткенде ойын сабағын өткізу қолайлы. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тақта үшке бөлінеді де, оған сұрақтар жазылады. Оқушылар осы сұрақтың астына сын есімдерді тауып жазулары керек.

 

 



Қандай бала?

Қандай ат?

Қандай үй?

Кішкене бала.

Жүйрік ат.

Аласа үй.

Ақылды бала.

Сұлу ат.

Биік үй.

Жақсы бала.

Шабан ат.

Жаңа үй, т.б.

Қай топ бұрын, әрі көп сөз жазып шықса, солар жеңіп шығады. Бір сын есімге бірнеше зат есім тауып жазу керек.

кітап


Қызық

әңгіме

 

кино



Мына сипат қандай малға тән? тебеген… сүзеген… үркек… жібек жүнді… күлте жалды… тістеуік… сүтті… Бұл ойын балаларға үй жануарларын, олардың түрлерін, оларға тән мінез-құлықты білдіреді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне, келешекте бір нәрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау, т.б. дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады.

Үшінші сыныпта «Сан есім» тақырыбын өткенде оқушыларға «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұғалім балаларға бір әңгіме оқитынын, олардың ондағы сан есімдерді атауларын ескертеді. Балалар топқа бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тыңдаулары шарт. Қай топ оқылған әңгімедегі сан есімді көбірек ойға сақтап, тақтаға дұрыс жазып шықса, сол топтың балалары жеңіп шыққан болып есептеледі. Бұл ойыннан оқушылардың алары көп. Халқымыздың еңбектегі ерлік істерімен танысады. Екіншіден, жаңалықтарды біледі, соған еліктеп, өз беттерімен ізденеді, білуге деген құмарлықтары артады. Үшіншіден, дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп, дағдыланады, сауатты жазуға жаттығады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын элементтерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттыра түседі. Оқушылар сабақты саналы меңгеретін болады.

Бастауыш сыныптарда халық ойындарының негізінде түрлі жарыстар өткізудің танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, мұғалім алдын ала жасап әкелген таратпа материалдар арқылы сөздегі жоқ дыбысты немесе сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді тауып, орнына қоюға арналған «Не жоқ?» ойынын өткізуге болады.

… сиыр сауады.

Сауыншы         Сауады            Сиыр

Мұндай сөздер, сөйлемдер, орны бос тұрған, дыбысы түсіп қалған сөздер көптеп алынады, олардың орындары бірнеше рет қайталанып, өзгертіліп қойылады. Ойын соңында қорытынды шығарылады.

«Қайда менің өз орыным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әрқайсысын өз орнына қою тапсырылады. Мысалы,

Саулығы ақ Ақанның

Шиырып тұмсығын көкке

Той қуанып оған қыпты

Тауыпты қозы егіз.

Бұл ойында, әсіресе, ер балалар белсенділік көрсетіп, сөздерді тез-тез орнына қойды.



«Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын тәртібін бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын тәртібін бұзбау үшін алфавитті жақсы білу талап етіледі. Бұл ойынды балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға болады. Төменгі сынып оқушылары еліктегіш келеді, жаңаны жандары сүйеді. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалды. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, кластағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалды. Осы тәжірибелердің негізінде біз ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадық. Ол үшін бақылаушы және эксперименттік топтар ұйымдастырып, солар арқылы күнбе-күнгі тәжірибе жұмыстарын кеңінен жүргізе бердік. Бұл жұмыстар шәкірттер сыныптан класқа көшкен сайын, жылма-жыл сабақтастырыла жүргізіледі. Мұның өзіндік пайдасын көріп, бұл әдісті жоғары сыныптарда да жалғастырдық. Сабақтың барысында халық ойындарының элементтерін қосымша материал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Мұның өзі көп жылғы тәжірибе жұмыстарында сыналып, мектеп мұғалімдерінің күнбе-күнгі жұмыстарынан орын алып келеді. Бастауыш сыныптардағыдай емес, мектептің 4 сынып оқушылары ойынды бастамай тұрып-ақ, оны осы сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды білуі қажет. Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін колдануға балалар іштей әзірленеді, бұл олардың мінез-құлқына әсер етіп, толғанады. Мектепте жұмыс істеп жүрген алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелері осыны толық дәлелдейді. Мысалы, төртінші сыныпта»Лексика» бөлімін өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты оқушыларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Синонимдер» мен «антонимдерді» түсіндіргенде, жарыс ойындары қолданылды. Мұғалім алдын ала әзірленген синонимдер жазылған таратпа материалдарды пайдаланды. Ойынды бастамас бұрын оқушылар бірнеше топқа бөлініп, бір-бірімен жарысқа түседі. Алдын-ала жүргізілетін мұндай даярлық оқушылардың көңілін сабаққа аудару, талқылағалы отырған тақырыпқа мән беру үшін қажет. Оқушылар бір-бірден шығып, таратпа материалдардағы синонимдерге мағыналас сөздерді тауып, айтуы тиіс. Немесе мұғалім сөздерді тақтаға бір жол етіп жазады да, оқушылардан тиісті синонимдес сөздерді тауып, екінші қатарға жазуды талап етеді. Ойынның тәртібі бойынша берілген сөздердің синонимдерін кім бөгелмей дұрыс жазса, сол ұпай алады. Ұпайды көп жинаған қатар жеңіп шығады. Мұғалім антонимдерді өткенде оқушылардың түсінігін байқау үшін өткен жолғы ойындарды жалғастыра түседі. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірінші оқушы тақтаға жазған антонимге екінші оқушы қарсы , мағыналы сөзбен қолма-қол жауап қайтарып, ол да тақтаға жазады. Егерде бірінші оқушының жазған сөзіне екінші оқушы қарсы мағыналы сөзді тез тауып жаза алмаса, онда оның ұпайы кемиді. Ойынның аяғында мұғалім оқушыларды тақтаға шығарып, жануарлардың атымен, олардың қалай дыбыстайтындарын тақтаға жазғызып, сөз таптарына талдатады. Оқушыларға бұндай ойын ерекше әсер етіп, олардың сабақты терең түсінуіне мүмкіндік  жасайды. Келесі сабаққа жануарлардың қандай дыбыс шығаратынын жаттығу дәптерлеріне жазып және оны сөз таптарына айырып келулерін тапсырады. Мұндай тапсырманы оқушылар орандауға өте ынталы кіріседі. Сабақ бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде, тақырыпты меңгеруге келгенде өте пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Бұл ойынды «Зат есім» тақырыбын өткенде де пайдалануға болады.

«Үстеу» тақырыбын өткенде «Ойлап тауып, орнына қойыңдар» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын халықтың «Балтам тап» ойынының ізімен жүргізіледі. «Балтам тап» ойынында ойын бастаушы жанындағы көршісін нұқыса, мұнда оның орнына сұрақ қойылады. Егер ол қойылған сұраққа дұрыс жауап қайтарса, сұрақ қойған оқушыға  қарсы сұрақ береді. Сөйтіп, кластағы балалардың бәрі қамтылатын ойын барысында оқушылар үстеу туралы алған мағлұматтарын кеңейтіп, сабақты тыңғылықты меңгеруге мүмкіншілік алады. Мысалы, /Қай уақытта?/ тұрған жігіттің ырысы артық? /қай уақытта?/ тұрған әйелдің бір ісі артық? /Қалай?/ жүрсең шаң жұқпас? Қатты жауған күн /қалай?/ ашылады? Халық ойындарын «Шылау» «Одағай», т.б. тақырыптарда да кеңінен қолдануға болады. Халық ойынын қазақ тілі сабақтарында пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіреді. Халық ойындарының элементтері араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге деген құмарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.

Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау – кезек күттірмейтін іс.

Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан оқушыларды шығармашылық өнерге баулуды жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзер болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Бастауышта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан  ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

—         шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру);

—         қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру;

—         оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату;

—         шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездісітін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу;

—         оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту;

—         шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау;

—         мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу;

Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы; бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны суырыпсалмалыққа үйретуде, «Жаңбыр» ойыны, «Музыкалық әңгіме», т. б. іс-әрекет жасатудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бөсеңдеді т. б. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылығын туғызып алған соң, «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек сөздерді қолданамыз. Жаңбыр, дала, қала, тау, бау т. б.



                        I нұсқа                                                             II нұсқа

Мұғалім

Оқушылар

 

Мұғалім

Оқушылар

Жаңбыр жауды           далаға,

 

Жаңбыр жауды          қалаға,

Жаңбыр жауды          қалаға.

 

Жаңбыр жауды          ауылға.

Жаңбыр жауды           ауылға,

 

Жаңбыр жауды          бауға да,

Жаңбыр жауды           бауға да.

 

Жаңбыр жауды          далаға.

Қандай мезгіл тамаша? – сұрақ-жауап арқылы оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды. Сыныпта осылайша өзінен-өзі төрт топ іріктеледі. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша т.б.

Оқушының шығармашылық қабілеттеріне сай, талғамына және ойының ұшқырлығына байланысты өлең қатары әр түрлі болып шығады. Ол үшін оқушының шебер қолдана білуі қажет. «Қандай мезгіл тамаша?» деген сұрақты әр өлең шумағының алдыңда пайдалануға болады.

 

 

 



                        I нұсқа                                                             II нұсқа

Мұғалім

Оқушылар

 

Мұғалім

Оқушылар

Көктемгі кез             көрікті,

 

Көктемгі кез              тамаша,

Жазғы мезгіл            жаңаша.

 

Жазғы мезгіл             әдемі.

Күзде бәрі               әдемі,

 

Күзде бәрі                   көрікті,

Қыста бәрі                тамаша.

 

Қыста бәрі                 жаңаша.

Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

—         шығармашылық тапсырманың мазмұн-түрін ойлап табу;

—         шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

—         көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

—         шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.



Каталог: uploads -> doc -> 012d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
012d -> А. Е. Сандыбаева Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьтерлік технологияда негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тағы басқа программалардың жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет