Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару



Дата31.12.2019
өлшемі49 Kb.
#54345
түріСабақ
Алматы облысы Алакөл ауданы

«Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

география пәні мұғалімі

Исова Зере Балғабайқызы


Тақырыбы: Ш.Уалиханов

Мақсаты:

1.Қазақстанды зерттеуші ұлы ғалым туралы білу.

2. Ш.Уалихановтың өмірі туралы терең оқып білу, географиялық зерттеулер туралы білімді дамыта оқыту.

3. Елге, жерге, табиғатқа деген, ғылымға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Ш.Уалиханов жайлы суреттер (слайд)
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын тексеру : «Ой қозғау».

1. Әл-Фараби қол жазбалары қайда сақталған?

2. Алғашқы “Қазақстан” монографиясы қай жылы жарияланды?

3. П.П.Семенов қандай болжамды жоққа шығарды?

4. Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларды атын жаз.

5. Жібек жолы қай жақтан басталады?

6. Әл Фараби географияға қатысты қандай есептеулер жасады?

7. Қазақстан жері туралы алғашқы картаны кім жасады?

Ол қалай аталады? Авторы кім ?

8. Қазақстанды физикалық –географиялық тұрғыдан зерттеу

қай кезден басталады.
А.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтарының жауабы:

1. Әл-Фараби қол жазбалары Өзбекстанның мұражайында сақталған.

2.Алғашқы “Қазақстан” монографиясы 1950 жылы жарияланды.

3.П.П.Семенов Тянь Шань таулары жанартаусыз таулар екенін дәлелдеді.

4. Қазақстан аумағындағы ежелгі қалалары: Отырар, Баласағұн, Сарайшық, Алмалық, т.б

5. Жібек жолы Қытайдан 2 бағытта басталады.

6. Әл Фараби географияға қатысты күн мен түннің тұтылу ұзақтығын және күн сағатын ойлап тапты.

7. Қазақстан жері туралы алғашқы картаны түрік ғалымы Махмуд Қашқари жасады. “Дөңгелек карта”.

8. Қазақстанды физикалық –географиялық тұрғыдан зерттеу ХУІІ ғасырдан басталады.

Б.Тест:

1.Каспийден арғы кеңістіктегі дала туралы жазбалар алғаш рет қай ғалымның еңбектерінде көрініс тапты?

А) Птоломей Б) Геродот В) Страбон

2. Хан Тәңірі шыңын ашқан кім?

А) С.Ремезов Б)П.Паллас В) П.Семенов

3.Касий теңізін Солтүстік Мұзды мұхиттың шығанағы деп есептеген ғалым:

А) Птоломей Б) Геродот В) Страбон

4. Қазақстан даласына толық сипаттама берілген еңбек:

А) “Сібірдің сызба кітабы” б) “Жылнамалар жинағы” В) “Қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”

5.Неміс ғалымының Тянь- Шань тауы жанартау әрекеті нәтижесінде пайда болған деген болжамды жоққа шығарған ғаым:

А) С.Ремезов Б) П.Паллас В) П.Семенов

6. Тянь-Шань тауының тік зоналық екенін анықтаған:

А) С.Ремезов Б) Л.Берг В) П.Семенов

7. Қырғыз халқының “Манас” эпосын алғаш жазып алған:

А)Ш.Уалиханов Б)Л.Берг В) П.Семенов
Тест жауабы:

1. А)


2. В)

3.А)


4. А)

5. В)


6. В)

7. А)
ІІІ. Жаңа сабақ: түсіндіру:



1.Жалпы сипаттама слайд арқылы беру:
Шоқанның туған кезіндегі есімі – Мұхаммед Қанафия.

Әкесі: Шыңғыс Уалиханов

Анасы: Зейнеп Шорманова

Жұбайы: Айсары Уалиханова

Балалары: жоқ

Туған күні: 1835 жыл.

Туған жері: Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасы.

Ұлты қазақ.

Қайтыс болған күні: 10 сәуір 1865 жыл.

Қайтыс болған жері: Көшентоған, Жетісу өңірі.

2. ШОҚАН КІМ? - тарихшы, этнограф, саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы ғалым (түсіндіру).

3. Кескін картамен жұмыс: Шоқанның саяхат жолын түсіру.



ІУ. Бекіту: қорытындылау:

“Ш.Уалиханов Шыңғыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде бір орыстың шығысты зерттеушісі ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!”- деп жазды.



Николай Иванович Вселовский

V. Үйге тапсырма:

1.Тақырыпты оқу, мәнін ашу.



2.“Шоқанның достары” атты реферат жазу.
VІ. Рефлекция.
Каталог: uploads -> doc -> 0566
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0566 -> Сабақ мақсаты: Білімдік: Жемістердің құрылысын, олардың бір бірінен ерекшеліктерін ажырата білу
0566 -> Сабақ жоспарына әр мұғалім сыныптағы бала санына қарай өзгерісті енгізу қажет. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет