Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: Сызбаны толтыру. Құқықтық және қоғамдық тәртіптер туралы жазу



Дата19.05.2020
өлшемі42.97 Kb.
түріСабақ

Күні:16.05.2020ж

Мектеп 167

Пән мұғалімі: Сексенбаева Т.Н.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
Сызбаны толтыру.

Құқықтық және қоғамдық тәртіптер туралы жазу.


Сипаттап жазу.


Кестені толтыру.


Ұғымның мәнін ашу.

Элементтерді сипаттау.

Эссе жазу..

Мәтінді қолдана отырып, мысалдар келтіру.


Төменде берілген тапсырмалардың ішінен өз қалауларың бойынша (2-3-уін) таңдап орындаңдар.
1-тапсырма. Заңдылықтың қағидаттары.




2-тапсырма. Құқық тәртібі және қоғамдық тәртіп ұғымдары туралы.


Құқықтық тәртіп

Қоғамдық тәртіп

Тәртіп











3-тапсырма. Құқықтық тәртіптің құқықпен қамтамасыздығы туралы.

1.

2.



3.

4.

5.


4-тапсырма. Заңдылықтың кепілдігі туралы

Кепілдіктер

Оның мағынасы

Мысалдар















































5-тапсырма. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы мен түрлері.

«Ұлттық қауіпсіздік»

«Ұлттық мүдде» ұғымын ашу.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік түрлері.





6-тапсырма. ҚР негізгі ұлттық мүдделері туралы эссе жазу

(100-150 сөз)





7-тапсырма. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп- қатерлер.

Оқулықта 271-272-беттеріндегі мәтінді қолдану. Мысалдар келтіру.

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7

8.

9.



10.

11.



Сабақты қорытындылау:

  1. Заңдылық деген не?

  2. Заңдылықтың қағидаттары қандай?

  3. Құқықтық тәртіп дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы қандай?

  5. Заңдылықпен құқықтық тәртіптің кепілдіктеріне нелер жатады?

  6. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы нені білдіреді?

  7. ҚР негізгі мүдделеріне нелер жатады?

  8. ҚР Ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін қандай іс-әрекеттерге баруы тиіс?

  9. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қандай қауіп-қатерлерді білесіңдер?

Үйге тапсырма:

§32 оқу. 273-беттегі 6-тапсырманы және келесі жағдайларды талқылаңдар дегенді дәптерге орындау.


§32. Жаратылыстану-математикалық бағыт

1. Барлық субъектілерден құқық нормаларын, заң ережелерін және басқа да құқықтық актілердің орындалуын талап ететін қағидат-

А) құқықтық қатынас

В) заңдылық

С) құқықтық амалдар

D) құқықтық реттеу механизмі

E) қылмыстық әсер

2. Заңдылық қағидаттарына жатады-

А)заңдылықтың бірыңғайлылығы, заңдылықтың жалпыламалығы

В)жеке тұлғаның құқығы мен бостандығының кепілдігі

С)заң бұзғаны үшін жазадан құтылмайтындығы

D)заңдылықтың халықтың жалпы мәдениетімен байланысы

E)Конституция мен заңның үстемдігі

F) құқықтық реттеудің қажеттігі

G)қылмыстық әсердің болуы

H) құқықтық амалдардың қолданылуы

3. Қоғамдық тәртіптің бір бөлігі, құқықтық нормаларын реттеу нәтижесінде құрылады-

А) құқықтық қатынас

В) құқықтық тәртіп

С) құқықтық амалдар

D) құқықтық реттеу механизмі

E) қылмыстық әсер

4. Өмір салты сияқты қалыптасып қалған қоғамның мүшелері арасындағы тұрақты қатынас жүйесі-

А) құқықтық қатынас

В) құқықтық тәртіп

С) құқықтық амалдар

D) құқықтық реттеу механизмі

E) қоғамдық тәртіп

5. Бүкіл қоғамның қызығушылығына жауап беретін тұрақты қатынас секілді қатынастың нығайған үлгісі-

А) құқықтық қатынас

В) құқықтық тәртіп

С) тәртіп

D) құқықтық реттеу механизмі

E) қоғамдық тәртіп

6. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы органдар, институттар, үдерістер бар, оларға жатады-

А)прокурорлық бақылау, әділ сот

В)басқару және билік органдары

С)заңдық жауапкершілік

D)шағымдану институты

E)азаматтардың арыздары

F) құқықтық тәртіп

G)құқықты реттеу механизмі

H)қоғамдық тәртіп органдары

7. Ол заңды міндеттерді орындауға, субъектіге құқықтарды пайдалануға және құқықтық нормаларды іске асыруға мүмкіндік беретін амалдар мен шарттардың жиынтығы-

А)прокурорлық бақылау, әділ сот

В)басқару және билік органдары

С)заңдық жауапкершілік

D)шағымдану институты

E)кепілдіктер

8. Заңдылықтың кепілдіктеріне жатады-

А) заңды

В)саяси

С)идеологиялық

D)экономикалық

E)әлеуметтік

F) құқықтық тәртіп

G)құқықты реттеу механизмі

H)қоғамдық тәртіп органдары

9. Адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін ҚР ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі-

А) ұлттық қауіпсіздік

В)саяси өмір

С)идеологиялық саясат

D)экономикалық саясат

E)әлеуметтік саясат

10. Жеке адам, қоғам және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік және бақса да конституция негіздерінің құрылымының және қоғам құндылықтарының, сонымен қатар жеке тұлға мүмкіндіктерінің іске асырылуының қажеттілігінен туатын мүдделердің жиынтығы-

А) ұлттық қауіпсіздік

В) ұлттық мүдде

С)идеологиялық саясат

D)экономикалық саясат

E)әлеуметтік саясат

11. ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы күштер құрылған, оларға жатады-

А) барлау және қарсы барлау қызметіндегі арнайы мемлекеттік органдар

В)күзетке алынған лауазымды тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдық және шаралар кешені

С)ҚР әскери құрылымдары мен жасақтары, ҚР Қарулы күштері, ішкі істер қызметі

D)коррупцияға қарсы және экономикалық тергеу қызметі

E)мемлекеттік өртке қарсы органы, шекара органдары, апаттан құтқару қызметі

F) ҚР Прокуротурасы

G) ҚР сотттары

H)адвокатура мен нотариат

12. ҚР Ұлттық қауіпсіздік түрлері-

А) мемлекеттік

В)азаматтық

С)рухани

D)ақпараттық, саяси

E)әскери, экономикалық

F) экологиялық

G)қоғамдық

H) мәдени

13. ҚР негізгі ұлттық мүдделеріне жататыны-

А) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету

В)заңдардың біркелкі орындалуы және құқықтық тәртіпті сақтау

С)елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау

D)қазақстандық отаншылдық пен Қазақстан халқының бірлігі

E)бақылаусыз көші-қон үдерістері

F) зияткерлік әлеует деңгейі

G)есірткі заттарының заңсыз айналымы

H)өлім-жітімнің көбеюі

14. ҚР негізгі ұлттық мүдделеріне жататыны-

А) құқықтық тәртіп деңгейінің түсіп кетуі

В)ықпал ететін заңдылықтың төмендеуі

С)ұлттық мүдде қорғалу дәрежесінің төмендігі

D)ҚР конституциялық құрылысының, елдің тәуелсіздігінің мызғымастығы

E) президенттік басқару нысанының тұтастығы

F) мемлекеттік шекараға қолсұғылмаушылық

G)аумақтың бөлінбес мызғымастығы

H)мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі

15. ҚР ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп- қатерлерге жатады-

А)қылмыстың өсуі

В)тәртіп деңгейінің төмендеуі

С)экстремистік ұйымдардың кірігуі

D)сыбайлас жемқорлық

E)қарудың заңсыз айналымы

F) ел аумағының мызғымастығы

G)мемлекеттік шекараға қолсұғылмаушылық

H) ел тәуелсіздігінің мызғымастығы

16. Елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілу үшін нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден ҚР ақпараттық кеңістігін, адам және азаматтың құқықтары мен мүдделерін, қоғам мен мемлекетті қорғау жүйесі-

А) мемлекеттік

В)азаматтық қауіпсіздік

С)рухани

D)ақпараттық қауіпсіздік

E)әскери, экономикалық

17. Әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдау ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның мен азаматтың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерді қорғау жүйесі-

А) мемлекеттік қауіпсіздік

В)азаматтық қауіпсіздік

С)рухани қауіпсіздік

D)ақпараттық, саяси қауіпсіздік

E)әскери қауіпсіздік

18. Қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің қорғалу жай-күйі-

А) мемлекеттік қауіпсіздік

В)азаматтық қауіпсіздік

С) экологиялық қауіпсіздік

D)ақпараттық, саяси қауіпсіздік

E)әскери қауіпсіздік

19. Экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, ҚР ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйі-

А) экономикалық қауіпсіздік

В)азаматтық қауіпсіздік

С) экологиялық қауіпсіздік

D)ақпараттық, саяси қауіпсіздік

E)әскери қауіпсіздік

20. Қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмірінің, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалу жайы-

А) экономикалық қауіпсіздік

В) қоғамдық қауіпсіздік

С) экологиялық қауіпсіздік

D)ақпараттық, саяси қауіпсіздік

E)әскери қауіпсіздік

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет