Сабақ барысында шығармашылыққа бағыттау арқылы білімін көтеруге, жауапкершілігі, адамгершілігі мол тұлға болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, Oтанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың эпиграфы: «Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің



Дата12.03.2017
өлшемі13,58 Kb.
#11517
түріСабақ

Сәуірдің төрті

  • Үй жұмысы
  • Еліктеуіш сөздер
  • 301-жаттығу
  • Бейнелеуіш сөздер
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Бейнелеуіш сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып меңгерту, оқушының танымдық іс – әрекетін қалыптастыру, алған білімдерін тиянақтау.
  • Дамытушылық: Оқушы болмысындағы ойлау
  • қабілетінің ерекшеліктерін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Тәрбиелік: Сабақ барысында шығармашылыққа бағыттау арқылы білімін көтеруге, жауапкершілігі,
  • адамгершілігі мол тұлға болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, Oтанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге белгісі»

  • (Бауыржан Момышұлы

Сабақтың ережесі

  • 1.Зер салып, мұқият тыңдау
  • 2. Ашық, өз еркін анық айта білу
  • 3.Біреудің ойын бағалау
  • 4.Сабаққа белсенді қатысу.

«Қызығушылықты ояту кезеңі

  • 1-топ «Мен» есімдігі
  • 2-топ «Оқы» етістігі
  • 3-топ «Бүгін» үстеуі
  • Сатылай кешенді талдау

Еліктеуіш сөздер

  • Еліктеуіш сөздер
  • (есту арқылы)
  • Қарш-қарш
  • тарс-тұрс
  • гүрс, саңқ,
  • қорс-қорс
  • шарт-шұрт
  • быж,дүрс т.б.
  • Бейнелеуіш сөздер
  • (көру арқылы)
  • Жалт-жұлт
  • жарқ-жұрқ
  • ербең-ербең
  • маң-маң
  • жалт-жұлт
  • селк, кілт т.б.

Еліктеуіш,бейнелеуіш

Бейнелеуіш сөздер- табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші. Ж.Жабаев

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ. Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б. Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б. Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, тып, шап т. б. Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, рк т. б. Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, сұңқ, шаңқ, шіңк, ыңқ т. б. Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б. Балп, болп, былп, елп, жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б. Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б. Даң, дүң, тың, қаң, құң, маң, шаң, шұң, шың т. б. Ар, быр, дар, дыр, дір, күр, қор, қыр, сыр, шар, шыр т. б. Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б. Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шақ, шық т. б. Жалт, жылт, кілт, қылт, мылт, сылт, талт, тылт т. б. Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б. Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы

  • Екі дыбысты
  • еліктеу сөздер
  • Төрт дыбысты
  • еліктеу сөздер
  • Гу, ду,
  • арс, жап, лап, лып, сап, сып,
  • борс, гүрс, мырс,
  • тарс,тырс, борт,
  • ар, ақ,
  • тап, тып, ірк,
  • аңқ, еңк, ыңқ,
  • бырт, күрт,кірт,
  • морт,сарт,сырт,
  • зу, су,
  • үлп, елп, быр, дір, дыр, күр,
  • шарт,шырт, барқ,
  • бырқ, жарқ,зырқ,
  • қор, қыр, сыр, шар,даң, дүң,
  • зірк,күрк,қорқ,
  • дүңк, діңк, күңк,
  • тың, қаң, құң,
  • маң, шаң, шұң,
  • қаңқ, қоңқ,саңқ,
  • сұңқ, шаңқ, шіңк,
  • шың, баж, быж,
  • бұж, гүж,куж,
  • шылп, жамп,кілт, күмп, томп, тымп
  • қыж, шаж,шыж,
  • бақ, бық, қақ, қық, лау, сау т.б.
  • қылт, мылт,сылт,
  • талт, тылт,жалт,
  • жылт т.б.

«Кітап-білім қазынасы»

Венн диаграммасы(ассосация)

  • 1-топ Зат есім мен сын есім
  • 2-топ Сан есім мен Етістік
  • 3-топ Есімдік пен Үстеу
  • Мысалдар
  • Негізгі еліктеуіш сөз
  • Туынды еліктеуіш сөз
  • Бейнелеуіш сөз
  • Көмекші етістікті бейнелеуіш сөз
  • 1
  • Шіңк,қаңқ
  • 2
  • ербелең
  • 3
  • балпаң
  • 4
  • Жалт етті
  • 5.
  • Тарс,сырт
  • 6.
  • Селк,кілт

«Білім мен дәстүр сыны»сергіту сәті 1.Еліктеу сөздер дегеніміз не? 2.Қонаққа тартылатын табақ түрлерін атаңдар. 1.Бүрсеңдеу-қандай сөз?(мысал келтір) 2.Үш жұртыңды ата. 1.Сарт ету-қандай сөз? мысал келтір. 2.Үш арсыз не? 1.Көлбең-көлбең етеді (мысал келтір) 2.Қандай тыйым сөздерді білесің? 1.Маң-маң басу (мысал келтір) 2.Жеті атаңды ата.

Тест сұрақтары

  • І нұсқа
  • 1.Бейнелеуіш сөздерді көрсет
  • а) кілт, ә) шаңқ, б) тарс
  • 2.Екі буыннан құралған еліктеуішті тап
  • а) шырт, ә) қорбаң, б) селк
  • 3.Туынды еліктеуішті тап.
  • а) жалт, ә) күмп, б) тырсыл
  • 4. Екі дыбысты еліктеу сөз қайсы?
  • а) лау, ә) быж, б) зу
  • 5. Бейнелеуіш сөз қатысқан тіркесті тап
  • а) қайқаң етті, ә) саңқ етті,б)дүрсілде
  • ІІ нұсқа
  • 1.Екі буыннан құралған еліктеуішті тап
  • а) тыртың, ә) жалт, б) қалт
  • 2. Бейнелеуіш сөзді көрсет
  • а) гүріл, ә) діріл, б) ырыл
  • 3. Көмекші етістікті еліктеу сөзді тап
  • а) қорбаңда, ә) ыржыңда, б)қорс етті
  • 4. Жұрнақ арқылы жасалған еліктеу сөз
  • а) бұраң, ә) мыңқ, б) жарқ
  • 5.Қате жазылған бейнелеуіш сөз қайсы?
  • а) қалп, ә) сылп, б) кіліт

Тест жауаптары

  • І нұсқа
  • 1) а
  • 2) ә
  • 3) б
  • 4) б
  • 5) ә
  • ІІ нұсқа
  • 1) а
  • 2) ә
  • 3) б
  • 4) а
  • 5) б
  • Назарларыңызға рахмет!
  • Пән мұғалімі:Таутиева Айнагүл Хайруловна
  • Елтай орта мектебі

Каталог: 8F2C3CCC8115B026
8F2C3CCC8115B026 -> Электр заряды «Янтарь» сөзі Бір аттас және әр аттас зарядтар туралы
8F2C3CCC8115B026 -> Сабақ барысында акт-ны тиімді пайдалану Өтетін орны және мерзімі 13. 03. 2017ж Елтай орта мектебі
8F2C3CCC8115B026 -> Сабақ жоспары сабақ: Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Мектеп: еом
8F2C3CCC8115B026 -> Қазақ тілі-асыл қазына
8F2C3CCC8115B026 -> Мазмұны Кіріспе. Нотасыз домбыра тарту жайлы жалпы ұғым. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Нотасыз домбыра тарту тәсілі арқылы оқушылардың домбыра шерту қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар
8F2C3CCC8115B026 -> Ақмола облысы Бұланды ауданы «Елтай орта мектебі» кмм
8F2C3CCC8115B026 -> Елтай орта мектебінің директорының мектеп өмірі туралы ашық баяндамасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет