Сабақ басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта



Дата17.06.2018
өлшемі41,5 Kb.
#42374
Күні: 22.09 4 – сынып
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта»

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру»

Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында коммуникативтік технологияны

пайдалану»


Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл - менің тілім.

Сабақтың мақсаты:

І.Білімділік: Адам өміріндегі тілдің атқаратын қызметі мен маңызын ашып

көрсету, соның негізінде оқушылардың білімін кеңейту.



ІІ.Дамытушылық: Тақырыптың мазмұны мен тәрбиелік қызметі негізінде оқушылар

дың ой-өрісін, білім деңгейін, азаматтық қасиетін жетілдіру.



ІІІ.Тәрбиелік: Ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып, таза, шешен,

сөйлеуге, тілін сүю арқылы елін, тарихын құрметтеуге баулу.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, диалог, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тапсырмаларды орындау

Қолданылатын көрнекіліктер: қанатты сөздер, суреттері
Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру - Амандасу, түгендеу, кезекшімен сұхбат жүргізу

кезеңі:

1. Сәлемдесу. - І. Әнұран. ІІ. Көрініс:

2. Тексеру

3. Сұхбат

ІІ. Көрініс:

Немересі: - Әже «Тіл мерекесі» деген қандай тіл? ол қашан болады?

Әжесі: - Әй, балам – ай, саған қалай түсіндірсем екен? Айтпақшы, бастауыш сынып оқушыларына қонаққа барайық. Солар түсіндіріп берер.

ІІІ. Мұғалім:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірлі қонақтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының халықтарының тіл мерекесімен құттықтаймыз. «Тіл» дегеніміз не? Адамның туғаннан кейінгі бүкіл өмірі тілмен тығыз байланысты. Нәресте сөйлей алмаса да әжесінің ертегісінің сылдырын,анасының бесік жырын естиді. Бұл - тіл. ұстаздардың әңгімелері, жүздеген кітаптардың беттері арқылы көрмеген, естімеген нәрселерді білесіңдер. Бұл – тіл. Тілсіз адам өмірі бір қадамға да аяқ баспайды. Ал, енді бастауыш сынып оқушылары дайындаған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Ережелері:

1 кезең: Әр топ өзін таныстырып, ұранын айтады.

2 кезең: «Өлең – сөздің патшасы...» бұл кезеңде оқушылар өздері дайындап келген «Отан, Туған жер, Қазақстан» туралы өлең, тақпақтарын айтады.

3 кезең: «Бәйге»

1 топқа қойылатын сұрақтар:

1. Біздің Отанымыз қалай аталады?

2. Қазақстанда мемлекеттік тіл қалай аталады?

3. Бір жылда неше ай бар?

4. ҚР –ның рәміздерін ата?

5. Тудың түсі қандай?

6. Сен қай қалада тұрасың?

7. Астана қандай қала?

8. Қазір жылдың қай мезгілі?

9. Күзде неше ай бар?

10. Сен нешінші сыныпта оқисың?

2 топқа қойылатын сұрақтар:

1. Қазақстан қандай мемлекет?

2. ҚР – ның Елбасы кім?

3. Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?

4. Қазақстанда неше облыс бар?

5. Әнұранның авторлары кім?

6. Қазақ тілі сбағында қай тілде сөйлейміз?

7. Күз айлары?

8. Қазақстанның астанасы қай қала?

9. Ұлттық аспаптарды ата?

10. Бүгін қандай мереке?

4 кезең: «Ойланайық» шашылған сөздерді дұрыс құрастыру.

1 топқа: 1. Сандық, алтын, - кітап.

2. Құдық, білім, қазғандай, инемен.



2 топқа: 1. Басталады, отбасынан, Отан.

2. Ыстық, оттан да, Отан.



5 кезең: «Әрі оқу, әрі ойын».

1 топ: 2 топ:

Родник – бұлақ, Бровь – қас,

Ухо - .... Голова - ...

Палка - таяқ, Мясо – ет,

Нога - ... Лицо - ...

Очаг – ошақ, Мечта – арман,

Нож - ... Лес - ...

Достаток – береке, Рыба – балық,

Праздник - .... Народ - ....

Красивый - әсем, Деньги – ақша,

Весна - .... Огород - ....

6 кезең: «Кім жылдам?» Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 топқа: 1.тапсырма: «Туған жер» сөзін тәуелдеу

2. тапсырма: Мемлекеттік, тілдер, оқушыларға, достық, мұғаліммен, елім, тілші, халықтар – сөздерін буынға бөліп жазу.



2. топқа: 1. «Отан» сөзін тәуелдеу.

2. тапсырма: Өлеңдерден, суретші, емхана, бүкіл, мерекелер, жұмбақтар, құрылысшы, білімділер – сөздерін буынға бөліп жазу.



7 кезең: «Полиглот» ойыны /қазақша, орысша, ағылшынша/

1 топқа: Тіл, кітап, мектеп, сәлеметсіз бе? Қызыл, Отан, үй, бала.

2 топқа: Қазақ тілі, дәптер, сынып, сау болыңыз, қара, жер, қала, отбасы.

8 кезең: «Теңге алу» ойыны. Ортаға әр топтан ұл бала шығып бір аяқпен жерден теңгені алулары керек. Кім көп теңге жинаса, сол топ ұтады.

Әзіл-қазылар қай топтың жеңгенін айтып, оқушыларды мақтау қағазымен марапаттайды.

Соңында оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін үш тілде орындайды.

Көрініс:

Әжесі: - Балам, енді сен «Тіл мерекесі» деген не екенін, қашан болатынын түсіндің бе?

Немересі: - Иә, әже, түсіндім.

Мұғалім: - Осымен біздің «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет.

Мерекелеріңіз құтты болсын! /шашу шашылады/








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет