Сабақ «Бейнелеу өнері және сызу»



бет1/2
Дата29.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8203
түріСабақ
  1   2
Меңдешева Айгүл Еділбайқызы

М. Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп

Бейнелеу, сызу және технология пәнінің мұғалімі,

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы ауданы, Чапаев ауылы.
Сабақ «Бейнелеу өнері және сызу» журналына шығаруға арналған

Сабақтың тақырыбы : портрет жанры

Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, схемалар,дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі : жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі : баяндау,практикалық ,сыни тұрғыдан ойлау әдісі.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,геометрия, информатика.
Сабақтың барысы : I .Ұйымдастыру бөлімі

II .Үй тапсырмасын қайталау

III.Жаңа сабақ:

1 .Қызығушылығын ояту.

2 .Мағынаны тану.

3 .Ой -толғаныс.


Қызығушылығын ояту.

-Қане; балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік.Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар.Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз.Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ

-Қазір бірінші қатарда отырған оқушылар компьютерлерінде сақталған портрет жайлы мәліметпен танысады.Ал екінші қатардағы оқушылар осы кезде шешуінде өткен сабақта өткен песпектива тақырыбына байланысты сөзжұмбақтарды құрастырып құрбыластарына шештіру керек.

Мағынаны тану .

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.

1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3 Толық фигуралы портрет.

Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

5 Салтанатты портрет

6 Мінез-құлыққа арналған портрет.

7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.

8 Топтасқан портрет»

Осы кезде қарсы топ құрастырған сөзжұмбақтарын оқып шешуде.7 минуттан кейін бірінші топ оқыған мәтіндерін сыныпқа түсіндіреді.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.

-Енді барлығымыз да жоғардағы үлкен экранға қарайық.Қазір біз сіздермен өнер мұражайына саяхатқа шығамыз.Қане, барлығымыз әзірміз бе?








Мұғалім компьютермен алдын-ала дайындап қойған көрнекіліктерін слайдқа салып, үлкен экраннан оқушыларға көрсетеді.Слайдқа портрет жанрына байланысты көптеген дидактикалық тапсырмалар жинақталған. Әбілхан Қастеевтің суреттер жинағы кітабінан суреттер көрсету.

Практикалық бөлім.

Компьютерден бастың салу схемасын ашып оқушыларға түсіндіремін.

-Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол қыздың бейнесін салып көреміз. Кел, Нұргүл, шыға ғой.

Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық.



Каталог: papk -> metodika
papk -> Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
papk -> Сабақтың тақырыбы: "Германия Федеративтік Республикасы"
papk -> Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ Пәнаралық байланыс: тарих, еңбек, орыс әдебиеті
metodika -> Өзгеше біткен қазақтың, Өнерпаз ұлы дара бір. Жасадың ғұмыр аз – ақ күн
metodika -> Сабақтың тақырыбы: «Дүние жүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру.»
metodika -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары Сабақтың мақсаты: Білімділігі
metodika -> Сабақтың мақсаты: Зерделік қабілеттері. Генетик а тұқымқуалаушылық Өзгергіштік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет