Сабақ бір әлем Қазалы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садуахас Райханның іс-тәжірибесінен Қазалы 2012 Алғы сөз


Әдебиет - өмірдің көркем шежіресі



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,52 Mb.
түріСабақ
1   2   3

Әдебиет - өмірдің көркем шежіресі
Рухани өмірдің басты саласы саналатын жергілікті әдеби-көркемдік, шығармашылық дәстүрлердің түп-тамыры аймақта кең таралған халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алады. Әсіресе, «Еділ-Жайық» ертегісі, әйгілі Аққұм туралы әңгімелер, Байұлы мен өңіріміздегі белгілі әулие, батыр бабаларымыз туралы аңыз әңгімелер, жырлар мен толғаулар – халықтың сөз мәдениетінің, ұлттық әдебиет өнерінің қайнар бұлақтары. Осынау әдеби мұралар өлкемізде өткен тарихи оқиғалардың, алмағайып кезеңдердің сөзбен зерленген ескерткіші тәрізді. Түбі бір, тегі ортақ ру-тайпалардың қазақ хандығына бірігіп, ұлт болып ұйысуына негіз қалаған әлеуметтік-саяси себептері мен тарихи алғышарттардың сырын аңдататын шығармалар да, оларға арқау болған оқиғалар да осы аймақта өрбіген. Мысалы, ұлттық бірліктің көркем баянындай халықтық туындылар – біздің Аққұмымызбен байланысты «Қобыланды батыр» сынды жыр-дастандар ерлікті ардақтап, елдікке үндейді.

Қаратөбеде туып, «Үш жүзге ән оздырған сал Мұхиттың» кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасты.

Шығыстың әдеби дәстүрлерімен қатар еуропалық реализм нақыштарын зейіндеген тәржімашы қаламгерлердің легінен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің «Капитан қызы» шығармасын қазақ тілінде тұңғыш сөйлеткен жерлесіміз Молданияз Бекімов те орын алды. Ол сонымен қатар этнографтық, қаламгерлік секілді сан қырлы талантымен туған халқына қызмет етті.

Қаратөбенің киелі топырағынан нәр алған ақын, драматург Рақметжан Малабаев, ұлттық әдебиеттану ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қаламгер Қажым Жұмалиев, жазушы, драматург, ақын, махамбеттанушы ғалымдардың бірегейі Берқайыр Аманшиндердің де қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орындары бар.

Дауылпаз ақын, қажырлы жазушы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында да біздің өлкеміздің қазақ тарихындағы елеулі орны көрсетілген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында батыстық қаламгерлердің де бейбіт құрылыс тақырыбынан уақытша қол үзіп, бірыңғай әскери өмірді көрсетуге ден қойғаны белгілі. Қолына қару алып, майданға аттанған ақын-жазушылардың қатарында майдан газеттерінің бетінде басқыншылардан кек алуға шақырған, отаншыл отты жырларымен танылған жерлесіміз Сағынғали Сейітов те болды.

Жерлес ақынымыз Қадыр Мырзалиев – сан ғасырлық қазақ поэзиясының дамуына елеулі үлес қосқан дара тұлға. Оның қаламынан туған «Күміс қоңырау», «Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Бұлбұл бағы» жинақтары - қазақ әдебиетінің бір биік белесі.

Жерлес ақын-жазушылар Жұрғали Ертілесов, Құрманғазы Қараманұлы, Айсұлу Қадырбаева немесе туған топырақтан табан аудармай еңбек етіп, бірнеше кітаптарын жариялаған өлкетанушы Қайыржан Хасановтардың шығармалары көпшілікке кеңінен таныс.

Жазба әдебиетінің қан тамыры халық поэзиясы десек, ғасырдан-ғасырға ұласқан төкпе жыр ағыны бүгін де тоқталған жоқ. 50-60 жылдары тоқырап қалған айтыс жанры соңғы жылдары қайта түрленіп сала берді. Қаратөбелік әкелі-балалы Қыдырниязовтар үрдісі, Қ. Ғұбайдуллин, Д. Айтжанов, А. Қауенов, Е. Бимұқановтардың айтыстағы жолы Қаратөбенің құнарлы топырағында өз жалғастарын табады.

«Өнер алды – қызыл тіл» иелері – ақын-жырауларын ардақ тұтып, өнерпаздарын құрметтеген еліміз бұл күндері тәуелсіздік рухымен арқаланып, еркіндік ауанымен қуаттануда. Алашқа аты тараған небір өнер саңлақтарының кіндік қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық мәдениет, ұлағатты дәстүрлер жаңара жарасымын тауып, ұрпақтар сабақтастығының тіні ширай берері анық.

(Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы, «Арыс» баспасы)
Түсіну

Екі жақты күнделік




Қаламгерлер

Шығармалары








Қолдану

Т кестесі




Шығармалар

Өмір шежіресі








Талдау

Үш жақты күнделік




Қаламгерлер

Шығармалары

Сұрақтар









Ой толғаныс



Жинақтау

Бес жолды тұжырым



  1. Бір зат есім

  2. Екі сын есім

  3. Үш етістік

  4. Төрт сөзді сөйлем

  5. Синоним

Үй тапсырмасы

Бағалау

Үй тапсырмасы

Жерлес қаламгерлеріміздің шығармаларын оқып,

мүмкіндігінше үзінді не толықтай жаттап,



«Толқытқан ойлар көп мені» деген тақыпта ойтолғау

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сөз таптарынан алған білімдерін жинақтап еске түсіру; Оқушы ізденісі арқылы сын есім туралы білімдерін тұжырымдап, сын есімдердің тіліміздегі ролін көрсету; Қазақ тілінің байлығын таныту; Оқушылардың танымдық білімін арттыру;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Десант сабақ

Сабақтың әдісі: СТО жобасы БЛУМ жүйесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылықты ояту

Оқушылар, сіздер қазақтілі патшалығын еркін аралап, сөз әлемінің түрлі сырларымен, қасиеттерімен таныстыңыздар. Әуелі бұрыннан өзіміздің білетінімізді еске түсірейік. Сөздер өздерінің мағыналарына қарай түрлі топтарғағ яғни, сөзтаптарына бөлінеді.

Топтастыру стратегиясы


Зат есім
Сан есім Сөз таптары Сын есім
Етістік
Ассоциация стратегиясы

Сын есім дегенде ойларыңа не келеді?


Түрі Түсі Сыны Сапасы
Сын есім
Көлемі Мөлшері Пішіні Дәмі
Мағынаны тану

Блум таксономиясы

Есте сақтау (білу)

Ассоциациядан сын есімнің ережесін қорытып шығару

Заттың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.

Түсіну


430-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді табу, сұрақ қою, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау (сызба арқылы)

Қолдану


432-жаттығу Берілген сөздерден сын есімдер жасау, оларды қатыстырып сөйлем құрау

Талдау


433, 434-жаттығу жұмбақты оқып шешу. Сын есімдерді тауып, заттың қандай белгісін көрсетіп тұрғанын анықтау, осы топты толықтыру.

Түсі Сапасы Дәмі

Жасыл Қап-қатты Тәп-тәтті

... ... ...

Сергіту сәті

«Тізбек» ойыны

Шарты: Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын сын есім айтып, тізбекті жалғастыру

Мысалы: Ақ – қара - ...


Жинақтау

435-жаттығу

Мәтінді әуелі толық, содан соң сын есімдерсіз оқу. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айту.

(Заттардың сыны айқын емес)

Бағалау

Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндіру



(Ойдың көркемдігі, айқындылығы, бейнелілігі үшін, заттың сыны мен сапасын көрсету үшін, т.б.)

Толғаныс


Бес жолды тұжырым

Қорытынды

Ассоциацияны толықтыру

Бағалау


Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: 431-жаттығу Шарты: Сөз таптарына талдау

Мүмкіндік деңгей: Грамматикалық ертегі құрастыру

Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: Талдау, пікірталас, жинақтау


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

«Жақсы тілек – ақ пейілдің шашуы»

(Жолдастарына жақсы тілегін арнау, тілектердің қайталанбау шарты қойылады.)


Пікірталас

«Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл статусына лайық па?»



  1. Осы бағыттағы елдегі нәтижелі жұмыстар қандай деп ойлайсыз?

  2. Қандай түйткілді мәселелер бар?

  3. Проблемаларды шешудің жолдары, нәтижелері қандай?

  4. Проблемаларды шешудің қандай жаңа жолдары бар?

  5. Бұған қосар өз үлесім

Толғаныс


«Бүгінгі сабақтан не түйдім?»

Тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал


Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;

Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;

Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға баулу;

Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)

Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас
Барысы: Ұйымдастыру

Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды оқи отырып, неге үйрендік?



  • Ата-ананы сыйлауға;

  • Үлкендерді құрметтеуге;

  • Олардың өнегелі істерін үйренуге;

  • Өнерлі, білімді болуға;

І. Қызығушылықты ояту

Тірек символдар

Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар, компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме құрайық.

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Болжау кестесі


Не болады деп ойлайсыз

Сізде оған қандай дәлел бар

Не болды

1.








Түсіндірме сөздік


(Қолдарына естелік ұсынылады.)


  1. Сега – электрондық ойын.

  2. Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.

  3. Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.

  4. Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.

  5. Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.

  6. Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз хабарласатын телефон.

  7. Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі) компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.

  8. Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.

  9. Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.

  10. Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.

  11. Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.

  12. Америка – АҚШ, Солтүстік Америкадағы мемлекет.

  13. Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері

  14. Майкл Джексон – әнші

ІІІ. Ой толғаныс


Дебат

Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?



  • Иә

  • Жоқ

  • Бейтарап

Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу

Дебатты аяқтау
Үй тапсырмасы

Міндетті деңгей



  1. Әңгімені оқып, түсінгенін айту

  2. Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері жөнінде деректер жазып келу



Болжау кестесі


Не болады деп ойлайсыз

Сізде оған қандай дәлел бар

Не болды

1. Балалар кітапханаға барады.

2. Үлкендер келіп қалып, Айдынға ұрсады.

3. Інісін жазалайды.

4. Компьтерден ойындар алған.

5. Апасы интернетке кеткен ақшаны төлеттіреді.


Берілген тірек суреттер
Компьтерде бала-лар көп отыруға болмайды.
Әр бұрыс іс жазаланады.

Балаларды қызық-тыратын нәрсе

Ләззатқа шұғыл интернетке шығу керек.


Айдын компьютер-мен асығып жұмыс жасап жатыр.

Апасы Айдынға рұқсатсыз интернет-ке шыққаны үшін ұрсады.

Апасы інісінің не істегенін тексереді.

Музыка жазып алған.

Ләззат телефон арқылы қарызға жаздырып, интернет жүйесін қайта қосқызады.

Әйгерім
Дискуссиялық карта

(Айдынға мінездеме)


+

-

Айдын - ізденімпаз бала.

Өзін қызықтыратын музыка туралы интернеттен жазып алуы осыған дәлел болады.



Айдынның рұқсатсыз интернетке шығуы дұрыс емес, әйткенмен ол пайдалы іс істеді.

Әлібек
Дискуссиялық карта

(Айдынға мінездеме)


+

-

Айдынның жақсы қасиеті көп. Ол интернетке рұқсатсыз шыққанмен, қажетті нәрсе алды, білімге ұмтылды. Сондықтан оның бұл ісінің жақсы жағы көбірек

Айдын қажет мәліметті апасының рұқсатымен алу керек еді.

Перизат
МАЗМҰНЫ

Алғы сөз 4 бет

Эвфемизм 9 бет

«Қырық өтірік» ертегісі 11 бет

Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» әпсанасы 5 бет

«Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар») 17 бет

«Фантазия» (М.Мақатаев)

«Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді) Д.Исабеков 12 бет

«Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин) 27 бет

Сырым мен Малайсары 22 бет

«Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі) 28 бет

«Арман» (М.Шаханов)

Тіл мәдениеті 26 бет

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

«Қаратөбе - өнер ордасы» 24 бет

Сын есім

Компьютер жанындағы жанжал 14 бет






Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет