Сабақ Біздің дұшпанымыз кім?



Дата08.06.2018
өлшемі41,5 Kb.
#41776
Зерттеушілер клубы

1-ші курс

4-ші сабақ
Біздің дұшпанымыз кім?

Қымбатты дос!

Әуел баста, Құдай дүниені жаратқан кезде бәрі де жақсы болатын. Алғашқы адамдар өте бақытты еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі заманда көп адамдар бақытсыз, сонымен бірге дүниеде опасыздық, өлім, жек көрушілік, ауру және басқа жамандықтар бар.
Осының бәрі неліктен болды? Өйткені бір жау арқылы дүниеге күнә келді.
Құдай жаратқан дүниені күнәға толтырған кім? Ол – шайтан. Бұл дұшпан Құдай мен бізді жек көреді.
Шайтан қалай пайда болды?

Біз Киелі кітаптан бастапқыда шайтанның жоғары дәрежелі періште болғанын білеміз. Мүмкін, ол періштелердің көбін басқарған да шығар.

Бұл мықты періште алғашқы кезде Құдайдың тілін алып жүрген. Бірақ кейін ол өзін ең сұлумын, ақылдымын және құдіреттімін деп сезініп, жүрегінде тәкаппарлық пайда болды. Сөйтіп оның Құдаймен тең дәрежеде болғысы келді. Өзінің Жаратушысына қарсы шығып: “аспанға көтеріліп, тағымды Құдай жаратқан жұлдыздардан жоғары орнатамын”, - деп ойлады (Ишая 14:13).
Шайтанның жүрегі өзгерді

Шайтан күнә жасаған кезде оның жүрегінде үлкен өзгерістер пайда болды. Бұған дейін ол Құдайды жақсы көріп, Оның тілін алып жүрсе, енді тек өзін ғана жақсы көріп, Құдайға бағынғысы келмеді.


Құдай тағалаға бағынғысы келмеген шайтан қарсы шығуы арқылы Оның дұшпанына айналды. Ол Құдайға қарсы шыққан бірінші періште еді. Алайда оның артына еріп, күнә жасаған басқа да періштелер болды. Бұлар “жындар” деп аталады. Ал Құдаймен бірге болып, Оған сенімді қызмет атқаратын періштелерді “қасиетті періштелер” деп атаймыз.
Шайтан Құдайға мойынсұнбағаны үшін бұрынғы жоғары дәрежесінен айырылып, өзіне ерген жындармен бірге көктен қуылды. Олар Құдайдың және жақсылық атаулының қас жауларына айналды.
Сол кезден бастап шайтан мен жындар бірігіп Құдайдың Патшалығына қарсы әр түрлі жаман әрекеттер істеп келеді. Киелі кітапта шайтанның билігі “қара түнек” деп аталады.
Шайтан Хауа ананы алдады

Шайтан Құдайды жек көргендіктен Адам мен Хауаның да Құдайға бағынбауын тіледі.


Шайтан өз мақсатына қалай жетті? Ол адамды алдады.
Алдаудың не екенін жақсы білеміз, ол - өтірік айтып, біреуді шатастыру. Шайтан адамдарды өтірік арқылы күнәға батырды.
Бір күні шайтан жылан бейнесіне еніп, пейіш бағына, Хауа ананың жанына келді. Сол кезде әйел жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жанында тұрды. Өткен сабақта оқығанымыздай, Құдай Адам мен Хауаға сол ағаштың жемісін жеуге тыйым салған еді. Алайда жылан бейнесіндегі шайтан қулықпен: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?” – деп сұрады.
Хауа оған: “Жоқ, бізге бақтағы ағаштардың жемісін жеуімізге болады. Бірақ Құдай: бақтың ортасында тұрған ағаштың жемісін жемеңдер, тіпті оған тиіспеңдер, әйтпесе өлесіңдер деп айтқан болатын”, - деп жауап берді.

Сонда шайтан Хауаға өтірік айтып: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! Бірақ сендер осы жемісті жеген кезде көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырып, Құдай сияқты болатындарыңды Ол жақсы біледі”, - деді.


Хауаның шайтанға сенбеуі керек еді. Ол Құдайдан тек жақсылық көріп келген болатын. Бірақ та Хауа шайтанның айтқан өтірігін тыңдап, жеуге тыйым салынған ағаштың жемістеріне қызығып кетті. Оларға қарап тұрып, ақырында біреуін қолға алып, жеді. Қасындағы күйеуіне де берді. Жемісті жеуге болмайтынын біле тұра, Адам жемісті әйелінің қолынан алып, жеді.
Сол кезде Адам мен Хауаның жүректеріне күнә ұялап, Құдаймен тығыз байланыстары үзілді! Кеш батқанда Құдай олармен кездесуге келді. Бірақ Адам мен Хауа Құдайдан тығылып қалды. Өйткені олар өздерінің істегендерінің дұрыс еместігін түсінді.
Адам Құдайға бағынбады
Адам мен Хауа пейіш бағынан кетуге тиісті болды.
Күнә - жаман! Адам мен Хауа күнә жасағаннан кейін, пейіштен кетуге тиіс болды. Құдай тағала екеуінің күнәсін жек көріп, оларды қасынан аластатты. Бірақ та Ол Адам мен Хауаны бұрынғыша сүйіп, оларға Құтқарушы жіберуге уәде берді. Бір әйелден туатын сол Құтқарушы шайтанды жеңіп шығады, ал Өзі жанын құрбан етуге мәжбүр болады. Осы жеңімпаз Құтқарушы туралы келесі сабақта оқитын боламыз.
Шайтан – зұлым алдамшы

Адам мен Хауаның тамаша жұмақтан кетулері өте қайғылы еді. Құдай да қайғыланды. Тек шайтан ғана қуанды, өйткені ол Құдай мен адамның арасын ашып, өтірік арқылы мақсатына жетті.


Осыдан бері ол адамдарды үнемі алдап келеді. Бізді Киелі кітапқа сенбеуге азғырмақ. Ешкім істеген күнәларының тиісті жазасын тартпайды деген өтірік арқылы бізді түзу жолдан адастырмақ.
Шайтанның лақап аттары – алдамшы, әзәзіл, ібіліс, Ол балаларды да алдап, ата-аналары мен мұғалімдеріне қарсы қоюға тырысады. Кезінде Құдайға қарсы шыққан шайтан енді жастардың ата-аналарына бағынбауларын ұнатады. Жасөспірімдерді шылым шегіп, есірткі мен ішімдікке салынуға және басқа да жаман әрекеттерге құмар қылуға тырысады. Адамның денесін бұзатын барлық жаман қылық – күнә. Ал шайтан жастарды азғын әрекеттерге баулып, өмірдің ләззатын татып, қатарларыңның алды боласың деп алдайды.
Сөйтіп шайтан сені құрту үшін алдап, тозаққа түсіргісі келеді. Киелі кітапта одан сақ болуымыз керек деп жазылған. “Сендердің дұшпандарың – шайтан ақырған арыстандай қылғып қоюға біреуді іздеп жүреді” делінген (1Петр. 5:8).
Біз шайтанның алдауынан қалай сақтана аламыз?

Киелі кітаптағы Құдайдың хабарларын оқып біліп, оларды орындасақ қана сақтана аламыз.


Иеміз Иса былай деген: “Ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді” (Жохан 8:32).
Шайтан – жеңілген жау

Келесі екі сабақтан Иеміз Исаның шайтанды қалай жеңгенін білетін боламыз. Ол “Көк пен жердің бүкіл билігі Маған берілген. Мен бұл дүниенің ақырына дейін әр күні сендермен бірге боламын!” – деген (Матай 28:18-19).


Сондықтан шайтаннан қорқуымыздың қажеті жоқ. Киелі кітапта: “Сендердегі Киелі Рух күнәһар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті” делінген (1Жохан 4:4).
Кім Исаны Құқтқарушым деп қабылдаса, соның өміріне Құдайдың Рухы кіреді. Ол, әрине, шайтаннан әлдеқайда күшті!

Ал енді, ақырында шайтанға не болады деген сұрағың бар ма? Ол туралы Киелі кітаптан мынаны білеміз: Құдайдың белгілеген күні шайтан мен жындар “отты көлге” тасталады. Бұл қорқынышты орын тозақ немесе тамұқ деп аталады. Шайтан мен жындар онда мәңгілік азап шегіп, әділ жазаларын тартатын болады.


Киелі кітапта: “Оларды алдаған әзәзіл от пен күкірт көліне (тозаққа) тасталды... Онда олар күні-түні мәңгілік азап шегетін болады”, - деп жазылған (Аян 20:10).

Сол кезден бастап дүниеде ешбір күнә, ешқандандай алдамшылық және зұлымдық болмайды. Иеміз Иса аса әдемі, жаңа көк пен жерді жаратпақ. Сонда ол Құдайға шын жүректен сеніп, Иемізге мойынсұнған адамдар үшін тамаша мекен дайындайды. Ол киелі кітапта жұмақ және пейіш деп аталады.


Жұмаққа кірген адамдар тағы да Құдаймен өте тығыз қатынаста тұратын болады. Бәрі де Оны мадақтап, шексіз қуанады. Бұл шынайы “алтын дәуір” болмақ! Ал ең кереметі – сол “алтын дәуір” ешқашан да бітпейді!
Алтын аят

Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді

(Жохан 8:32).
Қазынаны тап

А Ә Б Ғ Д Е Ж З Й


У Ү Ш Ы І

Табылған қазына


Қазақша аудармасы және көркемделуі “Ізгі хабар” баспасы, Стамбул 1996 ж.

Түпнұсқасы ТМСІ, 1990 ж.


“Зерттеушілер” клубы, 1-ші курстың

4-ші сабағына арналған сұрақтар

Нұсқау: Дұрыс жауапты (а немесе ә әріптерінің біреуін) таңдап, төртбұрыштың ішіне жаз.


  1. Біздің Киелі кітаптан білгеніміз:

а) Шайтан шынымен жоқ, оны біреу ойдан шығарған;

ә) Шайтан – Құдай мен біздің жауымыз.



  1. Киелі кітаптан біз мынаны да білдік:

а) Алғашында шайтан күшті періштеболған, бірақ ол Жаратушы Иеге қарсы шықты;

ә) Шайтан әрқашан да Құдайдың жауы болған.



  1. Адам мен Хауа неге күнәға батты?

а) Өйткені шайтан Хауаны алдады;

ә) Өйткені шайтан Хауаға шындықты айтты.



  1. Адамды алдау деген не?

а) Адамдар не білгісі келсе соны айту;

ә) Өтірік айтып, адамды шатастыру.



  1. Шайтанның алдауынан сақтану үшін біз не істеуіміз керек?

а) Біз Киелі кітаптағы Құдайдың айтқандарын біліп, орындауымыз керек;

ә) Біз тек адамдардың айтқандарын ғана тыңдап жүруіміз керек.

Осы жауаптар парағын сызықшалар бойымен қиып алып, конвертке сал.
Мына жерге алтын аятты жаз-------------------------------------------------

Мына жерге табылған қазынаны жаз---------------------------------------

Баспа әрпімен жазуыңды сұраймыз!

Аты-жөнің -------------------------------------------------

Туған күнің----------жасың---------------сынып----------

Мекен-жайың---------------------------------------------------


Осындай сабақтарды сенің достарыңа да жіберуге дайынбыз. Достарыңның аты-жөндерін, мекен-жайларын және мүмкін болса, олардың ата-аналарының да аты-жөндерін бір қағазға анықтап жазып, өзіңнің сабағыңмен бірге бізге жібер. Бізде барлық жастағы адамдарға арналған сабақтар бар.
Өзіңнің мекен-жайың мен біздің мекен-жайымызды жазуды ұмытпа! Поштаға салардан бұрын мұқият тексеріп шық! Бізге тек жауаптар парағын жібер!
Егер бізден екі ай уақыт мерзімінде жауап келмесе, хабарлас. Себебі сол жағдайда сенің хатың немесе біздің жауабымыз поштада жоғалып кеткен шығар.
050031 Қазақстан

Алматы


п\ж 68

“ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ”
Каталог: Word
Word -> Библиографический указатель литературы Қарасу Карасу, 2015 Құрастырушыдан
Word -> Қарасу жерінің мақтанышы Гордость земли Карасуской
Word -> Сабақ Төрт сұрақ Қымбатты дос! Дүниеде ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ол күнә!
Word -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Word -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Word -> Лекция : 34 сағат Семинар: 68 сағат СӨЖ: 33 сағат. Барлық сағат саны: 135 сағат
Word -> Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Word -> Факультеті
Word -> Серияның, монетаның атауы Соғу сапасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет