Сабақ бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы; Әлеуметтік инфрақұрылым салаларыі



Дата08.07.2017
өлшемі262,38 Kb.
#20791
түріСабақ
№1 сабақ бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы; Әлеуметтік инфрақұрылым салаларыі

Мектеп; №111 Ж .Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні ;2.02

Мұғалімнің аты-жөні;

Миржибаева Улбала



Сынып; 9 «а»

Қатысқандар саны;

Қатыспағандар саны;


Сабаққа негізделген оқу

мақсаты

Әлеуметтік инфрақұрылымның мақсаты жайлы түсіндіреді , елдегі әлеуметтік инфрақұрылым салалары құрамын аныктайды.

Сабақ мақсаттары

Барлығы Қазақстандағы ;Әлеуметтік инфрақұрылым түрлерімен танысады
Көпшілігі; Әлеуметтік инфрақұрылым салалары жайлы қысқаша айта алады
Кейбірі Тақырыптың идеясын аша алады, салыстырады, дәлел келтіреді; .


Тілдік мақсаты

Оқушылар; тақырыптағы жана сөздердің мағынысын түсіндіре алады қай жерде қолданатынын біледі.
Негізгі сөз тіркестер; инфрақұрылым, коммуникация
Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Инфрақұрылым(латынша infra-төменгі,астынғы structura –құрылыс , орналасу )

Коммуникация (латынша «communicare»- байланыстыру,біріктіру)

Талқылауға арналған тармақтар;

Әлеуметтік инфрақұрылымның маңызы қандай ?

Әлеуметтәк инфрақұрылым салаларының бір бірінен айырмашылықтары қандай?
Сіз неліктен екенін айта аласызба?

-Инфрақұрылым сөзін калай түсінесіздер?

-коммуникация сөзін ше?
Жазылым бойынша ұсыныстар;

-инфрақұрылым-инфрақұрлым

- коммуникация - комуникасия



Алдыңғы оқу

-Көлік түрлері жайында біледі

-Қазақстандағы көлңк кешені жағдайымен танысты.

- Көлік түрлерін транзиттік әулеті жағдайынмен салыстыра отырып қарастыра алады

-Көлік түрлерінің бір қатар ерекшеліктерін түсіндіріп бере алады




Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Негізгі дерек көздері



Басталуы

Кіріспе


(5 минут)

А) Сәлемдесу Сыныпты түгелдеу «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын

Б) Үй тапсырмасын сұрау «Интервию» әдісі арқылы сұрадым Топтық жұмыс топтан үш оқушыны таңдап алдым .Мақсатым оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты менгергендігін білу үшін.. Тақырыпшалар жазылған әртүрлі пішіндегі оқушы санына байланысты кесілген ,қағаздарды алады және құрастырады.Парақшаларды құрастырған кезде топтың

Тапсырмасы шығады.

1-топ Халыққа қызмет көрсету

2-топ.Тұрмыстық қызмет көрсету

3-топ. Халықтың демалысын ұйымдастыру



Қазақстанның саяси картасы

А4 парағы


Маркерлер

стикерлер


Ортасы;

Тұсаукесер

(5 минут)

Негізгі бөлім

(20 минут)


Парақшаларды құрастыру және топқа бөлу арқылы бүгінгі .Сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылды .Топтарда тапсырмасы парақшаларын құрастыру арқылы бөдінеді

Джигсо әдісі өздігінен іске асады.Джигсо әдісін қолданғандағы мақсатым ;Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру.Оқушылар өз тапсырмаларын оқиды, талқылайды және . Қорғау бар дәлелмен моделдеу әдісі арқылы картадан көрсетеді тақырыбына байланысты.

Бүгінгі сабақта түртпе,сынақтан өткізу,басқаға бағыттау арқылы сабақты пысқтаймын

1Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды?

Сіз оған мысал келтіре аласызба?

Сіздің пікіріңізз қандай?

1. Әлеуметтік инфрақұрылымның маңызы қандай? Әлеуметтік инфрақұрылым салаларының негізгі кандай факторлармен анықтай алатынын айта аласыз ба? Келесі оқушыға сіздің пікіріңіз қандай?

2.Әлеуметтік аумақты игеруді ,еңбек әлеуетінің ұлғаюын шектейді ме?Өндірістік салаларына бір екі мысал келтіре аласызба? Басқаға бағыттау Қазақстанда көлік түрлерінің аз болу не себебті сіздің ойыңыз кандай?

3 Көлік түрлері жүйесі мен транзиттік әулет арасында байланыс бар ма?Егер байланыс бар немес жоқ болса себебін түсіндіре аласыз ба? Жауабына байланысты ол жайында мысал келтіре аласыз ба?



Аякталуы

Қортынды


(10 минут)

Такырыпты қаншалықты меңгергендігін білу

мақсатында сабақты қортындылаймын. «Тақырыптық түйінді сөздер» тәсілі арқылы .Бүгінгі сабаққа кері байланысты бармақ әдісі арқылы ауызша түрде аламын.



5 минут

Үйге тапсырма. Осы тақырыпты түгел оқып келу. Қосымша ақпарат жинап келу

Кері байланысты Сенім ағашы арқылы жазбаша түрде аламын Бағалау парақшасына арқылы бағалаймын



Қосымша ақпарат сайттар?

Саралау;Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?



Бағалау.Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ- мен байланыс

Құндылықтармен байланыс


Үй тапсырмасын сұрауда «Интервию»жаттығуында

Негізгі бөлімдегі тақырыпты

қорғағанда және қортындыдағы

Тақырыптық түйінді сөздер жаттығуы барысында яғни бүкіл сабақтың

барысында көрініс табады


Бағалау парақшасы арқылы бағалау

Тарих,математика

Тарих- адамдардың шаруашылығы

Әдебиет

Туризм


Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары

шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау

шаралары тиімді болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?



й

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?




Қортынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табыст ы болды (Оқытуды да ,оқуды да ескеріңіз)

1 Топтасуда оқушы белсенділік танытады,бір-біріне көмек беру арқылы тапсырманы орындауға әрекет жасайды

2 Бағалау критерийін қойған табысты болды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1 Үй тапсырмасын сұрауда барлығы қамтылды

2.Акт-ны пайдалану ,бағалау критериййін қою
Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге

көмектесетін не білдім?

1.Әр кезеңге уақытты қойып ,соны ұстану.

2.Бағалау шкаласын келесі сабаққа тиімді етіп қою

3.Жеке жұмыстың орындалганын назарға алу .



Тексерілді Есенбеков.Б



























































«Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.





Инфрақұрылым[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).

Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.[1]






Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыруденсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымматериалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарынтуристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениетөнер) қанағаттандыруға бағдарланған. Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассаларыбанкілер, құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдыққаржы және еңбек шығыны); өндірістік-экономикалық көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.[1][2]

Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.[3]

Сілтемелер[өңдеу]









Әлеуметтік инфрақұрылым салалары


  • Мирхан

 

  • 11 наурыз 2013

 

  • 13441

 

  • 0

  • 0

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сабақтың тақырыбы:§18. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Әлеуметтік инфрақұрылым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар», «рекреациялық шаруашылық», рекреациялық аудан деген түсініктердің мағынасын анықтау.
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларға еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытқа баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның экономикалық аудандары картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, туризм.
Сабақ түрі: Ашық сабақ.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру,, миға шабуыл жасау стратегиясы, тірек - сызба, түртіп алу, топпен жұмыс,«географиялық дуэл» кестемен жұмыс
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Үй тапсырмасын бекіту.
IV. Жаңа білімді қалыптастыру.
V. Жаңа білімді бекіту.
VI. Қорытынды. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасын беру.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпқа келіп оқушылармен амандасу.
2. Сыныптың тазалығына, сабаққа дайындықтарына, оқу құралдарына мән беру.
3. Жоқ оқушыларды белгілеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
I «Миға шабуыл стратегиясы».

1. Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды? (Су көліктері, теміржол, әуе, автомобиль, құбыр жолдары және телекоммуникация.)
2. Статистикалық мәліметтер бойынша Қ - ғы көлік кешеніндегі мекемелер саны? (2803)
3. Көлік 4 неден тұрады? (құрамдас бөліктен )
4. Көліктің құрамдас бөліктерін атаңыз? (көлік құралдары, жолдар, ұйымдар, тиеу - түсіру пунктері)
5. Халық пен өндіріске қызмет көрсететін кешен?(инфрақұрылымдық)
6. Экономикаға қан жүргізетін жүйе деп нені айтамыз? (көлік)
7. Бойлық бағытындағы магистралдар нешеу және қандай? Қандай аудандардан өтеді?(. Орынбор - Ташкент 2. Түркістан - Сібір. 3. Трансқазақстан)
8. Ендік бағыттағы транзиттік ірі теміржол магистралдары:. (Оңтүстік Сібір. Орта Сібір).
9. Қазақстандағы алғашқы ірі темір жол? (Орынбор - Ташкент)
10 Ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі?(теңіз көлігі)
11. Еліміздің теңіз қақпасы? (Ақтау порты)
12. Қазақстанның ұлттық әуе тасымалы? ( «Эйр Астана»)
II. «Әріптер сыры». Сұрақтың жауабы таңдаған әріптеріңізден басталу керек.
А Ә Д И
Қ М Ө С
Т Ш Г Ж
1. А - Мұнай машиналарын жасайтын орталық қала - Атырау
2. Ә - Рентген аппаратурасын шығаратын заводы бар қала - әрине Ақтөбе қаласы.
3. Д - АҚШ - тың автомобилдер деп аталатын қаласы.- Детройт
4. И - Турин қай елдің автомобиль жасайтын компанииясы.
5. Қ - Кен шахталық бұйымдарды шығаратын обл - Қарағанды
6. М - Теледидар мен техникалық бұйымдар тетіктерін шығаратын обл - Менің ойымша Алматы қаласы.
7. Ө - Конденсатор бұйымдарын шығаратын орталық - Өскемен.
8. С - Темір жол подшипниктерінің орталығы - Степногорск
9. Т - Аккумулятор шығаратын орталық - Талдықорған.
10. Ш - Пресс автоматтар шығаратын орталық - Шымкент
11. Г - Даймлер, Крайслер қай елдің компаниялары - Германия
12. Ж - Мицубиси, тойота мотор қай елдің автокөлік компаниялары - Жапония

III. Картамен жұмыс. Су көліктерін, автомобиль және темір жол магистральдарын жазу тақтаға.


III. Үй тапсырмасын бекіту. Қосымша сұрақтар арқылы.
IV. Жаңа білімді қалыптастыру.
Жоспар:
1. Тұрмыстық қызмет көрсету.(сауда, денсаулық сақтау, білім беру).
2. Халықтың демалысын ұйымдастыру.(рекреация, рекреациялық
Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет көрсету. Бұл өзіне 30дай саланы қамтитын кешен.
Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша оларға жататындар - сауда, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, шаштараз, кір жуатын жерлер, киім, аяқ киім тігу орындары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері жатады.
Сауда – халыққа тұтыну тауарларын ұсынады. Ол үлкен партиямен немесе бөлшектеп сатумен ерекшеленеді. Халықтың әл - ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі көбеюде. Адамдар азық - түліктен етке, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант, кәмпит сатып алуға, азықтық емес тауарлардан киім, аяқ киім тұрмыстық электр бұйымдар сатып алуға ақша жұмсайды. Сауданың негізгі бөлігі базарларға тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған. Барлық тауарлар Алматыда сатылады.
Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғау үшін денсаулық сақтау маңызды рөл атқарады. Елімізде 4, 5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді. Еліміздің басты денсаулық сақтау орталықтары - Алматы, Астана, Қарағанды мен Семейде орналасқан.
Білім - қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп бірақ оқушылар саны жөнінен қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Еліміздің ең студенттік қаласы - Алматы. 181 оқу орындарының 66 - сы орналасқан. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, тараз қалалары ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл - Фараби Ұлттық Университеті, Гумилев атындағы Евразия университеті, Ұлттық техникалық университет.. Ол - адамдардың өздерінің қызметі. Туризм, саяхаттар, курорттық ем алу бұның барлығы бір сөзбен айтқанда – рекреацияға бірігеді. Рекрециялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, мен базалары, санаторийлер, турбазалар кіреді.
Рекреациялық ресурстардың 2 түрі бар: табиғи рекраециялық, мәдени - тарихи ресурстар. 1 шісіне адамдар барып демалатын немесе ұнататын табиғат сарқырамалар, жартастар, үңгірлер. мәдени тарихи - арғы ата бабаларымыздың қолдарымен жасап кеткен ғайыптары. Кесенелер, храмдар, тасқа салынған суреттер. Мамандануы бойынша бөлінеді. Минералдық бұлақтар Сары ағаш, Алма - арасан, Шучье. Су тоғандары бойынша Қапшағай, Бұқтырма. Таулы аймақтардың саяхат пен туризм жақсы дамыған. Солтүстік Тянь - Шань, Көкшетау, Алтай. Рекреациялық ресурстардың тарлаған жері - оңтүстік Қазақстан. Хан тәңірі шыңы,, Шарын каньоны. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы курорты орналасқан. Көптеген туристер Тараз ескерткіштері мен Отырар мұражай қорықтарына Кіші түрік Меккесі - Түркістанға келеді.
V. Жаңа білімді бекіту. I Оқулықтағы тақырып соңындағы тест тапсырмалары.
1. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.
2. Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың шешуші факторы
3. Даналап сату.
4. Сауданың ең тығыз орналасқан кәсіпорындары
5. Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығы
6. Білім беру мекемелерінен халық қоныстанған зонада ең біркелкі орналасқандары
7. Демалысты ұйымдастыратын адамдар мен арнаулы мекемелердің қызметі
8. Демалыс, емдеу, туризм үшін пайдаланылатын табиғат нысандары мен адам қызметі қандай қорларға жатады.
9. Қазақстандағы басты туризм орталығы
10. Қазақстандағы ең ежелгі курортты зона.
II. Географиялық дуэл. Картамен жұмыс
Картадан объектілерді көрсету.
VI. Қорытынды. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.
2. Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың шешуші факторы
3. Даналап сату.
4. Сауданың ең тығыз орналасқан кәсіпорындары
5. Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығы
VII. Бағалау.
Оқушылардың сұрақтарға белсенді жауап беріп тапсырмаларды жақсы орындап, дұрыс жауап берген оқушыларды бағалаймын.
VIII. Үй тапсырмасын беру.
§18. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары. «Біздің сыныптың туристік таңдауы» атты сауалнама арқылы зерттеу жүргізіңдер.

Кері қайту



Ілмек сөздер: География, әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтікинфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді».

Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғиқор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (≪ғылымды көп қажет ету≫ факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор).

Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.

Тұрмыстық қызмет көрсету

1. Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халықыа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.

Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, үн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяк киім және тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірек ақша жүмсайды. Сауданың негізгі белігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда «сересі» болып табылады.

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.

Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.

Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медидиналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына аудандық поликлиникалар, шағын фельдшерлік пункттер қызмет керсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Балабақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн-нан астам адам білім алуда. Еліміздің тұрғындарының 1/3 оқу партасында деп есептеуге болады. Бұл «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы» - мектеп оқушылары, сендер 3 млн- нан асасыңдар.

Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру - «нағыз калалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оку орындарының 66-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады.

Халықтың демалысын ұйымдастыру

2. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -

адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық- курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде (окудың да!) жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.

Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді.

Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:

1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;

2) рекреациялық қор және;

3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.

Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік келік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. 1990 жылдардын, басында иесіз қалған демалыс базаларының кебі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонак үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды.

Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихиқорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бөрі Отанымыздың мәдени мурасын құрайды.

Рекреациялық корлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылужағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар - рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары (С.Р. Ердәулетов және т.б.). Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай. Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, өлі толық зерттеліп біткен жоқ .

Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.

Шығыста бұл - Мұзтау, Көккөл (Қазакстандағы ең биік 50 метрлік саркырама) жәнe Маркакөл («Алтайдың көл жанары»). Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің мәдени астанасы - Семей каласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») жәнө ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі - жаңа аспалы көпір. Алматы облысымен шеқарада Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор.

Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері - елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері - атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар баскан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар ұстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар Іле Алатауының] етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық - Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» - Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады. Қай нысаны екендігін естеріңе түсіріңдер.

Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке — Қарқаралы таулы-орман сілемдері ұлттық парк болып жарияланған. Оның солтүстігінде емдік балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге етене таныс Балқаш көлі орналасқан (Балқаш регатасы).

Еліміздің солтүстігі - тұңғыш ұлттық парк пен тұңғыш курорттың отаны. Ол казір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Шучье-Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-ы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көл суы), балшьщпен жөне карағайлы орманның таза ауасымен емдейді.

Ал Мойылды курорты (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған. Астана қаласы да маңызды туризм орталығына айналып келеді. Жастығына қарамастан онда езіндік ерекшелігі бар туристік рәміздер пайда болды - «Бәйтерек» (ол сенің кітабыңның мұқабасында бейнеленген), «Қазақстанның Атамекен картасы» («Кішірейтілген Қазақстан») және өлемдегі ең «құрлық» океанариумы. Батыста да қызық ты табиғи нысандар аз емес (Ақтөбе облысындағы метеорит кратері, Қарақия ойысы, Үстірт ескерткіштері) және жақсы демалыс орындары - Орал, Шалқар түзды көлі, Каспий теңізі бар. Әзірге Каспий туризмге лайықталмаған. Бірақ болашақта көршілес Ресей мен Өзірбайжандағыдай көпке танымал орын болады. Қазақ шығанағында казірдің өзінде демалыс зонасы бар. Оның қасындағы «320 әулие жерінде» (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды) жер асты мешіттері (Бекет ата және т.б.) мен елкенің орта ғасырдағы астанасының қалдықтары сақталған.

Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байлықтын, тек бір кішкене бөлігі ғана. Олар - қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге саны 2007 ж. 6 млн-нан асқан туристердің де тамашалайтын ғажайып жерлері.

Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

5.12.2012, 10:12



 

Случайные статьи

  • Самат Сіләмбекұлы

  • Славный путь Кокшетауского футбола

  • Ж

халыққа қызмет керсету

Тұрмыстық қызмет көрсету

. Халықтың демалысын ұйымдастыру
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет