Сабақ Әдебиеттік оқу пәні Тақырыбы: Компас Б. Соқпақбаев



Дата23.08.2017
өлшемі247,68 Kb.
#25207
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі»ММ

АШЫҚ САБАҚ

Әдебиеттік оқу пәні

Тақырыбы: Компас Б.Соқпақбаев

Өткізген: Сапабек Ж.С

4 «А» сынып

Қостанай

2015-2016 оқу жыл



Күні: 09.12.15ж

Тақырыбы:  Б.Соқпақбаев «Компас»

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушының  жеке  қабілеті  мен  белсенділігіне  сүйене  отырып, әңгімедегі  түйінді  ойды  ашуға  жағдай жасау.

Дамытушылық:  Мәтінмен  жұмыс  істей  алу   дағдысын  жетілдіру, оқып  түйіндерін  сұрақ-жауап  арқылы  өз ойын жүйелі  айта  білуін, талдай  отырып  қорытындысын  айту  және шығармашылық   қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды   адам  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерден  бойын  аулақ  ұстауға, адалдыққа, мейіріміділікке  тәрбиелеу

 Түрі: жаңа сабақты игеру



Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі

Әдісі:

Көрнекілігі: автор  суреті,компас,мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:


Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әркеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен-жүрекке» тренинг

Оқушылар бір-біріне жүрек ұсына отырып,тілек тілейді.

Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Топқа бөлу: Оқушыларды Батыс,Шығыс,Солтүстік,Оңтүстік деп 4 топқа бөлу

5 сұрақтан құралған тест бойынша үй тапсырмасын тексеру



4-топқа бөлінеді

1,Жапон палуаны Сар-Кек-Ки қандай шарт қойды.

А) төбелесу б)жекпе-жек в) Жиб-Жица күресі.

2.М.Әуезовтың Абай туралы жазған шығармасы қалай аталады?



А) Жолда б) Қызыл жбе в) Бала Тұрар

3. Автор көзқарсы дегеніміз не? Шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге,оқиғаға,өмір құбылысына беретін бағасы мен ой пікірі.

4.М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесінде жазушы Қасымның көңіл-күйін немен сәйкестендіреді.

А) күнмен б) табиғатпен в)қыс мезгілімен

5.Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесі қай романнан алынған.

А) Қызыл жебе б) Абай жолы в) Орындалған арман


Түсіну.

Жаңа сабақ


«Сиқырлау әдісі»

-Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сиқырлау әдісі бойынша тауып көрйікші. Бұл не деп ойлайсыз.

-Көз келген адамда бола бермейді.

-«Титаник» кемесінде болған.

-Көбіне саяхатшылар пайдаланады.

- Сүйегі шыны,темір,қатты,дөңгелек. Авторын сұрау.



Автортану. Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы. Оның «Чемпион», «Менің атым – Қожа», «Жексен», «Жекпе-жек» кітаптары балалардың сүйіп оқитын шығармалары. «Менің атым – Қожа» фильмі  1967 жылы халықаралық фестивальда арнаулы

сыйлыққа ие болған.

Коспас дегеніміз не?

Компас — жер бетін бағдарлауға арналған аспап. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті көрсетіп тұрады. Қобдишаның сырты дөңгелегі градустарға бөлінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.)

-Ал олай болса көкжиек тұстарына қарай

Топқа бөлу: Оқушыларды Батыс,Шығыс,Солтүстік,Оңтүстік деп 4 топқа бөлініп отырмыз.

-Сендер компасты дүниетану сабағынан құрал ретінде білесіңдер. Қазір әдебиет сабағынан компас жайлы әңгімеимыз.






Компас туралы білетін мәліметтерін айтады.




Қолдану

Мәтінмен жұмыс

Бөлікке бөліп оқыту.



1 минут іштей оқу, 5 мин өз-ара түсіндіру. Әр топтан 1 оқушы шығып мазмұнын айтады.



Сергіту сәті.


Музыкалық ырғақ арқылы.


Талдау.


Топтық жұмыс.

  1. Боданға сипаттама бер

  2. Қанатқа сипаттама бер

  3. Боданға хат жаз. Қандай ақыл кеңес айтар едің

4.Егер Боданның орыныда болсаң не істер едіңдер?


1.Ұрлықшы,өтірікші, өз қатесін түсінді,

2. Қанат-мақтаншақ,өзімшіл,қызғаншақ.

3. Сәлем оқушысы Бодан. Мен 4 а сынып Тарғынбеков Ерасыл. Сенің бұл істегенің достық қарым-қатынасқа жатпайды. Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды.

4.Апарыып беріп өз қатемді мойындап кешірім сұрар едім.

Мәтіннен түсінгендері бойынша талдайды. Сұрақтарға жауап жазады.










  1. Әңгімеде не туралы айтылған?

  2. Әңгіменің негізгі оқиғасы не туралы.

  3. Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?

  4. Әңгіменің соңында Бодан не істеді?

  5. Осы тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтел,нақыл сөдер білесіңдер?

1.Компас туралы

2. Ауыл балаларының өмірі. Қызғаншақтық,ұрлық туралы.

3. Бодан

4. Коспасты суға лақтырып жібереді.

5.1) Жақсы тәртіп әдетке айналса-ырыс,Жаман тәртіп әдетке айналса –қырсық.

2)Сыйламаған жолдасын,сыйлай алмас өз басын?.




Рефлекция

Бағалау

Үйге тапсырма

Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» стратегиясы

Мұғалім бағалайды.

Әңгімеден монолог,диолог сөздерді тауып астын сызу. Мазмұнын айту.


Топ басшылары бағалап,дәлелдейді.

Смайлик арқылы сабақтан алған әсерін көрсете отырып өздерінің ойларын ортаға салады




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет